Эпитет (грекше- epithetion-қосымша)



бет7/17
Дата22.09.2023
өлшемі177,5 Kb.
#109824
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
doc1545587499

Үсті толған болатпен - (сауыт-сайманы)
Сайдан шықты құла атпен .
( “Ер Тарғын “ жырынан).
Өңшең манат кигені, - (киген киімі манат матадан тігілген).
Алшаң басып жүргені,
...Ертеңнен салса, кешке озған,
Ылдидан салса, төске озған.
Томаға көзді қасқа азбан.
Көк жұлынды жетелеп. - (мінген аты).
( Махамбет ).
“Жүрсіз бе аман-есен, қиғаш қастар,
Қара көз, қызыл жүзді, сүмбіл шаштар. - ( Қыздар ).

Жаманнан туған жақсы бар, - (адам).


Атасын айтса нанғысыз,
Жақсыдан туған жаман бар,
Күндердің күні болғанда,
Жарамды бір теріге алғысыз
“ Мінгені Исатайдың ақ табан-ай, - ( мінген аты ).
Сүт беріп, сұлы беріп баптағаны-ай ”.
Міне, осылар сияқты не құбылыстың бір жағы,не аттары алынып,өз мағынасында емес, екінші мағынада араларындағы жақындығымен бірінің орнына екіншісі алмастырылып қолданылса және сол құбылысты түгел көрсете алса м е т о н и м и я дейді.
Мысалы : “қаламы жүйрік”, “тілі өткір”, “көзі мерген”, “қолы ашық” деген секілді сөз тіркестері де метонимияға жатады. Метонимияны қолданғанда автор өзінің айтайын деген пікіріне бейімдей және ерекше көзге түседі дегендерін ғана қолданады.


СИНЕКДОХА (грекше – sуnekdoche – меңзеу ).
Ауыстыру мағынасында қолданылатын сөздердің ерекше тобына жататыны
- с и н е к д о х а .
Бұл жай сөздерде де, көркем әдебиетте де жиі кездеседі. Біз кейде жай әңгімелесіп отырып та бүтіннің орнына бөлшекті, жекенің орнына көпшені қолдана береміз.
Мысалы: Біреудің отбасында неше жаны барлығын білгіміз келсе, ” Басың нешеу ? ” дейміз. Шындығында білгіміз келіп отырған – адам саны. Тура - өз мағынасында олай сұрауға болмайды. Малы туралы білгіміз келсе, “Тұяғың нешеу ?” дейміз. Мұндағы “тұяқ” деген сөз мал деген ұғымды білдіретіні белгілі жайт.
Кейде “Абайлардай, Махамбеттей ақын дүниеге сирек келеді” деп, жекешенің орнына көпшені қолданамыз. Анығында Абай да , Махамбет те жалғыз. Бірақ жоғарыдағыдай да айтуға болатындықтан қолдана береміз. Диқандар мен жылқышылар өзара кездесе қалса, “ тары пісіп тұр ”, “ жылқы көрдің бе ? ” дейді. Мұндағы “тары”, “жылқы”- жекеше түрде айтылған. Шындығында “ тарылар ”, “ жылқылар ” болуы керек. Біз көпшесін айтпай-ақ жекешесін айтсақ та көпшесінің мағынасын беретін болғандықтан айта береміз.
Халық арасында кең тараған мына мақал да осындай тәсілмен жасалған.
“ Отыз тістен шықан сөз отыз рулы елге тарайды ”. Бұл - есептеуге болмайтын нәрсе. Оның таралуы айтылған мөлшерден көп не аз болуы мүмкін. Оны есептеген ешкім жоқ. Алай да “отыз “ деп кесіп айтады.
Ауыз әдебиетінде синекдоха көптеп кездеседі.
Мысалы: “ Жүрген аяққа (аяқтар) жөргем ілігер”, “ Қолы (қолдары) қимылдағанның аузы қимылдар”, “Киіз кімдікі болса, білек (білектер) соныкі ”, “Құс қанатымен (қанаттар) ұшады, құйрығымен қонады...”, “Жаңылмас жақ болмас, сүрінбес тұяқ (тұяқтар) болмас ”


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет