Ересек топ таңҒы жаттығу кешені



бет11/13
Дата11.11.2022
өлшемі0,57 Mb.
#49466
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
ЕРЕСЕК ТАНГЫ ЖАТТЫГУ

Б.қ.: «Көңілді таяқша» Таяқшаны айналып секіру және жүру. /15-20 секунд/
Тыныс алу жаттығулары: шәйнектік дыбысын салу(ш-ш-ш). Терең тыныс алып, демді шығару.
Қорытынды:
4 лектен (колонна) 1 саппен шеңбер бойы жүру. Еркін жүру.(таяқшаны үстел үстіне қою) Қолды жанға созып, аяқтың ұшымен жүру.
Кіріспе бөлімі:
Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау. Шеңбер бойымен денені тік ұстап, жылжымалы қадаммен жанына, артқа жүру .
Шеңбер бойымен аяқты артқа қарай жіберіп, түзу жүгіру . Қол бүйірде, аяқтың сыртымен жүру. Қол бүйірде, аяқтың ішімен жүру.
Шеңбер бойымен жай жүру .1 сапқа тұру. Саптан 4 лекке (колонна) тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.
Негізгі бөлім:
Б.қ.: «Маса ұшты» Аяқтар алшақ қойылған, қолдар бүйірде. Мойынды оңнан солға қарай, солдан оңға қарай айналдыру. «з-з-з» деп айту. /6 рет қайталау/
 Б. қ.: «Қақпа» Аяқ иық көлемінде, қолдар иық үстінде. 1- шынтақты артқа созу,2- шынтақты беттестіру. /6 рет қайталау/
 Б.қ.: «Шапалақ» Аяқтар алшақ қойылған, қолдар белде. 1- алдыға еңкею, 2- қолдарды шапалақтау. 3- артқа шалқаю, 4- шапалақтау . /6 рет қайталау./
 Б. қ.: «Күнге жетемін» Аяқтар алшақ қойылған, қолдар белде. 1- қолымызды екі жаққа созамыз. 2- өкшемізді көтеріп, қолымызды жоғары көтеремізде созыламыз. 3 -б.қ. /6 рет қайталау/
 Б.қ.: «Шапалақ» Аяқтарын біріктіру. Қолдар белде. 1- тізені бүгіп отырады, 2- орныныан тұрып шапалақтайды. 3- б.қ. (6 рет қайталау)
Б.қ.: «Биші аяқтар» Аяқтарын біріктіру, қолдар белде. 1- оң аяқты жанға созу, 2- б.қ.; 3-сол аяқты жанға созу, 4- б.қ.; /6 рет қайталау./
Тыныс алу жаттығулары: араның дыбысын салу, мұрынмен дем алып,
ауыздан демді шығару. Бастапқы қалыпқа келу.
Қорытынды: 4 лектен (колонна) 1 саппен шеңбер бойы жүру. Адымдап жүру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет