Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет94/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе 
– Е, мырза, менің айтып отырғаным сол ғой. Ақ патшаның 
сіздей ұлығына менің ордамда көрсеткен бұл қорлығы жазасыз 
қалсын дегеніңізге түсіне алмай отыр едім.
– Дегенмен шу шықпайтын жағын ойлаңыз. Үркердей 
киргиздарға шамаңыз жетеді деп ойлаймын. Бірақ әлгі жираф 
сияқты аты бардың бір өзі-ақ алты-жеті адамды аттан құлатып, 
екі бірдей солдаттың қаруын тартып әкетті. Генерал Черняевтің 
жорықтарына қатысқан кәнігі солдаттардың мұндай ашық 
ауыздығына таңданбасқа лаж жоқ. Ал әлгі батыр киргиздің 
қимылына сүйсінбеске тағы лаж жоқ. Сұмдық! Бұл үшін қалай 
коньяк алмасқа.
Коньяк қағысқаннан кейін ояз өзінің Шымкентке қайтатынын 
айтты. Біраз күн қымыз ішіп, таза ауа, салқын самалда болып, 
шынжау денсаулығы едәуір дұрысталып қалғанын айтты.
– Мен көп жер көрдім, бірақ дәл бұл Күмісбастаудай жер 
көрмедім, Дауэльбай Тайтелиевич, – деді ояз шын ниетімен. – 
Швейцария десе болғандай.
Бұл хабарға Дауылбай қапаланды. Әлі де бола тұрмадыңыз 
ба, жайлауға шығып, небір тамаша көрер едіңіз? Неден кенет 
аттанбақшысыз? Әлде әлгібір бейбастақ іс сізді ренжітті ме? – 
деп бәйек болды.
Ояз ризалығын білдірді. Мемлекеттік мәні бар көп істер күтіп 
тұр Шымкентте. Тіршілік болса тағы келер. Жер арасы жақын. 
Жақсы атқа бір-ақ күндік жол. Енді шақыртпай-ақ келеді. Өйткені 
Түлкібасқа ояз ғашық болып қалды. Ал әлгі жираф мінген 
киргиздің ісін болыс билер арқылы өзі шешсін. Тіпті іс насырға 
шауып, дүние бүлініп бара жатса, Шымкент алыс емес қой, 
хабарлассын болыс. Ояз әскер бөлуге дайын. Ақ патшаның адал 
қызметшісі Дауэльбай Тайтелиевич сынды ардақты адамдарды 
ояз әрдайым қамқорлыққа алады. Дәм-тұзыңа, ықыласыңа 
рақмет!
* * *
Ұлықты Дауылбай Сазтөбеге дейін шығарып салды. 
Қоңыраулары күмбірлеп күймелер көрген түстей лезде ғайып 
болды. Дауылбай аттан түсіп, оязбен құшақтасып, қоштасқан 
жерде әлі тұр. Ұлықтың құшып тұрып, арқасынан қаққаны әлін 


193
Қызыл жебе
алып қойғандай, орнынан қозғалар емес. Шала мас. Бәрі шала. 
Көңіл ала. Ояз күліп аттанса да, Дауылбайдың күдігі жанын жеулі. 
Әлгі алсай сойқаны болысқа қатты соққы болды. Ояз мәдениетті, 
зиялы кісі. Сыпайы мінезбен бәрін жуып-шайып сыр білдірмей 
кетті. Ал бірақ ішінен не деп кетті. Ел басқара алмайтын, халықты 
уысында ұстап отыра алмайтын болымсыз болыс екен деп бара 
жатқан жоқ па? Қол астындағы бағыныштылары басынып, 
болысын сыйламайды екен деп бара жатқан жоқ па? Тапа-тал 
түсте ақ орданы солқылдатып, маңдайын түсіріп, уықтарын 
сындырып кеткені анау. Шын мәнінде маңдайы жарылған киіз 
үй емес, Дауылбайдың өзі шығар. Ел құлағы елу, болыстың ақ 
ордасын тал түсте ат ойнақтатып, бір кедей сабалап кетіпті деген 
сыбыс жер-жерге жайылып кетсе, сол жаман. Сүйекке таңба. 
Масқара таңба. Қап, ит алсай! Жер басып жүрсем ендігі ісім 
сенімен болсын. Қоңыз тергізіп жегізіп, қаңғыртып жібермесем, 
Дауылбай атым өшсін! Үрім-бұтағыңа дейін қан қақсатармын 
сен алсайды. Ашыққан ит аяғымды келіп жалайсың әлі! Ал мен 
сен сұмдарды аш бөрідей ұлыта аламын. Өзің келесің... Төрт 
аяқтап, жер бауырлап, жорғалап жетесің!
Анттан соң ақылы жиылғандай Дауылбай селк етіп, жан-
жағына қарады. Нөкерлері күтіп тұр екен. Қарны жуан қарагер 
атқа екі жігіт екі қолтығынан көтеріп мінгізді. Ат үстінен дүние 
айқынырақ көрінеді. Сазтөбеге Қоқан хандығы кезінде келіп 
қоныстанған диқандардың бау-бақшасы мәуелеп тұр екен. 
Шабдалысы, алмасы бәрі төгіліп, ағаш басы иіліп, көздің жауын 
алғандай. Ағаш жапырақтарын тозаң тұтқан. Жауын жаумай, 
тамшы тамбай тұр. Жүгерінің балағы сарғайып, жапырағы 
қусырылып бозаң тартыпты. Қап-қара диқан басына шалма 
байлап, балағын түріп, дәу кетпенмен бір қасық суды қақпалап, 
жетелеп, шөлдеген жүгеріге алып барады. Дауылбайдың есіне 
алсайлардың тарысы түсті. Осы су үшін соққыға жығылған 
Бердіқұл көз алдына тұра қалды. Бір сәт оның өліміне өзі кінәлі 
екенін іштей мойындағандай да болды. Су азабын тартқан мына 
диқанды көріп, алсайлардың халін түсінгендей де болды. Бірақ 
бұл бір сәттік осалдық еді. Дауылбай емешегі езілгіш, бор мінез, 
жасығыштан емес. Қайтадан қара тастай қасарып алды. Енді 


194


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет