Қызыл жебе
қызыл тұмсық шығарып қалды. Амандық болса, осы судан кейін
ораққа да ілінеді. Қырман толып, қап толып, қамба толып, қарық
болар ма екенбіз деп ағайынды жәдігерлер жандарын шүберекке
түйіп, суға таласып жүріп, бүгін қолдары жеткен...
Рысқұл суды шелдеп дөңдеу жерлерге шығарып, мөлтектің аяқ
жағына барып қалып, Бердіқұл көрінбес пе екен деп тау жаққа
тағы қарады. Анадайда екі қолы ербиіп екі жаққа кеткен қарауыл
шошала ғана қарауытты: шымшық қорқып, тарыға тимесін деп
қағып қойған қарауыл түнде түсі суық.
Тары қоритын уақыт болып қалып еді. Құс баласы тіршілік
қамына ерте кіріседі. Ал жау шымшық оны қарақшылықтан
бастайды. Құлқын сәріден жау шымшық топ-тобымен ұшып,
қызыл тұмсықтанып қалған егіске бүйідей тиеді. Дәнін торғай
шоқып қойған масақ қауызы топан болып, аспанға қарап қаңқайып
қалады. Бала-шаға, кемпір-шал темір-терсек, қаңылтыр түңке
қаңғырлатып, айқайлап, қиқулап, шымшықты шошытып-ақ
жүргені. Әсіресе балалар сақпан тартып, тары құмар жау құсты
түкпір-түкпірден қуып шығады.
Енді осыдан көп кешікпей қырғи келеді. Әне, егінші байғұстың
досы сол! Қырғи келді – болды, тары пice берсін, торғай жеп
қояды деп қорықпай-ақ қой.
Рысқұл енді байқады, әлгі әл бермей қойған асау су қайтадан
азайып қалып, аяғы мүлде үзіліп бара жатыр екен. Судың соңы
бір мезгілден кейін ініне кіріп кеткен жыланның құйрығындай
сумаң ете қалды. Тіпті сызаттап та ақпады. Рысқұл ағасының
артынан бармақ болып кетпенін иығына салып бір тұрды. Онан
соң: – Егер әлгіндей су қаптап келіп қалса, құлақ иесіз қалғаны
қалай болады? – деп тоқталды.
– Көке! Ay, көке! – деп дауыстап көрді.
Тырс еткен дыбыс болмады. Тек шілдеқоңыз шырылдайды.
Әлденеден адасып қалып зар ұрып, жоқ іздеп жүрген сияқты,
аянышты әлсіз дауыс әр жерден бір шығады. Дүниеде
шілдеқоңыздың шырылындай сағынышты үн жоқ шығар.
– Көке! Ау, көке! – деп Рысқұл бұ жолы айқай салды. Айқайы
үнсіз мүлгіме далаға сіңіп жоқ болды. Жігіттің жүрегі өзімен-
142
Қызыл жебе
өзі әлденеге дүрсілдей бастады. Танауы қусырылып, қараптан-
қарап, қатты-қатты дем алды.
– Кө-ө-ке-е-е! – деп бұ жолы ұзақ айқайлады. Әшейінде әдемі
қоңыр дауысы қазір бұзылып тарғыл-тарғыл барылдаңқырап
шықты. Құлақ тосты. Шілдеқоңыз бір сәтке тына қалып, қайтадан
шырылына басты. Рысқұлдың дауысынан аспандағы асқабақтай
ай селк еткендей болды. Сөйтсе, өз даусынан Рысқұлдың өзі
селк еткен екен. Дәу-Бабаның жыныс тоғайлы түкпірінен байғыз
сұңқылдады. Рысқұлдың тұла бойы мұздап сала берді. Балуан
тұлғасы қара жерден тұғыр таппай, иесіне де ырық бермей,
безгек тиген кісідей селкілдеңкіреп кетті. Иә ашу қысқанын, иә
қорыққанын өзі де ажырата алмас хал.
Бір сұмдықтың болғаны хақ. Әйтпесе ол кеткелі ет пісірім
мезгіл өтті. Алыстан иттің үргені естілді. Жігіт құлақ салып еді.
Дауылбай ауылы сияқты көрінді.
– Дауылбай! – деді ол дауыстап.
Енді ол арық бойлап, жоғары қарай өзінің тұра жүгіргенін
де сезбей қалды. Түбіртекке сүрініп кетіп, ет беттеп жығылып
барып, бойын әрең түзеді. Ол өзінің жанұшырып жүгіріп келе
жатқанын сонда білді. Отырып тұрып, енді едәуір көтеріліп,
төбеден төңкеріліп тұрған ай Рысқұлмен қоса жүгіре жөнелгендей
шошаң-шошаң етті. Дәу-Бабаның жотасы бір жоғары, бір төмен
ыршып түсіп, Рысқұлдың көзінің алдындағының бәрі жанталас
қозғалыста еді. Түймебас түйіртпек тікен пісіп, қатайып қалған.
Ащы қызыл тікен балтырын тырналап, қанын ағызды. Бірақ
Рысқұл мұны сезген жоқ. Ағасының бір бәлеге жолыққаны анық.
Соған жетпей, жан ауруына көңіл бөлер емес. Атадан қалған
үйелмелі-сүйелмелі үшеу еді. Үшеуі бірінің етегінен бірі ұстап,
енді-енді қанаттары қатайып, ел қатарына қосылып жатқанда
бәле-жалаға ұрынбай, тек жүргенге не жетсін?! Бәлеге ұрынайын
деп кім ойлайды дейсің?! Заман соқтықтырады-ау, заман, заман.
Өзің тыныш жүрсең де, өзге келіп тиіседі. Сойылын суға салып
отыратын сотқарлар көп. Шамшыл болмайын десең де шайтан
түртіп, шалғайдан алып, шатаққа шақырады. Әнеукүні де бір
қасық суға бола Дауылбай ауылымен керілдесіп қалғанда, кедей
Сәліктің бас көтерері осы Рысқұл боп қой қаптағысы қозып,
143
Достарыңызбен бөлісу: |