Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016



Pdf көрінісі
бет18/27
Дата14.02.2017
өлшемі3,31 Mb.
#4097
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Guilford  J.P.  Cognitive  Psychology's  Ambiguities:  Some  Suggested  Remedies.// 
Psychological Review – 1982. – 48-59 p. 
2
 
Torrance E.P. Teaching creative and gifted learners // Handbook of research on teaching // 
WittrockM.C. (ed). N.Y. – 1986. – 124 p. 
3
 
МаслоуА.Ф. Самоактуализирующаяся личность. – Москва, 1968. – 168 с. 
4
 
Роджерс Д.Д. Творчество как усилие //Вопросы психологии. – 1990. - №1.- С.32-34 
5
 
Туник  Е.Е.  Психодиагностика  творческого  мышления.  Креативные  тесты.  –  Санкт-
Петербург, 1997. – 20с. 
 
 
 
 
 
 

 
172 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  данной  статье  рассмотрены  особенности  влияния  изучения  иностранного  языка  на 
развитие  креативности  студентов  неязыковых  специальностей.  Особое  внимание  уделено 
экспериментально-диагностическому  исследованию  по  выявлению  уровней  креативности 
студентов и разработке коррекционной программы по развитию креативности. 
 
RESUME 
 
In  this  article  the  peculiarities  of  foreign  language  learning  influence  on  the  development  of 
students’  creativity  of  non-languages  specialties  are  reviewed.  The  special  attention  is  paid  to  an 
experimental  diagnostic  testing  on  students’  creativity  levels  identification  and  to  the  development  of 
creativity correctional program. 
 

 
173 
ӘОЖ 316.46:331.108.4 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.Ш. Танирбергенова  
«Тұран-Астана» 
университеті, 
пед. ғыл. канд., доцент 
 
Ә.Ә. Оспанова  
«Тұран-Астана» 
университеті, 
магистрант 
Жастардың 
бойында лидерлік 
қасиетті дамыту 
жолдары 
 
Аннотация 
Мақалада 
Қазақстан 
Республикасының 
Тұңғыш  Президенті  –  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевты 
үлгі  тұта  отырып,  оқушы  жастардың  бойында 
лидерлік 
қасиетті 
тәрбиелеудегі 
Қазақстан 
Республикасы  Тұңғыш  Президенті  Музейінің 
тәжірибесі баяндалған.  
Түйін  сөздер:  жастар  саясаты,  лидер, 
лидерлік. 
 
 
Қоғамдағы  жастар  саясатының  орны  мен 
рөлі  туралы  мәселе  соңғы  уақытта  ерекше 
маңызға ие.  
Қазіргі  заманғы  қоғамда  болып  жатқан 
үдерістерге 
жастардың 
қызығушылығының 
өсуінің,  жастар  ұйымының  маңызды  мәселелерді 
шешудегі  қызметінің  артуының  және  әлеуметтік 
маңызды  шешімдерді  қабылдау  процесінде 
олардың 
рөлдерінің 
күшеюінің 
бірнеше 
себептерін атап өтуге болады:  
Біріншіден, 
бұл 
кезде 
олардың 
дүниетанымының, тұлғалық құнды қасиеттерінің, 
әлеуметтік  ортамен  өзара  әрекет  қағидаларының, 
өмірлік  мақсаттары  мен  оған  жету  әрекеттерін 
таңдауының қалыптасу кезеңі болып табылады.  
Екіншіден,  қазіргі  уақытта  мемлекеттің 
әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі 
ретінде жастар саясатын дамыту мәселесіне үлкен 
көңіл бөлінеді.  
Бұл  туралы  Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев 
өзінің  «Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыруы: 
Жалпыға  бірдей  еңбек  қоғамына  жиырма  қадам» 
баяндамасында: Менің назарымдағы басты мәселе 
–  әр  қазақстандыққа  қамқорлық  көрсету...  Әрбір 
адам,  соның  ішінде,  әсіресе,  жастар  белгілі  бір 
кәсіптік 
саладан 
өз 
болашағын 
көргісі 
келетіндігін  мойындау  қажет.  Бұл  –  өте  қалыпты 
жағдай.  Өйткені  адам  өзінің  қайда  бет  алған-
дығын анық көрген кезде ғана биікке қарай күш-
жігермен  ұмтылады.  Басты  бағыт  –  жас 
қазақстандықтарды  дербес  өмірге,  бастамашыл 
еңбекке  бейімдеудің  тиімді  жүйесін  құру. 
Мемлекет  әрбір  жас  адамның  өз  еліне  міндетті 
түрде қажет болуы үшін бәрін де жасайды», - деп 
атап көрсетеді [1].  
 
 

 
174 
Қазақстан  Республикасында  бiлiм  берудi  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттiк  бағдарламасында  ұйымдастырушылық  қабiлетi  мен  көшбасшылық  қасиетi 
бар студенттер арасынан белсендi жастарды, сондай-ақ әлеуметтiк жобаларды iске асыру 
аясында жастар ұйымдарының жетекшiлерiн дaяpлaу көздeлу қарастырылған [2].  
Осыған  орай  еліміздің  жастар  саясаты  келесі  басым  бағыттар  бойынша  жүзеге 
асырылып жатқандығын атап өтуге болады: 
–  жастарды  мемлекет  пен  қоғамның  әлеуметтік,  экономикалық,  саяси  және  мәдени 
өміріне кеңінен араластыру; 
– жастарды рухани және дене сауаттылығын дамыту; 
– адамгершілік және отансүйгіштік рухта тәрбиелеу; 
–  қабілетті,  бастамашыл  және  дарынды  жастарды  қолдау,  жас  азаматтардың 
шығармашылық  және  инновациялық  әлеуетін  қоғам  мен  мемлекетті  дамыту  жолында 
жүзеге асыру; 
–  жас  мамандарды  мемлекеттік  тұрғыдан  қолдау  («Дипломмен  –  ауылға» 
бағдарламасы); 
– жастар және балалардың қоғамдық бірлестіктерін дамыту мен қолдау.  
Бұл тұрғыда Елбасымыздың бастамасымен 2011 жылдың 11 ақпанында өткен «Нұр 
Отан» ХДП-тың XIII  съезінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның жас азаматтарының 
басын  біріктіретін  «Жас  Ұлан»  бірыңғай  қозғалысы  және  «Жас  Қыран»  балалар 
ұйымдарының  жаңа  жүйесін  құру  керектігін  атап  өткен  болатын  [3].  Осыған  орай, 
«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» құрылып, жұмыс істеуде.  
Әсіресе,  жастардың  азаматтық-патриоттық  тәрбиесі  мен  саяси  мәдениеті,  лидерлік 
қасиетін  дамытуға  бағытталған  көптеген  әртүрлі  мемлекеттік  бағдарламалар  жүзеге 
асырылуда.  
Тақырыпқа бойламас бұрын, лидерлік деген сөздің мәнін ашып алсақ.  
Джек  Уэлч
  және 
Сюзи  Уэлч
  «Қазіргі  заманғы  бизнес  туралы  74  шешуші  сұрақ» 
кітабында  адамдағы  лидерліктің  бес  негізгі  қасиетін  көрсетеді.  Олар  біріншіден,  жақсы-
жаман уақытта да оң көзқараспен алға қарай басу. Екіншіден, өзінің жақсы энергиясымен 
басқаларды басқара білу. Үшіншіден, қиын жағдайда «мүмкін» деген жауаптан көрі, «иә» 
немесе  «жоқ»  деп  айтып,  шешім  қабылдай  білу.  Төртіншіден,  жоспарланған  жұмысты 
әрдайым  орындай  білу.  Бесіншіден,  өз  жұмысына  бар  күш-жігерін  салып,  алдына 
қойылған мақсатқа ұмтылуы [4, 56 б.].  
Осы  бағытта  жалғастырсақ,  лидердің  әрқашанда  сөзі  анық,  сөз  саптау  мәнері 
айшықты,  әсерлі  және  айтар  ойының  маңызды  және  сондай-ақ  өмірдің  өзекті  жағымен 
байланысты идеясы бар сөзі ойға қонымды ақылға сиымды әрі шешендік қабілеті болуы 
керек.  
Саяси  лидерлікті  зерделеу  бүгінгі  күні  саяси  үрдістерді  талдау  үшін  өзекті 
мәселелердің  бірі.  Қазақстан  үшін  лидерлікке  арналған  әлеуметтік  зерттеулер  жаңалық 
емес.  Яғни  лидерлік  теориясы,  лидердің  топ  ішіндегі,  топтар  арасындағы  қарым-
қатынастағы рөлі көптеген ғылыми еңбектердің негізгі арқауы болған.  
Бұл  тұрғыда  Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  –  Елбасы  Н.Ә. 
Назарбаевтың  тұлғасына  деген  қызығушылық  күн  өткен  сайын  арта  түсуде.  Кез  келген 
ұлттың  тарихын  ұлы  ойшылдар  мен  жеке  тұлғаларсыз  көзге  елестету  мүмкін  емес. 
Елбасымыз  –  қазақ  халқының  қазіргі  тарихи  көшін  бастап  келе  жатқан  дарабозы,  қазақ 
ұлтының бірден-бір жанашыры. Оның тұлғалық қасиеттері де ерекше тілге тиек болады. 
Мысалы,  Ұлыбританияның  бұрынғы  Премьер-министрі  Нұрсұлтан  Әбішұлын 
халықаралық саясаттағы ең беделді, ықпалы мол саясаткер ретінде бағалап, былай дейді: 
«Қазір  әлемде  бес-алты  беделді,  ықпалы  мол  саясаткерлер  бар,  соның  бірі  – 
Н.Ә.Назарбаев. Мен ол кісіге өте сенемін және Қазақстандағы істегендерімен келісемін» 
деген  екен  [5].  Оған  куә  2015  жылы  өткен  Қазақстан  Республикасының  Президент 
сайлауында Елбасымызға Қазақстан халқының 95,5 пайыз дауыс беруі.  

