Ерғалиев Қуаныш Советұлы Ерғалиева Самал Жанатқызы КӘсіби қазақ тілі «Дене шынықтыру және спорт»



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата06.03.2017
өлшемі9,63 Mb.
#7610
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

9-тапсырма.  Төмендегі  сөздермен  сөз  тіркесін  жасап,  олармен 
сөйлем құрастырыңыздар. 
 
Үлгі: Гимнастика: көркем гимнастика, емдік гимнастика, атлетті 
гимнастика, кәсіпқойлық гимнастика, таңертеңгілік гимнастика, спорттық 
гимнастика, жабдықты гимнастика. 
 
Акробатика,  спорт,  команда,  жарыс,  алаң,  теннис,  шабуыл, 
арена, жүгіріс, балуан, лақтыру, салмақ. 
 
10-тапсырма. Сөзжұмбақты шешіңіздер. 
 
 
 
 
1 
 
 
С 
 
 
 
 
 
 
 
2 
 
 
 
 
П 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3 
 
О 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
Р 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
Т 
 
 
 
 
 
 
 
Сұрақтары: 
1)  Қарама-қарсы  бағаналардың  басына  құрылған  торға  допты 
қолмен лақтырып түсіретін командалық спорт ойыны 
2)  Ежелгі  грек  Олимпия  ойындарының  үлгісімен  4  жылда  бір 
өткізілетін халықаралық спорт ойындар жарысы 
3)  Бір  команда  екінші  команданың  керіп  қойған  тордан  допты 
осыра тастап ұрып ойнайтын спорт ойыны 
4)  Балуандардың  белдесіп,  бірін-бірі  жығуға  тырысатын  спорт 
түрі 
5)  Әрқайсысы  он  бір  адамнан  құралған  екі  команда,  допты 
аяқпен  теуіп  жүріп,  қарсы  жақтың  қақпасына  өткізуді  мақсат  еткен 
спорт ойыны 

 
54 
Студенттердің өз бетімен орындайтын тапсырмалары 
 
11-тапсырма.  Мәтін  бойынша  бірнеше  сұрақ  дайындаңыздар. 
Үзіндінің мазмұнын орысша баяндаңыздар. 
 
ХІХ  ғасырдың  орта  кезінде  Грекияда  олимпиада  ойындарды 
қайта жандандыру мақсатында біраз әрекеттер жасалды. Сөйтіп, 1859, 
1870,  1875  және  1889  жылдары  Афинада  грек  спортшыларының 
қатысуымен  секіру,  жүгіру,  диск,  найза  лақтыру,  гимнастика  сияқты 
спорт  түрлерінен  жарыстар  өтті.  Олимпиада  ойындары  бүкіл 
Грекияны біріктіретін жалпы ұлттық оқиғаға айналды. Біраз уақыттан 
кейін  гректерге  олимпиада  ойындардың  бірыңғай  күнтізбесін  бекіту 
идеясы  келді.  Алғашында  ойын  өтуі  бір  күнге  созылса,  кейінірек 
ойынның ұзақтығы бір айға дейін жетті. Ойынды әр төрт жылда астық 
пен жүзім жинау арасында үнемі өткізіп тұру туралы шешім шығарды. 
Қоғам  қайраткері  Пьер  де  Кубертэннің  олимпиялық  ойындар  өткізу 
жөніндегі  ұсынысын  қабыл  алған  Францияның  оқу  ағарту  министрі 
оған  дене  тәрбиесін  дамыту  жөніндегі  халықаралық  конгресс 
шақыруды  табыстады.  Содан  1894  жылы  маусым  айында  12  елдің 
қатысуымен конгресс өз жұмысын өткізді. Оған қатысушылар Пьер де 
Кубертэннің  баяндамасын  талқылап,  1896  жылы  І  олимпиялық 
ойындарды  Афина  қаласында  өткізу  жөнінде  шешім  қабылдады. 
Халықаралық  олимпиада  комитетінің  тұңғыш  басшысы  болып  грек 
Деметриус  Викелас  сайланды.  Сонымен  қазіргі  заманғы  алғашқы 
олимпиада  ойындары  1896  жылы  сәуір  айының  6-15  аралығында 
Афинада өтіп, оған 13 елден 311 спортшы қатысты. 
(Интернеттен) 
 
12-тапсырма.  «Олимпиада  жеңімпазы  болу  –  әр  спортшының 
арманы» тақырыбында шағын эссе жазыңыздар. 
 
 
9-сабақ. Олимпиада ойындарының түрлері 
 
1-тапсырма. Мәтінді оқып, орысша мазмұндаңыздар. 
 
Олимпиада ойындары өткізілген орындар 
 
Кезекті Олимпиада ойындары өткізілетін қала ойындарға 7 жыл 
қалғанда  арнайы  Халықаралық  олимпиада  комитетінің  (ХОК) 
сессиясында  анықталады.  Қала  ресми  мәлімдемесін  тапсырған 

 
55 
бірнеше  қала-кандидаттарының  ішінен  таңдалады.  Таңдау  кандидат 
елдерінің  өкілдері  мен  ХОК  президентінен  басқа  барлық  ХОК 
мүшелерімен тура құпиялы жол арқылы өтеді. 
Ереже  бойынша  соңғы  дауыс  беру  рәсіміне  кандидаттар  тізімі 
арасында  бес  қаладан  артық  болмауы  тиіс,  бұл  тізім  бір  жыл  бұрын 
ХОК  мүшелерінің  алдын  ала  дауыс  беру  нәтижесінде  анықталады. 
Жеңімпаз  кандидат  дауыстардың  жартысынан  артық  жинау  керек. 
Егер  жеңімпаз  алғашқы  айналымда  анықталмаса,  онда  екінші  және 
кейінгі  айналымдар  өткізіледі.  Әрбір  айналымнан  кейін  ең  аз  дауыс 
жинаған бір кандидаттан күрестен шығып қалып отырады. Сонда ғана 
кандидат  елдерінің  өкілдері  қайтадан  дауыс  бере  алу  құқығына  ие 
болады. 
Ең көп Олимпиада ойындарын өткізген ел – АҚШ: 8 рет (4 рет – 
жазғы  және  4  рет  –  қысқы).  Франция  5  рет  (2/3),  Ұлыбритания  3  рет 
(3/0),  Германия  3  рет  (2/1),  Жапония,  Италия,  Канада  3  рет  (1/2). 
Австралия жазғы ойындарын бір рет өткізген, ал Австрия, Швейцария 
және  Норвегия  қысқы  ойындарын,  Швеция,  Бельгия,  Нидерланд, 
Финляндия,  КСРО,  Мексика,  Оңтүстік  Корея,  Испания  және  Қытай 
бір  рет  жазғы  ойындарын  өткізген.  Югославия  (Босния  және 
Герцеговина), Ресей бір рет қысқы ойындарын қабылдаған. Барлығы – 
21 ел. Жазғы ойындары 18 елде, ал қысқы 11 елде өткізілген. 
Қалалар  арасында  Олимпиада  ойындарын  ең  көп  қабылдаған 
қала  –  Лондон:  3  рет.  Лос-Анжелесте,  Парижде,  Афинада  екі  реттен 
жазғы  Олимпиада  ойындары,  Санкт-Морицте,  Инсбрукте,  Лейк-
Плэсидте қысқы ойындары өткізілген. Жалпы Олимпиада ойындарын 
41 қала (жазғы 22, қысқы 19) өткізген. 
 
Мәтін бойынша сөздік 
 
кезекті – 
очередной 
мәлімдеме –  заявление; извещение; сообщение 
өкіл – 
представитель, уполномоченный 
құпия – 
тайна, 
секрет 
// 
тайный, 
секретный, 
скрытый, 
сокровенный // тайно, секретно, скрытно 
рәсім – 
1) обычай; традиция; правило 2) церемония 
айналым – 
1) круг (в беге, на скачках); тур 
2) оборот; виток; обращение 
қабылдау – 
1) получить что-л. сдаваемое, передаваемое (принимать 
в свое ведение) 
2) принимать (о службе, работе, учебе) 
3) принимать (гостей, официальных лиц, посетителей) 

 
56 
4) принимать решение, постановление 
5) принимать лечение 
6) одобрять, соглашаться 
 
2-тапсырма.  Мәтінді  негізге  ала  отырып  сұрақтарға  жауап 
беріңіздер. 
 
  Олимпиада ойындары өткізілетін орын қайда анықталады? 
  Қай ел ең көп Олимпиада ойындарын өткізді? 
  Олимпиада ойындарын ең көп қабылдаған қаланы атаңыздар. 
  Бір  рет  жазғы  олимпиада  ойындарын  өткізген  мемлекеттерді 
атаңыздар. 
  Жалпы  Олимпиада  ойындарын  (жазғы  және  қысқы)  қанша 
мемлекет өткізді? Оларды атап шығыңыздар. 
 
3-тапсырма.  «Қала»,  «тізім»,  «дауыс»,  «ел»,  «балам»  деген 
сөздерді септеңіздер. 
 
4-тапсырма.  Төмендегі  терминдердің  ішінен  Жазғы  және 
Қысқы  Олимпиада  ойындарының  атауларын  екі  бағанға  бөліп 
жазыңыздар. 
 
Жазғы олимпиада ойындары 
Қысқы олимпиада ойындары 
 
 
 
Шаңғы  жарысы,  есу,  бокс,  биатлон,  спорттық  гимнастика, 
коньки спорты, бобслей, ауыр атлетика, күрес, шана спорты, желкенді 
спорт,  суға  секіру,  шайбалы  хоккей,  қол  добы,  үшсайыс,  нысана 
көздеу, керлинг. 
 
5-тапсырма. Төмендегі сөздерді қазақшаға аударыңыздар. 
 
Горнолыжный  спорт,  лыжные  гонки,  прыжки  с  транплина, 
лыжное двоеборье, фристайл, фигурное катание, конькобежный спорт, 
шорт-трек, бобслей, санный спорт, хоккей с шайбой, хоккей с мячом, 
керлинг,  индивидуальные  соревнования,  парные  соревнования, 
командная эстафета, одиночное мужское и женское фигурное катание, 
парное  фигурное  катание,  танцы  на  льду,  смешанная  эстафета, 
параллельный слалом-гигант, личное первенство, гонка с раздельным 
стартом, индивидуальный спринт, командный спринт. 

 
57 
6-тапсырма.  Төмендегі  терминдерді  тиісті  бағандарға  бөліп 
орналастырыңыздар. 
 
тау шаңғы спорты 
фристайл 
 
 
 
Супер-алып, могул, ски-кросс, жылдамдықты ылди, алып слалом, 
слепскейт, слалом, қиыстыру, шаңғымен акробатика, хаф-пайп. 
 
7-тапсырма.  «Тапсырды»,  «таңда»,  «қабылдап»,  «өткізсе» 
деген сөздерді жіктеңіздер. 
 
8-тапсырма. Төмендегі спорт ойындарының түрлерін орысшаға 
аударыңыздар. 
 
Жеңіл атлетика, есу, байдарка және каноэде есу, слаломдық есу, 
трек  жарысы,  шоссе  жарысы,  ат  спорты,  семсерлесу,  көркем 
гимнастика, ауыр атлетика,  қол добы, көгалдағы хоккей,  күрес, жүзу, 
синхронды  жүзу,  суға  секіру,  су  добы,  үстел  теннисі,  садақпен  ату, 
нысана көздеу, жағажай волейболы, желкенді спорт. 
 
9-тапсырма. 
Төмендегі 
сөздердің 
синонимдік 
қатарын 
табыңыздар. 
 
Жүзу,  көздеу,  күресу,  қабаттасу,  шалу,  қадағалау,  қайталау, 
қапсыру, қатулану, қатынау, қимылдау, қиюластыру, қошеметтеу. 
 
10-тапсырма.  Төмендегі  сөздердің  антонимдік  қатарын  тауып, 
оларды орыс тіліне аударыңыздар. 
 
Жеңіске  жету,  жүгіріп  кіру,  жүлдегер,  жұптаса  ойнау, 
жылдамдықты  бәсеңдету,  қате  қорғаныс,  кему,  шапалақтау,  ұтылыс, 
ұшып келу, кедергілі жүгіріс, төмен түсу. 
 
 
Студенттердің өз бетімен орындайтын тапсырмалары 
 
11-тапсырма.  Жазғы  олимпиада  ойындарының  бір  түріне 
сұрақ-жауап негізінде әңгіме құрастырыңыздар. 

 
58 
12-тапсырма. Суретті негізге ала отырып әңгіме құрастырыңыздар. 
 
 
 
13-тапсырма.  Теледидардан  спорт  жайында  қазақ  тілінде 
берілген жаңалықтарды тыңдап, оны ауызша әңгімелеп беріңіздер. 
 
10-сабақ. Қазақстанның ұлттық құрамасы 
 
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын қазақша баяндаңыздар. 
 
Илья 
Александрович 
Ильин 
(родился  24  мая  1988  года,  Кзыл-Орда, 
Республика  Казахстан)  –  казахстанский 
тяжелоатлет.  Двукратный  олимпийский 
чемпион  (Пекин  –  2008  и  Лондон  – 
2012),  четырёхкратный  чемпион  мира 
(2005,  2006,  2011,  2014),  двукратный 
чемпион  мира  среди  юниоров  (2005  и 
2006), двукратный чемпион Азиатских Игр (2006 и 2010). Рекордсмен 
мира в толчке (233 кг) и сумме двоеборья (418 кг) в категории 94 кг, в 
толчке (242 кг) в категории 105 кг, рекордсмен мира среди юниоров в 
категории  85  кг  в  сумме  (386  кг)  и  абсолютный  мировой  рекордсмен 
среди юношей в категории 85 кг в рывке (170 кг), в толчке (216 кг) и в 
сумме  двоеборья  (386  кг).  В  общем  установил  3  мировых  рекорда 
среди юношей, 1 мировой рекорд среди юниоров и 3 мировых рекорда 
среди  взрослых.  Ильин  3  раза  становился  лучшим  тяжелоатлетом 
мира (2005, 2006 и 2014 годов). 
 
Мәтін бойынша сөздік 
 
рекордсмен – 
рекордшы 
толчок – 
серпу 
рывок – 
жұлқу 

 
59 
2-тапсырма.  Мәтінді  негізге  ала  отырып  сұрақтарға  жауап 
беріңіздер. 
 
  И. Ильин қанша рет әлемнің үздік ауыратлеті атанды? 
  И. Ильин  қай  жерлерде  өткен  олимпиадаларда  чемпион 
атағына ие болды? 
  Ауыратлет  94  кг  категориясында  серпе  көтеру  мен  қоссайыс 
қосындысында қанша салмақты бағындырды? 
 
3-тапсырма.  «Рекордшы»,  «ауыратлет»,  «чемпион»  сөздерін 
септеңіздер. 
 
4-тапсырма.  Мәтінді  оқып,  сұрақ-жауап  түрінде  сұхбат 
құрыңыздар. 
 
Серік  Керімбекұлы  Қонақбаев  (25  қазан 
1959 жылы, Тараз) бокспен 14 жасынан бастап 
айналысқан. КСРО халықтары спартакиадасының 
және  КСРО  чемпионатының  күміс  жүлдегері 
(Мәскеу,  1979),  екі  мәрте  Еуропа  чемпионы 
(ГФР,  Кельн,  1979,  Финляндия,  Тампере,  1981), 
Әлем  кубогінің  иегері  (АҚШ,  Нью-Йорк, 
1979),  Мәскеуде  өткен  ХХІІ  Олимпиадалық 
ойындардың  күміс  жүлдегері  (1980),  Әлем  кубогінің  иегері  (Канада, 
Монреаль, 1981), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (ГФР, Мюнхен, 
1982),  КСРО  чемпионы  (1980,  1984).  1981-87  жылдары  бапкерлік 
жұмыстар  атқарды,  коммерциялық  «Қазақстан»  спорт  клубының 
(1990),  Қазақстан  Республикасы  кәсіпқой  бокс  федерациясының 
(1992-94),  Қазақстан  Республикасы  Президенті  жанындағы  ұлттық 
спорт  қорының  президенті  (1994-96)  болды.  1999  жылдан  Қазақстан 
Республикасы 
Парламентінің 
Мәжіліс 
депутаты. 
Мемлекеттік 
«Дарын» жастар сыйлығының иегері (1993). 
 
5-тапсырма. Төмендегі сөздерді орыс тіліне аударыңыздар. 
 
КСРО  халықтары  спартакиадасы,  күміс  жүлдегер,  екі  мәрте 
Еуропа чемпионы, Әлем кубогінің иегері, бапкерлік жұмыс, Қазақстан 
Республикасы  кәсіпқой  бокс  федерациясы,  Қазақстан  Республикасы 
Президенті 
жанындағы 
ұлттық 
спорт 
қорының 
президенті, 
Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері. 
 

 
60 
6-тапсырма.  Төмендегі  сөздердің  дұрыс  баламасын  тауып, 
бағыт арқылы байланыстырыңыздар. 
 
олимпиада алауы – 
день олимпийский 
олимпиада жеңімпазы – 
герой олимпиады 
олимпиада күні – 
победитель олимпиады 
олимпиада қаһарманы – 
член олимпийской сборной 
команды 
олимпиада  құрама  командасының 
мүшесі – 
 
факел олимпийский 
олимпиада нышаны – 
парад олимпийцев  
олимпиада салтанаты – 
олимпийский церемониал 
олимпиада төлнышаны – 
символ олимпийский  
олимпиада чемпионының сапары 
– 
визит олимпийского чемпиона 
олимпиадашылар шеруі – 
символика олимпийская 
 
 
7-тапсырма.  Төмендегі  олимпиадаға  қатысушылардың  алтын 
медальді 
қашан 
алғандығын 
анықтап, 
бағыт 
арқылы 
байланыстырыңыздар. 
 
Үшкемпіров  
Жақсылық Әмірәліұлы – 
алтын медаль – үш қарғып секіру (Лондон, 
2012) 
Артаев  
Бақтияр Ғарифоллаұлы – 
алтын медаль – ауыр атлет (Лондон, 2012) 
Рыпакова Ольга – 
алтын медаль – шаңғышы (Лиллехаммер, 
1994) 
Сәпиев  
Серік Жұманғалиұлы – 
алтын медаль – кедергілерден 100 метрлік 
спринтерлі орғу (Сидней, 2000) 
Чиншанло 
Зүлфия Салахарқызы – 
алтын медаль – бокс (Бейжің, 2008) 
Смирнов Владимир – 
алтын медаль – бокс (Афины, 2004) 
Шишигина  
Ольга Васильевна – 
алтын  медаль  –  грек-рим  күресі  (Мәскеу, 
1980) 
Сәрсекбаев  
Бақыт Әбдірахманұлы – 
алтын медаль – бокс (Лондон, 2012) 
 

 
61 
8-тапсырма. Сөзжұмбақты шешіңіздер. 
 
 
 
 
 
1 
 
 
Қ 
 
 
 
 
 
 
2 
 
 
 
 
А 
 
 
 
 
 
 
 
3 
 
 
 
З 
 
 
 
 
 
 
4 
 
 
 
 
А 
 
 
 
 
 
 
 
5 
 
 
 
Қ 
 
 
 
 
 
 
 
6 
 
 
 
С 
 
 
 
 
 
 
7 
 
 
 
 
Т 
 
 
 
 
 
 
 
8 
 
 
 
А 
 
 
 
 
 
 
 
9 
 
 
 
Н 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сұрақтары: 
1)  Футболшылар  доп  соғу  үшін  арнайы  жасалған  торлы 
тосқауыл 
2) Екі басы шоқпарлы, тұтқасы оңтайлы спорттық құрал, снаряд 
3) Ұшын темірден істіктеп жасаған ұзын сапты спорт құралы 
4)  Денені  шынықтыру  үшін  жасалатын  спорттық  жаттығулар 
жүйесі 
5) Су спортына арналған жіңішке жеңіл қайық 
6)  Аяқ  пен  қол  бір  мезгілде  симметриялы  түрде  қимылдайтын 
жүзу әдісі, малтудың бір түрі 
7) Теннис ойынында қолданылатын қалақ 
8) Қарсы соққыдан боксшының естен танып құлап түсуі, жеңілуі 
9) 1896 жылы І Жазғы олимпиада ойындары өткен жер. 
 
9-тапсырма.  Төмендегі  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  орысшаға 
аударыңыздар. 
 
Қазақстанның ұлттық құрамасы, Қысқы Азия ойындары, жарыс, 
оңтүстік  мегаполис,  әлемге  әйгілі,  мұз  айдыны,  арман,  ел  жетістігі, 
көрнекі,  шамамен,  құрлық,  бойтұмар,  қар  барысы,  ғарыштық  әлем 
тәртібін қорғау. 
 

 
62 
10-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын орысша баяндаңыздар. 
 
VII Қысқы Азия ойындары 
 
VII  Қысқы  Азия  ойындары  немесе  Азиада 
2011  жылы  30  қаңтар  мен  7  ақпан  арасында 
Қазақстанның  екі  қалаларында  (Алматы  мен 
Астана)  өтті.  Жалпы  алғанда,  ҮІІ  Қысқы  Азия 
ойындарына  Қазақстанда  17-ден  астам  ел 
қатысты, жарыстар спорттың 11 түрінен өткізілді 
және 59-дан астам медаль жиынтығы ойнатылды. 
Тек оңтүстік мегаполистің өзіне 60 мыңнан астам 
турист  келгенін  атап  өту  керек.  Елордада 
мәнерлеп  сырғанаудан  да,  хоккейден,  конькиде 
жылдам 
жүгіру 
және 
шорт-тректен 
жарыстар 
өтті. 
Қалған 
ойындардың  барлығы  Алматы  қаласында  өткізілді.  Ойындар  елдің 
атын  шығарып  қана  қоймай,  қысқы  спорт  түрлерінің  дамуын  жаңа 
дәрежеге  көтермек.  Әлемге  әйгілі  «Медеу»  мұз  айдынында  бір 
сырғанап өту бүкіл әлемнің коньки тебушілері үшін арманға айналған 
заман  да  болған.  Азияның  көптеген  елі  Азия  ойындарын  Олимпиада 
ойындарымен  қатар  қояды,  сондықтан  осы  көлемді  іс-шараны 
дайындау  және  өткізу  Қазақстанның  түрлі  саладағы  көшбасшылық 
орнын  тағы  бір  көрсетіп,  ел  жетістігінің  түрлі  қырын  көрнекі  түрде 
растау болады. 
Азия  ойындарына  шамамен  құрлықтың  45  елі  қатысады  деп 
жоспарланған.  VІІ  Қысқы  Азия  ойындарының  бойтұмары  ретінде 
мемлекетіміз  «қар  барысын»  таңдады.  Сақтардың  мифологиясында 
барыс  әділдіктің  қорғаны  ретінде  бейнеленеді,  ол  төреші  ретінде 
алдында  өтіп  жатқандарға  биіктен  көз  салады.  Сондай-ақ  барыс  жиі 
ғарыштық 
әлем 
тәртібін 
қорғау 
белгісі, 
әлем 
құрылуының 
тұрақтылығының  кепілі  болып  табылып,  өмір  ағашының  қорғанышы 
ретінде  көрінеді.  Осының  барлығы  өз  кезегінде  олимпиада 
қозғалысының негізгі идеяларымен қиюласады. 
 
Мәтін бойынша сөздік 
 
медаль жиынтығы – 
комплект медалей 
мәнерлеп сырғанау – 
фигурное катание 
жылдам жүгіру – 
скоростной бег 
қысқы спорт түрлері – 
зимние виды спорта 
көшбасшылық орын – 
позиция лидирующая 

 
63 
әділдіктің қорғаны – 
опора справедливости 
бейнелеу – 
изображать 
төреші – 
судья 
тұрақтылық кепілі – 
гарантия стабильности 
 
11-тапсырма.  Төмендегі  атлеттердің  спорттың  қай  түрімен 
айналысатынын тауып, бағыт арқылы байланыстырыңыздар. 
 
Александр Парыгин 
еркін күрес 
Нұрбақыт Теңізбаев 
грек-рим күресі 
Анатолий Храпатый 
велоспорт 
Сергей Беляев 
нысана көздеу 
Мәулен Мамыров 
коньки 
Ермахан Ыбрайымов 
бессайыс 
Людмила Прокашева 
бокс 
Владимир Смирнов 
шаңғы 
Ольга Шишигина 
ауыр атлетика 
Александр Винокуров 
жеңіл атлетика 
Асхат Жіткеев 
таэквондо 
Арман Шылманов 
дзюдо 
 
12-тапсырма.  Берілген  мәліметте  қандай  спортшы  туралы 
айтылғанын табыңыздар. 
 
1) ... – Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген боксшы, 
Вел Баркер кубогінің иегері. 
2)  ...  –  еркін  күрестен  Қазақстанның  төрт  дүркін  чемпионы, 
ХХХ Жазғы олимпиада ойындарының қола медаль иегері. 
3)  ...  –  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  спорт  шебері,  «Құрмет» 
орденінің  иегері,  ХХХ  Жазғы  олимпиада  ойындарының  күміс 
жүлдегері. 
4) ... – грек-рим күресінен Қазақстанның жеті дүркін чемпионы, 
ХХҮІ Жазғы олимпиада ойындарының алтын медаль иегері. 
5) ... – КСРО спорт шебері, ХХҮІ Жазғы олимпиада ойындарының 
қола  медаль,  ХХҮІІ  Жазғы  олимпиада  ойындарының  алтын  медаль 
иегері. 
6)  ...  –  Қостанай  облысы  Рудный  қаласында  дүниеге  келген 
боксшы, ХХХ Жазғы олимпиада ойындарының қола медаль иегері. 
7) ... – төрт дүркін Әлем чемпионы, төрт дүркін Олимпиаданың 
күміс  жүлдегері,  екі  дүркін  қола  медаль  иегері,  Қысқы  олимпиадада 
Қазақстанға егемендік алғалы жалғыз алтын медаль әкелген спортшы. 

 
64 
8)  ...  –  боксшы,  КСРО-ның  еңбек  сіңірген  спорт  шебері,  Әлем 
кубогінің күміс жүлдегері (1983, Рим, Италия). 
9) ... – грек-рим күресінің палуаны, Халықаралық спорт шебері, 
алтын  медальді  иеленген  қазақтан  шыққан  тұңғыш  Олимпиада 
чемпионы. 
10) ... – грек-рим күресінен еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО-
ның жеті дүркін чемпионы, ХХІҮ Жазғы олимпиада ойындарының күміс 
медаль, ХХҮ Жазғы олимпиада ойындарының қола медаль иегері. 
 
Қажетті сөздер: Әділбек Ниязымбетов, Жақсылық Үшкемпіров, 
Юрий  Мельниченко,  Серік  Нұрқазов,  Владимир  Смирнов,  Ермахан 
Ыбрайымов,  Ақжүрек  Таңатаров,  Иван  Дычко,  Бақтияр  Артаев, 
Дәулет Тұрлыханов. 
 
Студенттердің өз бетімен орындайтын тапсырмалары 
 
13-тапсырма. 
Қазақстанның 
Олимпиада 
ойындарының 
жеңімпаздары туралы презентация жасаңыздар. 
 
14-тапсырма. 
«Қазақстан 
спорты: 
кеше, 
бүгін, 
ертең» 
тақырыбында шағын эссе жазыңыздар. 
 
15-тапсырма.  Теледидардан  спорт  жайында  қазақ  тілінде 
берілген жаңалықтарды тыңдап, оны ауызша әңгімелеп беріңіздер. 
 
 
11-сабақ. Олимпиада ойындарының чемпиондары 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет