Ерғалиев Қуаныш Советұлы Ерғалиева Самал Жанатқызы КӘсіби қазақ тілі «Дене шынықтыру және спорт»



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата06.03.2017
өлшемі9,63 Mb.
#7610
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ІІ.  Абай:  «Адам  адамнан  тек  білімі  мен  ақыл-ойы  арқылы  ғана 
озады»,  –  деген  екен.  Ұлы  ойшылдың  осы  бір  даналық  сөзі  әлі  күнге 
өз  мәнін  жоғалтқан  жоқ.  Білім  –  әрбір  азаматтың  әлеуметтік  хал-
ахуалы  жақсаруының,  мемлекетіміздің  жан-жақты  дамуының  кепілі. 
Қай  заманда,  қандай  реформа  болсын  мектептің  басты  тұлғасы  – 
мұғалім.  Мұғалім  –  болашақ  ұрпақтың  бағбаны,  келешектің 
кемелдендірушісі,  баланың  бойына  біліммен  бірге  тәрбие  сіңіруші, 
жанына жарық сәуле сеуіп, көкірегін нұрландырушы. 
Мен  осынау  мамандық  иесі  болуды  балалық  шағымнан 
армандадым. Асқақ арманым бүгінгі таңда орындалды. 

 
39 
Менің  мақсатым  –  тәуелсіз  еліміздің  болашақ  жастарын 
тәрбиелеуге, 
білімі 
мен 
білігін 
арттыруға, 
оқуға 
үйретуге, 
компьютерлік  сауаттылықтарын  арттыруға,  еліміздің  дамуына  өз 
үлесімді  қосу.  Әрине,  мұғалімдік  мамандық  –  киелі  әрі  өте  көне 
мамандық.  Теориялық  жағынан  білімді,  әлемдік  педагогиканың  озық 
үлгілерін  жаңашылдықпен  дамытып  жүрген,  үнемі  кәсіби  шеберлігін 
шыңдауға ұмтылатын, тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын, баланы өзіне 
тарта алатын ұстаз – мақтан тұтар мамандық. 
Әр  бала  –  қайталанбас  тұлға.  Оның  жан  дүниесі  –  өзінше  бір 
әлем.  Ал  ұстаз  осы  әлемді  шартарапқа  жетелеуші.  Ұстаз  –  бала 
болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді 
көмекшісі.  Мұғалім  еңбегі,  біріншіден,  адамзат  қоғамы  тарихында 
жинақталған  ғылым  негіздерінен  білім  беруге  тиіс  болса,  ал 
екіншіден,  үнемі  шәкірттермен  қарым-қатынаста  болып,  үйренсем 
деген  бала  арманы  мен  оның  сырлы  тағдырына  басшылық  етуді 
мойнына  алған  маман.  Сондықтан  осы  мамандық  иесі  болу  үшін 
үздіксіз  талмай  жұмыс  істеу  қажет  екенін  түсінемін.  Маған  өз 
жұмысым,  таңдаған  мамандығым  өте  ұнайды.  Әр  оқушының  мінезін 
танып-біліп,  әрқайсысына  өзіндік  қатынас  таба  білу  менің  қолымнан 
келеді  деп  айта  аламын.  Оқушылар  қуанса,  менің  де  қуанғаным. 
Әрине, қазіргі қарыштап дамып келе жатқан заманда мұғалімдерге де 
қойылатын  талаптар  күн  санап  өсуде.  Бүгінгі  ұстаз  шәкіртіне  ғылым 
негіздерінен  мәлімет  беріп  қана  қоймай,  оны  дүниежүзілік  білім, 
ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында 
өмір сүруге тәрбиелеуі керек. 
...  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев:  «Ғасырлар 
мақсаты  –  саяси-экономикалық  және  рухани  дағдарыстарды  жеңіп 
шыға  алатын,  ізгіленген  XXI  ғасырды  құрушы  іскер,  өмірге 
икемделген,  жан-жақты  жеке  тұлғаны  тәрбиелеп  қалыптастыру»,  – 
деген. Ол үшін біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы 
емес,  болашақты  құрушыларды,  адамзаттың  сәулетті  болашағын 
жасаушыларды 
тәрбиелеп 
отырғанымызды 
ойласақ, 
мұғалім 
мұратының  қандай  болатыны  өзінен-өзі  айқын.  Осындай  қасиеттер 
ғана ұстаздық бақытқа жетелейді. 
Мен  мұғаліммін,  яғни  мен  оқушыларымның  сәл  де  болса 
жетістіктеріне бақытты болып, балаша қуанамын. 
Мен  мұғаліммін,  бақыттымын,  себебі  мен  күнде  таңертең  мені 
асыға күтетін оқушыларымды көремін. 
(Интернеттен) 

 
40 
Мәтін бойынша сөздік 
 
ізгілік – 
1) священность, святость 
2) благое дело, добро, доброе дело 
өмірлік тәжірибе – 
жизненный опыт 
тәлім – 
пример, урок; назидание 
салт – 
обычай, обряд 
дәстүр – 
обычай, традиция 
әдет-ғұрып – 
обычаи, обряды 
шындық – 
истина, правда 
әділдік – 
справедливость, правдивость 
қанатты сөз – 
крылатые слова 
тағзым – 
поклон 
данышпан – 
мудрец, гений 
таңғалдыру – 
удивить 
рухани құндылық – 
духовная ценность 
материалдық құндылық – 
материальная ценность 
әлеует – 
потенциал, возможность 
кәсіби шеберлік – 
профессиональное мастерство 
әдеп – 
учтивость, вежливость 
әдістемелік сауаттылық – 
методическая грамотность 
ынта – 
увлечение, интерес, усердие, рвение 
қызығушылық – 
интерес, любопытство 
сүйіспеншілік – 
любовь, любовное отношение 
білік – 
знание, компетенция 
тәлім-тәрбие – 
воспитание, обучение 
шартарап – 
все четыре стороны, все концы света 
бәсеке – 
1) соперничество, конкуренция 
2) зависть 
 
2-тапсырма.  Мәтінді  негізге  ала  отырып  төмендегі  сұрақтарға 
жауап беріңіздер. 
 
  «Ұстаз» сөзінің мәнін қалай түсінесіздер? 
  Әбу  Насыр  әл-Фараби,  Абай,  Ж.Аймауытовтардың  ұстаз 
жайында қандай қанатты сөздері бар? 
  Әлемдегі  ұстаздықтың  ұлы  үлгісін  көрсеткен  тұлғаларды 
атаңыздар. 
  Дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде 
қандай шаралар атқарылуда? 
  Ұстаздың кәсіби шеберлігінің негізі қалай анықталады? 

 
41 
  Ұзтаздық 
шеберлік 
деген 
сөздің 
мағынасын 
қалай 
түсінесіздер? 
  Халықтың  «Бұлақ  көрсең,  көзін  аш»  деген  даналық  сөзін 
қалай түсінесіздер? Осы бағытта өз ойларыңызды білдіріңіздер. 
 
3-тапсырма. 
Төмендегі 
сөздерді 
алфавит 
ретімен 
орналастырыңыздар 
 
І.  Бокс,  шеңбер,  қайық,  шахмат,  көкпар,  чемпионат,  хук, 
қылқайық,  жеребе,  футзал,  үшсайыс,  универсиада,  турнир,  ләңгі, 
сырғы,  төреші,  спорт,  секірмежіп,  регби,  офсайд,  отшашу,  мінбер, 
капитан,  медаль,  марафон,  қармақ,  найза,  кумитэ,  эстафета,  йога, 
спринт, зілтемір, қарсылас, жүлде, секіріс, желкен. 
 
ІІ.  Матч,  ырғақ,  шығыршық,  қылыш,  жеңілқайық,  қатысушы, 
мұзайдын,  фаворит,  тіссауыт,  плей-офф,  өткел,  ұпай,  шейпинг, 
сұрмерген,  кросс,  оқсауыт,  сумо,  керлинг,  шаңғы,  теннис,  жүзгіш, 
таэквандо, хоккей, жүгіріс, тоғызқұмалақ. 
 
4-тапсырма. Төмендегі сөздерді орыс тіліне аударыңыздар. 
 
Шеңбер, қайық, қылқайық, жеребе, үшсайыс, ләңгі, сырғы, төреші, 
секірмежіп, отшашу, мінбер, қармақ, найза, зілтемір, қарсылас, жүлде, 
секіріс,  желкен,  ырғақ,  шығыршық,  қылыш,  жеңілқайық,  қатысушы, 
мұзайдын,  тіссауыт,  өткел,  ұпай,  сұрмерген,  оқсауыт,  шаңғы,  жүзгіш, 
жүгіріс. 
 
5-тапсырма.  Төмендегі  сөздермен  күрделі  термин  атауын 
жасаңыздар, олармен сөйлем құрастырыңыздар. 
 
Үлгі: Жеңіл атлетика 
Атлетика,  салмақ,  гол,  гимнастика,  бокс,  жүгіріс,  жүзу,  жарыс, 
күрес,  соққы,  команда,  грамотасы,  чемпионаты,  спорт,  әрұран, 
шабуыл, акробатика, шатыржай. 
 
Қажетті сөздер: Ауыр, мемлекеттік, жылдам, кәсіпқой, қысқы, 
кедергілі,  кешенді,  классикалық,  спорттық,  қазақша,  қатты,  жеңіл, 
құрама, құрмет, көркем, құрлық, өткір, туристік. 
 

 
42 
6-тапсырма.  Екі  бағандағы  тиісті  сөздерді  біріктіріп,  термин 
жасаңыздар. 
Үлгі: Көп + сайыс – көпсайыс 
 
тоғыз 
жарыс 
қол 
күрес 
қос 
кросс 
мото 
аяқ 
сырғытпа 
таяқ 
алты 
бақан 
ат 
тас 
бес 
құмалақ 
жел 
сырық 
 
7-тапсырма.  Төмендегі  бұйрық  түрлерін  оқып,  жаттап 
алыңыздар. 
 
  «Артқа бұрыла – Бас!» – «Кругом – Марш!» 
  «Бір лекпен оңға және солға айнала –  Бас!»  –  В колонны по 
одному в обход направо и налево – Марш!» 
  «Дағдылы адыммен – Бас!» – «Обычным шагом – Марш!» 
  «Екі қатарға – Тізіл!» – «В две шеренги – Стройся!» 
  «Еркін тұр!» – «Вольно!» 
  «Жартылай оңға – Бұрыл!» – «Пол-поворота напра-Во!» 
  «Кең адымда!» – «Шире шаг!» 
  «Қадам бас!» – «Шагом марш!» 
  «Қиғашпен – Бас!» – «По диагонали – Марш!» 
  «Оңға бұрыл!» – «Напра-Во!» 
  «Орталықпен  екі  лекпен  –  Бас!»  –  «В  колонну  по  два  через 
центр – Марш!» 
  «Орында!» – «На месте!» 
  «Ретпен – санал!» – «По порядку рассчитайсь!» 
  «Сапқа тұр!» – «Становись!» 
  «Тараңдар!» – «Разойдись!» 
  «Тік тұр!» – «Смирно!» 
  «Тоқтат!» – «Отставить!» 
  «Төрттағандап!» – «На четвереньках!» 
  «Шеңбер бойымен – Марш!» – «По кругу – Марш!» 
  «Солға бұрыл!» – «Нале-Во!» 
  «Артқа бұрыл!» – «Кругом!». 

 
43 
8-тапсырма.  Төмендегі  терминдерді  тиісті  бағандарға  бөліп 
орналастырыңыздар. 
 
бокс 
гимнастика 
күрес 
 
 
 
 
Тіссауыт,  шыр  айналдырып  лақтыру,  хук,  балуан,  соққы 
ұстанымы,  тұлып,  шаршы  алаң,  нокдаун,  аяқтан  ұстау,  шығыршық, 
таспа, төсеніш, гимнастикалық кілем, нокаут, еркін күрес, гимнастшы, 
соққылар  топтамасымен  шабуылдау,  кимоно,  жекпе-жек,  қапсыра 
ұстау,  «диірмен»  әдісі,  қолғап,  гимнастика  залы,  аунап  түсу,  шалу, 
апперкот, гимнастикалық тұғыр, аяқпен қағу. 
 
9-тапсырма.  Төмендегі  қазақша  терминдерді  орыс  тіліндегі 
баламасымен бағыт арқылы байланыстырыңыздар. 
 
аға төреші 
старший судья 
айла 
маневр ложный 
айыпдоп 
штрафной 
ақтықсын 
бассейн 
алап 
финал 
алдамшы орағыту 
тяжелый вес 
ауыр салмақ 
тактика 
аяқтың ұшына тұру 
цыпочки 
әуесқой 
зарядка 
бой жазу минуты 
любитель 
бой сергіту 
физкультминутка 
 
10-тапсырма.  Төмендегі  орысша  терминдерді  қазақ  тіліндегі 
баламасымен бағыт арқылы байланыстырыңыздар. 
 
разминка 
тоғыздық 
бутсы 
қандыісік 
борцовки 
қансонар 
белая тропа 
футболшы аяқкиімі 
барьер 
күрес аяқкиімі 
вибрам 
альпинист аяқкиімі 
гематома 
бой қыздыру 
двухходовка 
қосжүріс 
дебюд 
ойынбасы 
девятка 
кедергі 

 
44 
Студенттердің өз бетімен орындайтын тапсырмалары 
 
11-тапсырма.  Төмендегі  мәтіннен  мағынасы  түсініксіз  сөздердің 
астын  сызып,  түсіндірме  сөздіктен  анықтамасымен  танысыңыздар. 
Мәтін  мазмұнын  орысша  баяндаңыздар.  Қарамен  жазылған  сөздерді 
орыс тіліне аударыңыздар. 
 
Дене шынықтыру пайдасы 
 
Кейбіреулер  дене  шынықтыру  мәдениетіне  мән  бермейді,  оны 
басқа  мәдениет  түрлерінен  төмен  қояды.  Бұл  дұрыс  емес.  Адам  өз 
денсаулығына бала кезінен көңіл бөлуге тәрбиеленіп, оны шынықтырумен 
айналысса,  сымбатты,  денсаулығы  мықты  азамат  болып  өседі. 
Орыстың  терапиялық  мектебінің  негізін  қалаушы  ғалымдардың  бірі 
М.Я. Мудров осы орайда былай деген: «Денсаулықты сақтау үшін, ал 
онан да абзалы жиі ауыра берудің алдын алу үшін дене жаттығуларын 
жасаған немесе қозғалыста болған жақсы». 
Амал  не,  көбіміз  деніміз  сау  кезінде  дене  шынықтыру 
жаттығуларын  жасаудың  пайдасын  бағаламаймыз,  еңбек  пен 
демалысты  алмастырып  отырмаймыз.  Мұнан  жүз  жыл  бұрын  жер 
бетіндегі  барлық  жұмыстың  96  пайызын  адамдар  өздерінің  бұлшық 
еттерінің күшімен атқарса, енді бәрін де техника жүзеге асырады. Бұл 
да адамдардың аз қозғалуына әкеліп соқтыруда. 
Ғылыми 
зерттеу 
деректері 
бойынша 
дене 
шынықтыру 
жаттығуларымен  жүйелі  түрде  шұғылданатын  адамдар  онымен  анда-
санда  бір  шұғылданатын  адамдарға  қарағанда  сирек  ауырады,  дәрігерге 
сирек  қаралады.  Негізінен,  спортпен  айналысатындар  онымен 
айналыспайтындарға  қарағанда  шамамен  дәрігерге  төрт  есе  сирек 
қаралатын  көрінеді.  Және  де  дене  шынықтыру  жаттығуларымен 
жүйелі  шұғылданатындар  онымен  жүйесіз  шұғылданатындарға 
қарағанда  дәрігерлік  көмекті  екі  есе  сирек,  ал  оны  біржола  керек 
қылмайтындарға қарағанда 3 есе сирек қажет етеді. 
 
12-тапсырма. Төмендегі бағандарды толтырып жазыңыздар. 
 
Синоним 
Антоним 
сирек – 
сирек – 
кейбіреу – 
төмен – 
сымбатты – 
дұрыс – 
кез – 
жақсы – 
барлық – 
жүйелі – 
қажет – 
анда-санда – 

 
45 
13-тапсырма.  Мәтіннен  зат  есімдерді  тауып,  бағандарды 
толтырыңыздар. 
 
Туынды зат есім 
Негізгі зат есім 
 
 
 
14-тапсырма.  Төмендегі  терминдерді  қазақ  тіліне  аударып, 
олармен сөйлем құраңыздар. 
 
Мастер 
международной 
шахматной 
федерации 
(ФИДЕ), 
Международная боксерская федерация (IBF), метание диска, призовое 
место, мяч в игре, наколенник, нападающий, начинающий спортсмен, 
оборона ворот, штрафной удар. 
 
15-тапсырма.  Берілген  суреттерге  қарап,  шағын  шығарма 
жазыңыздар. 
 
 
 

 
46 
МОДУЛЬ БОЙЫНША ПЫСЫҚТАУ  
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ 
 
 
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі 
а) қазақ тілі 
ә) орыс тілі 
б) ағылшын тілі 
в) қытай тілі 
г) неміс тілі 
 
2. Қазақ 
халқында 
ер 
адамның 
ақсақалдармен 
амандасуда 
қолданылатын сәлем түрі 
а) Сәлеметсің бе? 
ә) Ассалаумағалайкүм! 
б) Сәлем! 
в) Қайырлы күн 
г) Хал қалай? 
 
3. Өтініш мағынасындағы тілдік этикет нормасы 
а) Айыпқа бұйырмаңыз. 
ә) Сізбен танысып қоялық. 
б) Уайымдамаңыз! 
в) Кешірім өтінемін... 
г) Барлығы ойдағыдай болады. 
 
4. Ризашылық алғысты білдірмейтін сөз 
а) Көп жаса! 
ә) Жасың ұзақ болсын! 
б) Өркенің өссін! 
в) Амансың ба? 
г) Ғұмырлы бол! 
 
5. Төмендегі мақалдың жалғасын табыңыздар: 
Білекті бірді жығар, ... 
а) білім – өмір шырағы 
ә) білімді мыңды жығар 
б) ғалымдардан хат қалар 
в) жеті түрлі білім біл 
г) жасаған заты қалар 

 
47 
6. «Дошкольные учреждения» сөзінің қазақша аудармасы 
а) бастауыш, орта мектеп 
ә) жоғары оқу орындары 
б) орта кәсіби білім беру мекемелері 
в) қоғамдық ғылымдар 
г) мектепке дейінгі мекемелер 
 
7. 1995 жылы Қазақстан Республикасында бекітілген Заң 
а) Қазақстан Республикасының Конституциясы 
ә) Тіл саясаты туралы тұжырымдама 
б) Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы 
в) «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы 
г) Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы 
 
8.  «Пора,  когда  солнце  поднялось  на  длину  аркана»  деген  мағынаны 
білдіретін сөз 
а) сәске 
ә) сиыр сәске 
б) ұлы сәске 
в) бесін 
г) екінді 
 
9. «Намаздыгер» сөзінің мағынасы 
а) солнце начинает клониться к закату 
ә) приближается вечер, солнце совсем уже низко 
б) солнце готовится к закату, склонилось над своим «гнездом» 
в) полдень, перед обедом 
г) пора, когда солнце всплыло над горизонтом 
 
10. «Жақсы» сөзінің антонимі 
а) жаман 
ә) кір 
б) лас 
в) құпия 
г) керемет 
 
11. «Салмақты» сөзінің синонимдері 
а) жабыңқы, жабырқаңқы, өкпелі 
ә) рақымды, қайырымды, мейірімді 
б) пішінді, кескінді, тұрпатты 
в) сабырлы, байсалды, ұстамды 

 
48 
г) парасатты, ұлағатты, тоқтаулы 
 
12. Бір анадан туған қыздардың кішісі 
а) қарындас 
ә) сіңлі 
б) әпке 
в) жеңге 
г) келін 
 
13. «Балдыз» сөзінің орысшасы 
а) деверь 
ә) золовка 
б) зять 
в) свояченица 
г) шурин 
 
14. «Свояченица» сөзінің қазақшасы 
а) қайын аға 
ә) балдыз 
б) жезде 
в) жеңге 
г) келін 
 
15. «Апайының күйеуі» дегенді білдіретін сөз 
а) қайын аға 
ә) балдыз 
б) қайын бике 
в) жезде 
г) күйеу бала 
 
16. «Күйеуінің інісі» дегенді білдіретін сөз 
а) деверь 
ә) шурин 
б) золовка 
в) зять 
г) свояченица 
 
17. «Білім» сөзінің синонимі 
а) білік 
ә) зиялы 
б) білімді 

 
49 
в) шәкірт 
г) атақты 
 
18. Төмендегі мақалдың жалғасын табыңыздар: 
Білімдіге дүние жарық, ... 
а) Білімсіз күнің жоқ. 
ә) Көп көрген біледі. 
б) Білмегенің тоқсан тоғыз. 
в) Білімді мыңды жығар. 
г) Білімсіздің күні қаріп. 
 
19. Жұмбақтың жауабын табыңыздар: 
Қабат-қабат қаттама, 
Ақылың болса аттама. 
а) дәптер 
ә) пияз 
б) кітап 
в) қарындаш 
г) орамжапырақ 
 
20. Жұмбақтың жауабын табыңыздар: 
Если ей работу дашь – 
Зря трудился карандаш. 
а) қалам 
ә) дәптер 
б) сызғыш 
в) өшіргіш 
г) бор 

 
50 
2-МОДУЛЬ. ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ 
 
8-сабақ. Олимпиада тарихы 
 
1-тапсырма. Төмендегі мәтінді оқып, қазақ тіліне аударыңыздар 
 
Олимпийские игры 
 
 
 
Современные Олимпийские игры – крупнейшие международные 
комплексные  спортивные  соревнования,  которые  проводятся  раз  в 
четыре года под эгидой Международного олимпийского комитета. 
Традиция  проведения  Олимпийских  игр,  существовавшая  в 
Древней  Греции,  зародилась  как  часть  религиозного  культа.  Игры 
проводились  с  776  до  н.э.  по  393  н.э.  (всего  было  проведено  293 
Олимпиады)  в  Олимпии,  считавшейся  у  греков  священным  местом. 
От Олимпии произошло и название Игр. 
Современные Олимпийские игры были возрождены в конце XIX 
века  французским  общественным  деятелем  Пьером  де  Кубертеном. 
Олимпийские  игры,  известные  также  как  летние  Олимпийские  игры, 
проводились  каждые  четыре  года,  начиная  с  1896  года,  за 
исключением лет, пришедшихся на мировые войны. В 1924 году были 
учреждены  зимние  Олимпийские  игры,  которые  первоначально 
проводились в  тот же год, что и летние. Однако начиная с 1994 года, 
время  проведения  зимних  Олимпийских  игр  сдвинуто  на  два  года 
относительно времени проведения летних Игр
В тех же местах проведения Олимпийских игр спустя несколько 
дней  проводятся  Паралимпийские  игры  для  людей  с  ограниченными 
возможностями. 
 
Мәтін бойынша сөздік 
 
священное место – 
қасиетті орын 
традиция – 
дәстүр 
зарождение – 
перен. туу, пайда болу 
возрождение – 
қайта  туу,  жаңарту,  бұрынғы  қалпына 

 
51 
келтіру, қайта дамыту 
общественный деятель – 
қоғам қайраткері 
известный – 
белгілі 
религиозный культ – 
діни ғибадат 
люди с ограниченными 
возможностями – 
 
мүмкіндігі шектеулі адамдар 
 
2-тапсырма.  Мәтінді  негізге  ала  отырып  сұрақтарға  жауап 
беріңіздер. 
 
  Олимпиада  ойындары  неше  жылда  бір  рет  өткізіледі  және 
оның ұйымдастырылуын кім басқарады? 
  Олимпиада ойындарын өткізу қашаннан басталған? 
  Қысқы Олимпиада ойындары қай жылдан бастап өткізіледі? 
  Олимпиада  эмблемасында  қанша  шығыршық  бар?  Олардың 
түстерін ретімен айтып беріңіздер. 
 
3-тапсырма.  Төмендегі  сөздермен  сөз  тіркесін  құрап,  оларды 
орыс тіліне аударыңыздар. 
 
Үлгі: емдік гимнастика – лечебная гимнастика, ... 
Атлетика,  гимнастика,  күрес,  жаттығу,  салмақ,  соққы,  секіру, 
жүгіру,  кілем,  қалашық,  хоккей,  чемпионат, чемпион,  рекорд,  ақтықсын, 
спорт, нысана, уақыт, есеп. 
 
4-тапсырма.  Төмендегі  терминдерді  тиісті  бағандарға  бөліп 
орналастырыңыздар. 
 
ауыр атлетика 
нысана көздеу 
шаңғы 
 
 
 
 
Жұлқа көтеру, классикалық шаңғылық жүгіріс, ауыратлет, жебе, 
атқыш, садақ, сынақтық атыс, шаңғы, биатлон, сілке көтеру, зілтемір, 
кіртас,  атысалаң,  жеңіл  салмақ,  арбалет,  садақпен  ату,  сөреден 
шығушы, мәре, орта салмақ, нысана, аралық мәре. 
 
5-тапсырма. 
Төмендегі 
орысша 
терминдердің 
қазақша 
баламасын тауып, бағыт арқылы байланыстырыңыздар. 
 
вольная борьба 
нысана көздеу 
копье 
еркін күрес 

 
52 
брусья 
сырғы 
прицеливаться в мишень 
серіппе, көпірше 
коньки 
найза 
пятиборье 
қоссырық 
козел 
төрттаған 
лыжи 
ауыр атлетика 
тяжелая атлетика 
бессайыс 
кольцо 
шығыршық 
диск 
шаңғы 
мостик 
табақша 
 
6-тапсырма.  Төмендегі  сөздердің  қазақша  аудармасын  тауып, 
олармен сөйлем құраңыздар. 
 
Олимпийский  огонь,  Олимпийский  совет  Азии  (ОСА), 
олимпийская деревня, олимпийский церемониал, педъестал, педъестал 
победный, Международный олимпийский комитет (МОК), отборочное 
соревнование,  финалист,  финал,  четвертьфинал,  чемпион  олимпийских 
игр, чемпионское звание. 
 
7-тапсырма.  Жазғы  олимпиада  ойындарының  өткен  жылы  мен 
жерін тауып, бағыт арқылы байланыстырыңыздар. 
 
1980 жылы 
Лос-Анджелес (АҚШ) 
1984 жылы 
Мәскеу (КСРО) 
1988 жылы 
Сидней қаласы (Австралия) 
1992 жылы 
Афины қаласы (Грекия) 
1996 жылы 
Атланта қаласы (АҚШ) 
2000 жылы 
Барселона қаласы (Испания) 
2004 жылы 
Сеул қаласы (Корея Республикасы) 
2008 жылы 
Лондон қаласы (Ұлыбритания) 
2012 жылы 
Рио-де-Жанейро (Бразилия) 
2016 жылы 
Бейжің қаласы (Қытай) 
 
8-тапсырма. Қысқы олимпиада ойындарының  өткен жылы мен 
жерін тауып, бағыт арқылы байланыстырыңыздар. 
 
1980 жылы 
Альбервиль қаласы (Франция) 
1984 жылы 
Сараево қаласы (Югославия) 
1988 жылы 
Лэйк-Плэсид қаласы (АҚШ) 
1992 жылы 
Ванкувер қаласы (Қанада) 

 
53 
1994 жылы 
Пхёнчхан қаласы (Оңтүстік Корея) 
1998 жылы 
Нагано қаласы (Жапония) 
2002 жылы 
Солт-Лейк-Сити қаласы (АҚШ) 
2006 жылы 
Турин қаласы (Италия) 
2010 жылы 
Лиллехаммер қаласы (Норвегия) 
2014 жылы 
Калгари қаласы (Канада) 
2018 жылы 
Сочи қаласы (Ресей) 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет