4. Артериялық гипотензия алғашында тек ортостатикалық сипатта болады; науқастар түрлі стресстер әсерінен болатын естен тануға шағымданады. Науқаста артериялық гипертензияны анықтау бүйрек үсті безі жеткіліксіздігі диагнозын жоққа шығарады, бірақ 1-СБҮБЖ гипертониялық ауру көрінісінде дамыса, артериялық қысым қалыпты болуы мүмкін.
5. Диспепсиялық бұзылыстар. Жиі тәбеттің төмендеуі, эпигастрий аймағында шашыранды ауыру сезімі, іш қату мен іш өтудің алмасуы байқалады. Сырқаттың айқын декомпенсациясы кезінде лоқсу, құсу, анорексия көрініс береді.
6. Тұзды тағамға құмарлық ағзада натрийдің жоғалуымен түсіндіріледі. Кейде науқастар тіпті тұзды таза күйінде де қабылдайды.
7. Гипогликемия ұстама түрінде тәжірибеде мүлдем кездеспейді, бірақ зертханалық зерттеу нәтижесінде анықталуы мүмкін.
Екіншілік гипокортицизмнің клиникалық көрінісі гиперментация мен альдостерон тапшылығына байланысты дамитын симптоматиканың (артериялық гипотония, тұзды тағамға құмарлық, диспепсия) болмауымен ерекшеленеді. Бірінші орынға жалпы әлсіздік, тағам қабылдағаннан кейін бірнеше сағаттан кейін дамитын гипогликемия ұстамалары шығады.
Жедел бүйрек үсті безі жеткіліксіздігінің клиникалық көрінісі (аддисондық криз) симптомдар кешенімен сипатталады және олардың біреуінің басым болуына байланысты үш клиникалық түрге жіктеледі:
• Жүрек-қантамырлық түрі. Бұл түрінде жедел қанайналым жеткіліксіздігі симптомдары басымдылық көрсетеді: акроцианозбен терінің бозғылттығы, аяқтың мұздауы, айқын артериялық гипотония, тахикардия, тамырдың әлсіз соғуы, анурия, коллапс.
• Асқазан-ішектік түрі. Симптоматикасы бойынша тағамдық токсико-инфекциясын немесе тіпті жедел іш тіспесін еске түсіруі мүмкін. Науқаста ішінің бүріп ауыруы, лоқсу, тоқтаусыз құсу, үлкен дәреттің сұйылуы, метеоризм дамиды.
• Жүйке-психикалық түрі. Бастың ауруы, менингеальды симптомдар, құрысулар, ошақты симптоматика, мелшею, ступор дамып, науқас тежеледі.
Диагностикасы
Біріншілік гипокортицизм
Достарыңызбен бөлісу: |