6-тапсырма. Төмендегі ұлттық ойын атауларын жасалу жолына
қарай бағандарға бөліп орналастырыңыздар.
Тіркесу арқылы
Бірігу арқылы
Қосарлану арқылы
«Ақ серек, көк серек», «Беташар», «Соқыртеке», «Жаяу жарыс»,
«Ұшты-ұшты», «Тоғызқұмалақ», «Арқан тарту», «Жар-жар», «Ақсүйек»,
«Тепе-теңдік», «Тоқымқағар», «Сақина тастау», «Қыз қуу», «Теңге
алу», «Ауызша есеп», «Алтыбақан», «Қыз кәде», «Сиқырлы таяқ»,
«Қарамырза», «Мырыш-мырыш», «Көк сиыр», «Ақ байпақ», «Түйе-
түйе», «Жанды дөңгелек», «Тоспа доп», «Қарақұлақ», «Алакүшік».
7-тапсырма. Төмендегі ат спортына жататын ойындардың
мәнін түсіндіріп, өзара айырмашылықтарын айтыңыздар.
Бәйге, тай жарыс, құнан жарыс, дөнен жарыс, жорға жарыс.
8-тапсырма. Төмендегі ұлттық ойын түрлерін тиісті бағандарға
бөліп орналастырыңыздар.
Асық ойындары
Ат спортына жататын ойындар
Хан талапай, құмар, бәйге, теңге алу, бестас, атбақыл, тай
жарыс, көтеріспек, кетсін бір, құнан жарыс, хан, тас қала, қыз қуу,
асықты тігіп айнау, омпа, жорға жарыс, алшы ойыны, аударыспақ, ат
омыраулату.
9-тапсырма. Төмендегі ұлттық ойын атауларын айтылуы
бойынша жазыңыздар.
Үлгі: «Дойбы ойыны» – «Дойбұ ойұнұ»
«Дойбы ойыны», «Айгөлек», «Соқыртеке», «Жаяу жарыс», «Қап
киіп жарысу», «Доп тебу», «Ұшты-ұшты», «Тоғызқұмалақ», «Арқан
тарту», «Ақсүйек», «Тоқымқағар», «Білектесу», «Сақина тастау»,
«Қыз қуу», «Қай қолымда?», «Теңге алу», «Жасырынбақ», «Асық
ойындары», «Ауызша есеп».
80
Студенттердің өз бетімен орындайтын тапсырмалары
10-тапсырма. Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.
Кыз куу
Народная конно-спортивная игра,
проводится
на
скаковой
дорожке
ипподрома, дистанция 300-400 м. На
старте ставится два передвижных
флажка в 10 м друг от друга. У первого
флажка стартует девушка. Пересечение
линии флажков девушкой даёт право
джигиту догонять её. Для удобства
нужно подряд пропустить все пары в одну сторону, последовательно
одна за другой. Затем обратно в том же порядке, только наоборот –
девушке предоставляется право догонять джигита.
Содержание игры заключается в том, что в первом случае
джигит старается догнать девушку. Если ему удаётся это сделать, он
считается победителем и ему предоставляется право на скаку
поцеловать девушку. Если же девушке на обратном пути удаётся
догнать джигита, она считается победительницей и ей предоставляется
право бить камчой нерасторопного юношу.
11-тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді теріп жазыңыздар.
12-тапсырма. Төмендегі суреттерде қазақ халқының қандай
ұлттық ойындары бейнеленгенін табыңыздар. Олар жайында шағын
әңгіме құрастырыңыздар.
81
13-сабақ. Ұлттық ойындар мен өнердің тәрбиелік сипаты
1-тапсырма. Төмендегі мәтінді оқып, мазмұнын орысша
баяндаңыздар.
Ұлт ойындары – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен
бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.
Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың
заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын
баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық
қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. В.А.Сухомлинскийдің
сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және
болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық
терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен
ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз –
ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты». Міне,
ойын дегеніміз – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға
жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе,
ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.
(Сағындықов Е. «Қазақтың ұлттық ойындары» еңбегінен)
2-тапсырма. Мәтінен зат есім мен етістіктерді
теріп
жазыңыздар.
3-тапсырма. Ата-баба, бала, ойын, тұрмыс, ақыл-ой деген
сөздерді септеңіздер.
4-тапсырма. Жеткен, бітіретін, үйренсе, айтты, оят деген
сөздерді жіктеңіздер.
5-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана
отыра сөйлем құрастырыңыздар.
Қазақ халқының ұлттық ойындары, ынтымақ, береке-бірлік,
мықты, жігерлі, жауынгерлік рух, ұқыптылық, алғашқы адым, ақыл-
ой, тіл ұстарту, сөздік қор, ойлау қабілетті арттыру.
6-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне
аударыңыздар.
Ұлттық ойын, ежелгі мәдениет, атадан балаға, үлкеннен кішіге,
береке-бірлік, ынтымағы жарасу, материалдық мұра, мәдени қазына,
82
бала тәрбиесі, алғашқы қимыл әрекет, мақсатқа жету, адамгершілік
және эстетикалық тәрбие, мінез-құлықты қалыптастыру, ой-өрісті
жетілдіру, қарым-қатынас, адым, міндет.
7-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын орысша баяндаңыздар.
Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні
Қазақтың ұлттық ойындарының
қоғамдық және әлеуметтік маңызы аса
зор. Ұлттық ойындар қазақ халқының
ежелгі мәдениеті мен өнерінің де
ешкімнен кем болмағанын байқатады.
Қазақ халқы – ұлттық ойындарға бай
халық. Ұлттық ойындар атадан балаға,
үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып жатыр. Ата-бабаларымыз
ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне
ықпал етіп, олардың береке-бірлігі мен ынтымағын жарастырып
отырған. Шындығына келсек, өмір сүруімізде ұлттық ойындардың
атқаратын міндеті айрықша. Қазақ халқы материалдық мұралармен
қоса, мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі.
Қазақ халқы ежелден бала тәрбиесіне аса зор мән беріп, олардың
жауынгерлік рухта ержетуін ұқыптылықпен қадағалаған.
Жалпы баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл әрекеті
ойын арқылы басталады. Ойын – адамның өмірге қадам басардағы
алғашқы адымы. Сондықтан бала үшін ойынның мәні ерекше. Ойын
баланың негізгі іс-әрекетінің бір көрінісі болып табылады. Қазақ
халқының ұлы ойшылы А.Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер
бала бола ма?» – деп айтқандай, ойын бала өмірінде ерекше орын алады.
Ойынды көркемдік іс-әрекетінің алғашқы қадамы деп түсіндіреді.
Ойынға шартты түрде мақсаттар қойылады, ал сол мақсатқа жету
жолындағы іс-әрекет бала үшін қызықты. Ойын балаларға ақыл-ой,
адамгершілік және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі.
Балалар ойын барысында өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық
әрекет байқатады.
Ойын тәрбие құралы арқылы ақыл-ойды кеңейтеді, тілді
ұстартады, сөздік қорды байытады, жақсы ұғысады және өзінің
денсаулығын
нығайтады.
Халқымыз
ойынға
тек
балаларды
алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай,
олардың көзқарастарын, мінез-құлықтарын қалыптастыру құралы деп
те ерекше бағалаған. Ойынды сабақта қолдану оқушының ой-өрісін
83
жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп,
кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы деп білген. Бос уақытта әртүрлі
ойын ойнаған баланың денсаулығы үшін өте пайдалы. Жастардың
ұлттық сана-сезімінің дамуында қазақтың ұлттық ойындарының
алатын орны айрықша.
Ұлттық ойындар екі топқа бөлінеді: спорттық және ақыл-ойға
арналған ойындар. Спорттық ойындарға: қыз қуу, көкпар, ақсүйек,
арқан тартыс т.б. жатса, ақыл-ойға арналған ойындарға тоғызқұмалақ,
асық ойындары жатады. Ұлттық ойындарға мына ойын түрлері
жатады: «Тоғызқұмалақ», «Бәйге», «Асық», «Ақсүйек», «Арқан тарту»,
«Қыз қуу», «Көкпар», «Күміс алу», «Жамбы ату». Бұл ойындар
баланың еңбекке деген қарым-қатынасы мен ойлау қабілеттерін
арттырады және баланы шымыр да епті, зерек те алғыр, тапқыр да
парасатты болып өсуге тәрбиелейді. Ұлтымыздың асыл қазынасы
болған ұлттық ойындарымызды жоғалтып алмай, ұрпақтан-ұрпаққа
жетуін насихаттау, халқымыздың, баршамыздың міндетіміз деп білейік.
(Интернеттен)
Мәтін бойынша сөздік
мұра –
1) наследие, 2) наследство
қазына –
1)
богатство,
добро,
капитал,
обилие
материальных ценностей, денег
2) достояние культуры, литературы, музыки
(духовное богатство)
3) сокровище, клад
ұқыпты –
1) бережливый // бережливо, аккуратно
2) внимательный, тщательный
эстетикалық тәрбие – эстетическое воспитание
ізденімпаз –
пытливый, любознательный
тапқыр –
находчивый,
сметливый,
остроумный,
догадливый
шымыр –
крепыш, крепкий, плотный
епті –
1) ловкий, верткий, проворный // ловко,
проворно
2) умелый, искусный // умело, искусно
3) осторожный // осторожно
зерек –
понятливый, сообразительный, смышленный
алғыр –
1) хваткий, цепкий
2) перен. быстро схватывающий, хватающий
на лету, способный
84
3) перен. деятельный, предприимчивый,
энергичный
парасатты –
рассудительный, здравомыслящий человек
насихаттау –
пропагандировать
8-тапсырма. Төмендегі нақыл сөздердің мәнін түсіндіріп,
оларды жаттап алыңыздар.
1. Әйел – үйдегі ырысың,
Ұл – айбарлы қылышың.
Қыз – түздегі өрісің,
Келін – кеңейген тынысың. (Ескелді би)
2. Олақ – міншіл,
Қызғаныш – күншіл.
Сырғақ – сыншыл,
Бос сөз – былшыл. (Ескелді би)
3. Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі –
талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны –
арман, ең қымбаттысы – ар сақтау, бәрінен ардақтысы – өмір сүру,
соның ішінде ең тәттісі – сыйластық. (Төле би)
4. Саналы адам сағыңды сындырмас,
Санасыз адам жағыңды тындырмас. (Халық)
5. Сенбе ешкімге, тұрса да қанша мақтап,
Қор қылады, қулығын ішке сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Ақылың мен еңбегің екі жақтап. (Абай)
9-тапсырма. Қажетті сөздер мен сөздер тіркесін пайдалана
отырып мақал-мәтелдерді аяқтаңыздар.
1. Ауру қалса да, ... ... . 2. Әдет – әдет емес, жөн – ... . 3. Балаға
байқап сөйлессең, ... ... . 4. Аңдамай сөйлеген, ... ... . 5. Өлімнен ...
күшті. 6. «Сіз» деген әдеп, «Біз» деген ... . 7. Әзілің жарасса, ... ... .
8. Келінім, саған айтам, Қызым, сен ... . 9. Қызымның құлағына ... ... .
10. Ұлық болсаң, ... ... . 11. Қайтып кірер есікті ... жаппа. 12. Су ішкен
құдығыңа ... . 13. Тең теңімен, ... ... . 14. Қарағайға қарап тал өсер,
Қатарына қарап ... өсер. 15. Көре тұра айтпасаң, ... ...; Біле тұра
айтпасаң, Жетесіз дер.
85
Қажетті сөздер: әдет қалмайды, тезек қабымен, тыңда, әдет,
ақылыңа көнер, көмек, ұят, атаңмен ойна, кішік бол, қатты, түкірме,
бала, алтын сырға, ауырмай өлер, көргенсіз дер.
10-тапсырма. Төмендегі жаңылтпаштарды жылдам айтып
үйреніңіздер.
1. Сүт бетінде май бал қаймақ,
Ол қай бал май қаймақ?
Балдан тәтті бал майқаймақ.
2. Есет атам ет асатар,
Ет асатса, бес асатар.
3. Көгеріп көк өрік, көп өрік,
Ағашта тұр көк өрік көгеріп.
4. Атам томағаламаған бүркітті,
Мен томаламағанда кім томағалайды?
Студенттердің өз бетімен орындайтын тапсырмалары
11-тапсырма. Тәлім, тағлым, тәрбие туралы бес-алты мақал-
мәтел жазып, мағынасын түсіндіріңіздер.
12-тапсырма. Қазақ халқының ұлттық ойындары жайында
презентация әзірлеңіздер.
13-тапсырма.
Төмендегі
тақырыптардың
біріне
эссе
жазыңыздар.
1. «Тәрбие басы – тал бесік».
2. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің».
14-сабақ. Алтыбақан – қазақтың ежелгі ұлттық ойыны
1-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне
аударыңыздар.
Тымық кеш, айлы түн, орнату, жоғары жағы, қарама-қарсы,
тербетілу, жеңіл тақтай, ежелгі көшпелі ел, отырықшы халық,
тұрақты, жалғыз, қажетті, көпшілік, әріптес, лайықты орын.
86
2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын орысша баяндаңыздар.
Алтыбақан
Алтыбақан – қазақтың ежелгі
ұлттық ойыны. Тымық кеште, айлы
түнде, ауыл сыртында ойналады.
Алтыбақан құру үшін 6 бақан немесе
6 сырық, үш арқан керек. Бақандарды
үш-үштен бір басын буып, аралығын
үш-төрт метр етіп, мосы тәріздендіріп
орнатады да жоғары жағы сырықпен
жалғастырылады.
Бақандардың
жоғарғы ашаларына екеуі жоғарырақ,
бірі төмен етіліп үш арқан тартылады. Жоғарғы екеуі отыруға немесе
бел сүйеуге арналады, төменгі арқанға табан тіреледі. Қыз бен жігіт
қарама-қарсы орналасып, бел арқанның екі жақтауынан бекем ұстап,
үшінші адамның демеуімен тербетіледі. Тербелушілер қосылып ән
бастайды да оған тамашалаушылар қосылып, думандатып әкетеді.
Бел, табан арқандарының орнына соңғы кезде жеңіл тақтайлар
қолданылып жүр. Алтыбақан ойыны ежелгі көшпелі елдің бәріне кең
таралған. Отырықшы халықтарда ол әткеншек деп те аталады.
Алтыбақаннан айырмасы ол тұрақты орнатылады және жалғыз адамға
арналады. Алтыбақанның қажетті заттары – тез құрастырылып,
жиналатын үй мүліктері. Ойын көпшілікке арналған. Жастарды әріптес
таңдауға, ептілікке, тапқырлыққа, өнерлілікке бейімдейді. Алтыбақан
көріністері театр өнерінде халықтың ұлттық тұрмыс ерекшеліктерін
көрсету, сахнаны әсерлендіру тұрғысында да лайықты орын алды.
Мәтін бойынша сөздік
алтыбақан –
алтыбакан (название национальной игры на качелях)
әткеншек –
качели
тымық –
1) тишь, тишина // тихий (о погоде)
2) безветренный
бақан –
1) бакан (шест с развилкой, которым поднимают
кошму в верхнюю часть остова юрты)
2) дубина
сырық –
1) рогуля, длинный шест с развилкой (служащий
подпоркой для юрты во время сильного ветра)
2) спорт. шесть
87
арқан –
аркан, веревка (толстая), канат
мосы –
складные треноги, треножник
аша –
1) развилина
2) подпорка (с раздвоенным концом)
табан –
1) ступня, стопа, лапа
2) подошва
3) основание, фундамент
4) нижняя часть
жақтау –
1) держать чью-л. сторону, быть сторонником кого-
л., поддерживать кого-л.
2) рама, косяк и т.п.
тамашалаушы – тот, кто пришел на зрелище; зритель; слушатель;
принимающий участие в вечеринке (празднике и т.п.)
думан –
шумиха, веселье
тақтай –
доска, тес // дощатый, тесовый
отырықшы
оседлый
мүлік –
1) имущество, достояние, добро
2) оборудование, инвентарь; принадлежности
3-тапсырма. Жоғарыдағы мәтіннен етістіктерді теріп жазып
алыңыздар. Олардың екі-үшеуін жіктеңіздер.
4-тапсырма. Алтыбақан, арқан, әткеншек деген сөздерді
тәуелдеңіздер.
5-тапсырма. Орнату, лайықты, буу, жалғасу, тез, тамашалау,
епті, тапқырлық деген сөздердің синонимдік қатарын жазыңыздар.
6-тапсырма. Тымық, құру, жоғары, соңғы, жеңіл, ежелгі, кең,
жалғыз, тез, жастар деген сөздердің антонимін тауып жазыңыздар.
7-тапсырма. Төмендегі сөздердің орыс тіліндегі аудармасын
тауып, бағыт арқылы байланыстырыңыздар.
ұлттық ат спорт түрлері
судья национальной категории
ұлттық дәрежелі төреші
национальная сборная команда
ұлттық күрес түрлері
национальные виды конного спорта
ұлттық құрама команда
национальные виды борьбы
ұлттық құрама мүшесі
член национальной сборной
ұлттық рекорд
национальная спортивная федерация
ұлттық спорт федерациясы национальный рекорд
88
8-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөз тіркестерін жасап,
олармен сөйлем құрастырыңыздар.
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ойын-сауық, той-думан, жөн-жоралғы,
тәлім-тәрбие, үгіт-насихат, үлгі-өнеге, тұрмыс-тіршілік, қарым-қатынас,
ақыл-парасат, сый-құрмет, хал-жағдай, дос-жора, ағайын-туыс, алыс-
жақын, арман-тілек.
Студенттердің өз бетімен орындайтын тапсырмалары
9-тапсырма. Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» өлеңін
жаттап, әнге салып айтуға машықтаныңыздар.
10-тапсырма. Өз ұлтыңыздың екі-үш ойын түрінің ережесін
жазып келіңіздер.
11-тапсырма. «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында
шағын шығарма жазыңыздар.
89
МОДУЛЬ БОЙЫНША ПЫСЫҚТАУ
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1. Қазақ халқының ұлттық ойыны
а) ауыр атлетика
ә) бестас
б) бокс
в) жүзу
г) мәнерлеп сырғанау
2. Дене шынықтыру, спорт ойыны
а) «Бастаңғы»
ә) «Сақина тастау»
б) «Тоғызқұмалақ»
в) «Ақ серек, көк серек»
г) «Қай қолымда?»
3. Оймен келетін ойын
а) «Тоқымқағар»
ә) «Алтыбақан»
б) «Санамақ»
в) «Орамал тастау»
г) «Беташар»
4. Ойын-сауық, тұрмыс салт ойыны
а) «Жар-жар»
ә) «Айгөлек»
б) «Соқыртеке»
в) «Мысық пен тышқан»
г) «Қарғымақ»
5. Қосарлану арқылы жасалған ойын түрі
а) «Тоғызқұмалақ»
ә) «Тоқымқағар»
б) «Түйе-түйе»
в) «Қарамырза»
г) «Сиқырлы таяқ»
6. Бірігу арқылы жасалған ойын түрі
а) «Мырыш-мырыш»
ә) «Жаяу жарыс»
90
б) «Ақ байпақ»
в) «Жар-жар»
г) «Соқыртеке»
7. Тіркесу арқылы жасалған ойын түрі
а) «Ұшты-ұшты»
ә) «Ақсүйек»
б) «Тепе-теңдік»
в) «Көк сиыр»
г) «Алтыбақан»
8. Асық ойыны
а) қыз қуу
ә) омпа
б) аударыспақ
в) құнан жарыс
г) бәйге
9. Ат спортына жататын ойын
а) аударыспақ
ә) көтеріспек
б) хан талапай
в) бестас
г) алшы ойыны
10. «Санамақ» ойынының орысша атауы
а) заездка
ә) считалки
б) шашки
в) дерби
г) берейтор
11. «Шымыр» сөзінің орысша аудармасы
а) находчивый
ә) крепкий
б) любознательный
в) хваткий
г) ловкий
12. «Орнату» сөзінің синонимі
а) тұрғызу
91
ә) бұзу
б) қалау
в) құрастыру
г) құру
13. «Ежелгі» сөзінің антонимі
а) кешегі
ә) бастапқы
б) қазіргі
в) байырғы
г) көне
14. «Тез» сөзінің синонимі
а) жылдам
ә) ақырын
б) баяу
в) таяз
г) тежеу
15. «Әткеншек» сөзінің аудармасы
а) качели
ә) треножник
б) подпорка
в) рама
г) тес
92
4-МОДУЛЬ. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ –
ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ
МАҢЫЗДЫ ФАКТОР
15-сабақ. Салауатты өмір салтының маңызды
себепкері – дене шынықтыру
1-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне
аударыңыздар.
Әлеуметтік-экономикалық жағдай, экологиялық қолайсыздық,
өскелең ұрпақ, кері әсер, ұзақ мерзімді, басымдық, айрықша, көңіл
бөлу, жалпы білім беретін орта мектеп, салауатты өмір салты, мұрат
тұту, басты талап, жас ұрпақ, білік, парасат-пайымы, адамгершілік
және мәдениеттілік құзыреттіліктер, жандандыру, күн тәртібі,
денсаулық кепілі, қадір, меңзеу.
2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын орысша баяндаңыздар.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру – денсаулық кепілі
Қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдай мен экологиялық
қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе
өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Осы ретте,
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» бағдарламасындағы
ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – «Мемлекетіміздегі азаматтарының
денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты тармағында» және кезекті
Жолдауында дене шынықтыру мен спортты дамытуға айрықша көңіл
бөлу қажеттілігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған
егеменді еліміз осы бағытта жалпы білім беретін орта мектепте жан-
жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат
тұтқан жеке тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.
Егемен елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақ десек, олардың білімді
де білікті, жоғары мәдениетті, парасат-пайымы мол, сапалы азамат
болып жетілуі тәлім-тәрбие беретін ұстазға, ата-анаға, өскен ортасына
байланысты. Сондықтан да білім саласын қазіргі заманның ұрпағын
тәрбиелеуші орта ретінде оқушылардың бойына арнайы адамгершілік
және мәдениеттілік құзыреттіліктерін қалыптастыру мен жандандыру
– күн тәртібіндегі басты мәселе. Азаматтың дені сау болуы салауатты
өмір сүруді қалыптастырумен тікелей байланысты, яғни салауатты
өмір салтын қалыптастыру – денсаулық кепілі.
93
А.Байтұрсынұлы «Тәні саудың – жаны сау» екенін айта отырып,
«Ең әуелі бәрінен бұрын тазалықтың қадірін біл. Тән саулығының
тамыры – тазалықта, жан саулығының тамыры – саулықта», – деп
денсаулықты
сақтаудың
маңызды
жолын
меңзейді.
Себебі,
денсаулықтың кепілі – тән мен ардың тазалығы. Ол саулықтың
іргетасын қалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |