Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет78/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

* * *
Батыр байымайды деген. Жарықтық Әлімбек батыр жалғыз 
атты кедей екен. Қоқан шапқыншылығы кезінде жауға аттанып, 


158
Қызыл жебе 
Әлімбек батыр атанған кезде есігінің алдында тышқақ лағы да 
болмапты.
Әлекең қартайыңқыраған кез екен. Ел шетіне Қоқан тиіп, 
жағаға қолды салған кезде, жайшылықта тарыдай шашырап 
жатқан жалпақ ел, қиыншылықта қол ұстасып, тізе қосып атқа 
қонып, әшейінде ілтифатқа іліне бермейтін батырларды іздепті. 
Алатау мен Қаратаудың арасында жатқан Түлкібасқа Әулие-Ата 
жағынан Байзақ датқа бастаған бір топ кісі келіп:
– Оу, Әлімбек батырдың үйі қайда? – дейді екен.
– Әлімбек батырдың үйі анау, – деп ауыл адамдары шеттеу, 
бір қараша үйді көрсетіпті. Аттың басын әлгі тозық үйдің 
маңдайшасына тіреп тұрып:
– Кім бар-ау? – десе керек.
Үйден бұтында тері шалбары, иініне іле салған көне бешпеті 
бар бір шал бет-аузының терін жеңімен сүрте-мүрте шыға келіп:
– Біз бармыз, – дейді.
– Бізге Әлімбек батыр керек, – дейді әлгілер мұны танымай.
Әлімбек батыр менмін, – депті Әлекең. Жолаушылардың 
көңілі толмай, тосылып қалғанын байқаған қарт сонда:
– Түзде жүрсем батырмын,
Үйге келсем пақырмын.
Қатын ауру, бала жас.
Тары түйіп жатырмын, – деген ғой.
Жолаушы жауынгерлер Әлекеңнің сөзіне тоқтап, аттарынан 
түсіп, сусын ішіп, жауға Әлімбек батырмен бірге аттанған екен.
...Батыр бабаның көзі болып содан Әлімбектің жалғыз байлығы 
– күміс ер-тоқымы қалған. Ереуіл ат қартайып, аяғынан қалып 
өлген. Күміс ер-тоқымнан басқа мұра болмапты. Оны Жылқайдар 
құрым киізге орап, кебежеге тығып сақтайды екен. Өзі өмірінде ат 
үстіне күміс ерді салмапты. Күміс ерді ерліктің, елдіктің, дүбірлі 
күндердің белгісіндей киелі зат есебінде сақтапты. Ол жоғалса – 
аз ауылды бәле-жаладан сақтап жүрген аруақ адасып қалатындай 
көрінуші еді. Алсай ауылының ендігі Әлімбегі, қорғаны, тірегі 
сол күміс ер сияқты болатын да тұратын.
Сөйтіп жүргенде Дауылбайдың үйіне бір күні Шымкенттен 
ояз келіп түсті. Дауылбай ұлыққа жатып жастық, иіліп төсек 


159
Қызыл жебе
болды. Қазақ баласының алдында иіліп көрмеген басы ояздың 
аяғының астына қайта-қайта домалап түсе жаздады. Дауылбай 
оязға Дәу-Бабаның Күмісбастау аңғарында жатқан жылқысын 
көрсетіп, ішінен қалағанын таңдап мінуді өтінді. Ояз көзі тұнып, 
бірінен-бірі өткен сылаң сәйгүліктерді көріп есі шықты. Ақыры, 
мойны құрықтай, шоқтығы қол созым қарақасқа ақалтеке тектес 
айғырды көрсетіп:
– Хорош, сатана, хорош! – деді.
Дауылбай жігіттеріне ымдап қалып еді, қарақасқа бір сәттен 
кейін ұзын мойнына түскен құрықтан құтыла алмай, аспанға 
шапшыды.
«Сый қылсаң – сыпыра қыл» деген. Бұл айғырды мойнына 
шылбыр салып жетектетіп жібермей, ер-тоқым, жүгені, өмілдірік, 
құйысқаны, бар әбзелімен көлденең тартқаным дұрыс болар» 
деген Дауылбай мырза. Әне сонда барып оның есіне баяғыда 
өткен Әлімбек батырдың күміс ер-тоқымы сап ете түсіп еді. 
Қақтаған ақ күміспен қапталған ер-тоқымсыз қарақасқаның сәні 
келмейтінін білді. Қолға түсе бермейтін ұлықты құдай өзі айдап 
келіп тұрғанда есінен кетпестей етіп риза қылмаса Дауылбай 
болыс сайлауында не болмақ.
Басқа біреу болса Дауылбай күміс ерді тартып алар еді. Берсе 
қолынан, бермесе жолынан. Әлімбек батырдың тұқымына тіктеп 
келе алмас. Қиялай тартып, араға кісі салды. Өткеніне көп жыл 
өтсе де, батыр бабаның сұсы өңменге әлі де қадалардай. Үстіңгі 
ернімен көк тіреп, астыңғы ернімен жер тіреп, қанша дәуірлеп 
тұрса да Дауылбай алыс аруақтың айбынынан сескенер.
Дауылбай қызметшісі Сақан палуанды шақырып алып қатты 
тапсырды.
– Бердіқұлға айт. Күміс ерді бере тұрсын. Ұлық біраз күн 
құмардан шыққан соң қайтып береді де. Ұқтың ба-ей, Сақан?!
– Құп, байеке! – палуан Дауылбайдың шегір көзінің 
ұшқынына шыдай алмай, төмен қарап, басын иді.
– Туысқаның ғой. Көндір. Ұлық дегенде елдігін ойласын. 
Намысымыз бір, – деп қайрады Дауылбай. Сақан палуан Алсай 
еді. Соған әдейі тіреп, туысқандығын бұлдап айтқан-ды.


160


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет