Емтихан сұрақтары: Тарихи дамудың қазіргі кезеңіндегі ғылым теориясы мен методологиясының орны мен рөлі


Тарих теориясы мен методологиясының қайта өрлеу замандағы дамуы



бет7/26
Дата28.03.2023
өлшемі65,59 Kb.
#77038
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
6. Тарих теориясы мен методологиясының қайта өрлеу замандағы дамуы.
Тарих теориясы – жалпы тарих туралы теория немесе ондағы нормандық теория, манор теориясы және тағы басқа да теория түрлері жайында. Қалай айтқанда да, тарих теориясы бұл жоғары, тарихи танымның дамыған деңгейі. Яғни, нақты тарихи оқиғалар мен құбылыстардың сипатталу деңгейін көрсетеді. Тарихи зерттеу теориясында тарихтың жалпы проблемалары, шындығы және танымы қарастырылады. Тарихи зерттеудің үш негізгі компоненттері – тарихи факт, тарихи дерек және тарихи зерттеудің көпмағыналылығы.
Тарихи жады, және оған негізделетін тарихи сана қоғамның әлеуметтік және мәдени өмірінің мазмұны әртүрлі қауымдастықтар мен оптардың шынайылық, ақиқаттылық уралы түсінігімен анықталатын құбылыстарына жатады. Бұл түсініктер уақыт өте келе өзгерісерге ұшырап, әртүрлі халықтар мен өркениеттердің дүниетанымы мен интеллекуалдық дәстүрінде белгілі бір формада сақталып қалды. Әртүрлі қауымдастықтар және олардың ішіндегі әртүрлі жекелеген әлнуметтік топтар тек өздеріне ғана тән тарихи сана мен тарихи жадының типтерін ғана қалыптастырып қана қоймай, өткенді түйсінудің әртүрлі дәрежесін де қалыптастырады.
Тарихтың жаңа әдіснамасының пайда болуы.
Гуманистік мәдениеттің тарихқа деген қызығушылығы ең алдымен филологиялық сипатта болды деп айтуға болады, өйткені бұл айналымға көптеген ежелгі мәтіндердің енгізілуі жаңа қажеттіліктерді тудырды. Жаңа әдістеме келесі құбылыстардан пайда болды. Біріншіден, ежелгі мәтіндердің ізденісі мен коллекциясына байланысты олардың шынайы жолын орнатудың практикалық қажеттілігінен. Екіншіден, мұндай мәтіндерді үнемі жариялау басталды, сәйкесінше оларды зерттеу мен түсіндірудің бұрынғыдан да жоғары деңгейін талап етті.
Қазіргі заманда «методология» ұғымы бастапқы мағанадағыдай ғана аясы тар емес, тарихи танымның жалпы негізін құрайды. Мәселен, ресей тарихнамасында «методология» термині ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында университеттік оқыту жүйесі мен ғылыми зерттеудің тәжірибесінде пайда болды. Бұл методологияның құрамды бөлігі ретінде тарих философиясы да аталып жүр.
Бір сөзбен айтқанда, тарих методологиясы нақты тарихи зерттеу тәжірибесінің теориялық көрінісі ретіндегі әдістемелер, ұстанымдар, ғылыми тарихи түсініктер және т.б. Тарихшының зерттеу жұмысының тәжірибесін баяндай отырып, методология танымға жетелейтін ойға мүмкіндіктер береді. Демек, методология тарихи зерттеуде жеке және жалпы проблемаларға сараптама жасайды. Бірақ, кез-келген проблемаға нақты жауапты даярлап тұрмайды. Оны қарастырудың, зерттеудің жолдарын көрсетеді.
Тарих ғылымында методология мен метод бір біріне тәуелді емес. Бұл методология мен методтың өз алдына жеке танымдық формалары бар. Мәселен, методология жеке зерттеу әдістеріне қоданылмайды. Зерттеу жүйесінде техникалық әдістерді методология емес, метод деп қарастырған жөн. Ал, методология міндеті ғылыми мәселелерді шешуге жалпы теориялық ұстанымдар көрсету болып табылады. Бұл жалпы ғылыми қарым-қатынас сипатын көрінісін байқатады.
Фактілер – теориялық тұжырымдардың негізі болып табылады. Хронология және кезеңдеу. Пәнаралық байланыстар. Тарихнама тарих ғылымының тарихы ретінде. Тарихи ғылымда тарихнаманың орны, тарих ғылымының дамуына оның маңызы. Ежелгі дүние және ортағасырлар тарихының тарихнамасы пәні. Курс бойынша әдістемелік көрсетулер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет