Емтихан сұрақтары: Тарихи дамудың қазіргі кезеңіндегі ғылым теориясы мен методологиясының орны мен рөлі


Тарих теориясы мен методологиясының ортағасырлардағы дамуы



бет6/26
Дата28.03.2023
өлшемі65,59 Kb.
#77038
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
5 Тарих теориясы мен методологиясының ортағасырлардағы дамуы.
Христиандықтың дамыған діни және дүниетанымдық жүйе ретінде қалыптасуы тарихи сананың жаңа түрін өмірге әкелді. Библияның абсолюттік беделін мойындау, антикалық авторлар кең қолданған ақпаратты сыни бағалау принципінен бас тартуға әкеп соқты. Библия және христиан дінінің дамуы барысында пайда болған басқа да мәтіндердің бірқатары күман келтіруге болмайтын абсолюттік ақиқат деп бағаланды. Ақпараттың шынайылығы мен құндылығы оны берушінің беделімен анықталды. Тарихты жаһандық діни үрдіс ретінде түсіну латин шіркеуінің бас теологы Аврелий Августиннің «О граде Божием» атты шығармасында негізделді.
Ортағасырлық тарихнаманың өзіндік келбетін анықтайтын басты жетістігі тарихи уақыттың ерекше концепциясының жасалуы болды. Ортағ-қ тарихнаманы көбінесе себеп-салдарлық байланыс принципіне бағынған антикалық тарихнамадан ажыратуға мүмкіндік берген нәрсе – ол баяндаманы хронологиялық түрде жүргізу принципі, яғни фактлерді уақыттық реттілікпен баяндау болды. Тарихи уақытты түсінудің үш түрлі моделі болды: антикалық, библиялық және ертедегі германдық. Басқы екеуі алғашқы теологтардың қарастыруымен христиандық концепцияның негізін құрады, ал соңғысын христиандық ығыстырып шығарды. Алғашқы христиандық кезінде ақ адамзаттың тарихын біртұтас өзара байланыстағы үрдіс деп қарауға әрекет жасалды. Бұл үрдістің бел ортасында нағыз сенімді сақтаушы таңдаулы халықтар- иудейлер мен христиандардың тарихы орын алды. Ортағасырлық тарихи сананың парадигмасы Қасиетті тарих - сенімнің халықтар арасында таралуының тарихы.
Жалпы, ортағасырлық тарихнама христиандық провиденциализм жетегінде дамыды. III-V ғғ. алғашқы христиандық хронографиялар пайда болды. Оларда язычестволық шығармалардағы белгілі тарихи оқиғаларды библиялық және нақты христиандық тарихтың бейнесімен сәйкестендіру көзделді. әлемдік тарихтың үлгілі схемаларын жасаушы епископ Евгений Кесарийсккий (263-339) болды.Ал, христиандықтың тұңғыш әмбебап тарихының авторы Августиннің сенімді шәкірті Павел Орозий болды.Оның еңбегі - «Семь книг истории против язычников» Рим империясының күйреуі қарсаңында жазылғандықтан осы тақырыпқа арналды.Бұдан кейін Исидор Севильский. Оттон Фрейзингенский, Беда Достопочтенный, Эразм Роттердамский сияқты авторлардың тарихи шығармалары жарық көрді.
Ортағ- қ тарихшылар кәсіби тарихшылар емес еді. Көбінесе бұл іспен епископтар мен монахтық қауым өкілдері шұғылданды. Әсіресе, бенедиктин орденінің монастларында тарих жазумен белсенді айналысты. Х111 ғ. монастрлық тарихнама екінші орынға түсе бастады.
Ортағасырлардың соңына қарай тарихнама әу бастағы өзіне тән әралуан: теологиялық , діни- уағыздық. құқықтық қызметтерінен арыла бастады .Ол барған сайын бір жағынан, әлеуметтік және саяси бірегейліктің, екінші жағынан ұлттық бірліктің қайнар көзі мәніне ие бола бастады.Осымен бір мезгілде білімді адамдардың ортасында тарихқа деген жаңаша көзқарас қалыптаса басдады, өткенге қызығушылық христиандық теология мен саяси легитимация үшін қажеттілік сипатынан арылып дербес құндылыққа айналып келе жатты.
Ренессанс немесе қайта өрлеу кезеңі мәдени және әлеуметтік өмір салаларында маңызды өзгерістер әкелді, алайда олар өткен дәстүрлерден түбегейлі бас тарту дегенді білдірмейтін. Әлеуметтік болмыстың басқа салаларындағыдай Ренессанстық тарихи санада тарихты ұғынып жазуда ортағ-лық тәжрибемен сабақтастық сақталып қалды. Бірақ, бұл кезкңнің тарихи шығармаларының өзіндік ерекшеліктері де байқалды, олар тақырып, тарих туралы түсінік, тарихшының жұмыс әдісі жүйесінде көрінді. Қ.Ө. мәдениеті аясында дамыған жаңа бағыт гуманизм деп аталды. Бұл атау ортағасырдағы аскеттік, діни-уағыздық дәстүрге қарсы әрекет түрінде адам, оның мүдделеріне, мүмкіндіктеріне деген қызығушылықтың тез өсуіне байланысты шықты. Соған қарамастан, бұл кезеңде тарихты өзінің зерттеу құралдары, таным әдістерінің жиынтығы тарихи шығармаларда шынайы бейнеленуі мақсатында өткенді ұғыну жүйелері бар ғылыми пән түрінде қалыптасты деуге болмайды.
Дуализм (екі жақты) - материалдық және рухани мәдениетті екі қарама - қарсы, бірақ негізі мәдени элементте бір - бірімен тығыз байланыста болады деп қарастыратын ілім, яғни мәдениет дуализмі.
Провиденциализм - тарихты құдіреттің еркімен болатын құбылыс деп түсінетін телеологиялық ағым, тарихтың объективтік-идеалистік философиясының реакцияшыл бір түрі. Провиденциализм барлық діни жүйелерге әсіресе христиандық пен исламға тән. Орта ғасыр тарихшылары шығармаларында тарих құдай құдіретінің көрінісі, адамдардың іс-әрекеттері арқылы байқалатын құдай ісі деп дәлелдеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет