Мәтін бойынша сөздік
жанкүйер –
1) душевный друг, самый близкий человек,
болеющий душой
2) спорт. болельщик
алаң –
1) площадь
2) площадка
3) поле, арена
жекпе-жек –
1) поединок, дуэль
2) один на один
дегбір –
терпение
замана –
поэт. время, эпоха
жұдырықтасу – драться (бить кулаками друг друга)
өгіз –
вол, бык // бычий; воловий
тері –
1) кожа, шкура
2) кожаный; ~ қолғап кожаные перчатки
білек –
1) предплечье
122
2) перен. сила, мощь
шегіну –
пятиться, отходить назад
жалтару –
1) шарахаться в сторону, неожиданно сворачивать в
сторону
2) увиливать, уклоняться от чего-л.
төреші –
1) судья
2) перен. арбитр, третейский судья
қаһарман –
1) герой, богатырь // героический
2) лит. персонаж, герой (произведения)
алқа –
монисто, ожерелье
егемендік –
1) суверенный
2) суверенитет
мойындату –
заставлять признавать, осознавать
мәрте –
разг. раз; үш ~ три раза
3-тапсырма. Мәтінді негізге ала отырып, сұраққа жауап
беріңіздер.
Бастапқы кезде жұдырықшылар қолдарына не киген?
Қай кезден бастап бокс олимпиада ойындары қатарына енді?
Жекпе-жек өткізудің ережесі қай жылы ойлап шығарылған
және ол кімнің есімімен байланысты?
Қазақ еліне тұңғыш рет бокс әліппесін кім алып келді?
Мәскеу олимпиадасында қай қазақ боксшысы күмістен алқа
тақты?
Қазақстаннан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионын атаңыз.
«Ең үздік техникасы үшін» берілетін В.Баркер кубогін
иеленген қазақстандық боксшылар.
4-тапсырма. Мәтіннен тұрақты тіркестерді тауып, олардың
мағынасын түсіндіріңіздер.
5-тапсырма.
Мәтіннен жалқы есімдерді теріп, оларды
семантикалық топтарға жіктеңіздер.
123
6-тапсырма. Төмендегі Вэл Баркер Кубогінің иегерлерін есте
сақтаңыздар.
Олимпиада
Боксшы
Елі
Салмақ
дәрежесі
Медаль
1936 ж. Берлин
Луис Лори
АҚШ
Аса
жеңіл
салмақ
қола
1948 ж. Лондон Джордж Хантер
ЮАР
Жартылай
ауыр салмақ
алтын
1952 ж.
Хельсинки
Норвел Ли
АҚШ
Жартылай
ауыр салмақ
алтын
1956 ж.
Мельбурн
Ричард
МакТэггерт
Ұлыбрита
ния
Жеңіл салмақ
алтын
1960 ж. Рим
Нино Бенвенути
Италия
2-жартылай
орта салмақ
алтын
1964 ж. Токио
Валерий
Попенченко
КСРО
2-орта салмақ
алтын
1968 ж. Мехико Филип Варуинге
Кения
Жартылай
орта салмақ
қола
1972 ж.
Мюнхен
Теофило
Стивенсон
Куба
Ауыр салмақ
алтын
1976 ж.
Монреаль
Говард Дэвис
АҚШ
Жеңіл салмақ
алтын
1980 ж. Мәскеу
Патрицио Олива
Италия
1-жартылай
орта салмақ
алтын
1984 ж. Лос-
Анжелес
Пол Гонсалес
АҚШ
Аса
жеңіл
салмақ
алтын
1988 ж. Сеул
Рой Джонс
АҚШ
Жартылай
орта салмақ
күміс
1992 ж.
Барселона
Роберто Баладо
Куба
Ауыр салмақ
алтын
1996 ж. Атланта Василий Жиров
Қазақстан Жартылай
ауыр салмақ
алтын
2000 ж. Сидней
Олег Саитов
Ресей
Орта салмақ
алтын
2004 ж. Афины
Бақтияр Артаев
Қазақстан 1-орта салмақ
алтын
2008 ж. Бейжің
Василий
Ломаченко
Украина
Жартылай
жеңіл салмақ
алтын
2012 ж. Лондон Серік Сәпиев
Қазақстан 1-орта салмақ
алтын
7-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыздар.
Үздік боксшысы, мәртебелі сыйлық, Халықаралық әуесқой бокс
қауымдастығы, жекпе-жек, үздік техника, марапаттау рәсімі, жеңімпаз,
Ұлттық федерация, жазбаша міндеттеме беру, есепшот, сақтандыру
жарнасы, басты бәсеке.
124
8-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
Баһадүрлерге берілетін Баркер
Вэл Баркер Кубогі (ағылшынша –
Val Barker Trophy) – 1936 жылдан бастап
бүгінгі күнге дейін Олимпия ойындарының
техникалық тұрғыда ең үздік боксшысына
беріліп келе жатқан мәртебелі сыйлық.
Кубок 1920 жылы Халықаралық әуесқой
бокс қауымдастығының (АІВА) тұңғыш
хатшысы болған ағылшын боксшысы Вэл
Баркердің құрметіне тағайындалған.
Кубок
АІВА-ның
меншігі
болып
табылады және Олимпия ойындарында алған
орнына қарамастан, жекпе-жек өткізуде ең үздік техника көрсеткен
боксшыға беріледі. Оған Кубоктың көшірмесі мен АІВА-ның дипломы
тапсырылады. Жеңімпазға Кубок жарыс аяқталған күннің ертеңінде
АІВА мүшелерінің және шақырылған тұлғалардың қатысуымен
салтанатты жағдайда табыс етіледі. Марапаттау рәсіміне Баркер
Кубогіне үміткер ретінде ұсынылып-қарастырылған барлық боксшы
шақырылады. Кубокта жазғы Олимпия ойындарының ұйымдастырылған
жылы мен өткен қала атауы, сондай-ақ жеңімпаздың аты-жөні,
мемлекеті, салмақ дәрежесі көрсетіледі.
Баркер Кубогіне ие болған боксшы сыйлықты қабылдап алған
соң оны өз еліндегі Ұлттық федерацияның өкіліне табыстайды. Кубок
келесі Олимпия ойындарына дейін жеңімпаз елдің Ұлттық
федерациясында сақталады. Айта кету керек, Ұлттық федерация
АІВА-ға Кубоктың айрықша сақталып, қорғалатыны жөнінде жазбаша
міндеттеме береді және сыйлықтың қорғалуына кепіл ретінде АІВА-
ның есепшотына сақтандыру жарнасын аударады.
Кезекті Олимпия ойындарындағы бокс жарыстары басталардан
7 күн бұрын Кубок төрт жылдықтың басты бәсекесін қабылдайтын
қалаға жеткізілуі және АІВА-ның атқару комитетінің өкілдеріне
тапсырылуы керек. Мұның алдындағы Кубок иегері болып келген
боксшы Олимпия ойындарына құрметті қонақ ретінде шақырылып,
Баркер Кубогінің келесі жеңімпазын марапаттау рәсіміне қатысады.
Егер Баркер Кубогі 3 Олимпия ойындарында қатарынан бір ғана
боксшыға немесе бір ғана Ұлттық федерацияға тапсырылатын болса,
онда Кубок сол федерацияның меншігі болып қалады.
Көрсеткіштерге көз жүгіртер болсақ, тағайындалғаннан бері Вэл
Баркер Кубогіне ең көп ие болған АҚШ спортшылары – 5 мәрте. Одан
125
соң Қазақстан алда тұр – 3 спортшы осы Кубокты иеленді. Олар:
Василий Жиров (Атланта Олимпиадасы, 1996), Бақтияр Артаев (Афины
Олимпиадасы, 2004) және Серік Сәпиев (Лондон Олимпиадасы, 2012).
Өз тарихында Кубокты 3 рет алтын медаль алмаған спортшылар
иеленді.
Посткеңестік елдерден Вэл Баркер Кубогін Ресей (КСРО-ны
қоса есептегенде) 2 рет, Украина 1 рет жеңіп алды.
(«Сарыарқа самалы» газетінен)
Мәтін бойынша сөздік
міндеттеме – обязательство
кепіл –
1) ручательство, порука 2) юр. гарант, поручитель
3) неол. заложник
меншік –
собственность
салтанатты – 1) торжественный,
парадный,
церемониальный;
блистательный 2) роскошный; пышный; великолепный
үміткер –
надеющийся на что-л. 2) кандидат
жарна –
1) взносы, 2) ист. доля добычи, трофея 3) пай, доля с
прибыли
көрсеткіш –
1) указатель, 2) показатель 3) тех. шкала, табло
9-тапсырма. Мәтінді негізге ала отырып сұрақтарға жауап
беріңіздер.
Вэл Баркер Кубогі қашаннан және кімге берілетін сыйлық?
Вэл Баркер деген кім?
Вэл Баркер Кубогі жеңімпаз атанған спортшыға қашан
табысталады?
Вэл Баркер Кубогі олимпиада ойындарына дейін қайда
сақталады?
Вэл Баркер Кубогіне ең көп ие болған мемлекетті атаңыз.
Вэл Баркер Кубогін иеленген қандай қазақстандық боксшыларды
білесіңіздер.
10-тапсырма.
Бокс
бойынша
олимпиада
ойындарының
жүлдегерлерін бағандарға бөліп орналастырыңыздар.
Алтын медаль
Күміс медаль
Қола медаль
126
Серік Сәпиев, Геннадий Головкин, Бахтияр Артаев, Болат
Жұмаділов, Серік Елеуов, Бекзат Саттарханов, Мұхтархан Ділдәбеков,
Ермахан Ибрагимов, Әділбек Ниязымбетов, Еркебұлан Шыналиев,
Василий Жиров, Иван Дычко, Марина Вольнова, Бақыт Сәрсекбаев,
Болат Ниязымбетов.
11-тапсырма.
Бокс
бойынша
олимпиада
ойындарының
жүлдегерлерін бағандарға бөліп орналастырыңыздар.
1996 жылы 2000 жылы 2004 жылы 2008 жылы 2012 жылы
Серік Сәпиев, Геннадий Головкин, Бахтияр Артаев, Болат
Жұмаділов, Серік Елеуов, Бекзат Саттарханов, Мұхтархан Ділдәбеков,
Ермахан Ибрагимов, Әділбек Ниязымбетов, Еркебұлан Шыналиев,
Василий Жиров, Иван Дычко, Марина Вольнова, Бақыт Сәрсекбаев,
Болат Ниязымбетов.
Студенттердің өз бетімен орындайтын тапсырмалары
12-тапсырма. «Қауымдастық» сөзінен лексикалық мағынасы
бар сөздер құрастырыңыздар.
Үлгі: Қауымдастық: ас, ық, ...
13-тапсырма. «Баркер» сөзін тірек ретінде алып, бокс
төңірегінде сөзжұмбақ құрастырыңыздар.
14-тапсырма. Бокс бойынша халықаралық терминдер мен
олардың қазақша баламасын жазыңыздар, білдіретін ұғымын
түсіндіріңіздер.
15-тапсырма. Әлем чемпионаттары мен олимпиада ойындары
бойынша жүлдеге ие болған қазақстандық боксшылар жайында
презентация жасаңыздар.
127
МОДУЛЬ БОЙЫНША ПЫСЫҚТАУ
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1. «Қарсылас» сөзінің орысша аударылымы
а) противник
ә) участник
б) наставник
в) победитель
г) призер
2. Еркін күрестен олимпиада чемпионы
а) Әділбек Ниязымбетов
ә) Ермахан Ыбрайымов
б) Ақжүрек Таңатаров
в) Людмила Прокашева
г) Ольга Шишигина
3. «Аяқпен қағу; ору» сөзінің орысша аударылымы
а) подсечка
ә) захват ног
б) сбить с ног
в) сделать подножку
г) бросок захватом за ноги
4. «Захват ног» сөзінің қазақшасы
а) аяқтан шалу
ә) аяқтан ұстап тастау
б) аяқтан қағып жығу
в) аяқтан ұстау
г) аудару
5. «Выносливость» сөзінің қазақшасы
а) ептілік
ә) біріншілік
б) батылдық
в) төзімділік
г) шыдамдылық
6. «Голень» сөзінің қазақшасы
а) бел
ә) тірсек
128
б) жамбас
в) иық
г) өкше
7. «Терең» сөзінің антонимі
а) төмен
ә) жоғары
б) биік
в) таяз
г) аласа
8. «Атақ» сөзінің синонимі
а) есім, ныспы
ә) даңқ, дәреже
б) асу, бел
в) дәрменді, қауқарлы
г) өжет, тәуекелшіл
9. «Қазақстан Барысы – 2011» жеңімпазы
а) Мұхит Тұрсынов
ә) Айбек Нұғымаров
б) Бейбіт Ыстыбаев
в) Ұлан Рысқұл
г) Ержан Шынкеев
10. «Қазақстан Барысы – 2014» қазақша күресінің екінші орын иегері
а) Асыл Бәрменов
ә) Рүстем Жұмаев
б) Ғани Сейділдаев
в) Бақтыбай Қисықов
г) Жұманазар Ерсұлтанов
11. «Амал» сөзінің синонимі
а) аман
ә) айла
б) лажсыз
в) атақ
г) жол
12. «Әдіс» сөзінің синонимі
а) шара
129
ә) ила
б) лаж
в) дауа
г) тәсіл
13. «Бастапқы» сөзінің антонимі
а) алғашқы
ә) соңғы
б) бұрынғы
в) жаңа
г) қазіргі
14. Қазақша күрес әдісі
а) ауырту тәсілі
ә) аяқтан ұстау
б) созу
в) жамбасқа алып, иіре лақтыру
г) аяқтан ұстап тастау
15. «Оптимизация» сөзінің қазақшасы
а) оңтайландыру
ә) жетілдіру
б) дамыту
в) пысықтау
г) бекіту
16. Вэл Баркер Кубогінің алғашқы иегері
а) Василий Жиров
ә) Олег Саитов
б) Норвел Ли
в) Луис Лори
г) Василий Ломаченко
17. 2012 ж. Лондон олимпиадасындағы Вэл Баркер Кубогінің иегері
а) Серік Қонақбаев
ә) Василий Ломаченко
б) Василий Жиров
в) Бақтияр Артаев
г) Серік Сәпиев
130
18. Вэл Баркер Кубогін алған күміс медаль иегері
а) Рой Джонс
ә) Луис Лори
б) Филип Варуинге
в) Роберто Баладо
г) Олег Саитов
19. Үш мәрте «ең үздік техникасы үшін» берілетін В.Баркер кубогін
иеленген мемлекет
а) АҚШ
ә) Куба
б) Қазақстан
в) Ресей
г) Ұлыбритания
20. Қазақша күрестен алғашқы «Әлем Барысының» жеңімпазы
а) Аарон Скотт Вендель
ә) Оскар Рене Видал Брайсон
б) Айбек Нұғымаров
в) Лукас Крпалек
г) Мацей Сарнаки
131
7-МОДУЛЬ. ШАХМАТ – ҒЫЛЫМИ АҚЫЛ-ОЙ ЖӘНЕ
ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАСЫНЫҢ НЕГІЗІ
24-сабақ. Қазақстандағы алғашқы шахмат жарысы
1-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне
аударыңыздар.
Біздің дәуірімізге дейін, көне аңыз, жасап шығарған, азғантай,
бидай дәнегі, сыйып кету, тор, екі есе, бүкіл әлем бидай қоры,
жиыстырып қою, шағын ғана, ойын кезінде, сол себептен, байыппен
орындау.
2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын қазақша баяндаңыздар.
Шахмат ойыны
Шахмат
–
логикалық
ой-өрісті
машықтандыратын спорт түрі. Шахмат сөзі
парсы тілінде "шах" патша, "мат" өлді
дегенді білдіреді. Әлемдегі ең танымал
спорт түрінің бірі саналады.
Шахмат
спортының
Отаны
–
Үндістан. Біздің дәуірімізге дейін бір ғасыр
бұрын пайда болған. Шахмат жайлы көне
аңыз бар. Шахматты ойлап тапқаны үшін брамин (жасаушы)
раджыдан, яғни патшадан оны жасап шығарғаны үшін азғантай ғана
үстеме сұрайды: шахмат тақтасына неше бидай дәнегі сыйып кететін
болса, соншалығын алып тұруы керек. Әрбір торға бір дәнектен
орналастырса, ол кейіннен екі есеге көбеюі тиіс. Нәтижесінде патшаға
18446744073709551615 (18 квинтильон 446 квадрильон 744 триллион
73 биллион 709 миллион 551 мың 615) бидай дәнегі қажет болып
шығады. Бұл дегеніңіз бүкіл әлем бидай қорын бір ортаға жиыстырып
қойсаңыз да, сан көрсеткіші белуардан аспайды.
Шағын ғана шахмат тақтасы ойыншылар үшін көптеген айла-
тәсілді орындайтын соғыс алаңы. Ойын кезінде егер шахматшы
бірінші болып жүретін болса, онда ол ойынды бастау үшін 20 түрлі
тәсілді пайдалана алады, ал қарсыласы жауап қайтару үшін 400 түрлі
төтеп беру жолдарын қарастырмақ. Сол себептен шахматшылар әр
қадамын байыппен орындайды.
132
Мәтін бойынша сөздік
ой-өріс –
кругозор
машықтану –
вырабатывать привычку, навык; привыкать
танымал –
знакомый, приметный, известный
үстеме –
прибавка, надбавка, добавка
белуар –
1) область поясницы, талии; 2) перен. середина,
средняя часть чего-л.
төтеп беру –
дать отпор
қадам –
1) шаг, шаги; 2) перен. направление какого-л.
действия; ход развития чего-л.
3-тапсырма. Төмендегі сөздердің антонимі мен синонимдерін
тауып, бағандарды толтырыңыздар.
Антоним
Синоним
өлді –
ақырында –
танымал –
өлу –
азғантай –
танымал –
кейін –
бастапқы –
бастау –
кейінгі –
алу –
көне –
4-тапсырма. Төмендегі қазақша шахмат тастарын (фигураларын)
орысша атауларымен сәйкестендіріңіздер.
патша
конь
уәзір
слон
піл
тура, ладья
ат
ферзь
тура, ладья
пешка
пешка
король
5-тапсырма. «Шахмат» сөзінен лексикалық мағынасы бар
сөздер құрастырыңыздар.
Үлгі: Шахмат: шам, ...
6-тапсырма. Төмендегі тізімнен шахмат ойыны бойынша әлем
чемпиондарын теріп жазыңыздар.
Михаил Ботвинник, Исидор Вейсчемпион, С.А. Воронцов,
Н.А. Кукуев, Владимир Крамник, Магнус Карлсен, Вера Менчик,
133
Н. Гаприндашвили, М. Чибурданидзе, Александра Костенюк, Хоу Ифань,
Анна Ушенина, Адольф Андерсен, Пол Морфи, Вильгельм Стейниц.
7-тапсырма. Шахмат ойынына қатысты сөздерді аударып,
мағынасын түсіндіріңіздер.
Дебют, миттельшпиль, эндшпиль, «Гардэ!», нападение, ограничение,
поддержка, перекрытие, «Шах!», «Мат!», «Пат!».
Студенттердің өз бетімен орындайтын тапсырмалары
8-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
Қазақстан шахмат спорты жетістіктері
Кеңес Одағы кезінде қазақстандық шахматшылар ірі жеңістерге
қол жеткізіп жатты. Мысалы, Мухин және Лебович оқушылар
арасындағы КСРО чемпиондары атағына ие болды. Тәуелсіздікті
алғаннан кейін Қазақстанның шахматтық өмірі дамуға зор талпыныс
алды.
1993 жылы ерлер құрамасы Азияның чемпионы атағына,
1999 жылы екінші орынға ие болды.
1997 жылы ұлттық команда Азиядағы ең үздік команда атағына
ие болып, Швейцарияда өтетін командалық әлемдік чемпионатқа
қатысу құқығына ие болды және әлемнің ең үздік 10 құрама
қомандасының ішіне кірді.
Жастар құрамасы 1997 жылы басқалардың ішінде Ресей
құрамасын баса озып, Аргентинада өткен әлем чемпионатының күміс
жүлдегері атанды.
Павлодар қаласының құрамасы қалалар арасындағы Азия
чемпионаттарының үш дүркін жеңімпазы болды (1998, 2000 және
2008 жылдары). 2010 жылы Ханты-Мансийскіде өткен дүниежүзілік
шахмат олимпиадасына 140-тан астам команда қатысты. Қазақстанның
құрама командасы 29-орын, ерлер арасында 27-орынды алды, бұл
соңғы 20 жыл ішіндегі ең үздік нәтиже болып саналады.
9-тапсырма. «Шахмат» сөзін тірек ретінде алып, сөзжұмбақ
құрастырыңыздар.
10-тапсырма. «Шахмат – ақыл-ой спорты» атты тақырыпта
шағын шығарма жазыңыздар.
134
МОДУЛЬ БОЙЫНША ПЫСЫҚТАУ
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1. «Ойынбасы» сөзінің аудармасы
а) дебют
ә) эндшпиль
б) миттельшпиль
в) «Гардэ!»
г) «Пат!»
2. «Ойын ортасы» сөзінің аудармасы
а) дебют
ә) эндшпиль
б) миттельшпиль
в) «Гардэ!»
г) «Пат!»
3. «Ойынсоңы» сөзінің аудармасы
а) дебют
ә) эндшпиль
б) миттельшпиль
в) «Гардэ!»
г) «Пат!»
4. 2006 жылы Әлем чемпионы атағына ие болған шахматшы
а) Вера Менчик
ә) Исидор Вейсчемпион
б) Владимир Крамник
в) Магнус Карлсен
г) Михаил Ботвинник
5. «Уәзір» сөзінің орысша атауы
а) король
ә) ладья
б) слон
в) конь
г) ферзь
135
8-МОДУЛЬ. ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА – СПОРТ ПАДИШАСЫ
25-26-сабақ. Көркем гимнастика
1-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
Жеңіл атлетика
Жеңіл атлетика – бүгінгі
таңда тек біздің елде ғана емес,
дүниежүзінде кең тараған спорт
түрі. Жеңіл атлетиканың негізгі
жаттығулары: тегіс жерде жүгіру,
бедерлі
жерде
жүгіру,
жүру,
кедергілермен жүгіру, ұзындыққа
және биіктікке секіру, лақтыру,
жеңіл атлетикалық көпсайыс.
Жүгіру – қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке
бөлінеді. Қысқа қашықтыққа – 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі
қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа 800, 1000, 1500, 2000, 3000 м
жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ
қашықтыққа – 5000, 10000, 20000, 42 шақырым 192 м марафондық
қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.
Жүру – 20 шақырым спорттық жүріс.
Лақтыру – диск, найза, граната, балға, доп және ядро.
Секіру – орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру,
биіктікке және сырықпен секіру, үш аттап секіру.
Жеңіл атлетикалық көпсайыс – көпсайыс құрамына жеңіл
атлетиканың жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар: жүгіру,
секіру, лақтыру және кедергілерден өту.
(Төтенай Б. Дене тәрбиесі: Оқулық. –
Астана: Фолиант, 2008)
Мәтін бойынша сөздік
көркем гимнастика –
художественная гимнастика
тегіс –
1) ровный, гладкий
2) все, весь, все сплошь, все без исключения
бедерлі –
1) узорчатый, орнаментированный; с узором,
с орнаментом
2) тисненый; инкрустированный
кедергі –
1) препятствие, преграда, помеха
136
2) воен. заграждение
3) спорт. барьер
4) физ., тех. сопротивление
5) перен. трудности
ұзындыққа секіру –
прыжок в длину
биіктікке секіру –
прыжок в высоту
көпсайыс –
спорт. многоборье
қашықтық –
дальность, отдаленность
2-тапсырма. Төмендегі сөздерді қатыстыра отыра сөйлем
құрастырыңыздар.
Жеңіл атлетика, тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру,
кедергілермен жүгіру, биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық
көпсайыс, олимпиада ойыны, чемпион, жүлдегер.
3-тапсырма. Жеңіл атлетикаға жататын спорт түрлерінің
қазақша-орысша атауларын жазыңыздар.
4-тапсырма. Жеңіл атлетикадан әлем рекордын орнатқан
спортшылар мен спорт түрлерін өзара сәйкестендіріңіздер.
Деннис Киметто
100 метр жүгіру
Ярмила Кратохвилова
200 метр жүгіру
Флоренс Гриффит-Джойнер
400 метр жүгіру
Флоренс Гриффит-Джойнер
800 метр жүгіру
Марита Кох
марафон
Юрген Шульт
ядро лақтыру
Наталья Лисовская (Седых)
балға лақтыру
Инесса Кравец
диск лақтыру
Юрий Седых
үш қарғып секіру
5-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын орысша баяндаңыздар.
Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы
Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс –
Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында
өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт
шебері атағын Ш. Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері
Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық
жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер
137
атанды. Олар: Е. Кадяйкин, Ұ. Қосанов, Ә. Тұяқов, В. Савинков,
Л. Кононова, С. Исабаев, Б. Күреңкеев, В. Муравьев, В. Савин,
В. Солдатенко, Л. Микитенко, А. Бадранков, т.б. Қазақстандықтар
арасында Олимпиялық ойындарға тұңғыш қатысқан спортшы
Е. Кадяйкин болды. Тәуелсіз елімізге тұңғыш алтын медальді 2000
жылы Сиднейде (Австралия) өткен ХХҮІІ Олимпиялық ойындарда
кедергі арқылы жүгіруші О. Шишигина әкелді.
6-тапсырма. Мәтінді негізге ала отырып сұрақтарға жауап
беріңіздер.
Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс қашан
және қай жерде өтті?
Ш. Бекбаев деген кім?
Қазақстандықтар арасында Олимпиялық ойындарға тұңғыш
қатысқан спортшы.
Сиднейде (Австралия) өткен ХХҮІІ Олимпиялық ойындарда
алтын медальді иеленген қазақстандық спортшы.
7-тапсырма. «Көпсайыс» сөзінен лексикалық мағынасы бар
сөздер құрастырыңыздар.
Үлгі: Көпсайыс: сай, сөк, ...
8-тапсырма. ХХХ Олимпиада ойыны бойынша жеңіл атлетика
чемпиондарын спорт түрлерімен сәйкестендіріңіздер.
Арис Мерритт (АҚШ)
100 метр жүгіру
Мохаммед Фарах (Ұлыбритания)
200 метр жүгіру
Кирани Джеймс (Гренада)
400 метр жүгіру
Дэвид Рудиша (Кения)
800 метр жүгіру
Стивен Кипротич (Уганда)
1500 метр жүгіру
Тауфик Махлуфи (Алжир)
5000 метр жүгіру
Усэйн Болт (Ямайка)
10000 метр жүгіру
Усэйн Болт (Ямайка)
марафон
Мохаммед Фарах (Ұлыбритания)
110 метр кедергілермен жүгіру
Кешорн Уолкотт (Тринидад және
Табаго)
400 метр кедергілермен жүгіру
Кристиан Тейлор (АҚШ)
3000 метр тосқауылды жүгіру
Эзекиль Кембои (Кения)
20 км жүру
Сергей Кирдяпкин (Ресей)
50 км жүру
138
Грег Разерфорд (Ұлыбритания)
ұзындыққа секіру
Феликс Санчес (Доминикан
Республикасы)
үш қарғып секіру
Кристиан Парш (Венгрия)
биіктікке секіру
Рено Лавиллени (Франция)
сырықпен секіру
Томаш Маевский (Польша)
ядро лақтыру
Чэнь Дин (Қытай)
шарбалға лақтыру
Эштон Итон (АҚШ)
диск лақтыру
Роберт Хартинг (Германия)
найза лақтыру
Иван Ухов (Ресей)
көпсайыс
9-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын қазақша баяндаңыздар.
Көркем гимнастика
Көркем гимнастика – спорттың бір
түрі; музыка сазымен арнаулы затпен (лента,
доп, шеңбер, т.б.) немесе затсыз гимнастикалық
жаттығулар комбинациялары орындалатын
қыздар арасындағы жарыс. Көркем гимнастика
шұғылданушылардың
дене
сұлулығын
қалыптастырып, эстетикалық тәрбие береді.
Онда толқынды, серіппелі қозғалыс, иіліп
бұралу, денені тік ұстау, би өнеріне тән
жүріс, жүгіріс, секіру, халықтық би мен
шалқыма
би
басым
келеді.
Көркем
гимнастикадан дүниежүзілік чемпионат 1963 жылдан бері өтіп келеді.
Олимпиялық
ойындар
бағдарламасында
1984
жылдан
бар.
Қазақстанда 1947 ж. Алматы дене тәрбиесі интернатында көркем
гимнастика секциясы ашылды. 1949 ж. гимнастшы қыздар арасында
тұңғыш республикалық жарыс өтті. Қазақстандағы көркем гимнастика
спортын ұйымдастырып, дамытуда Л. Каспарова, Э. Волкова, К.
Морозова, К. Степанова, Э. Осадчая, Л. Дягилева, т.б. спортшылар мен
жаттықтырушылар көп еңбек сіңірді. Көркем гимнастикадан А.
Батырбекова, С. Рахметова, С. Барлыбаева сияқты қазақ қыздары
1960-70 жылдары республиканың бірнеше дүркін чемпионы болып,
халықаралық жарыстарға қатысты. 1991 ж. республика тәуелсіздік
алғаннан кейінгі жылдарда павлодарлық Ә. Мұстафина, алматылық
З.Жақыпова, шымкенттік Ә. Юсупова, т.б. гимнастшы қыздар бірнеше
дүркін Азияның чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы,
жүлдегері болды. Павлодарлық Майя Сүлейменова қазақ қыздары
139
арасында
алғаш
Халықаралық
дәрежедегі
төреші
атанып,
дүниежүзілік чемпионатқа қазылық етті (Вена, 1995; Будапешт, 1996),
екі рет Азия чемпионатына төреші болды (1994, 1996). Көркем
гимнастика
Шымкент,
Алматы,
Павлодар, Астана, Өскемен,
Қарағанды, Петропавл, Көкшетау қалаларында жақсы дамыған.
10-тапсырма. Мәтінді негізге ала отырып сұрақтарға жауап
беріңіздер.
Көркем гимнастикада қандай зат қолданылады?
Көркем гимнастикадан дүниежүзілік чемпионат қай кезден
бастап өткізіліп келеді?
Көркем гимнастика Олимпиялық ойындар бағдарламасына
қашан енді?
Қазақстандағы көркем гимнастика спортының дамуына үлес
қосқан спортшылар мен жаттықтырушыларды атаңыздар.
Көркем
гимнастика
бойынша
қандай
қазақстандық
спортшыларды білесіздер? Олардың жетістіктерін айтыңыздар.
11-тапсырма. Төмендегі сөздерді орысша аудармасымен
сәйкестендіріңіздер.
көркем гимнастика
пружинистое движение
доп
арбитр
шеңбер
волнистое движение
толқынды қозғалыс
художественная гимнастика
серіппелі қозғалыс
мяч
иілу, жазылу
разгиб (гимнастика)
денені тік ұстау
вертикальная фасция корпуса
қазы
судья
төреші
круг
12-тапсырма. Көркем гимнастика чемпиондарын Жазғы
олимпиада ойындарымен сәйкестендіріңіздер.
Александра Тимошенко (КСРО) ХХХ Жазғы олимпиада (Лондон, 2012)
Юлия Барсукова (Ресей)
ХХІХ Жазғы олимпиада (Бейжің, 2008)
Алина Кабаева (Ресей)
ХХҮІІІ Жазғы олимпиада (Афины, 2004)
Екатерина
Серебрянская
(Украина)
ХХҮІІ Жазғы олимпиада (Сидней, 2000)
Евгения Канаева (Ресей)
ХХҮІ Жазғы олимпиада (Атланта, 1996)
Евгения Канаева (Ресей)
ХХҮ Жазғы олимпиада (Барселона, 1992)
140
Студенттердің өз бетімен орындайтын тапсырмалары
13-тапсырма. Жеңіл атлетика түрлері бойынша презентация
жасаңыздар.
14-тапсырма. «Гимнастика» сөзін тірек ретінде ала отырып,
сөзжұмбақ құрастырыңыздар.
15-тапсырма. Суреттер бойынша шағын әңгіме құрастырыңыздар.
27-сабақ. Спорттық гимнастика
1-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне
аударыңыздар.
Спорттық гимнастика, даярлау, жаттықтырушы, халықаралық
дәрежедегі спорт шебері, халықаралық жарыстардың жүлдегері, ізгі
ниет, тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдар.
2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын орысша баяндаңыздар.
Спорттық гимнастика – спорттың
негізгі түрлерінің бірі; еркін жаттығулар,
таянып секіру және снарядтардағы жаттығу-
ларды
қамтиды.
Қазақстанда
спорттық
гимнастика 1920 жылдардың аяғында дами
бастады. Гимнастшыларды даярлауда В. Рякшин,
А. Ершов, Г. Мещерский, Қ. Қуанышбаев,
И. Муллаев, В. Байдин, т.б. жаттықтырушылар
көп үлес қосты. Спорттық гимнастикадан
Н. Ким – Олимпия чемпионы (1976), әлем кубогінің жеңімпазы (1978),
бірнеше дүркін КСРО чемпионы, Н. Ильенко – КСРО-ның абсолют
141
чемпионы (жеке түрінен) және КСРО құрама командасының
құрамында әлем чемпионы (1984), Ю. Цапенко – КСРО құрама
командасының құрамында Олимпиада ойындардың күміс жүлдегері
(1964). Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қ. Қалиева 1982 жылы
республика чемпионы, халықаралық жарыстардың жүлдегері болды.
1987 жылы В. Люкин (Алматы) Еуропаның және КСРО-ның абсолют
чемпионы әрі КСРО құрама командасының құрамында В. Новиковпен
(Алматы) бірге әлем және 1988 жылы Олимпиада ойындардың
чемпионы атанды. 1991 жылы республика тәуелсіздік алғаннан кейінгі
жылдарда алматылық Е. Ерімбетов, С. Федорченко, А. Дмитренко, т.б.
гимнастшы жігіттер бірнеше дүркін Азия чемпионы, Азия ойындары,
ізгі ниет ойындарымен қатар, әлем кубогінің иегері және халықаралық
турнирлердің жеңімпазы, жүлдегері болды.
3-тапсырма. «Гимнастшы», «иегер», «жеңімпаз», «жүлдегер»
деген сөздерді септеңіздер.
4-тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді теріп жазыңыздар.
5-тапсырма. Мәтінді негізге ала отырып сұраққа жауап беріңіздер.
Қазақстанда спорттық гимнастика қашаннан бастап дами
бастады?
Гимнастшыларды даярлауда еңбек сіңірген
жаттықтыру-
шыларды
атаңыздар.
Спорттық гимнастикада Н. Ким, Н. Ильенко, Ю. Цапенко,
Қ. Қалиева, В. Люкиндер қандай жетістікке жетті?
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазақстандық гимнастшылардың
жеткен жетістіктерін айтыңыздар.
6-тапсырма. Спорттық гимнастика бойынша өткізілетін жарыс
атауларын өзара байланыстырыңыздар.
командное первенство
ат
абсолютное первенство
аспа
вольные упражнения
абсолютты біріншілік
конь
командалық біріншілік
кольца
еркін жаттығу
опорный прыжок
қатар қоссырық
параллельные брусья
шығыршық
перекладина
таянып секіру
142
7-тапсырма. Спорттық гимнастика (абсолютты біріншілік)
бойынша
чемпиондарды
жазғы
олимпиада
ойындарымен
сәйкестендіріңіздер.
Ян Вэй (Қытай)
ХХХ Жазғы олимпиада (Лондон, 2012)
Пол Хемм (АҚШ)
ХХІХ Жазғы олимпиада (Бейжің, 2008)
Виталий Щербо (КСРО,
Белоруссия)
ХХҮІІІ Жазғы олимпиада (Афины, 2004)
Ли Сяошуан (Қытай)
ХХҮІІ Жазғы олимпиада (Сидней, 2000)
Кохэй Утимура (Жапония) ХХҮІ Жазғы олимпиада (Атланта, 1996)
Алексей Немов (Ресей)
ХХҮ Жазғы олимпиада (Барселона, 1992)
8-тапсырма. «Біріншілік» сөзінен лексикалық мағынасы бар
сөздер құрастырыңыздар.
Үлгі: Біріншілік: шіл, ...
9-тапсырма.
Төмендегі
сөздердің
синонимдік
қатарын
жазыңыздар.
Дайындау, жаттығу, қазы, жеңімпаз, негізгі, жеке, әлем, шегіну,
шыдау, үлгі, ұқыпты, тиімді, сұрыптау.
10-тапсырма. Төмендегі қазақстандық спортшыларды тиісті
бағандарға орналастырыңыздар.
Жеңіл атлетика
Спорттық гимнастика Көркем гимнастика
Ольга Рыпакова, Ернар Ерімбетов, Александр Парыгин, Роман
Валиев, Ольга Шишигина, Сергей Федерченко, Степан Горбачев,
Анастасия Пилипенко, Анна Алябьева, Наталья Ивонинская, Анастасия
Сопрунова, Евгений Эктов, Мөлдір Әзімбай, Ольга Козевникова,
Әлия Юсупова.
Студенттердің өз бетімен орындайтын тапсырмалары
11-тапсырма. Жоғарыдағы мәтінді қазақ тілінде мазмұндаңыздар.
143
12-тапсырма. Төмендегі сөздерді қатыстыра отыра диалог
құрастырыңыздар.
ХХХ Жазғы олимпиада ойындары, Лондон қаласы, 2012 жыл,
Кохэй Утимура, Жапония мемлекеті, Степан Горбачев, чемпион,
спорттық гимнастика, абсолютты біріншілік, еркін жаттығу, күміс
медаль, қазақстандық спортшылар, Ұлыбритания, 200 атлет, Ернар
Ерімбетов, медальдар жиынтығы.
13-тапсырма. Суреттер бойынша шағын әңгіме құрастырыңыздар.
28-сабақ. Синхронды жүзу
1-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне
аударыңыздар.
Водный балет, синхронное плавание, десятилетие, показательное
выступление, полноправный, одиночный, парный, определенные
фигуры, музыкальная и хореографическая композиция, судейские
оценки, техника выполнения, артистичность, минимальная оценка,
максимальная оценка, каждый, член жюри.
2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын қазақша баяндаңыздар.
Первоначально
известное
как
водный балет, синхронное плавание
появилось в Канаде в 1920-е годы. В
следующем десятилетии оно
распрост-
ранилось
и в США. Показательные
выступления в синхронном плавании
появились на Олимпийских играх ещё в
1948 году и оставались на них в этом
качестве целых двадцать лет. Лишь в 1984 году на играх в Лос-
144
Анджелесе они получили статус полноправного олимпийского вида
спорта: тогда были представлены одиночные и парные соревнования.
Соревнования состоят из технической и длинной программ. В
первом случае спортсменки выполняют определенные фигуры. В
длинной программе никаких ограничений на музыкальную или
хореографическую композиции нет. Судейские оценки в синхронном
плавании схожи с оценками в фигурном катании. Жюри,
оценивающее действия спортсменок, состоит из двух групп судей по
пять человек в каждой: одна группа оценивает технику выполнения
программы, а другая – артистичность. Судьи сидят с обеих сторон
бассейна. Минимальная оценка – 0,1 балл. Максимальная оценка,
которую может выставить каждый из членов жюри, равняется десяти
баллам.
3-тапсырма. Мәтінді негізге ала отырып сұрақтарға жауап
беріңіздер.
Синхронды жүзу қай жерде және қашан пайда болды?
Олимпиада ойындарына синхронды жүзуден үлгілік өнер
көрсету қай жылы енді?
Синхронды жүзу олимпиада ойындарына қашан толыққанды
енді?
Синхронды жүзудегі техникалық пен ұзақ бағдарламалардың
бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
Синхронды жүзу қалай бағаланады?
4-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын қазақша баяндаңыздар.
Халықаралық жүзу федерациясы
(ФИНА) 1908 жылы құрылған. 1991
жылы оның құрамына 128 ел кірді.
Олимпиялық ойындар 1896 жылдан,
дүниежүзілік
чемпионаттар
1973
жылдан, еуропалық чемпионаттар
1926 жылдан өткізіледі. Дене
шынық-
тырудың
бір түрі ретінде жүзумен
адамдар
ежелгі
дәуірден
бастап
айналыса бастаған. Біздің жыл санауымыздың басында Римде суы
жылытылатын 50*20, 100*50 метрлік үй ішіндегі бассейндер
салынған. ХҮІ ғасырдың басында жүзу спорттық сипат алды.
Алғашқы жарыс 1515 жылы Венецияда өткізілді. КСРО-ның 1947
145
жылы Халықаралық жүзу федерациясына мүше болуы, 1952 жылдан
бастап Олимпия ойындарына қатысуы жүзу спортының Кеңес
Одағында, оның ішінде Қазақстанда да жедел дамуына ықпал етті.
Қазақстанда жүзу спортының дамуы Алматыда Дене тәрбиесі
институтының (қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм
академиясы) ашылуымен тікелей байланысты болды. Оның түлектері
1946 жылы Бүкілодақтық жоғары оқу орындары арасындағы жарысқа
қатысты. 1947 жылы алғаш рет жүзуден республикалық біріншілік
ұйымдастырылып, оған Алматы, Атырау, Орал қалалары жүзгіштері
қатысты. Сол жылы Қазақстан тұңғыш рет КСРО біріншілігінде
бәсекеге түсті. 1948 жылы Алматыдағы Мәдениет және демалыс
саябағында студенттердің күшімен 27 метрлік ашық бассейн жасалды,
онда екінші республикалық біріншілік өтті. Ю. Кабин, В. Минаев,
Б. Елқондиевтер бірнеше рет Қазақстанның чемпионы атанды.
Құрамына қазақстандық Г. Николаев енген КСРО жүзгіштері ХҮІ
Олимпия ойындарында (Мельбурн, 1956) 4x200 метрлік эстафетада
Кеңес Одағына алғашқы қола медальді әкелді. 1957 жылы Қарағандыда
тұңғыш жабық бассейн іске қосылды. Тәуелсіз Қазақстан дербес
қатысқан Барселонада өткен ХХҮ Олимпия ойындарына (1992) 7
жүзгіш, ал Сиднейде өткен ХХҮІІ Олимпияға (2000) 8 жүзгіш қосты.
Олардың бәрі дерлік Азия құрлығының үздіктері аталды.
5-тапсырма. Мәтінді негізге ала отырып сұрақтарға жауап
беріңіздер.
Халықаралық жүзу федерациясы қашан құрылды?
Олимпиялық
ойындар,
дүниежүзілік
және
еуропалық
чемпионаттар қашаннан бастап өткізіле бастады?
Алғашқы жарыс қашан және қай жерде ұйымдастырылды?
Ю. Кабин, В. Минаев, Б. Елқондиев, Г. Николаевтар жүзуден
қандай жетістіктерге ие болған?
Дене тәрбиесі институтының түлектері 1946 жылы қандай
жарысқа қатысты?
Алғашқы республикалық біріншілік қашан ұйымдастырылды?
6-тапсырма. Мәтіннен күрделі сөздерді теріп жазыңыздар.
7-тапсырма. «Медаль», «жүзу» деген сөздерді тәуелдеңіздер,
«ел», «студент», «жарыс» деген сөздерді септеңіздер.
146
8-тапсырма. Жүзу түрлерінің техникасын қазақ тілінде ауызша
түсіндіріңіздер.
Еркін (кроль) жүзу, брасс, баттерфляй, шалқалап жүзу,
синхронды (көркемдік) жүзу.
9-тапсырма. Сөзжұмбақты шешіңіздер.
1
Л
2
О
3
Н
4
Д
5
О
6
Н
1. Жүзуден әлем рекордын 39 рет жаңартқан спортшы
2. Ерлер арасындағы 200 метр қашықтықта шалқалап жүзуден
әлем рекордының иегері
3. Әйелдер арасындағы 200 метр қашықтықта шалқалап жүзуден
әлем рекордының иегері
4. Ерлер арасындағы 200 және 400 метр қашықтықта еркін
жүзуден әлем рекордының иегері
5. Ерлер арасындағы 200 метр қашықтықта кешенді жүзуден
әлем рекордының иегері
6. ХХХ Жазғы олимпиада ойындарында ерлер арасында 50 метр
қашықтықта еркін жүзуден алтын медаль иегері
10-тапсырма. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып диалог
құрастырыңыздар.
Еркін (кроль) жүзу, 50 метр, 200 метр, қашықтық, брасс,
Франция, Флоран Манаду, АҚШ, алтын медаль, 100 метр, Майкл
Фелпс, 18 рет олимпиада чемпионы, Инчхон – 2015, Лондон, Азия
чемпионы, Афина, Пекин, қазақстандық суға жүзуші, олимпиада
ойындары, баттерфляй, Дмитрий Баландин, әлем чемпионы.
Студенттердің өз бетімен орындайтын тапсырмалары
11-тапсырма. «Шалқалау» сөзінен лексикалық мағынасы бар
сөздер құрастырыңыздар.
Үлгі: Шалқалау: қал, ...
147
12-тапсырма. Жүзуден олимпиада ойындарына қатысқан
қазақстандық спортшылар жайында презентация жасаңыздар.
13-тапсырма. Суреттер бойынша шағын әңгіме құрастырыңыздар.
29-30-сабақ. Теннис
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын қазақша баяндаңыздар.
История
современного
тенниса начинается во второй
половине XIX века. Именно
тогда появилась игра, в то
время
носившая
название
«лаун-теннис», предшествен-
ницей которой была более
древняя игра в помещениях.
Уимблдонский
турнир,
старейший из сохранившихся по настоящее время, проводится с 1877
года, а первое соревнование национальных сборных – Кубок Дэвиса –
ведёт свою историю с 1900 года. Теннис является частью программы
Олимпийских игр современности, начиная с I Олимпиады,
прошедшей в 1896 году, но с более чем полувековым перерывом,
который завершился только в 1988 году. Вначале теннис официально
был любительским видом спорта; первые игроки-профессионалы
появились в теннисе в 20-е годы XX века, а с конца 1960-х годов
началась так называемая Открытая эра, в рамках которой все турниры
стали открытыми как для любителей, так и для профессионалов и
были объединены в несколько крупных циклов («туров») под
управлением международных организаций ITF, ATP и WTA.
148
Мәтін бойынша сөздік
предшествующий –
бұдан бұрынғы, осыдан ілгергі, өткен
помещение –
үй, бөлме, ғимарат
сохранение –
сақтау, қорғау, сақталу
Достарыңызбен бөлісу: |