Эпитет (грекше- epithetion-қосымша)


КЕЙІПТЕУ. Жаратылыстың жансыз нәрселерін, тап жанды нәрселердей етіп жандылардың істейтін амалдарын істеткізіп суреттеуді к е й і п т е у



бет6/17
Дата22.09.2023
өлшемі177,5 Kb.
#109824
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
КЕЙІПТЕУ.
Жаратылыстың жансыз нәрселерін, тап жанды нәрселердей етіп жандылардың істейтін амалдарын істеткізіп суреттеуді к е й і п т е у деп атайды.
Мысалы: Ақ киімді, денелі ақ сақалды
Соқыр мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды. (Абай).
Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай,
Ол қайтсын қара түнде жарқылдамай,
Таң атқан соң шығарын күннің біліп,
Өңі қашып бола алмас бұрынғыдай. (Абай).
Осы үзінділер кейіптеуге жатады.
Кейіптеу арқылы автор жансызға жан бітіреді, тілсізге тіл бітіреді, не қайғылы, не қуанышты оқиғаны суреттегенде, оған және табиғат қосылады да оны бұрынғыдан да күшейте түседі. Шығармадағы оқиғаға табиғатты қатыстырып, не қайғыртып, не қуантып суреттелген жерлер өте әдемі, оқушыны еріткендей әсерлі және күшті болып келеді.
Мысалы: Бір көк сұр түс енгізіп бар денеге,
Сұм жүрек қанды өзіне жинай берді.
Ақырда ашу ерді билеп кетіп,
Жалп етіп сөнген шамдай ақыл өлді.
... Қомағай қара топырақ бүлкіл қағып,
Асығып екі жастың қанын ішті.
...Ашудан бұғып қалған қорқақ ақыл
Күбірлей бастады енді “Мұның не?”- деп.
... Күміс таң жерге күміс сәуле шашты,
Сәуле мен қараңғылық араласты.
Алыспас адал, арам бекерге ұзақ,
Жеңіліп қараңғылық жылжып қашты.
( М.Жұмабаев “Батыр Баян” поэмасынан ).
Кейіптеу ауыз әдебиетінде де кездеседі.
Мысалы : Жоғарғы ерні қыбырлап,
Төменгі ерні жыбырлап
Тайбурыл сонда сөйлейді:
“ Сен үстімде аманда,
Мен астыңда аманда,
Қажу бар ма мен сорға,...
Сырлы Қазан шаһарын
Көрсетпесем көзіңе
Түсірмесем өзіңе
Таңдап мінген Бурылды
Сол жерде шал құдайға...”
( “ Қобыланды батыр ” жырынан ).
Автор суреттеп отырған өмір құбылысының ерекше көрінісін оқырман жүрегіне бейнелі түрде ұялайтындай етіп жеткізуде қолданатын көркемдік әдістерінің ішіндегі таңдаулысы да осы кейіптеу әдісі болып табылады.
Кейіптеу жасау үшін де авторға жүйрік қиял, терең ой және сөз байлығын кемел меңгерген шеберлік қажет. Онсыз көркем шығарманың шырайы кірмейді. Айтар ой оқырманға түсініксіз болады.
МЕТОНИМИЯ (грекше – metonуmіa - алмастырып атау).
Шындық өмірдің әр түрлі құбылысы жалаң нәрсе емес, бірі-бірімен байланысып ұштасып жатады. Оның түрлі жағы болады. Осы құбылыстардың түрлі жақтарынан не тек бір жағын алып, не атын ғана атап айтып көрсету күнделікті сөздерде де, көркем әдебиетте де жиі кездеседі.
Ол үшін сол құбылыстың не нәрсенің аты кездейсоқ алына салмайды. Сол құбылысты не затты бүтіндей көрсете алатын өзгеше көңіл аудара алады деген сөздер ғана қолданылады.
Мысалы : Басында қалпағы бар адамның назарын аудару үшін “Ей, қалпақ!-деп шақырамыз. Біз мұнда адамның орнына оның киген бас киімін – қалпағын ғана айтамыз. “Ол үйдегі адамдар көңілді екен” деудің орнына кейде “ көңілді үй екен” дейміз . Кейде кітабын айтудың орнына жазушысын айтамыз. “ Мен Абайды оқыдым ” , “Пушкинді оқыдым”. Турасында олардың өздерін оқуға болмайды. Бірақ олардың аттарын айтқанда шығармаларын оқығанымыз бірден білінеді.
Мұндай алмастырып қолданулар ауыз әдебиеті үлгілерінде жиі кездеседі.
Мысалы: Көк темірді киініп, - (сауыт-сайманы).
Шықты батыр жекеге.
( Батырлар жырынан ).
....Алты құлаш ала атпен,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет