Кіріспе бөлімі: Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау.Шеңбер бойымен еркін жүру. Шеңбер бойымен денені тік ұстап жеңіл жүгіру. Қол белде, аяқтың сыртымен жүру. Қол жанда, аяқтың ішімен жүру. «Арқан бойлап жүруші» - еңкейтілген тақтайшамен жоғары, төмен жүру . Шеңбер бойымен тұру. / шеңберге тұрарда себеттен екі жалауша алу/ Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау. Негізгі бөлім: Б.қ.: «Жылынның қимылы» Аяқтары иық мөлшерінде. Денені тік ұстау. Лента төменде. Басты оңға бұрып, иекті иыққа түсіру және иекпен доға жасап басты ақырын көтеру және төмен түсіріп - көтеру. Әр қимылда «т-с-с-с-с» деп айту. Сол жақ иыққа да осылай жасалады. /6-рет қайталау./ Б. қ.: «Суда жүзу» Аяқтары алшақ қойылған , жалаушалар жанға созу. Иықты қозғап, суда жүзу қимылын жасау. / 6 рет қайталау/ Б.қ.: «Айқастыр» Аяқты алшақ қоямыз. Жалаушалар төменде. Оң қолдағы жалаушаны сол иыққа апару, сол қолдағы жалаушаны оң иыққа апару. «айқасты» деп айту. /6 рет қайталау/ Б.қ.: «Құламағайлар» Аяқты алшақ қоямыз. Жалаушалар белде. Алдыға қарай еңкею, артқа шалқаю. /6 рет қайталау Б.қ.: «Серіппе» Аяқтарын алшақ қою, жалауша төменде. Орнында тұрып «серіппе» секілді секіру. /15-20 секунд/ Тыныс алу жаттығулары:«Отын» - аяқтың ұшымен иық деңгейінде қойып, саусақтарын іліндіріп қолын желкеге ұстау қажет; аяғын түсіріп, қолдарын аяқ арасына жіберіп, алға қарай еңкейеді, демін тез ішке тартып кері шығарады, яғни балалар ағаш шауып жатқан тәрізді болады. мұрынмен дем алып, ауыздан демді шығару. Бастапқы қалыпқа келу. Қорытынды:Бір саппен шеңбер бойы жүру. /жалаушаларды себетке салу/ «Қоян» - аяқтың ұшымен жүгіруді секірумен ауыстыру . Кіріспе бөлімі: Бірінің артынан бірі сапқа тұру. Денені тік ұстау. Қол бүйірде, аяқтың сыртымен жүру. Қол бүйірде, аяқтың ішімен жүру. «Ізкескіштер» - шеңбер бойы жылжымалы қадаммен денені алға қарай еңкейте жүру. Шеңбер бойымен жай жүру . (шеңберге тұрарда себеттен бір доп алу) Шеңбер бойымен тұру. Қолдарын созып, арақашықтықты сақтау.