Ерғалиев Қуаныш Советұлы Ерғалиева Самал Жанатқызы КӘсіби қазақ тілі «Дене шынықтыру және спорт»



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата06.03.2017
өлшемі9,63 Mb.
#7610
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Мәтін бойынша сөздік 
 
парасат – 
рассудительность, здравомыслие; здравый смысл 
пайым – 
разумение, рассудок, соображение, понимание 
қолайсыздық – 
неудобство, неприемлемость, неуместность 
өскелең – 
1) плодовитый 2) быстрорастущий, подрастающий 
кері – 
1) обратно,  назад,  вспять;  в  обратную  сторону; 
2) обратный, противоположный 
басымдық – 
превосходство; преобладание 
әл-ауқат – 
благосостояние, материальное положение 
Жолдау – 
Послание 
құзыреттілік – 
компетентность 
кепіл – 
1) ручательство, порука 2) юр. гарант, поручитель 3) 
неол. заложник 
тазалық – 
чистота, чистоплотность, опрятность 
маңызды – 
1) 
толковый, 
осмысленный, 
содержательный; 
существенный 2) перен. важный, значительный 
тән – 
тело, телесный 
ар – 
совесть, честь 
іргетас – 
1) фундамент 2) перен. краеугольный камень чего-л. 
 
3-тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді теріп, кестені толтырыңыздар. 
 
Дара зат есімдер 
Күрделі зат есімдер 
 
 
 
4-тапсырма. Әр бағанды толтырып жазыңыздар. 
 
Синоним 
Антоним 
парыз – 
кері – 
өскелең – 
ұзақ – 
мықты – 
мықты – 
айрықша – 
ертең – 
маңызды – 
жас – 

 
94 
5-тапсырма. «Денсаулық», «мәдениет», «ұстаз», «азамат» деген 
сөздерді септеңіздер. 
 
6-тапсырма.  «Денсаулық»,  «жағдай»,  «халық»,  «мектеп»  деген 
сөздерді тәуелдеңіздер. 
 
7-тапсырма.  «Қалайды»,  «көрсетті»,  «қалыптастырады»  деген 
сөздерді жіктеңіздер. 
 
8-тапсырма. 
Мәтіннен 
сын 
есімдерді 
теріп, 
кестені 
толтырыңыздар. 
 
Сапалық сын есімдер 
Қатыстық сын есімдер 
 
 
 
Студенттердің өз бетімен орындайтын тапсырмалары 
 
9-тапсырма.  «Денсаулық»  сөзін  тірек  ретінде  алып,  спорт 
төңірегінде сөзжұмбақ құрастырыңыздар. 
 
10-тапсырма.  «Денсаулық»  сөзінен  лексикалық  мағынасы  бар 
сөздер құрастырыңыздар. 
 
Үлгі: Денсаулық: ық, ауыл, ... 
 
11-тапсырма.  Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  үшін 
жүзеге асырылатын шараларды жазыңыздар. 
 
 
16-сабақ. Жоғары дәрежелі спортшыларды 
дайындау жүйесін жетілдіру 
 
1-тапсырма.  Төмендегі  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  қазақ  тіліне 
аударыңыздар. 
 
Спортивная подготовка, многолетний, сложный, взаимосвязанный, 
оздоровительные  работы,  высококвалифицированный,  определяющее 
влияние,  контрольные  нормативы,  эффективное  средство,  объем, 
популяризация, население, соревновательная нагрузка. 
 

 
95 
2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын қазақша баяндаңыздар. 
 
Спортивная  подготовка  –  процесс  многолетний  и  сложный,  в 
нем  выделяют  взаимосвязанные  составные  части:  подготовку 
спортсменов  высших  разрядов,  подготовку  спортивных  резервов  и 
массовые формы физкультурно-спортивной и оздоровительной работы. 
Подготовка  высококвалифицированных  спортсменов  являет 
собой  высший  уровень  подготовки  по  всем  параметрам  конкретного 
вида  спорта,  оказывает  определяющее  влияние  на  подготовку 
резервов  и  массовый  спорт  в  плане  модельных  характеристик  и 
комплекса контрольных нормативов, эффективных средств и методов, 
объема  и  интенсивности  тренировочных  и  соревновательных 
нагрузок, популяризации спорта, вовлечения в занятия широких масс 
населения. 
 
3-тапсырма. Төмендегі спорт түрлерін орыс тіліне аударыңыздар. 
 
Спорттық  гимнастика,  көркем  гимнастика,  тау  шаңғы  спорты, 
шаңғы  қоссайысы,  шаңғы  жарысы,  коньки  спорты,  ат  спорты,  жеңіл 
атлетикалық  көпсайыстар,  лақтыру  және  сырықпен  секіру,  желкенді 
спорт,  суға  секіру,  батутта  секіру,  шаңғымен  трамплиннен  секіру, 
шана  спорты,  жүзу,  үйлесімді  жүзу,  тауға  өрмелеу,  садақтан  ату, 
нысана  көздеу,  мәнерлеп  сырғанау,  семсерлесу,  спорттық  жүріс, 
марафондық жүгіру. 
 
4-тапсырма.  Төмендегі  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  қатыстыра 
отыра диалог құрастырыңыздар. 
 
Жоғары  дәрежелі,  спортшылар,  дайындау  жүйесі,  дамыту, 
жетілдіру,  спорттық  дайындық,  көп  жылғы,  жоғары  білікті,  күрделі, 
мұғалім,  оқушы,  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру,  жаттығу, 
күнделікті, дене тәрбиесі, мектеп. 
 
5-тапсырма. Әр бағанды толтырып жазыңыздар. 
 
Синоним 
Антоним 
ентігу – 
жанама – 
жағдай – 
жасырын – 
жақтау – 
жарық – 
жанама – 
қатал – 
дағдылану – 
қалың – 

 
96 
жеткіншек – 
ауыр – 
иықты – 
күрделі – 
 
6-тапсырма.  «Мұрат»,  «шәкірт»,  «медаль»,  «жаттықтырушы» 
деген сөздерді тәуелдеңіздер. 
 
7-тапсырма.  «Жаттығу»,  «бокс»,  «хоккей»,  «волейбол»  деген 
сөздерді септеңіздер. 
 
8-тапсырма. «Күресіп», «жұдырықтасты»,  «ойнаса»,  «жеңейін» 
деген сөздерді жіктеңіздер. 
 
Студенттердің өз бетімен орындайтын тапсырмалары 
 
9-тапсырма.  «Жаттықтырушы»  сөзінен  лексикалық  мағынасы 
бар сөздер құрастырыңыздар. 
 
Үлгі: Жаттықтырушы: жат, ру, ... 
 
10-тапсырма. 
«Денсаулыққа» 
қатысты 
мақал-мәтел 
жазыңыздар, олардың мәнін түсіндіріңіздер.
 
 
11-тапсырма. Төмендегі тақырыптардың біріне шағын шығарма 
жазыңыздар. 
1. Тәні саудың – жаны сау 
2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру – денсаулық кепілі 
 

 
97 
МОДУЛЬ БОЙЫНША ПЫСЫҚТАУ  
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ 
 
1. «Подрастающий» сөзінің аудармасы 
а) өскелең 
ә) басымдық 
б) жасөспірім 
в) парасат 
г) қолайсыздық 
 
2. «Әл-ауқат» сөзінің аудармасы 
а) рассудительность 
ә) благосостояние 
б) компетентность 
в) чистоплотность 
г) неприемлемость 
 
3. «Өскелең» сөзінің синонимі 
а) қарулы 
ә) ерекше 
б) сезімтал 
в) парасатты 
г) өсімтал 
 
4. «Мықты» сөзінің синонимі 
а) қарулы 
ә) ерекше 
б) сезімтал 
в) парасатты 
г) өсімтал 
 
5. «Маңызды» сөзінің синонимі 
а) қарулы 
ә) ерекше 
б) мәнді 
в) қажетті 
г) өсімтал 
 
6. «Мықты» сөзінің антонимі 
а) қайратты 
ә) білекті 

 
98 
б) қауқарлы 
в) әлсіз 
г) қалжаурау 
 
7. «Фехтование» сөзінің аудармасы 
а) семсерлесу 
ә) қылыштасу 
б) жұдырықтасу 
в) қоштасу 
г) құшақтасу 
 
8. «Парусный спорт» сөзінің аудармасы 
а) желкенді спорт 
ә) коньки спорты 
б) спорттық жүріс 
в) ат спорты 
г) желкенсырғы спорты 
 
9. «Дағдылану» сөзінің синонимі 
а) әуестену 
ә) машықтану 
б) жетілдіру 
в) қайраттану 
г) ентігу 
 
10. «Жасырын» сөзінің антонимі 
а) ашық 
ә) ауыр 
б) тығулы 
в) қарабайыр 
г) құпия 
 

 
99 
5-МОДУЛЬ. СПОРТТАҒЫ ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР 
 
17-сабақ. Қажымұқан – қазақ халқының тұңғыш  
кәсіпқой балуаны 
 
1-тапсырма.  Төмендегі  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  орыс  тіліне 
аударыңыздар. 
 
Тарап  кеткен,  жасынан,  таңғалдыру,  алғаш  рет,  кеңес  беру, 
жолдама,  ие  болу,  жеңіп  алу,  жығу,  ағайын,  меңгеру,  дос  болу,  Ұлы 
Отан соғысы жылдары, орындау, спорт жолы, орнату. 
 
2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын орысша баяндаңыздар. 
 
Қазақта «Күш атасы – Қажымұқан» деген 
сөз кең тарап кеткен. Оның себебі де жоқ емес. 
1883 жылы Ақмола облысы Қараөткел ауылында 
Мұқан  (Қажымұқан)  атты  сәби  дүниеге  келеді. 
Ол  жасынан-ақ  ерен  күшімен  әр  мезет 
ауылдастарын  таңғалдырып  жүреді.  Мұқан 
18 жасында 
алғаш 
рет 
Омбы 
қаласында 
ашылған  циркте  орыс  палуаны  И.Злобинмен 
белдеседі.  И.Злобин  оған  Петербургтегі  күрес 
мектебінде оқуға кеңес береді. Бұл ақылды құп 
алған  Мұқан  осы  мектепте  екі  жыл  оқып,  үлкен  күрес  өнеріне 
жолдама  алады.  Сөйтіп,  Мұқан  Германияның  Кельн  қаласында  неміс 
палуаны  Генрих  Веберді  жеңеді,  Рига  қаласында  да  бас  бәйгеге  ие 
болады.  1910  жылы  Варшава  қаласында  өткен  халықаралық  жарыста 
кіші  алтын  медальді,  Америкада,  Аргентинаның  астанасы  Буэнос-
Айрес қаласында еркін күрестен үлкен медальді жеңіп алады. 
1911  жылы  Мұқан  Стамбулда  түріктің  атақты  палуаны  Нұрлыны 
жығады.  Сол  үшін  «қажы»  атағына  ие  болып,  Қажымұқан  атанады. 
Саратов  қаласында  ашылған  ағайынды  Никитиндер  циркінде  қазақ 
батыры  бірінші  рет  осы  «Қажымұқан»  деген  атпен  күреске  шықты. 
Бұдан  әрі  палуан  Тегеран  мен  Кабулда,  Мекке  мен  Мединеде  өткен 
жарыстарда  жеңістерге  жетті.  1913  және  1914  жылдары  Троицкі  мен 
Парижде  өткен  жарыстарда  әлем  чемпионы  болды.  Қажымұқан 
қазақтың  ұлттық  күрес  өнерін  ғана  емес,  жапон  халқының  ұлттық 
күресі  джиу-джицуді  де  меңгерді.  Дегенмен,  Еуропа  қалаларында 
өнер көрсеткен Қажымұқан барлық жарыстарға Ресейдің атынан түсіп 
жүргенін  айта  кету  керек.  Қажымұқанның  өлең  шығаратын  да  өнері 
болған. 

 
100 
Қажымұқанмын қазақта күшім асқан, 
Достарым алып палуан орыстардан. 
«Черный Иван» атанып он екі жыл 
Жиырма  төрт  патшаның  жерін  басқам,  –  деп  жырлаған  екен 
палуанның  өзі.  Айтса  –  айтқандай,  палуан  дүниежүзінің  бірнеше 
дүркін  чемпионы  болған  Иван  Поддубныймен,  Иван  Шемякинмен, 
Иван  Заикинмен  және  атақты  палуан  Вейланд  Шульцпен  өмір  бойы 
дос болып өтті. 
1927  жылы  ҚазАКСР  Орталық  Комитетінің  Президиумы 
Қ. Мұңайтпасовқа  «Қазақ  даласының  батыры»  деген  атақ  берді.  Ұлы 
Отан  соғысы  жылдарында  жасы  қартаң  тартып  қалған  палуан  күш 
өнерін көрсетіп  жүріп  жинаған 100 мың сом ақшасына ұшақ жасатты 
да,  оған  Амангелді  Имановтың  атын  беріп,  майданға  жіберді.  Осы 
ұшақпен  қазақ  ұшқышы  Қажытай  Шалабаев  120  рет  жауынгерлік 
тапсырма орындады. 
Спорт өнері жолында Қажымұқан 148 алтын, күміс, қола медаль 
алған. Алып күш иесі Қажымұқан 1948 жылы 12 тамызда қаза болды. 
Темірланда  Қажымұқанға  ескерткіш  орнатылған.  Астана,  Шымкент 
қалаларындағы  стадиондарға  палуанның  аты  берілген  және  бірнеше 
қалаларда Қажымұқан атындағы көшелер бар. 
(А. Мұсабекова) 
 
Мәтін бойынша сөздік 
 
сәби – 
младенец, малютка, дитя 
дүниеге келу – 
родиться, появиться на свет (букв. прийти в 
этот мир) 
белдесу – 
1)  бороться,  схватив  друг  друга  за  кушаки 
(пояса), обхватив поясницу друг у друга 
2) перен. биться, бороться с противником 
3) перен. тягаться; спорить с кем-л. 
бас бәйге – 
первый (главный) приз 
меңгеру – 
1) заведовать, управлять; руководить 
2) овладевать, усваивать, осваивать 
алып – 
1) перен. великан, исполин, гигант, колосс 
2) сильный, мощный, могучий 
дүниежүзінің  бірнеше 
дүркін чемпионы – 
многократный чемпион мира 
майдан – 
поле битвы, фронт полит. единый фронт 
ұшқыш – 
летчик, пилот 
ұшақ – 
самолет 

 
101 
жауынгерлік – 
1) героизм, отвага 
2) боевой, воинский 
ескерткіш – 
памятник 
 
3-тапсырма.  Мәтінді  негізге  ала  отырып  сұрақтарға  жауап 
беріңіздер. 
 
  Қажымұқан қай жылы және қай жерде дүниеге келді? 
  Мұқан 18 жасында кіммен белдесті? 
  Қажымұқанның  Петербургтегі  күрес  мектебіне  оқуға  түсуге 
не себеп болды? 
  Қажымұқанның  Петербургтегі  күрес  мектебінен  кейінгі 
жетістіктері жайлы не білесіздер. 
  Мұқанның Қажымұқан атану себебін түсіндіріңіздер. 
  Қай жылы Қажымұқан әлем чемпионы атағына ие болады? 
  Қажымұқан 1927 жылы қандай атаққа ие болады? 
  Балуанның патриот азамат екендігін неден көруге болады? 
  Қажымұқан спорт өнері жолында қандай жетістіктерге жеткен? 
 
4-тапсырма.  Мәтіннен  етістіктерді  теріп,  оларға  морфологиялық 
талдау жасаңыздар. 
 
5-тапсырма.  Жоғарыдағы  мәтіннен  біріккен  сөздерді  теріп 
жазып, қалай біріккенін көрсетіңіздер. 
 
Үлгі: Сөйтіп = солай + етіп, Қажымұқан = қажы + Мұқан 
 
6-тапсырма. 
Мәтіннен 
жалқы 
есімдерді 
теріп, 
кестені 
толтырыңыздар. 
 
Географиялық атаулар 
Антропонимдер 
 
 
 
7-тапсырма. 
Мәтіннен 
зат 
есімдерді 
теріп, 
кестені 
толтырыңыздар. 
 
Дара зат есімдер 
Күрделі зат есімдер 
 
 
 

 
102 
8-тапсырма. Әр бағанды толтырып жазыңыздар. 
 
Синоним 
Антоним 
сәби – 
үлкен – 
белдесу – 
ыстық – 
меңгеру – 
күн – 
дос – 
дос – 
рақым – 
дүниеге келу – 
 
Студенттердің өз бетімен орындайтын тапсырмалары 
 
9-тапсырма.  «Қажымұқан»  сөзін  тірек  ретінде  алып,  спорт 
төңірегінде сөзжұмбақ құрастырыңыздар. 
 
10-тапсырма.  «Қажымұқан»  сөзінен  лексикалық  мағынасы  бар 
сөздер құрастырыңыздар. 
 
Үлгі: Қажымұқан: ұн, қажы, ... 
 
11-тапсырма. Жоғарыдағы мәтінді қазақ тілінде мазмұндаңыздар. 
 
18-сабақ. Балуан Шолақ 
 
1-тапсырма.  Төмендегі  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  орыс  тіліне 
аударыңыздар. 
 
Жауырыны  жерге  тимеген,  түрлі  тәсілді  меңгерген,  жас  күні, 
үсітіп алған, азан шақырылып қойылған аты, қоныс аударған, қарулы 
кісі,  теңдессіз,  басымен  тұру,  түрегелу,  шалқалап  жатып  шабу,  дүйім 
жұртты таңғалдыру, құмар болу, сауық құру, сазды әуен. 
 
2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын орысша баяндаңыздар. 
 
Нұрмағанбет  Баймырзаұлы,  Балуан  Шолақ 
(1864-1916)  –  қазақтың  халық  композиторы,  ат 
ойынының  түрлі  тәсілін  меңгерген  өнерпазы,  күш 
өнерін  көрсеткен  спортшысы,  жауырыны  жерге 
тимеген балуаны. 
Оның  есімін  де  халық  осы  соңғы  өнеріне 
сүйсінгендіктен  еркелетіп,  жас  күнінде  саусағын 
үсітіп  алуына  байланысты  «Балуан  Шолақ»  деп 

 
103 
атаған,  әйтпесе  өзінің  азан  шақырылып  қойылған  шын  аты  – 
Нұрмағанбет.  Шыққан  тегі  –  Ұлы  жүздің  Дулат  тайпасының  Сәмбет 
руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның 
бар  өмірі  Көкшетау  өңірінде,  атығай,  қарауыл  руларының  арасында 
өткен. 
Әкесі Баймырза ағаш шебері болған. Әкесіне қарағанда, шешесі 
Қалампыр  қарулы  кісі  болған  дейді.  «Алып  –  анадан»  деген  ғой, 
Балуан  Шолақ  та  осы  анасына  тартып,  теңдессіз  алып  күштің  иесі 
болған. 
14  жасынан  бастап  күреске  түсіп,  ат  құлағында  ойнаған 
спортшы  болған,  шауып  келе  жатқан  ат  үстінде  әртүрлі  күрделі 
жаттығуларды  шебер  орындаған.  Мысалы:  жүйткіп  келе  жатқан  ат 
үстінде түрегеліп, не басымен тұруы, аттың бауырынан өтуі, бір аяғын 
үзеңгіге  қыстырып,  шалқалап  жатып  шабуы  бойындағы  жойқын 
күшті,  ептілікті  шебер  игере  алатындығын,  қазақтың  далалық  цирк 
өнерінің іргетасын қалағандығын айғақтайды. Көкшетау қаласындағы 
үлкен  жиындарда  51  пұт  (830  кг-дай)  кірдің  тасын  көтеріп,  дүйім 
жұртты таңғалдырған. 1899 ж. орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, 
оның қабырғасын сындырғанда Балуан Шолақ 35-те еді. 
Мұның  үстіне  Балуан  Шолақ  ән-күйге  жасынан  құмар  болады. 
Бертін  келе,  жігіт  шағында  Балуан  Шолақ  осы  екі  өнерді  қатар 
дамытады.  Әке-шешесі  қайтыс  болған  соң,  Ғаникей  деген  қызға 
үйленген  Балуан  Шолақ  ел  аралап,  салдық  құрады  және  жалғыз-
жарым  жүрмей, маңына әнші-күйші,  палуан, өнерлі  жастарды  жинайды. 
Топ  құрып,  «ансамбль»  болып  сауық  құру  Балуан  Шолақтың 
дәстүріне айналған. 
Өзі  ұстаз  тұтқан  Біржан  сал,  Ақан  сері  әндерінің  тамаша 
орындаушысы 
әрі 
насихатшысы 
болады. 
Олардың 
әнші-
композиторлық дәстүрін берік ұстанып, кейін өзі де ән шығарады. Бұл 
тұрғыдан  алғанда,  Балуан  Шолақ  қазақтың  әншілік  өнерін  өрістетуге 
үлкен  үлес  қосқан  композитор.  Көкшетау,  Қарқаралы,  Қараөткел, 
Сарысу  бойындағы  елдерді  түгел  аралаған.  Балуан  Шолақ  Баянауыл, 
Семейде  болады,  Арқаның  әндерін  Жетісуға  жеткізеді.  Осы 
сапарында  Кенен  Әзірбаев  Балуан  Шолақтың  көптеген  әндерін 
үйреніп, халыққа таратады. 
Балуан 
Шолақтың 
«Ащылы-айырық», 
«Балуан 
Шолақ», 
«Желдірме»,  «Дікілдек»,  «Көкшетау»,  «Қосалқа»,  «Қос  барабан», 
«Қос  перне»,  «Құлан  кісінес»,  «Кенже  қоңыр»  сияқты  әндері  бар. 
Оның  халық  арасына  кеңінен  тараған  әндері  –  «Ғалия»  мен 
«Сентябрь».  «Ғалия»  –  нәзік  сезім  дүниесін,  мөлдір  махаббатты 
шеберлікпен  сыршыл  әуенде  жырлаған  ғашықтық  лирика.  Балуан 

