Ерғалиев Қуаныш Советұлы Ерғалиева Самал Жанатқызы КӘсіби қазақ тілі «Дене шынықтыру және спорт»



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата06.03.2017
өлшемі9,63 Mb.
#7610
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

6-МОДУЛЬ. КҮРЕС ТҮРЛЕРІ 
 
19-сабақ. Қазақстанда еркін күрестің дамуы 
 
1-тапсырма.  Төмендегі  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  орыс  тіліне 
аударыңыздар. 
 
Арнайы  кілем,  жарыс  тәртібі,  әдіс  қолдану,  еркін  жасалу, 
қолдану, ұпай саны, таза жеңіс, салмақ дәрежелері, басталар алдында, 
көрсетілу, жіберілген. 
 
2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын орыс тілінде баяндаңыздар. 
 
Еркін  күрес  диаметрі  9  м 
арнайы  кілемде  өтеді.  ХІХ  ғасырдың 
аяғында  Англияда  пайда  болған. 
Қазақстанда  еркін  күрес  жарыстары 
1955 жылдан өтіп келеді. 1956 ж. өткен 
КСРО  халықтары  спартакиадасында 
Қ.Байдосов,  Ж.Ысқақов  жүлдеге  ие 
болды. Еркін күрес кілем үстінде әдіс 
қолдану  еркін  жасалынатындықтан  осылайша  аталған.  Бұл  дүниежүзі 
халықтарының 
күрес 
түрлерінің 
әдістерін 
түгел 
қолдануға 
байланысты  айтылады.  Еркін  күресте  белдескен  балуандар  ұпай 
санымен  немесе  қарсыласының  жауырынын  кілемге  тигізіп,  таза 
жеңіске  жетеді.  Оның  тарихы  көне  замандарға  кетеді.  Ертедегі 
Мысырда,  Вавилонда,  Қытайда  және  Жапонияда  еркін  күрес  болған. 
Алғаш  рет  еркін  күрес  1904  ж.  Олимпиялық  ойындардың 
бағдарламасына  енді.  Мұнда  кілемге  небәрі  38  балуан  шығып, 
жалпыкомандалық  1-орынға  АҚШ-тың  құрамасы  ие  болды.  Еркін 
күрестен  Еуропа  чемпионаты  1928  ж.,  ал  Әлем  чемпионаты  1951  ж. 
бастап  өтіп  келеді.  Еркін  күрес  салмақ  дәрежелері  жарыс  басталар 
алдында  оған  қатынасушыларға  жіберілген  жарыстың  тәртібінде 
көрсетіледі. 
 
Мәтін бойынша сөздік 
 
еркін күрес – 
вольная борьба 
бағдарлама – 
программа 
қарсылас – 
противник, соперник 
небәрі – 
всего лишь 
жалпыкомандалық – 
общекомандный 
қатысушы – 
участник 

 
110 
3-тапсырма.  Мәтінді  негізге  ала  отырып  сұрақтарға  жауап 
беріңіздер. 
 
  Еркін күрес қай жерде пайда болды? 
  Еркін  күрес  сайыстары  өтетін  кілемнің  диаметрі  қанша  болу 
керек? 
  Еркін күрес олимпиадалық ойындар қатарына қай кезде енді? 
  Қазақстанда  еркін  күрес  жарыстары  қай  жылдан  бастап 
өткізіле басталды? 
  Белдесудің бұл түрі неліктен «еркін күрес» деп аталады? 
  Алғашқы  олимпиадалық  ойындарға  қанша  балуан  қатысты 
және жалпыкомандалық орынға қай құрама ие болды? 
  Еркін күрестен Еуропа және Әлем чемпионаттары қай кезден 
бастап өткізілуде? 
 
4-тапсырма.  Мәтіннен  қысқарған  сөздерді  теріп,  олардың 
толық атауын жазыңыздар. 
 
Үлгі: кг – килограмм 
 
5-тапсырма. 
Мәтіннен 
зат 
есімдерді 
тауып, 
кестені 
толтырыңыздар. 
 
Дара зат есімдер 
Күрделі зат есімдер 
 
 
 
6-тапсырма.  Төмендегі  есімдерден  еркін  күрес  бойынша 
олимпиада ойындарының жүлдегерлерін тауып жазыңыздар. 
 
Гюзель  Манюрова,  Әділбек  Ниязымбетов,  Владимир  Смирнов, 
Мәулен  Мамыров,  Абдулхаким  Шәпиев,  Бақтияр  Артаев,  Александр 
Винокуров,  Ислам  Байрамуков,  Александр  Парыгин,  Ақжүрек 
Таңатаров,  Анатолий  Храпатый,  Марид  Муталимов,  Эльмади 
Джабраилов,  Сергей  Беляев,  Людмила  Прокашева,  Ольга  Шишигина, 
Геннадий Лалиев, Таймураз Тигиев, Елена Шалыгина. 
 
7-тапсырма. 
Еркін 
күресте 
қолданылатын 
ережелердің 
(әдістердің) төрт-бесеуін жазыңыздар. 
 

 
111 
8-тапсырма.  Төмендегі  сөздердің  дұрыс  аудармасын  тауып, 
көшіріп жазыңыздар. 
 
ауырту тәсілі – 
опрокинуть, перевернуть 
созу – 
тащить 
аудару, аунату – 
растягивание 
сүйреу – 
подсечка 
аяқтан ұстау – 
захват ног 
аяқтан шалу – 
сбить с ног 
аяқтан ұстап тастау – 
бросок захватом за ноги 
аяқтан қағып жығу – 
болевой прием 
аяқпен қағу; ору – 
сделать подножку 
 
 
Студенттердің өз бетімен орындайтын тапсырмалары 
 
 
9-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар. 
 
Қазақстандағы еркін күрес 
 
Қазақстандағы  еркін  күрестен  республикалық  чемпионат  1951  ж. 
бастап  өткізіліп  келеді.  Бұдан  ең  алғаш  шыққан  спорт  шеберлері 
Ж. Сқақов,  Қ.  Байдосов,  Қ.  Қожанов  және  т.б.  Алғашқы  жылдары 
оның  секцияларына  барушылар  аз  болғандықтан  грек-рим  күресіне 
қатысушылар  да  еркін  күрестен  бақтарын  сынап  көрді.  Кейін 
Ә. Айханов, А. Гапсатаров, А. Бұғыбаев, М. Қапанов, Ю. Курапаткин, 
И. Байрамуков  сияқты  балуандар  халықаралық  жарыстарда  көзге 
түсті.  Республиканың  құрама  командасы  2003  ж.  Алматыда  өткен 
Азия кубогі үшін жарыста жалпыкомандалық 1-орынды жеңіп алды. 
 
10-тапсырма.  Қазақстанның  олимпиада  және  әлем  чемпиондары 
жайлы презентация жасаңыздар. 
 
11-тапсырма.  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  әнұранын 
жаттап алыңыздар. 
 

 
112 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны 
 
Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаевтардікі 
Әні: Шәмші Қалдаяқовтікі 
 
Алтын күн аспаны, 
Алтын дән даласы, 
Ерліктің дастаны, 
Еліме қарашы! 
Ежелден ер деген, 
Даңқымыз шықты ғой. 
Намысын бермеген, 
Қазағым мықты ғой! 
 
Қайырмасы: 
Менің елім, менің елім, 
Гүлің болып егілемін, 
Жырың болып төгілемін, елім! 
Туған жерім менің – Қазақстаным! 
 
Ұрпаққа жол ашқан, 
Кең байтақ жерім бар. 
Бірлігі жарасқан, 
Тәуелсіз елім бар. 
Қарсы алған уақытты, 
Мәңгілік досыңдай. 
Біздің ел бақытты, 
Біздің ел осындай! 
 
Қайырмасы: 
Менің елім, менің елім, 
Гүлің болып егілемін, 
Жырың болып төгілемін, елім! 
Туған жерім менің – Қазақстаным!
 
 

 
113 
20-сабақ. Қазақтың ұлттық спорт түрі – қазақша күрес 
 
1-тапсырма.  Төмендегі  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  орыс  тіліне 
аударыңыздар. 
 
Даму тарихы, бас қосу, жеңіске жету, күші басым түсу, құрметті 
адам,  сол  сәттен  бастап,  спартакиада  аясында,  ауыл  шаруашылығы 
аймақтары арасында, тұрақты өткізілу,  жаңа серпін, зақым, дөрекілік, 
жауырыны жерге тию, талассыз жығу. 
 
2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын орысша баяндаңыздар. 
 
Күрестің  ұлттық  түрі  «қазақ 
күресінің»  даму  тарихы  қазақ  халқының 
тамыры тереңнен тартылатын тарихымен 
тұтасып  жатыр.  Түрлі  бас  қосулар  мен 
мереке-тойлар  спорттың  осы  түрінің 
сайысынсыз  өткен  емес.  Күші  басым 
түсіп, 
жеңіске 
жеткен 
балуандар 
халықтың  төбесіне  тұтар  құрметті  адамына  айналған.  Қазақтың  ұлы 
батыры  Қажымұқан  есімі  қазақ  халқының  тарихына  ғана  еніп  қойған 
жоқ,  сонымен  бірге  спортшылардың  әлемдік  элитасының  қатарына 
кірді. 
«Қазақша  күрес»  бойынша  бірінші  ірі  жарыс  1938  жылы  ауыл 
шаруашылығы  аймақтары  арасындағы  спартакиада  аясында  өткен. 
Сол  сәттен  бастап  жарыс  дәстүрлі  түрде  республика  қалаларында 
тұрақты  өткізіліп  келеді.  Ірі  Халықаралық  турнирлер  1952  және 
1975 жылдары  Азия  аймағы  спортшыларының  қатысуымен  өткізілді. 
Ұлттық  күрестің  дамуы  Қазақстан  егемендік  алғаннан  кейін  жаңа 
серпін  алды.  1991  жылдан  бастап  республикалық  чемпионаттар  мен 
біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды. 
2004  жылы  Қазақтардың  Берлиндегі  Бүкіләлемдік  Құрылтайында 
конференция  болып,  сонда  «Қазақша  күрес»  күресі  бойынша 
халықаралық федерация ұйымдастырылды. Федерацияның президенті – 
Түкиев Серік Адамұлы. 
2005  жылы  Ресейде  (Алтай  өлкесі)  «Қазақша  күрес»  күресі 
бойынша  І  Азия  чемпионаты  өтті.  2005  жылы  қарашада  Астанада  ҚР 
Президентінің  жүлдесіне  «Қазақша  күрес»  күресі  бойынша  ірі 
халықаралық  турнир  болды.  Оған  әлемнің  25  елінен  100-ден  аса 
спортшы қатысты. Олардың қатарында Германия, Түркия, Голландия, 
Франция  және  басқалары  бар.  «Қазақша  күрес»  күресі  бойынша  ІІ 

 
114 
Азия  чемпионаты  Монғолияда  өтті.  2011  жылы  тамызда  қазақша 
күрестен Қазақстан біріншілігі болып өтті. 
Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, 
төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс 
таба  білуге  машықтандырады.  Қазақша  күрес  –  күш  жетілдіретін 
спорт.  Сонымен  қатар  ол  –  қорғанудың  ұлттық  өнері  («Самбо»). 
Қазақша  күресте  адам  өзін  еркін  ұстап,  өз  бойындағы  күшін,  әдісін 
түгел  пайдалана  алады,  мұнда  шалу,  жата  тастау,  арқалай  тастау,  қол 
байлап  күресу,  салмақпен  басу,  тіресу,  ашадан  алу,  аяқтың  басымен 
іліп  тастау,  жамбасқа  алып  иіре  лақтыру,  белінен  қысып,  тірсектен 
шалу  сияқты  әдістердің  бәрін  де  қолдануға  болады.  Палуандар  кілем 
үстінде,  арнаулы  жазық  жерде,  тегістегі  қар  үстінде  белдесіп  күресе 
береді.  Ойынның  ережесі  бойынша  қимыл  үстінде  адамға  зақым 
келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың 
талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады. 
Күресетін палуандар жаңадан енгізілген ереже бойынша жасына 
қарай 3 топқа, салмағына қарай 8 категорияға бөлінеді. Күрес мерзімі 
ересектер  үшін  10  минут,  жас  өспірімдер  үшін  5  минут.  Кейде 
жығылған адамды басып жатып, жауырынын жерге тигізу шарт емес. 
Бұл  күрестің  басты  шарты  –  күшін,  әдісін  асырып,  талассыз  жығу. 
Кейде  жыққан  адам  жығылған  адамның  басынан  аттап  «күш  алу» 
деген  байырғы  жеңіс  белгісі  жасалады.  Қазақша  күрес  –  аудандық, 
облыстық,  республикалық  спартакиадалардың  бағдарламаларына 
кіргізілген, спорттық командалары бар ресми түрде жұрт таныған өнер. 
(Уикипедия – ашық энциклопедиясынан) 
 
Мәтін бойынша сөздік 
 
тұтасу 
1) примыкать, прилегать, становиться сплошным 
2) сплачиваться, соединяться, заплетаться 
бас қосу 
1) собираться, объединяться 
2) стать супругами, пожениться 
біріншілік 
первенство 
төзімділік  
1) терпеливость, стойкость, выносливость, терпение 
2) сдержанность, выдержанность, терпеливость 
3) долговечность, прочность 
батылдылық  смелость, решительность 
жамбас 
1) таз 
2) жамбас (огузок, подвздошная кость барана, лошади 
с тазовой костью и прилежащим мясом, преподносимая 
в вареном виде отдельно почетному гостью) 

 
115 
3)  бок;  оң  ~ынан  жату  лежать  на  правом  боку;  ~қа 
салу прием в борьбе по-казахски (в «қазақша күрес»); 
~ы жерге тимеу не быть побежденным в борбе 
бел 
поясница, талия 
тірсек 
голень, коленный изгиб 
құрметті 
уважаемый, 
почитаемый, 
чтимый, 
почтенный, 
почетный 
бұлшық ет 
мышца, мускул 
машықтану 
1) вырабатывать привычку, навык; привыкать 
2) привыкание, приобретение навыка 
тіресу 
1) напирать друг на друга (в борьбе) 
2) скапливаться 
 
 
3-тапсырма.  Мәтінді  негізге  ала  отырып  сұрақтарға  жауап 
беріңіздер. 
 
  Қазақша  күрес  бойынша  бірінші  ірі  жарыс  қашан  және  қай 
жерде өтті? 
  Қай  кезден  қазақша  күрестен  республикалық  чемпионаттар 
мен біріншіліктер өткізіле бастады? 
  Қазақша  күрес  бойынша  халықаралық  федерация  қашан 
ұйымдастырылды және оның президенті болып кім тағайындалды? 
  2005  жылы  Астана  қаласында  ҚР  Президентінің  жүлдесіне 
өткен қазақша күреске қанша спортшы және қай елдерден қатысты? 
  Қазақша күрес бойынша Азия чемпионаттары қай жылы және 
қай жерде өткізілді? 
  Қазақша күресте қандай әдістер қолданылады? 
  Қазақша  күрес  жасына  қарай  неше  топқа,  салмағына  қарай 
қанша категорияға бөлінеді? 
 
 
4-тапсырма.  Төмендегі  қазақша  күрестің  әдіс  (ереже)  түрлерін 
орысшаға аударып, олардың қалай жасалатынын қазақша баяндаңыздар. 
 
Шалу;  жата  тастау;  арқалай  тастау;  қол  байлап  күресу; 
салмақпен  басу;  тіресу;  ашадан  алу;  аяқтың  басымен  іліп  тастау; 
жамбасқа алып, иіре лақтыру; белінен қысып, тірсектен шалу. 
 

 
116 
5-тапсырма. Әр бағанды толтырып жазыңыздар. 
 
Антоним 
Синоним 
терең – 
жетілу – 
жаңа – 
құрметті – 
үстінде – 
төзімділік – 
ресми – 
батыл – 
жазық – 
орман – 
 
6-тапсырма.  Әр  жылғы  «Қазақстан  Барысы»  жеңімпаздарын 
ретімен орналастырыңыздар. 
 
Бейбіт Ыстыбаев 
Қазақстан Барысы – 2011 
Мұхит Тұрсынов 
Қазақстан Барысы – 2012 
Айбек Нұғымаров 
Қазақстан Барысы – 2013 
Бейбіт Ыстыбаев 
Қазақстан Барысы – 2014 
Ұлан Рысқұл 
Қазақстан Барысы – 2015 
 
7-тапсырма.  «Қазақстан  Барысы  –  2015»  турниріне  қатысқан 
палуандарды есте сақтаңыздар. 
 
«Қазақстан  Барысы  –  2014»  –  Мұхит  Тұрсынов;  Ақмола 
облысы:  Нұрлан  Жамалов,  Әсет  Жүнісов;  Ақтөбе  облысы:  Бақтыбай 
Қисықов,  Шыңғыс  Шоқпытов;  Алматы  облысы:  Александр  Касачев, 
Қазыбек  Рамазанов;  Атырау  облысы:  Табиғат  Мағауияұлы,  Наурызбек 
Өтеуов;  Батыс  Қазақстан  облысы:  Ерлан  Мұсағалиев,  Олжас 
Сүлейменов;  Жамбыл  облысы:  Айбол  Айтбек,  Бейбіт  Ыстыбаев; 
Қарағанды  облысы:  Ержан  Шынкеев,  Асыл  Бәрменов;  Қызылорда 
облысы: Нұрым Сәлімгереев, Руслан Әбдіразақов; Қостанай облысы: 
Ерлан  Омаров,  Максим  Гербер;  Маңғыстау  облысы:  Нұрдәулет 
Жарылғапов,  Мейрамбек  Жанабай;  Оңтүстік  Қазақстан  облысы: 
Жұманазар  Ерсұлтанов,  Нұрсұлтан  Мынғышев;  Павлодар  облысы: 
Арман  Махамбетов,  Алан  Тұрысов;  Солтүстік  Қазақстан  облысы: 
Рүстем Жұмаев, Төлеген Жетпісбаев; Шығыс Қазақстан облысы: Айбек 
Нұғымаров, Талғат Әміренов; Алматы қаласы: Мақсат Кікімов, Бақыт 
Исмағұлов; Астана қаласы: Ғани Сейділдаев, Айбат Сейтен. 
 
8-тапсырма. Жоғарыдағы мәтінді қазақ тілінде мазмұндаңыздар. 
 
9-тапсырма.  Төмендегі  спортшыларды  тиісті  бағандарға 
орналастырыңыздар. 
 
Еркін күрес 
Қазақша күрес 
 
 

 
117 
Гюзель  Манюрова,  Мәулен  Мамыров,  Мұхит  Тұрсынов, 
Абдулхаким  Шәпиев,  Таймураз  Тигиев,  Ержан  Шынкеев,  Ислам 
Байрамуков, Айбек Нұғымаров, Ақжүрек Таңатаров, Марид Муталимов, 
Ғани  Сейділдаев,  Эльмади  Джабраилов,  Бейбіт  Ыстыбаев,  Геннадий 
Лалиев, Асыл Бәрменов, Елена Шалыгина. 
 
Студенттердің өз бетімен орындайтын тапсырмалары 
 
10-тапсырма.  «Барыс»  сөзін  тірек  ретінде  алып,  қазақша  күрес 
бойынша сөзжұмбақ құрастырыңыздар. 
 
11-тапсырма.  «Тәуелсіздік»  сөзінен  лексикалық  мағынасы  бар 
сөздер құрастырыңыздар. 
 
Үлгі: Тәуелсіздік: ту, тәсіл, ... 
 
12-тапсырма.  Бір  облысты  негізге  ала  отырып  «Қазақстан 
Барысына» қатысқан тұлғалар бойынша презентация жасаңыздар. 
 
 
21-сабақ. Күресшілерді дайындау жүйесін жетілдіру 
 
1-тапсырма.  Төмендегі  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  қазақ  тіліне 
аударыңыздар. 
 
Современный  спорт,  повышение  результата,  особое  значение, 
физическая  подготовка,  скоростно-силовая  выносливость,  специальная 
работоспособность,  управление  процессом  обучения  и  воспитания, 
разносторонняя физическая подготовленность, удельный вес, уровень, 
средства  общего  воздействия,  нагрузка,  восстановительный  процесс, 
компенсаторный эффект, борец, результат. 
 
2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын қазақша баяндаңыздар. 
 
В  современном  спорте  вопрос  о  повышении  результатов  в 
соревновании  находится  в  тесной  взаимосвязи  с  оптимизацией 
средств  и  методов  тренировочного  процесса.  Особое  значение  в 
подготовке  борцов  приобрели  соотношения  и  состав  средств 
физической  подготовки,  т.к.  на  первый  план,  вместе  с  технике-
тактической  подготовленностью  вышла  проблема  скоростно-силовой 
выносливости. 

 
118 
В  настоящее  время  вопросы  совершенствования  физической 
подготовки  в  соответствии  со  спецификой  вида  спорта  наиболее  полно 
разработаны  применительно  к  тренировке  взрослых  спортсменов, 
включая специальную работоспособность и механизмы ее развития. 
На  начальных  этапах  подготовки  спортсменов  доминируют 
задачи  управления  процессом  обучения  и  воспитания  на  базе 
разносторонней физической подготовленности различных физических 
качеств.  В  дальнейшем,  на  этапе  спортивного  совершенствования, 
удельный вес специальной подготовки возрастает, и она базируется на 
высоком уровне развития двигательных и психических качеств. 
Средства  общего  воздействия  также  имеют  место,  но  с 
помощью их решаются несколько иные задачи, например повышение 
переносимости  нагрузок,  ускорение  восстановительных  процессов, 
компенсаторный эффект после специальных нагрузок. 
 
Мәтін бойынша сөздік 
 
оптимизация – 
оңтайландыру 
соотношение – 
арақатынас, өзара қатынас; байланыс 
специфика – 
төлсипат 
работоспособность – 
жұмысқа қабілеттілік 
доминировать – 
1. биік болып тұру; 
2. басым болу, үстем болу 
качество – 
сапа; қасиет 
совершенствование – 
жетілдіру 
возрастание – 
өсу, арту, көбею, көбейе беру, үдеу 
базировать – 
тірек ету, негіздеу 
воздействие; эффект – 
әсер 
ускорение – 
үдету, жеделдету 
 
3-тапсырма.  Төмендегі сөздердің антонимдері мен синонимдерін 
тауып, бағандарды толтырыңыздар. 
 
Антоним 
Синоним 
биік – 
атақ – 
арту – 
Отан – 
жеделдету – 
арнайы – 
көбею – 
апта – 
жылдам – 
амал – 
бастапқы – 
әдіс – 

 
119 
4-тапсырма.  Төмендегі  сөздерді  қатыстыра  отыра  диалог 
құрастырыңыздар. 
 
Қазақша  күрес,  еркін  күрес,  грек-рим  күресі,  белдесу,  Әлем 
чемпионаты,  жүлдегер,  күміс  медаль,  оң  жамбас,  шалу,  әнұран, 
Қазақстан  Республикасы,  қарсылас,  жеңілу,  төсеніш,  алтын  медаль, 
біріншілік. 
 
5-тапсырма.  «Күресшілер»,  «белдесу»  сөзінен  лексикалық 
мағынасы бар сөздер құрастырыңыздар. 
 
Үлгі: Күресшілер: шіл, ... 
Белдесу: бел, ... 
 
6-тапсырма.  «Күрес»,  «спортшы»,  «қарсылас»,  «бапкер»  деген 
сөздерді септеңіздер. 
 
7-тапсырма.  «Жықса»,  «қатысты»,  «лақтыра»,  «шалып»  деген 
сөздерді жіктеңіздер. 
 
Студенттердің өз бетімен орындайтын тапсырмалары 
 
8-тапсырма.  Интернеттен  «Әлем  Барысы»  бейнебаянын  көріп, 
қазақстандық  спортшылардың  белдесуде  қандай  әдіс  жасағандарын 
айтыңыздар. 
 
9-тапсырма. Төмендегі сурет бойынша әңгіме құрастырыңыздар. 
 
 
 
10-тапсырма.  «Әлем  Барысына»  қатысқан  балуандар  бойынша 
презентация жасаңыздар. 
 
11-тапсырма.  Соңғы  «Еуразия  Барысында»  қазақстандық 
спортшылардың белдесуде қандай әдіс жасағандарын айтыңыздар. 

 
120 
22-23-сабақ. Қазақстанда бокстың дамуы 
 
1-тапсырма.  Төмендегі  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  орыс  тіліне 
аударыңыздар. 
 
Жақсы таныс, бастапқы кезде, құлап түскенше, шегінген, жалтарған, 
біздің  дәуірімізден  бұрынғы,  жария  болған,  көздері  тірісінде 
ескерткіш орнату, жекпе-жек өткізудің ережесі, әлемге таныту, әлемді 
мойындатқан, тәртіпке келтіру. 
 
2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын орыс тілінде баяндаңыздар. 
 
Бокстың шығу тарихы 
 
Бокс. Осы бір төрт әріптен тұратын 
ағылшын  сөзі  миллиондаған  спорт 
жанкүйерлеріне  жақсы  таныс.  Жер 
бетінде  бокс  десе  ішкен  асын  жерге 
қоятын,  шаршы  алаңдағы  шиеленіскен 
жекпе-жектерді 
көрмей, 
дегбірі 
басылмайтын  жандар  аз  емес.  Бокстың 
тарихы  біздерді  алыс  заманалардың 
түкпіріне  жетелейді.  Ежелгі  Мысыр,  Крит-микен,  вавилон  дәуірлерінің 
тасқа  қашаған  мұраларында  жұдырықтасып  жатқан  адам  бейнелері 
бар. 
Артына  өшпес  «Илиада»  жырын  қалдырған  грек  философы 
Гомер  өз  заманындағы  жұдырықтасу  туралы  анық  та  дәл  мәліметтер 
қалдырған.  Бастапқы  кезде  жұдырықшылар  қолдарын  өгіздің  мойын 
терісінен  жасалған  май  сіңген  терімен  булап,  білектерін  артып 
байлайды  екен.  Жекпе-жек  екі  жұдырықшының  біреуі  қашан  құлап 
түскенше  өте  беретін  көрінеді.  Шегінген,  жалтарғандарды  төреші 
ортаға айдап отыратын болған. Біздің дәуірімізден бұрынғы 688 жылы 
өткен  дүниедегі  жиырма  үшінші  олимпиадалық  ойындардан  бастап 
бокс яки жұдырықтасу жарыстың бағдарламасына енген. 
Атақты  ғалым  Пифагор,  философ  Платон,  қолбасшы  Алкивиад 
жұдырықтасумен айналысқан. Қазіргідей ол кезде де жұдырықшылардың 
жекпе-жегін  тамашалаушылар  өте  көп  болған.  Атақты 
жұдырықтау-
шылардың
  даңқы  ауыздан-ауызға  ілігіп,  айдай  әлемге  жария  болып 
отырған.  Халық  оларды  ерекше  құрмет  тұтып,  әнге,  жырға  қосқан, 
эпостардың  қаһарманы  еткен,  олимпиадалық  ойындарда  жеңіске 
жеткендеріне  көздері  тірісінде  ескерткіш  орнатқан.  Ежелгі  дүниедегі 

 
121 
олимпиадалық  ойындар  тоқтаған  соң  да  бокс  саябырсыған  жоқ. 
Көптеген  даулы  мәселелер  жұдырықтың  күшімен  шешілетін.  Біртін 
келе осыны тәртіпке келтіру мақсатымен жекпе-жек өткізудің ережесі 
ойлап  шығарылды.  1743  жылы  шыққан  бұл  ереже  ағылшын 
Дж. Браутонның есімімен тікелей байланысты. 
Қазақстан  боксына  келер  болсақ,  1933  жылы  Ш.  Бөлтеқұлы 
қазақ  еліне  тұңғыш  рет  бокс  әліппесін  алып  келді.  Міне,  сол  сәттен 
бастап  қазақ  боксы  дами  бастады.  Әбдісалам  Нұрмұханов  бастаған 
боксшылар  қазақ  елін,  оның  ішінде  қазақ  боксын  әлемге  танытты. 
Кеңес дәуірінде қазақтан шыққан боксшылардың орны ерекше болды. 
Өзінің  шаршы  алаңдағы  әдемі  техникасымен  әлемді  мойындатқан 
С. Қонақбаев Мәскеу олимпиадасында күмістен алқа тақты. 
Қазақстан өз егемендігін алған соң да бокстан әлем мықтылары 
санасатын  құрама  команда  болды.  В.  Жиров  бастаған  жеңісті  жолды 
қазақ  боксшылары  әлі  жалғастыруда.  Тәуелсіздік  алғанына  аз  ғана 
жыл  болса  да  Қазақстан  боксы  әлемді  мойындатты.  Оған  дәлел,  бес 
олимпиадалық 
ойындарға 
қатысқан 
қазақстандық 
боксшылар 
жүлдесіз  қайтып  көрмеді.  Үш  мәрте  «ең  үздік  техникасы  үшін» 
берілетін  В  .Баркер  кубогін  иеленді.  Қазақстаннан  шыққан  тұңғыш 
олимпиада чемпионы Б. Саттарханов болып тарихта алтын әріптермен 
жазылды.  Қазіргі  таңда  бокстан  Қазақстан  ұлттық  құрамасы  өз 
биігінде және бұл биіктіктен ешқашан түспек емес. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет