Ертегілерде оқиғасы өмірде сирек кездесетін не болмаса адамның қиялынан туған, өмірде мүлдем кездеспейтін оқиғалар баяндалады. Ертегілер көбінесе қарасөз



бет20/22
Дата07.01.2022
өлшемі69,79 Kb.
#17146
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Қазыбек бидің шешендік сөздері бата, тілек түрінде де келеді. Мысалы,

 

Өркенім өссін десең, кекшіл болма, кесепаты тиер еліңе.

 

Елім өссін десең, өршіл болма, өскеніңді өшіресің.

 

Басына іс түскен пақырға қастық қылма, қайғысы көшер

 

басыңа.

 

Бүгін сағы сынды деп, жақыныңды басынба!

 

Қазыбек бидің сөздері мақал-мәтелге де айналып кеткен. Мысалы, «Бір қолың ұрысшы болса, екінші қолың арашашы болсын», «Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос», «Жауға сілтер қаруыңды жақыныңа сілтеме»



 

Қазақ халқының әйгілі де айбарлы билерінің бірі Әйтеке Бәйбекұлы 1644 – 1700 жылдары өмір сүрген. Әйтеке деген есіммен ел арасына танымал болған бидің шын аты – Айтық. Әйтеке би Тәуке ханның тұсында өмір сүріп, қазақ жұртының бір орталыққа бағынып, іргелі ел болуына ісімен де сөзімен де зор үлес қосқан. Әйтекенің ел мүддесін көздеп сөйлейтін, халықтың қамын ойлайтын ерекше қасиеті «Қасқакөл дауында» жан-жақты танылады. Оның дәлелі – Орманбет биге айтқан: «Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң, жауға найзаң тисін. Бай болып елге пайдаң тимесе, батыр болып жауға найзаң тимесе, елден бөтен үйің күйсін» деген сөздері. Әйтеке би өзінің шешендік сөздері арқылы өмірдің өтпелі екендігін баса көрсеткен. Мысалы,

 

Суалмайтын суат жоқ,

 

Тартылмайтын бұлақ жоқ.

 

Құйрығы суда тұрса да

 

Қурамайтын құрақ жоқ.

 

Дүние деген фәни бұл

 

Баласы жоқта мият жоқ.

 

Бәрінен қиын сол екен

Артында қалған шырақ жоқ!

 

Сондай-ақ Әйтеке би сөздері адамгершілік ұғымын насихаттауға да арналған:



 

Ашу деген – ағын су

 

Алдын ашсаң арқырар.

 

Ақыл деген – дария

 

Алдын тоссаң тоқырар.

 

Кісі бірге туыспау керек.

 

Туысқан соң сөз қуыспау керек.

 

Сөз қуған пәлеге жолығады,

 

Жол қуған олжаға жолығады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет