Емтихан сұрақтары: Тарихи дамудың қазіргі кезеңіндегі ғылым теориясы мен методологиясының орны мен рөлі


Тарих теориясы мен методологиясын қалыптастыру көздері, олардың тарих теориясы мен



бет4/26
Дата28.03.2023
өлшемі65,59 Kb.
#77038
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
3. Тарих теориясы мен методологиясын қалыптастыру көздері, олардың тарих теориясы мен
методологиясын ғылыми білімнің дербес саласына қалыптастырудағы рөлі.
Кеңес Одағының ыдырап, социалистік жүйенің жойылуына байланысты қазақстандық тарих ғылымының теориялық-методологиялық проблемаларын қайта қарап, жаңа тарихи таным қалыптастыру қажеттілігі туындады. Мұндай заңды құбылыс бірқатар саяси, әлеуметтік, идеологиялық, дүниетанымдық факторларға негізделді. Бұл бір жағынан алпауыт мемлекеттің тарих сахнасынан кетуіне, екіншіден, коммунистік идеологияның құлдырауына, үшіншіден, осыларға сәйкес ғылымда үстемдік еткен маркстік-лениндік идеологияның дағдарысқа ұшырауынан көрінді. Сондықтан да уақыт өткен сайын жаңа ғылыми методология қалыптастыру қажеттілігі айқын сезіле түсті. Тарихты жазуда, зерттеуде өзекті мәселелерге жаңа көзқарастар тұрғысынан қарап, дербес, тың ой-пікірлер мен тұжырымдар түйіндеу міндеті тұрды. Алайда тәуелсіз тұжырымдар жасау көптеген қиындықтарға тірелді. Ғылымда эталондық ой-тұжырымдар, салмақты қорытындылар жасап келген тәжірибелі, білікті аға буын маман-зерттеушілер, ғалымдар бірден ескі ұстанымдардан бас тартып, жаңаша ойлауға бет бұра алмады. Осыған орай басым көпшілігі ғылыми зерттеулер жүргізуге ықылас таныта алмай, ғылымнан қол үзді. Жаңа бағытта төл тарихымызды жазуға тарихшылардың теориялық және методологиялық дайындықтарының төмендігі кедергі келтірді. Соның нәтижесінде жаңа тәуелсіз методологияны қалыптастыру ұзақ уақытқа созылды. Бұл процесс күні бүгінге дейін жалғасуда.
Тарих ғылымының проблемаларын нақты методологиялық талдауларсыз шешу мүмкін емес. Бұл проблемаларға дәлірек айтсақ, дүниежүзілік тарихи процестің заңдылықтары, қазақ тарихының әлем тарихының құрамдас бір бөлігі екендігі, Қазақстан аумағында өмір сүрген тайпалардың және олардың ұрпақтарының әртүрлі тарихи дәуірлерде өмір сүруі, жалпы мен жалқының айырмашылығы, тарихтағы субъективті фактордың рөлі және сол сияқты көптеген мәселелер жатады.
Отан тарихын терең зерттеген сайын әрі жаңа методологиялық ұстанымдарды қалыптастыру барысында оның зерттелмеген мәселелерінің шаш етектен екендігіне көз жеткізілуде. Оның үстіне соңғы уақыттарда тарихи зерттеулер жүргізуде ғылым мен техниканың жаңа технологиялық жетістіктері пайдаланылуда. Осының барлығы тарих ғылымының қазіргі кезеңдегі жағдайы, зерттеулерге талдау жасаудың деңгейі оның теориялық-методологиялық негіздерін жетілдіруді талап етеді.
Тарихнамалық проблемаларды методологиялық ой-елегінен өткізу тарихи оқиғаларды түсінуді жаңа деңгейге көтереді. Тарихи процестерді жай түсіндіріп қана қоймайды, сонымен қатар ғылымның жай-күйін, оның қозғаушы күштерін, даму тенденцияларын айқындайды.
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдарда тарихнамалық зерттеулерді жүргізуге ықылас артып, тарих ғылымының тарихын терең түсінуге алғашқы қадамдар жасалды. Мұның өзі жаңа, ғылымның түрлі салаларында қол жеткізілген жетістіктер тұрғысынан тарихнамалық методологиялық талдаудың заңдылықтары мен өзіне тән белгілерін тануды талап етті. Осы бағытта біраз жұмыстар жасалды. Тарихнамалық зерттеулердің методологиялық тұғыры болып танымның жалпы ғылыми мәртебесін иемденуші дербес диалектикалық-материалистік, философиялық ілімдер жүйесі, теориялық-әдіснамалық ұстанымдар қалыптастырылды.
Тарихнаманың методологиясы “тарих адамның іс-әрекеті” принципіне негізделіп тарих методологиясымен, сондай-ақ жаңадан қалыптасып, дамып келе жатқан ғылымтану, информатика, болжау, әлеуметтік психология тәрізді пәндермен тығыз өзара байланыста ғылымнан көрініс беруде. Бұл пәндердің сапалы даму деңгейі, теориялық-методологиялық негіздері және зерттеу әдістері тарихнаманың әдіснамалық проблемаларын оқып-үйренуде маңызды болып табылады.
Білімнің интенсивті түрдегі интеграциялану және дифференциациялану процесі кезінде теориялық-методологиялық талдаудың көмегімен ғылыми синтездеу мен әртүрлі ғылым салаларының түйісуінде бірқатар маңызды мәселелерді шешу мүмкін болады. Шешімін табуға тиіс мәселелерге диалектикалық таным мен методологияның өзара қатынасы, олардың әдіснамасы мен әдістері, тарихнамада қолдану жолдары, “жаңа” білімге қол жеткізу процесі және оған баға беру, пәнаралық байланыстарды пайдалану тәсілдері, т.б. жатады.
Еліміздегі тарихнамалық зерттеулердің кең түрде жүргізілуі, тарихнама ғылымының қажеттілігін терең түсіну қазіргі кезеңдегі ғылымның түрлі салаларындағы жетістіктер тұрғысынан, жаңаша тарихнамалық, методологиялық талдаулардың заңдылықтарын, ерекшеліктерін оқып-үйренуді талап етеді. Ғылыми талаптарды жан-жақты меңгерген сайын тарих ғылымындағы зерттелмеген мәселелер айқындалып, ол алдыға жылжиды. Керісінше, методологиялық проблемалар өз шешімін таппаса, зерттеушілер әдіснамалық жағынан пісіп-жетілмесе ғылым жаңа, сапалы жетістіктерге жете алмайды.
Тарихнамадағы методологиялық проблемаларды оқып-үйренуді ғылымдағы “тарих және қазіргі заман” парадигмасымен байланыстыра жүргізу өзекті болып табылады. “Тарих және қазіргі заман” проблемасын мына төмендегі бірқатар мәселелермен етене жақын шешу қажет. Олар: зерттеу тақырыбын таңдау, оны қарастырудың теориялық және методологиялық деңгейі, қорытындылар жасау, тұжырымдардың қазіргі заман үшін маңызы.
Тарихнамалық еңбектердегі методологиялық “түзетулердің” қажеттілігі ғылымның өзіне тән болжам жасау бағытына байланысты артады. Тарихнамалық зерттеудің құндылығы көп жағдайда ондағы ғылыми дәйектелген болжаудың орын алуына байланысты анықталады. Тарихнамашының гипотеза шығаруға белгілі бір уақыттарда ғана құқығы болады. Тарихнамалық ойдың тереңдігі жаңа проблемалар мен тақырыптардың дүниеге келуіне жол ашады. Білікті, білімді, методологиялық жағынан табанды, дүниетанымы кең, логикалық ой-өрісті маман тарихнамашы ғана болашақтағы ғылыми ізденістерге негіз болатын болжам жасай алады. Методологиялық ұстанымдары берік, оның негіздерін жетік меңгерген тарихнамашы ғана бұрынғы болжамдардан бас тартып немесе жоққа шығарып, тарихнамалық білімнің дамуына септесе алады.
Орыстың белгілі ғалымы И.Д.Ковальченко: “Тарих ғылымында тарихи теориялық және методологиялық түйіткілдерді шешу қазір ерекше маңызды міндеттердің бірі. Тарихнамалық зерттеулер қазіргі кезде кең көлемге ие болды, бұл пән өзіндік даму жолынан өтті, ол тарих ғылымының сұраныстарын қанағаттандырады. Алайда басты мәселе бұл емес, бізге аса қажет міндет тарихнаманың методологиялық тұстарын жетілдіру”,- деп жазған.
Тарихнаманың методологиясы тарих ғылымының ғана емес өзінің де нақты терминдер аппаратын жетілдіруге, мұндағы әртектілікті жоюға жағдай жасайды. Бұл тарихнамалық зерттеулердің мазмұнын, мақсаты мен міндеттерін қарастыруда тиімді рөл атқарады.
Тарихнамалық заңдылықтарды және заңдарды орнату ғылымның функцияларына жатады. Сонымен қатар оған болжамдық бағыт та тән. Себебі тарихнама ғылымның өзіндік санасы ретінде ғылыми ойды үнемі объективті шындыққа жетелейтін саралаушы бағдар болып табылады. Тек тарихнама арқылы қарастырылатын белгілі бір ғылыми бағыттың аз немесе зерттелмеген тұстарын айқындауға мүмкіндік туады. Тарихнама ғылымтанушылық рөл атқара отырып, нақты тарихи зерттеулердің негізгі жетістіктерін талдай келе шындықтың аса маңызды жақтарын тұтастай көрсетіп береді. Тарихнаманың тағы бір ерекшелігі осы ғылым саласы арқылы белгілі бір мәселенің зерттелу деңгейін анықтап қана қоймай, сол мәселе ауқымында жаңа, тың тақырыптар айқындалып, зерттеушілерге ұсынылады. Тарихнамалық талдау неғұрлым терең, жан-жақты жасалса, соғұрлым мәселенің мән-мазмұны, зерттелу бағыттары мен үрдістері барынша анықталады, зерттелуге тиісті тың тақырыптар молаяды. Осы жағынан алғанда тарихнамалық зерттеу жүргізудің маңызы артып, көкейкесті бола түседі.
Ғылымның осындай “миссиясына” қол жеткізу үшін оның методологиялық негіздерін терең меңгеру қажет. Айта кетерлік жайт, тарих методологиясына қызығушылық әдіснамалық проблемалардың дамуы мен кең қанат жаюына байланысты артып келеді. Тәуелсіз Қазақстанда соңғы уақыттарда бірқатар ғылыми маңызы зор еңбектер жарық көрді. Олардың қарастырған мәселелері де сан қырлы. Дегенмен көптеген мәселелер әлі де болса терең зерттеуді қажет етеді, өйткені Отан тарихына қатысты проблемалардың басым көпшілігі терең әрі толыққанды зерделенбеген, кейбіреулері мүлде ғалым-зерттеушілер назарынан тыс қалған. Бұл әсіресе тарихнаманың методологиялық проблемаларына қатысты. Отандық ғылымда методологиялық мәселелерге арналған еңбектер жоқ десе де болғандай, алайда соңғы жылдары тарихнама ғылымы бойынша біраз зерттеулер жүргізіліп, ірілі - ұсақты еңбектер дүниеге келді. Осыған байланысты ғылым кенже қалған деңгейінен елеулі түрде даму жолына түсті. Дегенмен осындай тенденциямен қатар методологиялық ізденістер жүргізуді талап ететін жаңа проблемалар, зерттеулердің жаңа бағыттары пайда болуда.
Қазіргі кезеңдегі тарихнаманың бірінші кезектегі методологиялық проблемалары және жарық көрген, жазылған тарихнамалық еңбектерді талдау олардың әдіснамалық тұстарының ұшталмағандығын байқатты. Сондықтан да тәжірибеде тарихнамалық шығармашылықтың деңгейін жаңа, сапалы деңгейге көтеру, ғылымның пайда болу, болашақтағы функциялары мен бағыттарының даму заңдылықтарын терең ашып көрсету қажет деген тұжырым жасауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет