Эпитет (грекше- epithetion-қосымша)


Жорғамын шаршы топта самғайтұғын, ...Ежелден құлаш мойын көк айылмын



бет5/17
Дата22.09.2023
өлшемі177,5 Kb.
#109824
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Жорғамын шаршы топта самғайтұғын,
...Ежелден құлаш мойын көк айылмын
...Ой желке, қамыс құлақ , теңбіл көкпін
...Қырымға қарайтұғын Қаракермін,
...Айнымас қанды балақ ақиықпын .
Б) Кейбір метафорада екі нәрсенің қатар тұруы шарт емес
Оның екінші жағын оқушы сөйлемнің мағынасына қарап-ақ өздері де аңғарады. Бұл да метафораның ұлғайған түріне жатады.
“ Көлге біткен құрағым,
Суырылып озған шырағым ”,
...” Шамдансам, жығар асаумын,
Шамырқансам, сынар болатпын. ( Махамбет ).
Осы үзінділерде алдыңғы мысалдарда келтірілген “ Сен ”, “ Мен ” деген сөздер айтылмай қалған. Оны сөйлемнің мағынасына қарай ұғуға болады.
Эпитет, теңеу, метафоралар көркем шығармаларда бір-бірімен байланыста келе береді. Көбірек кездесетіні метафоралық эпитет.
Өлеңнің бір жолында әрі эпитет , әрі метафора кездессе және эпитет метафораны айқындап тұрса, онда оны эпитетті метафора дейді немесе керісінше, метафоралы эпитет дейді.
Иісіңгүл аңқыған,
Нұрыңкүн шалқыған.
Мұндағы “аңқыған ”, ”шалқыған ” деген өткен шақтық есімше етістік арқылы жасалған эпитет, яғни балап отырған нәрсесін даралап көрсетіп отыр. Сондықтан да бұны метафоралық эпитет деп атайды.
5. Метафораның бесінші түрі: “ бейне ”, “ бейне бір ”, “ тең ” деген сөздер арқылы жасалынады.
Мысалы, “Пайдасы мол жігіттер
Дария шалқар көлмен тең.
Өз басынан пайдасы аспаған,
Ел қонбаған шөлмен тең”.
... Интернатта оқып жүр
Талай қазақ баласы
Жаңаөспірім, көкөрім
Бейне қолдың саласы...
... Қайғың болар шермен тең,
Қара көңілім жермен тең .
Сенсіз маған жат төсек,
Болар бейне көрмен тең...” (Абай ).


Теңеу мен метафораның айырмашылығы мен жақындығы да бар.
Метафора – сыртқы не ішкі ұқсастығына қарап, бір нәрсені екінші бір нәрсеге балау, мағынасын ауыстырып қолдану. Мағына жағынан алғанда балайтын нәрсе мен баланатын нәрсе арасына тепе-теңдік белгісін қоюға болады
“ Исатай - арыстан ”, “Арыстан – Исатай ” Бұл – метафора. Себебі екеуінің арасында ешқандай айырмашылық жоқ , екеуі бірдей.
Ал, “ Исатай – арыстандай ”. Бұл – теңеу. Себебі, Исатай әлі арыстан емес, сол сияқты ғана. Арыстан деген сөз арқылы оның тек ерлігін ғана шамалап білеміз не көзге елестетеміз. Теңеудің өзіне тән жұрнақтары бар:-тай, -тей.т.б.
Бұл айтылғандар форма жағынан айырмасы.
Ал жақындығы - теңеуге тән жұрнақтарды қысқартса, барлық теңеу метафораға айналады. Мысалы: Ол қырандай самғайды. - теңеу,
Ол - қыран самғайды. – метафора
Егер барлық метафораға теңеудің жұрнақтарын қосса, ол теңеуге айналады.
Оқырманға әсері жағынан орынды қолданған метафора әрі өткір, әрі нанымды. Мұнда айтайын деген ойын, суреттейін деген нәрсесін үзілді-кесілді кесіп айту басым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет