17-тапсырма. Қазақ халқының тыйым сөздерінің мәнін түсініп
оқып, есте сақтаңыздар.
1. Үлкеннің алдын кеспе. 2. Жағыңды таянба. 3. Суға түкірме.
4. Тізеңді құшақтама. 5. Бүйіріңді таянба. 6. Түнде суға барма. 7. Малды
басқа ұрма. 8. Босағаға сүйенбе. 9. Шашыңды жайма. 10. Сырт киімді
желбегей жамылма. 11. Босағаны керме. 12. Саусағыңды шошайтпа.
13. Күлді баспа. 14. Таңдайыңды қақпа. 15. Табалдырықты баспа.
16. Ошақтағы отты өшірме. 17. Кір суды баспа. 18. Аяқ киімді төрге
шығарма. 19. Бас киімді жерге тастама. 20. Бет-аузыңды қисаңдатпа.
21. Тіліңді шығарма. 22. Ерніңді шығарма. 23. Үлкеннің сөзін бөлме.
24. Көкті жұлма. 25. Көкті баспа. 26. Айға қолыңды шошайтпа.
27. Асты аттама. 28. Нанды баспа. 29. Басыңды шайқама. 30. Киімді
теріс киме. 31. Отқа түкірме. 32. Кісіні аттама. 33. Адамды санама.
25
Студенттердің өз бетімен орындайтын тапсырмалары
18-тапсырма. Төмендегі мәтіннен мағынасы түсініксіз сөздердің
астын сызып, түсіндірме сөздіктен анықтамасымен танысыңыздар.
Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасының негізі –
шаңырақ. Шаңырақ – мемлекеттің түпнегізі – отбасының бейнесі.
Шаңырақ – Күн шеңбері. Айналған Күн шеңберінің қозғалыстағы
суреті іспетті. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі көшпелі түркілер үшін
үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар – дала дүлдүлі, ер-
азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас
жігер мен қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа
ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясындағы
кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып
жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа
құштарлықтың кейпі. Қанатты тұлпар уақыт пен кеңістікті біріктіреді.
Ол – өлмес өмірдің бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір
сүретін Қазақстан халқының өсіп-өркендеуін, рухани байлығын, сан
сырлы, алуан қырлы бет-бейнесін паш етеді. Бес бұрышты жұлдыз
гербтің тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы
бар.
19-тапсырма. «Қазақстан» сөзінен лексикалық мағынасы бар
сөздер құрастырыңыздар.
Үлгі: Қазақстан: тас, қас, ...
20-тапсырма. Төмендегі билер сөзін оқып, жаттап алыңыздар.
Түсіндірме сөздіктен мағынасы түсініксіз сөздердің анықтамасымен
танысыңыздар. Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би жайлы қысқаша
мағлұмат жинап келіңіздер.
Төле биден
Атың жақсы болса –
Ер жігіттің пырағы.
Әйелің жақсы болса –
Мейманыңның тұрағы.
26
Балаң жақсы болса –
Жан-тәніңнің шырағы.
Қаз дауысты Қазыбек биден
Кім жақын?
Тату болса – ағайын жақын,
Ақылды болса – інің жақын.
Инабатты болса – келінің жақын,
Сыйлас болса – көршің жақын.
***
Адал болса – досың жақын,
Еркелейтін немерең жақын.
Не қымбат?
Алтың ұяң – әйелің қымбат,
Құт-береке – атаң қымбат,
Аймалайтын – анаң қымбат,
Мейірімді – апаң қымбат.
***
Туып-өскен елің қымбат.
Кіндік кескен жерің қымбат.
Ұят пен ар қымбат.
Не қиын?
Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын.
Шанышқыласа – сөз қиын,
Жазылмаса – дерт қиын,
Іске аспаған серт қиын.
***
Тентек болса – ұл қиын,
Не істеріңді біле алмай,
Ашиды сонда бас-миың.
27
Әйтеке биден
Ашу деген – ағын су,
Алдын ашсаң, арқырар.
Ақыл деген – дария,
Алдын тоссаң, тоқырар.
Кісі біреумен туыспау керек,
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жолығады,
Жол қуған олжаға жолығады.
Суалмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
Тамыры суда тұрса да,
Уақытысы жеткенде,
Қурамайтын құрақ жоқ.
Дүние деген – фәни бұл,
Баласы жоқта мият жоқ.
Бәрінен қиын сол екен –
Артында жанған шырақ жоқ.
(Б. Адамбаевтың шешендік сөздер
туралы еңбектерінен алынды)
5-сабақ. Білім беру жүйесі
Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда
ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда
оның мұғалімдігі де жойылады.
К.Д. Ушинский
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын орысша баяндаңыздар.
Жаңа білім беру жүйесі
Білім беру жүйесі – сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары
мен түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары
жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі
және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың,
сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуында
жетекшi роль атқарады, сондай-ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал
28
бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның
негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы
тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным
теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы –
ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын,
объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына
сай әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, ескі, бірсарынды сабақтардан
гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында
күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да мәнді, қонымды, тиімді
болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы»
Заңының 8-бабында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі –
оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», – деп
атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Жолдауында айқандай:
«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман
талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына
жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан қазіргі даму кезеңі
білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру
мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып,
жаңашыл педагогтердің іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
(Интернеттен)
Мәтін бойынша сөздік
білім беру жүйесі –
образовательная система
әлеуметтiк-
экономикалық даму –
общественно-экономическое развитие
болмыс –
1) натура, естество, все существо (человека)
2) филос. бытие
сарын –
1) мотив, напев, мелодия
2) перен. направление, дух, смысл
сана –
сознание
оқытудың
жаңа
технологиялары –
новые технологии в обучении
іс-тәжірибе –
опыт
сабақтастық –
1) взаимосвязанность, 2) преемственность
таным теориясы –
теория познания
айырмашылық –
отличие
ақпараттандыру –
информатизация
күнделікті –
повседневный
29
тиімді –
1. выгода; 2. 1) выгодный, доходный,
прибыльный, рентабельный, рациональный;
2) удобный;
3) эффективный
мәнді –
значимый, существенный, важный
қонымды –
доходчивый, доступный
2-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана
отырып мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыздар.
Білім
беру
жүйесі,
таным
теориясы,
оқытудың
жаңа
технологиялары, білім беруді ақпараттандыру, Елбасы Жолдауы,
қазіргі заман талабы, әлеуметтiк-экономикалық даму, ұстаным.
3-тапсырма. Мына сөздердің синонимдерін тауып жазыңыздар.
Үлгі: ақылды – есті, милы, ақылман, интеллектуалды.
Білім, оқушы, оқыған, оқымысты, ар, атақты, әдеп, озат, әлді,
әріптес, ойлы-қырлы, бәйге, беделді, бұйрық, білімді, бірлік, денелі,
достық, еңбекқор, олжа, өкпелеу, замандас, зерек.
4-тапсырма. Төмендегі мәтінді оқып, қазақ тіліне аударыңыздар
Система высшего образования в Республике Казахстан
Образование является основным приоритетным направлением и
основным индикатором развития во всех цивилизованных странах
мира. Получение высшего образования всегда было, остается и будет
одной из важных вех в жизни человека, особенно в условиях
современного мира с его жесткой конкуренцией на рынке труда. Это
подтверждает и пример нашей страны, где 35% взрослого населения
имеют высшее образование – этот показатель (на уровне 30-35%)
характерен и для стран с развитой экономикой.
Высшее образование, как обозначение уровня образования,
означает верхний уровень профессионального образования в
трех-
уровневой
системе (после среднего общего или профессионального
образования) и включает в себя совокупность систематизированных
знаний и практических навыков, которые позволяют решать
теоретические и практические задачи по профессиональному профилю.
В марте 2010 года Казахстан официально присоединился к
Болонской декларации и стал 47-м полноправным членом Европейской
зоны высшего образования. 60 казахстанских университетов пописали
30
Великуб Хартию Университетов. Таким образом, был осуществлен
переход на трехуровневую модель подготовки специалистов: бакалавр –
магистр – доктор PhD, основанную на принципах Болонской
декларации.
Мәтін бойынша сөздік
система высшего образования –
жоғары білім беру жүйесі
приоритетный –
басым, артық
цивилизованный –
өркениетті
веха –
ауысп. негізгі кезең, елеулі кезең,
асулы кезең, күрделі кезең
конкуренция –
бәсекелестік
уровень –
деңгей
профессиональное образование – кәсіби білім беру
трехуровневая система –
үш деңгейлі жүйе
совокупность –
жиынтық
официально –
ресми
полноправный –
тең құқылы
взрослый –
есейген, ержеткен, бойжеткен, өскен,
сақа, сақайған, үлкен, естияр
показатель –
көрсеткіш
5-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне
аударыңыздар.
Саморазвитие, самоизменение, самораскрытие, подготовка
кадров, трудоустройство выпускников, полиязычное образование,
образовательная среда, формирование личности студента, система
оценивания, педагогическая технология, методика обучения в
условиях инновационных организаций образования, интеграционный
процесс в образовании, исследовательские и творческие проекты, центр
педагогического мастерства, система образования, международное
сотрудничество в области образования.
6-тапсырма. Төмендегі «оқу», «білім» туралы мақал-мәтелдерді
оқып, оларды қалай түсінетіндеріңізді айтыңыздар? Ана тіліңізде
осыған ұқсас қандай мақал-мәтелдер бар?
1) Ілім – бұлақ
Білім – шырақ.
31
2) Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
3) Оқу инемен құдық қазғандай.
4) Білім – ер азығы,
Ер – ел азығы.
5) Оқу – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.
6) Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні қаріп.
7) Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
8) Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
9) Білімдіден ақыл шығар.
Ақылды қарттан нақыл шығар.
10) Көп жасаған білмейді,
Көп көрген біледі.
11) Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.
12) Білгенің бір тоғыз,
Білмегенің тоқсан тоғыз.
7-тапсырма. Қажетті сөзді не сөз тіркестерін тауып орнына
қойыңыздар, айтылған ойдың мағынасын түсіндіріңіздер.
1. Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір ... . (Ж. Баласағұн)
2. Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен ... ..., құр қаталдықтан
түкте шықпайды. (А.П. Чехов)
3. «Мұғалім ісі сырттай ... болғанмен – тарихтағы ең ... істің бірі.
(К.Д. Ушинский)
32
4. Ұстаз ұстаз емес өз шәкiртi үшiн ..., шәкiрт шәкiрт емес өз
ұстазын ... .
5. Ұстазы жақсының ... жақсы.
6. Мектеп – ..., бiлiм – ... . Барар жерге тез жетемiз.
Қажетті сөздер: мұғалім, ұстамы, қарапайым, ұлы, силата
білмесең, күймесе, кеме, сүймесе, теңiз.
8-тапсырма. Жұмбақтардың жауабын табыңыздар.
1) Тұрады ылғи сөреде,
Іші толы өнеге.
2) Аяқтарым қалтылдап,
Қос тай міндім жалтылдақ.
Шапса, жұбын жазбайды,
Бір-бірінен озбайды.
3) Айдалада ақ отау,
Аузы-мұрны жоқ отау.
4) Отқа жанбас, суға батпас.
5) Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл.
6) Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі.
7) Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
8) Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
9) Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар.
10) Қыстай жегіп қос атты,
Көктем шыға босаттым.
Жауаптары: Кітап, мұз, қарындаш, ұстаз, сағат, бор, жұмыртқа,
мектеп, коньки, шаңғы.
9-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің орысша
аудармасын тауып жазыңыздар. Оларды есте сақтаңыздар.
Үлгі: «Аяқты біркелкі бас!» – «Идти в ногу!»
«Артқа бұрыл!» – ...; «Аяқ ұшымен тұру!» – ...; ағзаны
шынықтыру – ...; айқын басымдықпен жеңу – ...; айла – ...; айна
33
алдындағы жаттығу – ...; айып алаңы – ...; айып добы – ...; ақтық
ойынға шығу – ...; ақтықсын ысқырығы – ...; аласа сөреден жүгіру – ...;
алға адымдау – ...; алға тоңқалаң асу – ...; алдап өту – ...; алма-кезек
адым – ...; алыс арақашықтыққа жүгіру – ...; арқамен алға жүгіру – ...;
«Сапқа тұр!» – ...; арнайы жаттығу – ...; арттан шалу – ...; «Жартылай
оңға – Бұрыл!» – ...; атақты қорғау – ...; аунап түсу – ...; қоссырық – ...;
«Санал!» – ...; ауырту соққысы – ... .
Жауаптары: «Кругом!», специальное упражнение, «Пол-
поворота напра-Во!», закаливание организма, финальный свисток,
победа с явным преимуществом, «На носках!», тактика, работа перед
зеркалом, брусья, штрафная площадка, переворот, «Становись!»,
выйти в финал, шаг вперед, кувырок вперед, защитить титул,
обводить, штрафной удар, попеременный шаг, бег на длинную
дистанцию, бег спиной вперед, «Рассчитайсь», бег с низкого старта,
подножка задняя, болевой удар.
10-тапсырма. Төмендегі сөздердің ішінен дене тәрбиесі және
спортқа қатысты терминдерді теріп жазыңыздар.
Жарыс, циркуль, жаттығу, антоним, жаттықтыру, арал, жүзу,
кегли, күрес, ермексаз, кілем, материк, қазандық, циклон, термин,
қақпа, кесте, қарсытәсіл, құрмалас сөйлем, қолкүрес, фразалық тіркес,
қосалқы ойыншы, омоним, қосарлы тосқауыл, қалам, қоссайыс
қосындысы, күрделенген сөйлем, мәнерлеп сырғанау, үшбұрыш,
мәретұғыр, түбек, мәре, сөзжасам, найза, фраза, нокдаун, мәтін,
онсайыс, офсайт, дыбыс, салауатты өмір салты, әліпби, самбошы.
11-тапсырма. Төмендегі кестеде орыс тілінде берілген
жұмбақтарды қазақша жауаптарымен байланыстырыңыздар.
жұмбақ
жауабы
Умный Ивашка, красная рубашка,
Где пройдет-коснется, там след остается.
сөмке мен оқулықтар
В черном небе
заяц белый
прыгал, бегал,
петли делал.
След за ним был тоже бел.
Кто же этот заяц?
мектеп
Новый дом несут в руке,
қарындаш
34
Дверцы дома на замке.
Тут жильцы бумажные,
Все ужасно важные.
Кулик не велик, сотне ребят велит:
То сядь да учись, то встань, разойдись.
бор
Стоит дом:
Кто в него войдет
Тот и ум
Приобретет.
қоңырау
Есть, друзья, такая птица:
Если сядет на страницу,
Очень рад бываю я,
А со мною вся семья.
екі
Есть совсем другая птица.
Если сядет на страницу,
То с поникшей головой
Возвращаюсь я домой.
бес
12-тапсырма. Төменде берілген терминдердің мағынасын
түсіндіріп, олармен сөйлем құраңыздар.
Жеңіл атлетика, көркем гимнастика, ауыратлетика залы, әлем
біріншілігі, Әлем чемпионы, Әуесқой бокс халықаралық федерациясының
(АИБА) Азия құрлықтық бюросы, баскетбол, бастапқы шаңғы
дайындығының бағыты, баттерфляй әдісімен жүзу, Боксшылардың
халықаралық ұйымы, Бүкіләлемдік футбол федерациясы, бірыңғай
спорттық форма, бірінші айналым, гимнастикалық көпсайыс.
Студенттердің өз бетімен орындайтын тапсырмалары
13-тапсырма. Төмендегі мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.
Өздеріңіздің апталық режимдеріңізді қысқаша баяндаңыздар.
Ой еңбегі және дене шынықтыру
Шаңғымен сейілдеп, жеңіл қол жұмысымен шұғылданғанда ой
қызметі үйлесімді болады. Ой еңбегімен айналысатын орта жастағы
дені сау адам аптасына ең кем дегенде 8-10 сағат уақытты дене
шынықтыру жаттығуларына бөлуі қажет. Шамамен, денеге түсетін
күшті мынадай етіп бөлген тиімді: демалыс күні – 2-3 сағат
(шаңғымен немесе жаяу туристік жорық жасау), аптаның орта
35
шенінде – 1-2 сағат (коньки, есу, велосипед тебу), күнделікті 10-
15 минут таңертеңгі гимнастика және 30-40 минут жүру (жұмысқа
барғанда және жұмыстан қайтқанда) керек. Денеге түсетін салмақты
осылай етіп бөлуді еңбек, демалыс, тамақтану режимімен сәйкес
жүргізгенде адамның көңіл күйі жақсарады, ой еңбегі барынша
жемісті болады.
14-тапсырма.
Төмендегі
мәтіннен
мағынасы
түсініксіз
сөздердің астын сызып, түсіндірме сөздіктен анықтамасымен
танысыңыздар. Мәтіннің мазмұнын орысша баяндаңыздар. Қарамен
жазылған сөздерді орыс тіліне аударыңыздар.
Білім – қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен
қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы
болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын күш тек білімде
ғана. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік
орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына
байланысты. ХХІ ғасыр деңгейінде білім беру және кәсіптік даярлау
жөніндегі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың
Қазақстан халқына 2007 жылғы 28 ақпандағы Жолдауында «Біз бүкіл
еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру
қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Әр оқушының білім мен
қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау
қажеттігін, оқу жоспарларына жаратылыстану бейініндегі арнаулы
сыныптар құруды қарастырған жөн» екендігі атап көрсетілген
болатын.
Жаңа ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық
технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің
басты нышаны болып табылады. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы
бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы,
өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы.
15-тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді тауып, бағандарды
толтырыңыздар.
Туынды зат есім
Негізгі зат есім
36
6-7-сабақ. Менің болашақ мамандығым
1-тапсырма. Төмендегі «Мамандығым – мақтанышым!» деген
тақырыпта жазылған шығармаларды оқып, өз мамандығыңыз жайында
ойларыңызды білдіріңіздер. Әр шығармаға жеке-жеке жоспар
құрыңыздар.
Мамандығым – мақтанышым!
І. Ұстаз – ең алдымен, оқушы үшін білім нәрін құюшы ізгілік
иесі, өмірлік тәжірибелерді үйретуші тәлімгер, адамгершілікке
баулитын тәрбиеші-психолог екені сөзсіз. Ұстаз – әрқашан
шәкірттеріне бүгінгі алған білімінің ертеңгі күні қажеттілігін сездіре
алатындай қасиеті бар, мектеп табалдырығын аттаған әрбір жас
өреннің болашақтағы көздеген мақсаттарына қол жеткізуіне бағыт
бере алатын үлкен тұлға. Иә, халқымыздың, ата-бабаларымыздың
ежелден келе жатқан өмірлік тәжірибесін, салт-дәстүрін, әдет-
ғұрыптарын, жақсы қасиеттерін, бүгінгі заманның озық жетістіктерін
жас ұрпақ ұстаз арқылы, оның айтқан тәлімді сөздері мен өнегелі
істері арқылы үйренеді. Ал, бұл міндет қашан да қиын әрі жауапты
екені белгілі.
Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың: «Ұстаз жан-жақты түсінігі
мол, қандай істі болса да тез шешіп, тұжырымдай алатын, ұшқыр
ойлы, көреген, батыл һәм шешен болуы керек. Және де ұстаз шындық
пен әділдіктің қажымас жақтаушысы, қайратты күрескері болуы тиіс», –
дейтін қанатты сөзі бар. Қай кезеңде де болсын, ұстаздық – ұлы
мамандық деп саналған. Ұстазға ақ тәж киген патша да, ақ киізге
көтерген хан да бас иіп, тағзым еткен. Батыстағы Аристотельден кейін
екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фараби, ал күллі Шығыс әлемін
өзінің данышпандылығымен таңғалдырған «Шығыс ұстазы» атанған
Сыма Цян сияқты әлемдегі ұстаздықтың ұлы үлгісін көрсеткен
тұлғалар аз емес.
Бүгін осы мамандықтың тізгінін ұстап, талайлардың талабы мен
талантын тасытып жүрген ұстаздар дүниенің әр бұрышында
адамзаттың сауатын ашып, рухани және материалдық құндылықтарды
мүмкіндігінше тиімді меңгерудің түрлі әдіс-тәсілдерін терең зерттеп,
теориялық талдаулар мен тәжірибелер жасап, зор табыстарға жетуде.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында
қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс
педагогика теориясы мен оқу-тәрбие жұмысында нақты өзгерістер
енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру
37
қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды саралауды,
шәкірттердің шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалімдердің
ғылыми бағытқа бет бұруын, іс-әрекетті жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды
талап етеді.
«Мұғалімдері қандай болса, қоғамы да сондай болмақ» деген
бұлжымас заңдылық ерте уақыттардың өзінде-ақ белгілі болған.
Осыдан келіп, білім беру мен ғылым қызметкерлерінің қазіргі кездегі
рөлі мен беделі еліміздің түрлі жиындарында ерекше атап көрсетіліп
жүр. Мұғалімінің еңбегін өзінің мәнділігі бойынша өзге еңбекпен
салыстыруға болмайды, өйткені ол еңбектің нәтижесі – адам... Ең
білгір, ең жауапты, ең негізгі болып табылатын сол мұғалімге отбасы
мен қоғам ең қымбаттысын, өз елінің азаматтарының тағдырын, оның
болашағын табыс еткен. Мұғалімдік қызмет әрбір оқушының,
жеткіншек ұрпақтың қоғам мен мемлекет тағдыры үшін жауап
беретіндігімен сипатталады...
Ұстаздың кәсіби шеберлігінің негізі, біріншіден, мұғалімнің
өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы; екіншіден, пәнді жетік
білуі, ойын оқушыларға толық жеткізу үшін жан-жақты қасиеттерді
сіңіруі; үшіншіден, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті
түрде меңгеруі тиіс. Ұстаз көп біліп қана қоймай, сол білгендерін
оқушыға бере білуі қажет.
Ұстаз шеберлігінің тағы бір ең басты қасиеті – әдеп. Әдеп –
мұғалімнің әрбір нақты іс үстінде тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс-
тәсілдерін қолданып, оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы.
Оқушылармен қарым-қатынас тұрғысынан қарағанда педагогикалық
әдеп мұғалімнің жан-жақтылығының, оның идеялық сенімінің, жүріс-
тұрыс мәдениетінің, мамандығына байланысты ізденіс жемістері қоры
жиынтығының айнасы болып есептелінеді. Әдепті ұстаз болмай
тұрып, шебер ұстаз болу мүмкін емес. Сонымен, ұзтаздық шеберлік –
тек қана мұғалімнің жалпы жан-жақты және әдістемелік сауаттылығы
ғана емес, ол – әр сөзді оқушыға жеткізе білуі, олардың толық
қабылдауын, толғанып бойға сіңіруін үйретуі. Ұстаз шәкірттің білім
алуға деген құлшынысын тудыра алмаса, оның ынтасы, пәнге деген
қызығушылығы артпайды. Өйткені мұғалім тақырыпты бастан-аяқ өзі
талдап, өзі түсіндіріп, оқушының ойлау қабілетін дамытпайды. Ал
қазіргі жаңа технологияға байланысты білім беруді оқушы өзі ізденіп,
өз білгенін жолдастарына жүйелі түрде жеткізе білсе, онда ұстаз
нәтижеге қол жеткізеді. Қазір ғылым мен техниканың дамыған кезі.
Алдымызда отырған шәкірттер – білімді қажет ететін шәкірттер. Олар
заман талабына сай қазіргі компьютер тілін жетік біледі, интернеттен
хабардар, барлық затты ажырата алатын дәрежеде. Сондықтан олар
38
мұғалімнен көп жаңалықтар күтеді. Мұғалімнің нақты, нық, дұрыс,
қысқа да нұсқа түсіндіргенін қажетсінеді.
Қай заманның болсын мұғалімі ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен
жалықпас, үйретуден балаға» дегеніндей, ұстаз деген киелі
мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кетсем де,
көңілдегі арман толастамай, толқу мен қуаныш қатар алмасып, мектеп
деген үлкен дарияда жүзіп келе жатқаным – өз мамандығымды шексіз
сүюден болар. Біріншіден – өз мамандығымды сүйдім, сол өз
мамандығымды сүю арқылы өз шәкірттерімнің жүрегіне жол тауып,
оларды өз ісіме сүйсіндіре білдім. Бұл мұғалім үшін зор бақыт, үлкен
қуаныш. Екіншіден, шеберлікпен, шығармашылықпен сабақ жүргізе
отырып, шәкірттерімнің ынта-жігерін билеп, өз ерік-қалауымен
білімге деген құштарлығын оятып, ұстаздықтың ұлы қасиетін, шын
мәніндегі үлкен абырой, бедел, білім күшінің иегері екенін оқушы
жүрегіне ұялаттым.
Жүсіпбек Аймауытов «Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі
болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көрсін» деген
екен. Олай болса, құрметті ұстаздар, өз мамандығымызды шексіз сүйе
отырып, әрбір ізденіс, әрбір қимыл тек балаға, баланың біліміне,
болашағына арналса ғана шәкірттеріміз сол білімді жоғары дәрежеде
көрсете алары күмәнсіз. Ұстаз сөзінің ұғымы мен үшін кең дүние.
Оның ең негізгі мәні – жақсылыққа тәрбиелеу, өмірде өзі де бақытты
болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуге үйрету дегенді білдіреді. Ұстаз
бен шәкірт сүйіспеншілігі – адам баласы қатынасының ең бір абзал әрі
мағыналы, мәнді түрі.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген халқымның артқан сенімін ақтау
жолында, бала бойына күніне түймедей болса да, жаңа бір білімді
сіңіртіп, бірақ осы аздау-ау, ертең тағы қандай жаңалық алғым келсе
екен деген ой мазалап, ертеңгі сабақ жоспарына тағы бір нәрсені
түртіп қоюына себеп бар болса, ұстаздың шығармашылығы сарқылмас.
Достарыңызбен бөлісу: |