 
104 
Шолақтың әндерін шебер орындаушылар Ж. Елебеков, М. Көшкімбаев, 
М. Тырбаев, Ж. Кәрменов, Қ. Байбосынов, т.б. болды. 
Белгілі  музыка  зерттеушісі  А.В.  Затаевич  ел  арасынан  Балуан 
Шолақтың  бірнеше  әндерін  жазып  алып,  оны  «Қазақ  халқының  1000 
әні» және «Қазақтың 500 әні мен күйі» жинақтарына енгізеді. 
Сан  өнерімен  халқын  риза  етіп,  Сарыарқасын  сазды  әуенімен 
тербеткен, заманының айтулы сал-серісінің бірі болған Балуан Шолақ 
Баймырзаұлы  1916  жылы  өзінің  өскен  өңірі  Өзектісайда  қайтыс 
болады. 
(Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. –  
Алматы: «Аруна Ltd» ЖШС, 2010) 
 
Мәтін бойынша сөздік 
 
өнерпаз – 
1) умелец, искусник 
2) любитель искусства 
жауырын – 
1) лопатка, лопаточная кость, плечевая кость 
2) этн. гадальная кость 
ағаш шебері – 
плотник, столяр 
үзеңгі – 
стремя 
өрістету – 
развертывать, широко развивать что-л. 
шеберлік – 
мастерство 
сыршыл – 
романтический, лирический 
әуен – 
мотив, мелодия, напев 
қайтыс болды – 
скончался, ушел из жизни 
өңір – 
окрестность 
 
3-тапсырма.  Мәтінді  негізге  ала  отырып  сұрақтарға  жауап 
беріңіздер. 
 
  Нұрмағанбет Баймырзаұлын неге «Балуан Шолақ» деп атаған? 
  Балуан Шолақ қай жерде туып өсті? 
  Балуан Шолақтың атқа құмарлығын неден байқауға болады? 
  Балуан  Шолақ  Көкшетау  қаласындағы  жиында  қанша 
килограмм гіртасты көтерді? 
  1899 ж. Балуан Шолақ кіммен күреседі? 
  Балуан Шолақтың қандай әндерін білесіздер? 
  Балуан Шолақ кімдердің әндерін орындаған? 
  Балуан  Шолақтың  әндерін  шебер  орындаушыларға  кімдерді 
жатқызуға болады? 
  Балуан Шолақ қай жылы және қай жерде дүние салады? 

 
105 
4-тапсырма.  Мәтіннен  етістіктерді  теріп,  оларға  морфологиялық 
талдау жасаңыздар. 
 
5-тапсырма.  Мәтіннен  ән  атауларын  тауып,  жасалу  жолы 
бойынша кестеге орналастырыңыздар. 
 
Қос сөздер арқылы 
жасалу 
Тіркесті сөздер арқылы 
жасалу 
Дара сөздер 
арқылы жасалу 
 
 
 
 
6-тапсырма.  Жоғарыдағы  мәтіннен  біріккен  сөздерді  теріп 
жазып, қалай біріккенін көрсетіңіздер. 
 
Үлгі: Көкшетау = Көкше + тау 
 
7-тапсырма. 
Мәтіннен 
жалқы 
есімдерді 
теріп, 
кестені 
толтырыңыздар. 
 
Географиялық атаулар 
Антропонимдер 
 
 
 
8-тапсырма. 
Мәтіннен 
зат 
есімдерді 
теріп, 
кестені 
толтырыңыздар. 
 
Дара зат есімдер 
Күрделі зат есімдер 
 
 
 
Студенттердің өз бетімен орындайтын тапсырмалары 
 
9-тапсырма. 
«Алып  анадан  туады»  тақырыбында  эссе 
жазыңыздар. 
 
10-тапсырма. 
«Нұрмағанбет», 
«орындаушы» 
сөздерінен 
лексикалық мағынасы бар сөздер құрастырыңыздар. 
 
Үлгі: Нұрмағанбет: нұр, ет, ... 
Орындаушы: орын, дау, ... 
 
11-тапсырма. Жоғарыдағы мәтінді қазақ тілінде мазмұндаңыздар. 

 
106 
МОДУЛЬ БОЙЫНША ПЫСЫҚТАУ  
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ 
 
1. «Младенец» сөзінің аудармасы 
а) қарт 
ә) сәби 
б) ересек 
в) ақсақал 
г) бала 
 
2. «Шеберлік» сөзінің аудармасы 
а) мастерство 
ә) окрестность 
б) плотник 
в) умелец 
г) стремя 
 
3. «Белдесу» сөзінің синонимі 
а) жығылу 
ә) секіру 
б) күресу 
в) жүгіру 
г) лақтыру 
 
4. «Дос» сөзінің синонимі 
а) қас 
ә) әріптес 
б) жолдас 
в) құрбы 
г) ағайын 
 
5. «Күн» сөзінің атнонимі 
а) түн 
ә) кеш 
б) түс 
в) кешқұрым 
г) аспан 
 
6. «Дос» сөзінің атнонимі 
а) жолдас 
ә) тамыр 

 
107 
б) қас 
в) жауыз 
г) туыс 
 
7. Біріккен жалқы есім 
а) Астана 
ә) Омбы 
б) Буэнос-Айрес 
в) Нұрлы 
г) Қажымұқан 
 
8. Қосарлану арқылы жасалған жалқы есім 
а) Шымкент 
ә) Қараөткел 
б) Ақмола 
в) Буэнос-Айрес 
г) Аргентина 
 
9. Қос сөз арқылы жасалған ән атауы 
а) «Ғалия» 
ә) «Қос перне» 
б) «Кенже қоңыр» 
в) «Көкшетау» 
г) «Ащылы-айырық» 
 
10. Дара сөзбен келген әр атауы 
а) «Қос барабан» 
ә) «Құлан кісінес» 
б) «Көкшетау» 
в) «Желдірме» 
г) «Балуан Шолақ» 
 
11. Күрделі зат есім 
а) Рига 
ә) Амангелді 
б) Германия 
в) Варшава 
г) атақ 
 
12. Күрделі зат есім 
а) Баянауыл 

 
108 
ә) Семей 
б) композитор 
в) халық 
г) келе жатыр 
 
13. Балуан Шолақтың әкесінің аты 
а) Нұрмағанбет 
ә) Баймырза 
б) Сәмбет 
в) Ғаникей 
г) Дулат 
 
14. Қажымұқанның туған жері 
а) Қараөткел 
ә) Стамбул 
б) Троицкі 
в) Ресей 
г) Шымкент 
 
15. Қажымұқанға ескерткіш орнатылған жер 
а) Астана 
ә) Шымкент 
б) Саратов 
в) Темірлан 
г) Тегеран 

 
109 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет