1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын орысша баяндаңыздар.
Олимпиада ойындарында қазақ
жастары арасынан тұңғыш медаль
алған Ғұсман Қосанов болды. Ол
1960 жылы Римде өткен Олимпиада
ойындарында
4100
метрлік
эстафеташылар жарысында күміс
жүлдені иемденді.
Ал тұңғыш чемпион атанған
баскетболшы Әлжан Жармұхамедов
болды. Ол 1972 жылы Мюнхенде өткен Олимпиада ойындарында
КСРО баскетбол құрамасында өнер көрсетіп, чемпион атанды.
65
1980 жылы өткен XXII Жазғы олимпиада ойындарында грек-
рим күресінен КСРО чемпионы – Жақсылық Үшкемпіров, Шәміл
Серіков алтыннан алқа тағынды.
ҚазКСР арасынан қысқы ойындардан тұңғыш Олимпиада
медалін иемденген қостанайлық шаңғышы Иван Гаранин болды. Ол
1976 жылы Инсбрук қаласында өткен XII Қысқы олимпиада
ойындарында екі бірдей қола жүлдемен оралды.
Мұнан соң 1988 жылы Калгариде өткен ХV Олимпиада
ойындарында шаңғышылар Владимир Сахнов күміс, Владимир
Смирнов екі күміс және қола медаль алды.
2-тапсырма. Мәтінді негізге ала отырып сұрақтарға жауап
беріңіздер.
Олимпиада ойындарында қазақ жастары арасынан тұңғыш
медаль алған кім?
Ғұсман Қосанов қандай спорт түрінің жүлдегері?
Әлжан Жармұхамедов деген кім? Ол қандай спорт түрімен
айналысқан?
XXII Жазғы олимпиада ойындарындағы грек-рим күресінің
жүлдегерлерін атаңыздар.
Қысқы
олимпиада
ойындары
бойынша
орын
алған
қазақстандық спортшыларды атаңыздар.
3-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақ-жауап түрінде сұхбат
құрыңыздар.
Тәуелсіз Қазақстанның Олимпиада чемпиондары
Қазақстан тәуелсіздігін алғалы Ү
Жазғы және Ү Қысқы олимпиада
ойындарына қатысты. 1988 жылға дейін
қазақ спортшылары КСРО құрамасының
қатарында өнер көрсетті.
1992 жылғы Жазғы олимпиада
ойындарында да Қазақстан спортшылары
Біріккен команда құрамына енді. Бүгінге
дейін ел қоржынына спорттың жазғы
түрлері бойынша 58 олимпиада медалі мен спорттың қысқы түрлері
бойынша 6 медаль түскен.
66
Лондон Олимпиадасы қазақ елі үшін жемісті болды. Бұрын-
соңды отандық спортшылар мұндай жоғары жетістіктерге қол
жеткізбеген еді. Бүгін тарихқа көз жүгіртіп, ел намысын қолдан
бермеген, көк байрағымызды көкке көтерткен толағайларымызбен
қайта қауышсақ.
1996 жылы Атлантада (АҚШ) өткен Жазғы олимпиада
ойындарында Қазақстан тұңғыш рет өз қоржынына 3 алтын, 4 күміс
және 4 қола медаль салды.
Василий Жиров – Олимпиада чемпионы, боксшы, 81 келіге
дейінгі салмақта өнер көрсетті. Олимпиада нәтижесі бойынша Вэл
Баркер кубогіне қол жеткізген алғашқы қазақ боксшысы.
Юрий Мельниченко – грек-рим күресі бойынша Олимпиада
чемпионы, 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Қазақстанның
Еңбек сіңірген бапкері.
Александр Парыгин – Олимпиада чемпионы, бессайысшы.
Тәуелсіз Қазақстанның екінші Жазғы олимпиадасы Сиднейде
(Австралия) өтті. Онда да спортшыларымыз ел абыройын асқақтатып,
3 алтын, 4 күміс медальді қанжығаларына байлады.
Ермахан Ыбрайымов – Олимпиада чемпионы, Атланта
Олимпиадасының күміс жүлдегері, боксшы.
Бекзат Саттарханов – Олимпиада чемпионы, 57 келіге дейінгі
салмақта өнер көрсетті.
Ольга Шишигина – Олимпиада чемпионы, кедергілермен 100 м
жүгіру бойынша байрақты спорт додасының жеңімпазы атанды.
2004 жылғы Афин Олимпиадасына ұлттық құраманы Қазақстанның
Ұлттық Олимпиада комитеті бастап барды. Ұлттық құрамаға
спорттың 17 түрі бойынша сайысқа түскен 119 спортшы кірді.
Спортшыларымыз ел қоржынына 1 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль
салды. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан 40-орынға тұрақтады.
Бахтияр Артаев – Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогінің
иегері. 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.
Қазақстанның ұлттық Олимпиада құрамасы XXIX Жазғы
олимпиада ойындарына 132 спортшысын апарды. Олар 22 спорт түрі
бойынша бәсекеге түсті. Бейжің Олимпиадасында Қазақстан
спортшылары 29-жалпыкомандалық орынға тұрақтады. Ел қоржыны
2 алтын, 4 күміс, 7 қола медальмен толықты.
Бақыт Сәрсекбаев – Олимпиада чемпионы, боксшы, 69 келіге
дейінгі салмақта өнер көрсетті.
Илья Ильин – Қазақстанның екі дүркін олимпиада чемпионы,
ауыр атлетші. Бейжің Олимиадасында Илья жұлқа көтеруде 180
67
келіні, серпе көтеруде 226 келі салмақты еңсерді. 94 келіге дейінгі
салмақ санатында өнер көрсетті.
ХХХ Жазғы олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы 115
спортшымен Тұманды Альбионға аттанды. Байрақты бәсекеде ел
спортшылары 7 алтын, 1 күміс және 5 қола медальмен 12-
жалпыкомандалық орынға көтерілді.
Алғашқы алтын иегері – Александр Винокуров – велошабандоз.
Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері.
Зульфия Чиншанло – ауыр атлет, Олимпиада чемпионы, 53
келіге дейінгі топта өнер көрсетті.
Майя Манеза – ауыратлет, Олимпиада чемпионы, 63 келіге
дейінгі топта өнер көрсетті.
Светлана Подобедова, 291 келі салмақты еңсеріп, Олимпиада
чемпионы атанды. 75 келі салмақта өнер көрсетті.
Илья Ильин Лондон Олимпиадасында екінші мәрте Олимпиада
чемпионы атанды. Жұлқа көтеруде 185 келіні, серпе көтеруде 233
келіні, жалпы 418 келі салмақты еңсеріп, серпе көтеруде жаңа әлемдік
рекорд орнатты. Илья – Қазақстанның тұңғыш және жалғыз екі дүркін
Олимпиада чемпионы. Сондай-ақ Илья – Қазақстанның жалғыз үш
дүркін әлем чемпионы.
Ольга Рыпакова – Олимпиада чемпионы, үш қарғып секіру
сайысы бойынша өнер көрсетті.
Серік Сәпиев – боксшы, Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер
кубогіне ие болған қазақ жерінен шыққан үшінші спортшы.
Қазақстанның Ұлттық бокс құрамасының капитаны. 69 келіге дейінгі
салмақта өнер көрсетті.
Сондай-ақ Лондон Олимпиадасының басқа да жүлдегерлеріне
тоқталсақ.
Әділбек Ниязымбетов – Олимпиаданың күміс жүлдегері,
боксшы, 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.
Даниал Гаджиев – Олимпиаданың қола жүлдегері, грек-рим
күрес шебері. 84 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.
Марина Вольнова – Олимпиаданың қола жүлдегері, боксшы, 75
келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.
Гюзель Манюрова – Олимпиаданың қола жүлдегері, еркін күрес
шебері, 72 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.
Иван Дычко – Олимпиаданың қола жүлдегері, боксшы, 91+ келі
салмақта өнер көрсетті.
Ақжүрек Таңатаров – Олимпиаданың қола жүлдегері, еркін
күрескер, 66 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.
(Интернеттен)
68
Мәтін бойынша сөздік
біріккен –
объединенный
қоржын –
1) коржын, переметная сума; саква
2) копилька
бұрын-соңды –
1) раньше, до ..., тому назад
2) прежде, раньше
намысы –
1) честь, доброе имя, репутация; чувство
достоинства, самолюбие
2) стыд, срам, позор // стыдно
байрақ –
флаг, знамя
бессайыс –
пятиборье
жеңімпаз –
победитель
жалпыкомандалық –
общекомандный
үш қарғып секіру –
тройной прыжок
4-тапсырма. Төмендегі сұрақ жауаптарын хронология бойынша
орналастырыңыздар.
1. Қазақстаннан шыққан Олимпиада жүлдегерлері:
а) бокс: Бекзат Саттарханов, Серік Сәпиев, Бақыт Сәрсекбаев,
Бақтияр Артаев, Василий Жиров.
ә) күрес: Ақжүрек Таңатаров, Дәулет Тұрлыханов, Жақсылық
Үшкемпіров, Юрий Мельниченко.
б) ауыр атлетика: Илья Ильин, Анатолий Хропатый, Майя
Манеза.
2. Жазғы Олимпиада ойындары өткен жер: Мюнхен, Монреаль,
Афины, Мәскеу, Сеул, Лос-Анджелес, Бейжің, Барселона, Атланта,
Мехико, Сидней, Лондон.
3. Қысқы Олимпиада ойындары өткен жер: Калгари, Сараево,
Лиллехаммер, Альбервиль, Солт-Лейк-Сити, Турин, Нагано, Ванкувер,
Сочи.
4. ҮІІ Қысқы Азия ойындары бойынша медаль иегерлері: Корея
Республикасы, Қазақстан, Қытай, Жапония, Моңғолия.
69
5-тапсырма. Сөзжұмбақты шешіңіздер.
1
О
2
Л
3
И
4
М
5
П
6
И
7
А
8
Д
9
А
Сұрақтары:
1) 2012 жылы XXX Жазғы олимпиада ойындары өткен жер.
2) 2004 жылы Грекияда өткен XXVIII Жазғы олимпиада
ойындарында күміс медаль иеленген боксшы.
3) 1996 жылы АҚШ-тың Атланта қаласында өткен XXVI Жазғы
олимпиада ойындарында бокстен алтын медаль таққан спортшы.
4) 2008 жылы XXIX Жазғы олимпиада ойындарында таэквондодан
қола жүлдені иемденген спортшы.
5) 2012 жылы Лондонда өткен XXX Жазғы олимпиада
ойындарында бокстен алтын медальді иеленген атлет.
6) 1994 жылы XVII Қысқы олимпиада ойындарына қанжығасына
1 алтын, 2 күміс медаль салған шаңғышы.
7) 2000 жылы Сиднейде өткен XXVII Жазғы олимпиада
ойындарында алтын медаль иеленген боксшы.
8) 2000 жылы Сиднейде өткен XXVII Жазғы олимпиада
ойындарында күміс медаль иеленген боксшы.
9) 2000 жылы Сиднейде өткен XXVII Жазғы олимпиада
ойындарында еркін күрестен күміс медаль иеленген спортшы.
6-тапсырма. Төмендегі велосипед спорты бойынша өткізілетін
жарыс түрлерін тиісті бағандарға бөліп орналастырыңыздар.
тректік жарыс
маунтинбайк
тас жолда жарысу
Қуалау жарысы, командалық қуалау, спринт, командалық
спринт, ұпай бойынша жарыс, кейрин, мэдисон, топтық жарыс,
индивидуалды жарыс, кросс-кантри.
70
7-тапсырма. Төмендегі шаңғы спорты бойынша өткізілетін
жарыс түрлерін тиісті бағандарға бөліп орналастырыңыздар.
сноубординг
шаңғы жарысы
Жеке спринт, жекелей сөремен жарыс, бордеркросс, масс-старт,
эстафета, дуатлон, хаф-пайп, командалық спринт, параллельді слалом-
гигант.
8-тапсырма. Төмендегі Олимпиада жүлдегерлерін тиісті
бағандарға бөліп орналастырыңыздар.
бокс
ауыр атлетика
күрес
Бекзат Саттарханов, Илья Ильин, Юрий Мельниченко, Серік
Сәпиев, Ақжүрек Таңатаров, Майя Манеза, Бақыт Сәрсекбаев, Гюзель
Манюрова, Зульфия Чиншанло, Бақтияр Артаев, Ислам Байрамуков,
Светлана Подобедова, Василий Жиров, Алла Важенина, Георгий
Цурцумия, Болат Жұмаділов, Ермахан Ыбрайымов, Дәулет Тұрлыханов,
Сергей Филимонов, Әділбек Ниязымбетов, Жақсылық Үшкемпіров,
Анатолий Хропатый, Марина Вольнова, Таймураз Тигиев, Иван
Дычко, Мария Грабовецкая, Генадий Головкин, Даниал Гаджиев,
Ирина Некрасова, Мұхтархан Ділдәбеков.
Студенттердің өз бетімен орындайтын тапсырмалары
9-тапсырма. Төмендегі Олимпиада ойындарын басталған
уақытына қарай хронологияны сақтай отыра орналастырыңыздар.
Қысқы Олимпиада ойындары: Мәнерлеп сырғанау, тау шаңғы
спорты, бобслей, шана спорты, биатлон, фристайл, шайбалы хоккей,
сноубординг.
Жазғы Олимпиада ойындары: Академиялық есу, бадминтон,
баскетбол, еркін күрес, волейбол, бокс, су добы.
71
10-тапсырма. Қатысқан елдер санының ұлғаюына қарай Жазғы
олимпиада ойындары өткен жерлерді ретімен орналастырыңыздар.
Мәскеу (КСРО), Бейжің (Қытай,) Сеул (Корея Республикасы),
Барселона (Испания), Сидней (Аустралия), Атланта (АҚШ), Лос-
Анжелес (АҚШ), Афины (Грекия), Лондон (Ұлыбритания).
11-тапсырма. Спорт түрлері санының ұлғаюына қарай Жазғы
олимпиада ойындары өткен жерлерді ретімен орналастырыңыздар.
Лос-Анжелес (АҚШ), Мәскеу (КСРО), Бейжің (Қытай), Лондон
(Ұлыбритания), Атланта (АҚШ), Сеул (Корея Республикасы),
Барселона (Испания).
72
МОДУЛЬ БОЙЫНША ПЫСЫҚТАУ
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1. Ауыр атлетика термині
а) зілтемір
ә) атысалаң
б) мәре
в) жебе
г) садақ
2. Шаңғы спортының термині
а) арбалет
ә) кіртас
б) аралық мәре
в) орта салмақ
г) нысана
3. «Сырғы» сөзінің орысша баламасы
а) копье
ә) коньки
б) брусья
в) козел
г) мостик
4. «Қоссырық» сөзінің орысша баламасы
а) кольцо
ә) пятиборье
б) диск
в) мостик
г) брусья
5. «Ақтықсын» сөзінің орысша баламасы
а) финал
ә) упражнение
б) мишень
в) ковер
г) выпрыгивание
6. 1984 жылы Жазғы олимпиада ойындары өткен жер
а) Сидней қаласы (Австралия)
ә) Сеул қаласы (Корея Республикасы)
б) Барселона қаласы (Испания)
в) Атланта қаласы (АҚШ)
73
г) Лос-Анджелес (АҚШ)
7. 1998 жылы Қысқы олимпиада ойындары өткен жер
а) Солт-Лейк-Сити қаласы (АҚШ)
ә) Турин қаласы (Италия)
б) Нагано қаласы (Жапония)
в) Лиллехаммер қаласы (Норвегия)
г) Калгари қаласы (Канада)
8. «Гимнастика профессиональная» сөзінің қазақша аудармасы
а) кәсіпқойлық гимнастика
ә) таңертеңгілік гимнастика
б) жабдықты гимнастика
в) көркем гимнастика
г) атлетті гимнастика
9. Қарама-қарсы бағаналардың басына құрылған торға допты қолмен
лақтырып түсіретін командалық спорт ойыны
а) волейбол
ә) футбол
б) қолдоп
в) баскетбол
г) бейсбол
10. Бір команда екінші команданың керіп қойған тордан допты осыра
тастап ұрып ойнайтын спорт ойыны
а) волейбол
ә) футбол
б) қолдоп
в) баскетбол
г) бейсбол
11. Олимпиада ойындарының өткізілуі анықталатын орын
а) Халықаралық спорт қауымдастығының (ХСҚ) сессиясы
ә) Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) сессиясы
б) Халықаралық спорт федерациясының (ХСФ) сессиясы
в) Халықаралық спорт бірлестігінің (ХСБ) сессиясы
г) Халықаралық спорт конгресінің (ХСК) сессиясы
12. Ең көп Олимпиада ойындары өткізген ел
а) Франция
ә) Ұлыбритания
б) Германия
в) АҚШ
74
г) Жапония
13. Олимпиада ойындарын ең көп қабылдаған қала
а) Париж
ә) Лос-Анджелес
б) Афины
в) Сеул
г) Лондон
14. Жазғы олимпиада ойыны
а) бобслей
ә) керлинг
б) үшсайыс
в) биатлон
г) хоккей
15. Қысқы олимпиада ойыны
а) бадминтон
ә) могул
б) қол добы
в) есу
г) нысана көздеу
16. «Гимнастика» терминімен тіркеспейтін сөз
а) атлетті
ә) кіріспе
б) түзеу
в) жеңіл
г) жабдықты
17. Фристайлға жататын жарыс түрі
а) супер-алып
ә) алып слалом
б) слалом
в) қиыстыру
г) могул
18. Тау шаңғы спортына жататын жарыс түрі
а) бобслей
ә) могул
б) ски-кросс
в) хаф-пайп
г) слалом
75
19. Мұзда өткізілетін жарыс түрі
а) су добы
ә) мәнерлеп сырғанау
б) семсерлесу
в) нысана көздеу
г) желкенді спорт
20. Суда өткізілетін жарыс түрі
а) трек жарысы
ә) ауыр атлетика
б) желкенді спорт
в) семсерлесу
г) садақпен ату
21. «Жүзу» сөзінің синонимі
а) көздеу
ә) нысаналау
б) қапсыру
в) малту
г) құшақтау
22. «Күресу» сөзінің синонимі
а) қағыту
ә) белдесу
б) ілу
в) малту
г) пысықтау
23. «Жеңіске жету» сөзінің антонимі
а) жеңіліп қалу
ә) құлап қалу
б) аударып салу
в) жүгіріп келу
г) жантайып жату
24. Ауыр атлетикадан екі дүркін олимпиада чемпионы
а) З. Чиншанло
ә) С. Подобедова
б) А. Хропатый
в) И. Ильин
г) С. Сәпиев
76
25. Аяқ пен қол бір мезгілде симметриялы түрде қимылдайтын жүзу
әдісі, малтудың бір түрі
а) кроль
ә) брасс
б) баттерфляй
в) шалқалап жүзу
г) еркін жүзу
26. Еркін күреспен айналысатын спортшы
а) Н. Теңізбаев
ә) М. Мамыров
б) А. Жіткеев
в) А. Шылманов
г) А. Парыгин
27. Таэквондомен айналысатын спортшы
а) Н. Теңізбаев
ә) М. Мамыров
б) А. Жіткеев
в) А. Шылманов
г) А. Парыгин
28. Грек-рим күресімен айналысатын спортшы
а) Н. Теңізбаев
ә) М. Мамыров
б) А. Жіткеев
в) А. Шылманов
г) А. Парыгин
29. Екі басы шоқпарлы, тұтқасы оңтайлы спорттық құрал, снаряд
а) кіртас
ә) батпантас
б) зілтемір
в) шарболат
г) табақша
30. Су спортына арналған жіңішке жеңіл қайық
а) каноэ
ә) желкен
б) тақтай
в) қылқайық
г) найза
77
3-МОДУЛЬ. ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ
12-сабақ. Ұлттық ойын-сауық түрлері
1-тапсырма. Төмендегі мәтінді оқып, мазмұнын қазақша
баяндаңыздар.
Байга. Один из самых популярных и широко распространённых
казахских конных видах спорта, скачки на короткие и средние
дистанции на местности, кроссовый пробег с общим стартом.
Классификационные дистанции: 7, 12 и 16 км. Байга на 7 км вошла
как обязательная дистанция на конных-спортивных соревнованиях в
конезаводах.
Аударыспак. Борьба на лошадях с
целью сбросить соперника с седла.
Участвовали только зрелые мужчины,
обладающей большой физической силы,
ловкостью, выносливостью и умелым
владением
конем.
Обычно
такие
мастера выставлялись на состязание от
имени целого аула и рода.
Кумис алу. Вид спорта типа джигитовки. Всадник на полном
ходу лошади, быстро наклонившись вниз, поднимает то слева, то
справа один за другим монеты, завязанные в платочки. За каждую
неудачную попытку засчитывается штрафное время. Тот, кто сумеет в
одном заезде взять большое количество платков, считается
победителем.
2-тапсырма. Е.Сағындықовтың «Қазақтың ұлттық ойындары»
(1991) атты еңбегін негізге ала отырып «Соқыртеке», «Орамал
тастау», «Қырықаяқ» ойындарының мәнін түсіндіріңіздер.
3-тапсырма. Төмендегі ойын түрлерін тиісті бағандарға бөліп
орналастырыңыздар.
Қазақ халқының ұлттық ойындары
Әлемдік ойын түрлері
Қазақша күрес, ауыр атлетика, тауық күрес, хан талапай, дзюдо,
құмар, бәйге, грек-рим күресі, таэквандо, теңге алу, жеңіл атлетика,
бестас, атбақыл, футбол, тай жарыс, шаңғы, су добы, көтеріспек, бокс,
78
кетсін бір, хан, баскетбол, тас қала, нысана көздеу, қыз қуу, волейбол,
омпа, велоспорт, жорға жарыс, еркін күрес, алшы ойыны, бессайыс,
шахмат, хоккей, аударыспақ, ат омыраулату, жүзу, теннис, мәнерлеп
сырғанау.
4-тапсырма. Төмендегі сөздердің орыс тіліндегі аудармасын
тауып, бағыт арқылы байланыстырыңыздар.
жорға
шашки
Бестас
игра в прятки
Теңге ілу
дерби
атбегі
Поднять тенге
атжарыс
заездка
дойбы
берейтор
атпен жүріс
Пять камушек
атты басқару
управление лошадью
атшабар, бәйгеалаң
иноходец
жасырынбақ ойын
ипподром
Ұшты-ұшты
считалки
санамақ
Бросание платка
Орамал тастау
Бей мяча
Доп теп
Полет-полет
5-тапсырма. Төмендегі ұлттық ойын түрлерін тиісті бағандарға
бөліп орналастырыңыздар.
Ойын-сауық, тұрмыс-
салт ойындары
Дене шынықтыру,
спорт ойындары
Оймен келетін
ойындар
«Ақ серек, көк серек», «Беташар», «Дойбы ойыны», «Айгөлек»,
«Соқыртеке», «Орамал тастау», «Мысық пен тышқан», «Жаяу жарыс»,
«Қап киіп жарысу», «Санамақ», «Қарғымақ», «Доп тебу», «Ұшты-
ұшты», «Тоғызқұмалақ», «Арқан тарту», «Бастаңғы», «Жар-жар»,
«Ақсүйек», «Тепе-теңдік», «Тоқымқағар», «Білектесу», «Аударыспақ»,
«Сақина тастау», «Бәйге», «Қыз қуу», «Қай қолымда?», «Теңге алу»,
«Жасырынбақ», «Асық ойындары», «Ауызша есеп», «Сөз мәнісін
байқайық», «Алтыбақан».
|