Ерғалиев Қуаныш Советұлы Ерғалиева Самал Жанатқызы КӘсіби қазақ тілі «Дене шынықтыру және спорт»



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата06.03.2017
өлшемі9,63 Mb.
#7610
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ерғалиев Қуаныш Советұлы 
Ерғалиева Самал Жанатқызы 
 
 
КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ 
 
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығына арналған 
 
Оқу құралы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Павлодар 
2015 

 

УДК 811.512.122(075.8) 
ББК 81.2 Қаз я 73 
Е 65 
 
 
Баспаға Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының  
Ғылыми кеңесі ұсынған 
 
 
 
Пікір жазғандар:  
филология ғылымының кандидаты, доцент Қ.М. Текжанов 
филология ғылымының кандидаты, доцент А.Ф. Зейнулина 
филология ғылымының кандидаты, доцент Б.М. Қадырова 
 
 
 
Е 65  Ерғалиев  Қ.С.  Кәсіби  қазақ  тілі:  Оқу  құралы  («Дене  шынықтыру  және 
спорт»  мамандығына  арналған)  /  Қ.С. Ерғалиев,  С.Ж. Ерғалиева,  2015  – 
157 бет. 
 
 
ISBN 978-601-267-382-1 
 
Оқу  құралы  студенттерге  қазақ  тілін  кәсіби  бағытта  меңгертуге 
арналып  құрастырылған.  Ондағы  тапсырмалар  танымдық,  қатысымдық 
бағытта  құрылған.  Білімді  бекіту  мақсатында  әр  модульден  кейін  тест 
тапсырмалары да ұсынылған. 
Оқу құралы дене шынықтыру және спорт мамандарын дайындайтын 
жоғары оқу орындарының студенттеріне, оқытушыларға және қызығушылық 
танытқан жалпы оқырман қауымға арналады. 
 
 
УДК 811.512.122(075.8) 
ББК 81.2 Қаз я 73 
 
ISBN 978-601-267-382-1 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
© Қ.С. Ерғалиев, С.Ж. Ерғалиева, 2015. 

 

Алғы сөз 
 
Бүгінгі  күні  тіл  саясатының  басым  бағыттарының  бірі  – 
мемлекеттік  тіл  –  қазақ  тілін  дамыту  және  оның  қолдану  аясын 
кеңейту  болса,  оның  тармағы  –  егеменді  еліміздің  болашағына  адал 
қызмет  ететін,  мемлекеттік  тілді  жетік  әрі  терең  меңгерген  кәсіби 
мамандар даярлау болып табылады. Маман иелеріне мемлекеттік тілді 
кәсіби  деңгейде  жетік  меңгертуде  бірден-бір  қажет  нәрсе  –  оқу-
әдістемелік еңбек екені белгілі. 
Жоғары  оқу  орындарының  орыс  тілді  аудитория  студенттеріне 
қазақ  тілін  кәсіби  бағытта  үйрету,  болашақ  маманның  өз  ісін 
мемлекеттік  тілде  жүйелі  түрде  жүргізуге  дағдыландыру  қазіргі 
оқытушылардың  алдында  тұрған  басты  мақсат  болып  табылмақ. 
Мамандыққа  қатысты  мәтіндерді  оқып,  түсініп,  талдай  алу,  берілген 
тапсырмалар  бойынша  өз  көзқарасын  білдіру  қазақ  тілін  оқып 
үйретушілер үшін басты қағида болып есептеледі. 
Дене  шынықтыру  және  спорт  мамандығы  студенттеріне 
ұсынылып  отырған  осы  оқу  құралы  Қазақстан  Республикасының 
Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты  мен  Қазақстан 
Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігі  5В010800  –  «Дене 
шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша 2013 жылғы Қазақстан 
Республикасының  Типтік  оқу  жоспары  негізінде  жасалған  типтік  оқу 
бағдарламасына  (ҚР  БжМ  2014  ж.  22  қазанда  бекітілген  және  іске 
қосылған) сәйкестендіріліп құрастырылған. Ол 30 сабақтан тұратын 8 
модульге  топтастырылып  берілген.  Ондағы  сұрыпталып,  іріктеліп 
алынған  шағын  мәтіндер  мен  коммуникативтік  бағыттағы  тапсырмалар 
жүйесі  тілді  меңгертудің  төрт  аспектісі  арқылы  (оқылым,  жазылым, 
айтылым,  тыңдалым)  жүйелі  түрде  ұсынылған,  яғни  тапсырмалар 
желісі  тәрбиелік,  дамытушылық,  білімдік  мақсатта;  танымдық, 
лингвистикалық,  мәдени-қатысымдық бағытта  құрылған.  Атап  айтқанда, 
студенттерге  мәтінді  аударыңыз  не  мазмұнын  баяндаңыздар, 
сөзжұмбақты  шешіңіздер,  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  аударыңыздар, 
қазақша  сөздердің  орысша  (немесе  керісінше)  аудармасын  табыңыздар, 
берілген  сөздер  бойынша  сөйлем  не  диалог  құрастырыңыздар,  сурет 
бойынша  шағын  әңгіме  не  эссе  жазыңыздар,  көп  нүктенің  орнына 
қажетті  сөздерді  қойыңыздар,  теледидар  не  радиодан  спорт 
жаңалықтарын  тыңдап,  оны  баяндауға  дағдыланыңыздар,  т.с.с. 
тапсырмалар орындау жүктелген. Сондай-ақ еңбекте білім алушылардың 
сабақ  барысында  орындайтын  жаттығуларымен  қатар,  өздік  жұмыс 
түрлері де ұсынылған: презентация жасау, белгілі бір сөзден лексикалық 

 

мағынасы  бар  сөздер  құрастыру,  т.б.  Әр  модуль  соңында  өткен 
сабақтарды пысықтау мақсатында тест тапсырмалары да берілген. 
Оқу  құралы  тілді  үйретудің  халықаралық  стандарттарына  сай 
белгіленген  В2  деңгейі  бойынша  дене  шынықтыру  және  спорт 
мамандығы студенттеріне кәсіби тілді жете меңгеруге бағытталған. 
Еңбек  дене  шынықтыру  және  спорт  мамандарын  дайындайтын 
жоғары  оқу  орындарының  студенттеріне,  оқытушыларға  және 
қызығушылық танытқан жалпы оқырман қауымға арналады. 

 

1-МОДУЛЬ. ТІЛ. БІЛІМ. МАМАНДЫҚ 
 
1-2-сабақ. Толғауы тоқсан қызыл тіл 
 
Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, 
өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. 
Жүсіпбек Аймауытов 
 
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыздар. 
 
Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі 
 
Қазақ  тілі  –  небір  күрделі  ойды,  аса  нәзік  мағыналық  реңктерді 
дәлме-дәл  бере  алатындай  құрылымы  мен  жүйесі  дамыған,  стильдік 
тармақтары  сараланған,  сөз  байлығы  аса  мол,  ұлттық  тіл  деңгейіне 
көтерілген  қазақ  халқының  ұлттық  тілі,  Қазақстан  Республикасының 
мемлекеттік тілі. 
Қазақ тілі – Әлемдік тіл кеңістігінде қайталамасы жоқ, ғасырлар 
бойы  гуманизм  мен  прогреске,  қазақтардың  ұлттық  тұтастығы  мен 
бірлігін нығайтуға қызмет етіп келе жатқан тіл. 
Қазақ  тілінде  адамгершілік  пен  бауырмалдықты,  өнеге  мен 
ізгілікті  уағыздайтын  небір  көркем  сөз  үлгілері  жасалған.  Абайдың 
ойшылдыққа  толы  ұлы  мұрасы,  Әуезов  сомдаған  көркем  дүниелер 
ұлттық шеңберден шығып, әлемдік деңгейдегі өркениетке үлес болып 
қосылуы  қазақ  тілінің  эстетикалық,  дүниетанымдық  қуатының,  басқа 
да әлеуметтік мүмкіндігінің аса зор екенін танытады. 
Жалпыхалықтық қазақ тілінің әдеби тіл, қарапайым сөйлеу тілі, 
жергілікті сөйлеу тілі (диалект) тәрізді түрлері бар. Жалпыхалықтық 
тілдің  жергілікті  сөйлеу  тілі,  қарапайым  сөйлеу  тілі  тәрізді  түрлеріне 
қарағанда, әдеби тіл өзінің қырланып, екшеліп, сымбатталғанымен, тіл 
тұтынушылардың  бәріне  ортақ  нормаларының  қалыптасқанымен, 
функционалдық  стильдік  тармақтарының  саралана 
түскенімен 
ерекшеленеді.  Жалпыхалықтық  тілдің  ең  жоғары  формасы  болып 
табылатын қазақ әдеби тілі қазақ халқының қоғамдық өмірінің барлық 
саласында  дерлік  қызмет  етеді.  Оның  қоғамдық  өмірдің  бұқаралық 
ақпарат,  көркем  әдебиет,  ғылым-білім,  ресми,  құқық,  саясат 
салаларында және тұрмыста қолданылатын стильдік тармақтары бар. 
Өзінің  әлеуметтік  мүмкіндігін  аша  түсу  үшін  әдеби  тілдің  нәр 
алып  отыратын  қайнар  көзі  болуға  тиіс.  Қарапайым  сөйлеу  тілі, 
жергілікті сөйлеу тілі қазақ әдеби тілін байытудың бұлақ көзі болып 
табылады.  Сондай-ақ  байырғы  кездегі  ауызша  әдеби  тілдің  үлгілері 

 

(жыраулар  әдебиеті,  эпикалық,  тарихи  жырлар,  т.б.)  және  бастауын 
шағатай,  орта  азиялық  түркі  тілінен  алатын  қазақ  топырағында 
жасалған  қазақ  ескі  кітаби  тіл  үлгілері  де  қазіргі  қазақ  әдеби  тілін 
байытудың  көзіне  жатады.  Қазақ  тілі  «өз  буына  өзі  семіріп,  өз 
қазанында ғана қайнаған тіл емес». Оның өзге де ұлт тілдерімен алыс-
берісі  бар.  Сөз  қатарын  ауыс-түйіс  жолымен  молықтыру  әсіресе 
лексика-терминология жүйесінен айқын байқалады. 
Әсіресе  ауызша  дәстүрде  дамыған  эпос,  тарихи  жырлар,  ақын-
жыраулар  поэзиясы  тәрізді  көркем  эпикалық  шығармалар  мен  ұлы 
Абай  бастаған  алыптар  шоғырының  жазба  дүниелері  стандартты 
тілдік  нормаларды  қалыптастыруда  рөлі  айрықша  болды.  Сондықтан 
да  байырғы  эпикалық  шығармалар  мен  ХҮ-ХІХ  ғғ.  ақын-жыраулар 
поэзиясындағы ауызша тіл мен  жазба тіл дәстүрлеріндегі сөз үлгілері 
бүгінгі  әдеби  тілдің  нәр  алатын  ең  басты  бұлақтары  болып  отыр. 
Өйткені  әдеби  тілдің  ең  жақсы  үлгілері  жазбаша,  ауызша  тараған 
тарихи-мәдени  мұраларда  ұрпақтан-ұрпаққа  сабақтастығы  үзілмей 
үздіксіз жетіп отырған. 
Қазақ  әдеби  тілін  жасаушы  –  халықтың  өзі.  Әдеби  тілдің 
қалыптасуы  мен  дамуына  аса  көрнекті  сөз  зергерлері,  мәдениет, 
ағарту,  білім  мен  ғылым,  қоғам  қайраткерлері  ерекше  еңбек  сіңіріп, 
үлес  қосты.  Әдеби  тілдегі  көркем  сөз,  даналық  сөз,  танымдық, 
тәрбиелік  сөз  үлгілерін  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізіп  отырды.  Тілдік 
құралдарды  саралап,  талғап  қолданудың  үлгісін  көрсете  отырып, 
тілдің  ішкі  мүмкіндіктеріне  сүйене  келіп,  өзінің  тыңнан  жасаған 
бедерлі сөз өрнектерімен әрдайым әдеби тілдің сапалық дамуына әсер 
етті.  Сөйтіп,  әдеби  тілдің  дәлдік,  өткірлік,  байлық,  икемділік, 
серпінділік тәрізді ішкі қуатын шыңдай түсті. 
Тілдік  ұжымның  дүниетанымының  кеңеюі,  ақыл-ойының 
кемелденуі  тілдің  құрылым  жүйесінің  дамуына  әсер  етеді.  Ал  тілдің 
лексика-грамматикалық  құрылым-құрылысындағы  сапалық  даму 
қоғамдық ой-сананың  түрлерін қалыптастыру мен дамытудағы, қоғам 
мәдениетін  жетілдірудегі,  объективті  ақиқат  туралы  әлеуметтік  таным-
білімді  жинақтаудағы,  оны  шашаусыз  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізудегі, 
тәрбие  берудегі,  адамдар  арасындағы  қарым-қатынасты  реттеудегі 
тілдің  қызметін  күшейте  түседі.  Сөйтіп,  қоғам  тілді  дамытса,  өз 
кезегінде тіл қоғамдық сананың дамуына да ықпалын тигізеді. 
 
(Уәли Н., Қыдырбаев Ө. Қазақ тілі (Сөз мәдениеті). –  
Алматы: Мектеп, 2006) 

 

Мәтін бойынша сөздік 
 
ұлттық – 
национальный 
кеңістік – 
пространство 
тұтастық – 
единство, общность; цельность 
бірлік – 
1) единство; единение; 
2) перен. сплоченность, спаянность 
адамгершілік – 
1)  (-гі)  гуманизм,  человечность,  гуманность; 
оның ~гі мол – он очень гуманный человек; 
2)  нравственный;  ~  тәрбиесі  –  нравственное 
воспитание 
бауырмалдық – 
отзывчивость, доброта, сердечность 
өнеге – 
1) образец, пример, поучение; 2) воспитание 
ізгілік – 
1) священность, святость; 
2) благое дело, добро, доброе дело 
өркениет – 
цивилизация 
жалпыхалықтық –  всенародный 
әдеби тіл – 
литературный язык 
тұтынушы – 
потребитель 
сөз зергерлері – 
мастера слова 
ағарту – 
перен. просвещение 
дәлдік – 
точность, конкретность 
өткірлік – 
1) острота; 2) смелость, решительность 
байлық – 
богатство, состояние, достояние 
икемділік – 
1) склонность, приспособленность; 
2) умение, ловкость, проворность, поворотливость; 
3) гибкость, эластичность 
 
2-тапсырма.  Мәтінді  негізге  ала  отырып  төмендегі  сұрақтарға 
жауап беріңіздер. 
 
  Қай  тіл  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тілі  болып 
есептеледі? 
  Жалпыхалықтық қазақ тілінің қандай түрлері бар? 
  Әдеби  тілдің  жергілікті  және  қарапайым  сөйлеу  тілдерінен 
қандай айырмашылығы бар? 
  Әдеби тіл қолданылатын стильдік тармақтарды атаңыздар. 
  Қазіргі қазақ әдеби тілі қалай байиды? 
  Бүгінгі әдеби тілдің нәр алатын басты бұлақтарын атаңыздар. 
  Әдеби тілдің қалыптасып-дамуына кім үлес қосады? 

 

3-тапсырма.  Мәтінді  оқып  шығыңыздар.  Қай  тілді  «ана  тілі» 
деп атайды? Неліктен? 
 
1. Ана  тілі  –  халықтың  өткен  ұрпағын,  қазіргі  және  келешек 
ұрпағын  тарихи  біртұтастық,  мызғымас  бірлік,  ажырамас  туыстық 
жағдайда мәңгілік біріктіретін сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы ғана 
біз  халқымызды,  Отанымызды  танып  білеміз,  халық  рухының 
сарқылмас бастауы да сонда жатыр. 
Ел-жұртымызды,  туған  жерімізді  оның  өзен-көлдерін,  оның 
бораны  мен  найзағайын  ана  тіліміз  арқылы  ғана  қабылдап,  соларға 
деген  перзенттік  махаббатымызды  ана  тіліміз  арқылы  жеткіземіз. 
(К.Д.Ушинский) 
 
2. Ана  тілін  үйрену  –  ұлы  іс.  Әркім  өз  ана  тілімен  сөйлеуге, 
анасынан туа үйренген тілімен сөйлесуі керек. Ең жақсы тіл – ана тілі. 
(М.И. Калинин) 
 
3. Сүйемін туған тілді – ана тілін, 
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім! 
Шыр етіп жерге түскен минутымнан, 
Құлағыма сіңірген таныс үнін. (С. Торайғыров) 
 
4. Әкемнің құты, 
Анамның сүті – 
Сіңірген тұла бойыма. 
Бар асылын халықтың, 
Қазақтың ұлы тарихтың, 
Құйған сана ойыма – 
Туған тілім өркенде, 
Бола бер күшті, көркем де! (С. Мұқанов) 
 
5. Родной язык надо любить, как мать, как музыку, и надо уметь 
хорошо говорить, чтобы передать свою мысль другому человеку ясно 
и  просто.  Будешь  понимать  людей  и  их  мысль  –  легче  будет  жить,  и 
умнее станешь, да и тебя все сразу будут понимать. (М. Горький) 
 
4-тапсырма. Төмендегі сұхбатты толықтырыңыздар. 
 
А. ..., сіздің ана тіліңіз қай тіл? 
Ә. ... ... ... ... ... ... . 
А. Сіз ана тіліңізден басқа тағы қандай тілдерді білесіз? 

 

Ә. ... ... ... ... ... ... . 
А.  Сіз  қай  тілде  сөйлеп,  өз  ойыңызды  барынша  анық  әрі  дәл 
жеткізе аласыз? 
Ә. ... ... ... ... ... ... . 
А.  Қазақстан  Республикасындағы  қазақ,  орыс  және  ағылшын 
тілдерінің мәртебесі жайында не білесіз? 
Ә. ... ... ... ... ... ... . 
А. Үш тілді білу қаншалықты қажет? 
Ә. ... ... ... ... ... ... . 
А. Сіз қазақ тілін жеткілікті деңгейде білесіз бе? 
Ә. ... ... ... ... ... ... . 
А. Қазақ тілінде өзіңіз туралы айтып беріңізші. 
Ә. ... ... ... ... ... ... . 
 
5-тапсырма. 
Прочитайте 
текст 
о 
культурном 
проекте 
«Триединство  языков».  В  чем  суть  этого  проекта?  Каковы  основные 
цели  «Государственной  программы  функционирования  и  развития 
языков  на  2011-2020  годы»?  Какие  мероприятия  запланированы  по 
деятельности в сфере казахского, русского языков? 
 
Впервые  эта  триединства  языков  была  озвучена  в  октябре 
2006 года  на  ХІІ  сессии  Ассамблеи  народа  Казахстана.  Тогда  глава 
государства отметил, что знание, как минимум, трех языков важно для 
будущего  детей  Казахстана.  И  уже  в  Послании  2007  года  «Новый 
Казахстан  в  новом  мире»  Нурсултан  Абишевич  предложил  начать 
поэтапную  реализацию  культурного  проекта  «Триединство  языков». 
Проект  был  выделен  как  отдельное  направление  внутренней  политики. 
«Казахстан 
должен 
восприниматься 
во 
всем 
мире 
как 
высокообразованная  страна,  население  которой  пользуется  тремя 
языками.  Это:  казахский  язык –  государственный  язык,  русский  язык  – 
как  язык  межнационального  общения  и  английский  язык  –  язык 
успешной интеграции в глобальную экономику», – сказал Президент. 
Результатом такого послания президента стала Государственная 
программа  функционирования  и  развития  языков  на  2011-2020  годы, 
являющаяся  продолжением  и  дополнением  аналогичной  программы 
на 2001-2010 годы. 
Первостепенно  нужно  отметить,  что  обе  государственные 
программы,  несмотря  на  разницу  периодов  времени  в  10  лет  очень 
похожи  и  во  многом  повторяют  друг  друга.  Сами  цели  программ 
можно обобщить следующим образом: «создание системы стимулиро-
вания процесса обучения государственному языку; расширение сферы 

 
10 
применения  государственного  языка,  интеграция  во  все  сферы 
жизнедеятельности, сохранение функции русского языка». 
 
6-тапсырма.  Сөздердің  мағынасына  назар  аударыңыздар. 
Амандасудың  әр  түрі  кімге  қатысты  екенін  айтып,  оларды  қолдана 
отыра сөйлем құрастырыңыздар. 
 
1) Амансың (-сыз) ба? 
2) Сәлеметсің (-сіз) бе? 
3) Қайырлы күн (түн, түс, кеш)! 
4) Ассалаумағалайкүм! 
5) Уағалайкүмассалам! 
6) Есенсің (-сіз) бе? 
7) Мал-жан (-ыңыз) аман ба? 
8) Денсаулығың (-ыңыз) қалай? 
9) Хал (іңіз) қалай? 
10) Сәлем! 
 
7-тапсырма.  Тілдік  этикет  нормаларын  оқып  шығыңыздар.  Біз 
оларды  қандай  жағдайларда  қолданамыз?  Берілген  тілдік  этикет 
нормаларын  өтініш,  сәлемдесу,  кеңес  беру  және  т.б.  тақырыптарға 
топтастырыңыздар.  Олардың  қайсыларын  жастар,  қайсыларын  ересек 
адамдар  қолданады?  Берілген  тілдік  этикет  формулаларын  пайдалана 
отырып, диалог құрастырыңыздар. Қазақ тіліндегі басқа қандай тілдік 
этикет нормаларын білесіздер? 
 
  Айыпқа бұйырмаңыз. 
  Сізбен танысып қоялық. 
  Кешірім өтінемін... 
  Уайымдамаңыз! 
  Рұқсат етсеңіз... 
  Танысуға (таныстыруға) рұқсат етіңіз. 
  Барлығы ойдағыдай болады. 
  Танысып қойыңыздар. 
  Өзіңізге бекем болыңыз! 
  Мен сізді түсінемін... 
  Танысқаныма қуаныштымын. 
  Бәрі жақсы болады! 
  Өзімді таныстыруға рұқсат етіңіздер. 
 

 
11 
8-тапсырма. Төмендегі сөздерді қазақ тіліне аударыңыздар. 
 
1. Свежий (-ое; -ая): хлеб, мясо, газета, воздух. 
2. Искренний (-ое; -яя): душа, оценка, человек. 
3. Исполнительный (-ое; -ая): орган, мальчик, работа. 
4. Плотный (-ое; -ая): газ, бумага, человек, обед. 
5. Разбитый (-ое; -ая): довод, книга, сад, надежда, голова. 
 
9-тапсырма. Әңгімені ары қарай жалғастырыңыздар. 
 
– Сәлеметсіз бе? 
– Қайырлы күн. 
– Мен мектеп директорына жолығуға келіп едім. 
– Мектеп директоры бос емес. Күте тұрыңыз. 
– Рахмет. 
– Сізді кім деп таныстырайын. 
– Виталий Николаевич – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. 
– Кешіріңіз, кездесу туралы бұрын келісімдеріңіз болып па еді? 
– Өткен аптада телефон арқылы сөйлескенбіз. 
– ... ... ... ... ... . 
– ... ... ... ... ... . 
 
10-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, оның тақырыбы мен негізгі 
ойын  айтыңыздар.  Алғыс  білдіру  деген  не?  Қазақ  мәдениетінде 
ризашылық  білдірудің  мән-мағынасы  қандай?  Қазақ  тіліндегі  алғыс 
білдірудің қандай формулаларын білесіздер? 
 
Алғыс  –  қуаныш  үстінде,  жиын,  мереке,  той-томалақта 
адамдардың бір-біріне білдіретін игі тілектің этикалық мәнді атауы. 
Алғыс  тек  «ізгі  ниетті»  ғана  білдірмейді.  Қазақта  алғыс  сөзі, 
әдетте,  үлкен  бір  істің  атқарылып  біткен  кезінде,  яки  болмаса  жас 
адамның  үлкен  қарияға  жасаған  игілікті  іс-әрекетіне  қатысты 
айтылады.  Яғни  қазақ  алғысы  –  ризашылық  белгісі,  игі  іс  атқарған 
адамға деген ерекше қатынасты көрсетеді. Сол себепті қазақ жастары 
үлкеннің  алғысын  алуға  тырысқан.  Мәселен,  олар  тойда,  аста 
жиналған үлкендердің алдынан шығып, аттарынан қолтықтап түсіріп, 
үйге  енгізеді.  Сол  кезде  риза  болған  ақсақал  «Қарағым,  ғұмырлы 
бол!»  деп  өзінің  алғысын  айтады.  Немесе  үйде  жағалай  отырған 
адамдардың  қолына  су  құйып,  орамал  беріп,  қызмет  етеді,  ал 
келіндерге  үлкендер  «Көп  жаса,  шырағым!»  деп  ризашылық  сезімін 
білдіреді.  Сол  сияқты  жас  келін  үйге  келген  кісіге,  яки  жасы  үлкен 
адамға  ізет  көрсетіп,  сәлем  етеді.  Оған  «Қалқам,  өркенің  өссін»  деп, 

 
12 
үлкен  кісі  өзінің  ризашылық  батасын  айтады.  Я  болмаса  жас  адам 
үлкен  кісінің  әлдеқалай  берген  тапсырмасын  дер  кезінде  ойдағыдай 
орындаса,  қария  оған  «Жасың  ұзақ  болсын!»  деген  сияқты  алғыс 
айтып, екі жақтың да көңілі хош болады. Алғыс тұрмыспен, ғұрыппен 
тікелей  байланысын  жоғалтпаса  да,  ежелгі  синкретті  сипатын 
өзгертіп, негізінен, этикалық тұрғыда қолданысқа көшкен. 
Қазақ  алғысы  нақты  адамға  қарата  айтылады,  сөйтіп,  ол  екі 
адамның  бір-біріне  деген  ізгі  ықыласын  білдіреді.  Оның  басты 
мақсаты  –  жақсылық  істеген  адамға  ризашылық  білдіру,  алғыс  алған 
адамның көңілі хош болып, ырыс-берекесі арта түседі деп ырымдаған. 
Қазақта алғысты риза болған адам айтады, оны сұрап алмайды, басқа 
түркі халықтарындағыдай арнайы алғысшылар болмайды. 
(«Қазақтың этнографиялық категориялар, 
ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі») 
 
11-тапсырма.  Төмендегі  сөздерді  аударып,  оларды  есте 
сақтаңыздар. 
 
Кеден,  егемен,  әмбебап,  кешен,  нарық,  жарғы,  ғарыш,  отбасы, 
әуежай, төлқұжат, мұражай, елтаңба, әнұран, мұғалім, оқушы, дәптер, 
қалам, тақта, кітап, сабақ, қоңырау, күнделік, тапсырма, жаттығу. 
 
12-тапсырма.  Төмендегі  сөздерді  пайдалана  отырып  сөйлем 
құраңыздар. 
 
Сабақ,  жаттығу,  дене  шынықтыру,  мұғалім,  шәкірт,  доп, 
жаттықтырушы, білімді, спорт шебері, дайындық, олимпиада, жарыс. 
 
13-тапсырма.  Төмендегі  қажетті  бөлікті  көп  нүктенің  орнына 
қойып, мақал-мәтелдерді аяқтаңыздар. 
 
1) Білекті бірді жығар, ... . 
2) Ұсталардан зат қалар, ... . 
3) Жаман етікші біз таңдайды, ... . 
4) Білімдіден шыққан сөз, ... . 
5) Адамның сәні – өнер-білім, ақылы, 
Жердің сәні – ... . 
6) Кітап – білім бұлағы, ... . 
7) Білімді өлсе, қағазда хаты қалар, 
Ұста өлсе, ... . 
8) Жеті жұрттың тілін біл, ... . 

 
13 
Қажетті  бөлігі:  білім  –  өмір  шырағы;  жеті  түрлі  білім  біл; 
жасаған  заты  қалар;  ғалымдардан  хат  қалар;  білімді  мыңды  жығар; 
жеміс, өнім, дақылы; талаптыға болсын кез; жаман жігіт қыз таңдайды. 
 
Студенттердің өз бетімен орындайтын тапсырмалары 
 
14-тапсырма. Төмендегі диалогті оқып, тілді дамытуға не істеу 
керектігі  жайында  ойларыңызды  білдіріңіздер.  Мәтіннен  мағынасы 
түсініксіз  сөздердің  астын  сызып,  түсіндірме  сөздіктен  анықтамасымен 
танысыңыздар. 
«Тіл 
– 
халықтың 
байлығы» 
дегенді 
қалай 
түсінгендеріңізді айтыңыздар. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет