ТРОП ТРОП - грекше- tropos-бұрылыс, бұрма деген сөз.
Тілімізде өз мағынасында қолданатын сөздермен қатар, ауыспалы мағынасында қолданылатын сөздерді троп деп айтады.
Мысалы : ақындар не жазушылар: “Алатау ақ бас шалым көпті көрген ” не
“ жұлдыздар жымыңдады ”, “ күн күлді ” деп жазады. “ Мен Абайды оқыдым ”,
“ көше ояу ” , “ ана үйдің құдасы келді ” деген сөйлемдердегі сөздерді алсақ – бәрі де ауыстыру мағынасында қолданылып тұр. Ауыстыру әдісі образ жасау үшін қолданылады.
Троп негізінде алтыға бөлінеді: 1 ) метафора, 2 ) кейіптеу, 3 ) метонимия.
4 ) синекдоха, 5 ) символ, 6 ) аллегория
МЕТАФОРА (грекше- metaphora- ауыстыру).
Мысалы: “Алатау ақ бас шалым көпті көрген ”. Осындағы ақ бас шалдың кім екенін Алатау деген сөз түсіндіріп тұр. Тауды ақ бас деп атаушылық , қар жапқан таудың бас шашы ағарған ақ бас шалды еске түсіреді. Мұнда түстері жағынан бір-біріне жақындығы бар.
Осы сияқты ұқсастығына қарай сөздің ауыстыру мағынасында қолданылуы, яғни екі нәрсенің ұқсастығына қарай, бірін-бірімен ауыстырады және онда екі зат не құбылыс (балайтын және баламайтын) қатар алынатындықтан оны метафора деп атайды . Метафоралық сөздер сын есім (ақ бас шалым), зат есім ( бала- жүрек, бала - бауыр ) және едім, едің, еді, екен, ем, ең деген көмекші етістіктер арқылы жасалады.
Метафора бес түрлі жолмен жасалады. Метафораның жай түрі.
“Бейне”, “бейне бір”, “тең” деген сөздердің көмегімен жасалатын түрі.
Метафораның жай түрі
Әке - асқар тау, “Көп сөз - көмір , Ана - мөлдір бұлақ. Аз сөз - алтын ”. Бала - жасыл құрақ. Гималай - көктің кіндігі, Гималай – жердің түндігі. ( І. Жансүгіров ).