148
Қызыл жебе
шашырап от шығады. Көшеде келе жатқан адамдар қырғи тиген
торғайдай жан-жаққа қашады. Аркаша одан сайын еліреді.
Наташа үрейі ұшып, жүрегі
аузына тығылып, пәуескенің
жақтауынан қарыса ұстап, шыр-шыр етеді.
Аттардың басымен алыса-алыса Тұрардың екі қары талып
барады.
Осыдан осы екі асау алып қашып, пәуеске төңкеріліп
қалар ма екен, яки біреуді басып кетіп жазым болар ма екен деген
ойдан тамырына қан қатып қалған сияқты.
Оның үстіне Губернатор көшесі мен Казарма көшесінің
бұрышында тұрған полицей Тұрарға қарап, тоқпақтай жұдырығын
түйіп, әлдене деп ақырып қалды. Не дегенін түсіне алмады бала.
Бірақ жақсылық емес екенін діттеді. Губернатор көшесімен
бұлайша тасыраңдап өтуге тыйым салынған. Елден келген салт
атты, арбалы қазақтар, есек арба жеккен қала саудагерлері бұл
көшемен жүре алмайды. Білместік істеп жүре қалса, дүре жеп,
айып төлеп, әбден машақатқа ұшырайды.
Екі оттың ортасында қалған Тұрардың тұла бойын қара тер
селдеп кетті.
Міне, Губернатор бағына да жетіп қалды. Тәкаппар қаракөк
емендер қазір қараң-құраң етіп қалып жатыр.
Кресттері жарқ-
жұрқ етіп кафедральды собор да шалықтады.
«Құдай үйінің» тұсынан өткенде құлдық ұрып, шоқыныңдар,–
деп ескертер еді Приходько мырза балаларына. Тасыраңбай
Аркаша әкесінің әлгі ескертуін ұмытып кеткен. Наташа байғұс
өлеусіреген көзін сәл-пәл ашып, ерні жыбырлап, шоқынған белгі
танытты. Приходько мырза шоқынуды өз балаларына тәптіштеп
тапсыра тұрып, Тұрарға да емеурін танытқан.
– Тұрарка, сен де шоқына сал, пайдасы болмаса,
зияны
жоқ. «Ия, құдай, әкемді дарға асылудан сақта», – десең, мүмкін
құдайдың құлағына шалынар.
Қазір «құдайдың үйі – кафедральды собор» жарқ еткенде
Приходько мырзаның айтқаны есіне түсті. Бірақ ат басымен
алысқан қолдар бос емес еді. Әрі десе шоқынуға Тұрардың дәті
бармады. Үш саусағыңды бүрістіріп, мандайың мен екі иығыңа
тигізе салу, әрі-беріден соң, қиын да емес.
Бірақ соған қолың
бармайтын бір құдірет жүректе тұр. Оның не екенін ешкім де