 
175 
Оноре де Бальзактың «Бір ержүрек адамның жетістігі тұтас бір буынды ерлік істерге 
құлшындырады»  деген  нақыл  сөзінде  айтылғандай,  әрбір  замандағы  ұрпақ  бойына  сан 
түрлі  ерекше  қасиеттерді  тоғыстырған,  кемеңгер  тұлғаларды  әрдайым  өзіне  үлгі  еткен. 
Әсіресе  «...білімді  мыңды  жығатынын»  түсінген  қазіргі  ХХІ  ғасырда  адамдардың  өз 
ұрпағының  бойында  білігі  мен  білімі  ұштасқан  көшбасшылық  қасиетті  дамытуға 
ұмтылары сөзсіз.  
Н.Ә.  Назарбаевтың  өзі  де  «Қазақстан  жолы»  еңбегінде  үшін  үлгі  болған  бірқатар 
тарихи тұлғаларды атап өтеді: «Міне сондықтан біздің мемлекетті құруға кіріскенде, мен 
олар  бастан  өткерген  табыстар  мен  сәтсіздіктерді  білу  үшін  көптеген  мемлекеттердің 
негізін салушы тұлғалардың өмірбаянына көңіл қойып таныстым. Өз елдерінің тарихында 
аса  көрнекті  тарихи  рөл  атқарған  тұлғалар  өнегесі  жетерлік.  Олар  Түркияның  тұңғыш 
Президенті  Кемал  Ататүрік,  американдық  31-ші  Президент  Франклин  Делано  Рузвельт, 
«қытайлық реформалардың әкесі» Дэн Сяопин, Малайзияның бұрынғы Премьер-министрі 
Махатхир  Мохаммад  –  бұл  қатарды  әрі  қарай  жалғастыра  беруге  болады.  Бірақ  мен 
мемлекеттердің  негізін  салушы  болып  табылатын  және  мен  үшін  жеке  басының 
өнегесімен үлгіге айналған аса көрнекті екі қайраткерді ерекше атап айтқым келеді. Ол – 
әлдеқашан өмірден өткен Франция Президенті Шарль де Голль, сондай-ақ қазір де күйлі-
қуатты өмір сүріп жүріп жатқан Сингапурдың негізін салушы Ли Куан Ю [6, 10 б.]. 
Қазақта «сегіз қырлы, бір сырлы» деген ұлағатты сөз бар. Бұл сөз – біздің дара туған, 
тұлғалық  қасиеті  биік  ұлдары  мен  қыздарына  беретін  бағасы.  Елбасымыздың  өткен 
балалық шағынан бүгінгі жеткен дәрежесіне дейінгі өмірінің болмысын толық зерттесек, 
тұлғаның қалыптасу заңдылығын байқаймыз.  
Халыққа  деген  құрметін  Мемлекет  басшысының  «Мен  өз  халқымның  жолында» 
басымды  бәйгеге  тіккен  адаммын»  деген  сөзінен  байқауға  болады  [7].  Лидердің  рөлі 
көбінесе  дағдарыс  жағдайында  байқалады.  Мұндай  кезде  қандай  қиындықтан  болсын 
жауапкершілікті  өз  мойнына  алып  шешуі,  қандай  мәселені  шешкенде  болсын  бірінші 
халықтың мүддесін қорғауы оған деген үлкен сенімді арттырады.  
Ендеше, қазіргі қоғамымызда мектептің алында тұрған маңызды мәселелердің бірі – 
Елбасымызды  үлгі  ете  отырып,  болашақ  ұрпақтың  бойында  лидерлік  қасиеттің 
қалыптасуына ықпал ету. Оқушы бойында лидерлік қасиеттің қалыптасып дамуына оның 
өмірінде  болатын  оқиғалар  мен  шаралар  үлкен  ықпалын  тигізетіні  белгілі.  Ендеше, 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Елбасымыз  жұмыс  істеп,  ел  тарихында 
маңызды шешімдер қабылданған тарихи ғимаратта өтетін шараларда да оқушы бойында 
лидерлік қасиеттің дамуына бағыт-бағдар береді.  
Осыған орай Музей ұжымы 2009 жылдан бері «Отбасында, мектепте және басқа де 
әлеуметтік  институттарда  лидерлік  қасиеттің қалыптасуына  әсер  ететін факторлар»  атты 
ғылыми  жоба  негізінде  жұмыс  істеп  келеді.  Жоба  аясында  қала  мектептерінің 
мұғалімдерінен ғылыми экспедиция жасақталып, Елбасымыздың «кіші» Отанына зерттеу 
жұмыстарымен барып қайтты, нәтижесінде бірқатар семинарлар, сабақтар өткізілді.  
Ғылыми  жобаның  бүгінгі  таңдағы  өзектілігін  ескере  отырып,  элективті  курс 
ұйымдастырылып, оған мектептің өзіндік басқару ұйымдарының Президенттері мен «Жас 
Отан»  жастар  қанатының  белсенді  мүшелері,  жалпы  білім  беретін  мектептердің  10 
сыныптағы белсенді оқушылары қатысып келеді.  
Курсты  оқыту  барысында  ұжымдық,  топтық,  жеке,  зерттеу  және  жобалау  әдістері 
психологиялық  жаттығулар  қолдану  барысында  оқушының  теориялық  білімі  мен 
коммуникативті, ақпараттық, проблеманы шеше білу құзыреттілігін дамытуға негізделді.  
«Лидер болып туа ма, әлде қалыптаса ма» деген сұрақ кейбір адамдар үшін сабақта 
немесе басқа уақытта талқылау үшін теориялық жағынан жақсы тақырып. Жауабы қандай 
болуы  мүмкін?  Бұның  нақты,  дәл  жауабы  жоқ.  Шын  мәнінде,  лидерліктің  кейбір 
қасиеттері туа бітеді. Басқа жағынан алғанда, оқу мен жүйелі түрде жұмыс істеу арқылы 
лидерлік қасиетті дамытуға болады. Ал 18 сағаттан тұратын сабақ барысында оқушылар 

 
176 
лидер  ұғымын  «сегіз  қырлы  бір  сырлы  адам»  ретінде  қарастырып,  лидерлік  қасиеттің 
қалыптасуы  мен  дамуына  әсер  ететін  факторлар  ретінде  отбасы,  қоршаған  орта,  мектеп, 
табиғат,  ұлттық  тәрбиенің  рөлдерін  талқылады.  Курстың  тағы  бір  ұтымды  тұсы, 
қорытынды  сабаққа  қатысып,  ой  бөліскен  Қазақстан  Республикасы  Парламенті 
Мәжілісінің  депутаты  Майра  Арапқызы  Айсина  оқушыларды  Парламенттің  Мәжіліс 
залымен танысып қайтуға шақырды.  
Сонымен  қатар,  курс  аясында  қатысушылар  үшін  белгілі  актер,  әнші  әрі  сазгер, 
«Балалық шағымның аспаны», «Елбасы жолы», «Тығырықтан жол тапқан» фильмдерінде 
басты  рөл  –  Президентіміз  Нұрсұлтан  Әбішұлының  тұлғасын  сомдаған  Нұрлан 
Әлімжанмен  кездесу  ұйымдастырылды.  Кездесу  барысында  Нұрлан  Баянғалиұлы  өзінің 
ойнаған  рөлдері  туралы  әсерлерімен  бөлісе  отырып,  Мемлекет  басшысы  болу  оңай 
еместігін,  металлургтердің  ауыр  еңбегі  мен  мұндай  мамандықты  меңгеру  үшін  қандай 
қасиетке ие болу керектігін әңгімелеп берді.  
«Жастардың  бойында  лидерлік  қасиетті  дамытудағы  әлеуметтік  институттардың 
рөлі»  ғылыми  жобасының  қорытындысын  шығарған  «Лидер  болу  –  уақыт  талабы  атты 
ғылыми-тәжірибелік  конференцияға  Қазақстан  Республикасы  Парламенті  Мәжілісінің 
депутаттары,  ғылым  және  педагогикалық  қауымдастықтың,  мемлекеттік  емес  ұйымдар 
мен білім мекемелерінің өкілдері қатысты. 
Конференция  жұмысы  барысында  тарихтағы  тұлғаның  рөлі,  Қазақстан 
Республикасы  Тұңғыш  Президенті  –  Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  лидерлігінің  феномені, 
Елбасының  білім  саласындағы  бастамалары  туралы  мәселелер  талқыланды.  Әлеуметтік 
ортаның  тұлғаның  қалыптасуына  ықпалы,  көшбасшылық  феноменді  зерттеу  мақсаты 
аясында  жүзеге  асып  жатқан  «Отбасында,  мектепте  және  басқа  да  әлеуметтік 
институттарда  лидерлік  қасиеттердің  қалыптасуы»  ғылыми  жобасының  нәтижелері 
туралы айтылды [8]. 
Іс-шараның  тәжірибелік  бөлімінде  курсқа  қатысушылар  жастарға  үндеу  жолдап, 
онда  еліміздің  болашағын  қай  салада  болмасын,  дамытуға  әрдайым  дайын  екендіктерін 
атады. Сонымен қатар, балалар өздерінің бойында лидерлік қасиетті дамытудағы отбасы, 
мектеп,  мұғалімдері  мен  сыныптастарының  рөлдері  туралы  өз  ойларымен  бөлісті. 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне «Алға, Қазақстан!» флешмобын 
сыйға тартты  
Лидерге  тән  қасиет  шешен  сөйлей  білу  мен  логикалық  ойлау,  тапқырлық  десек, 
Музейдің Білім беру бағдарламасының аясында  «Ақиқат» пікірталас клубының құрылуы 
өте маңызды. Пікірталас клубының негізгі мақсаты тәуелсіз Қазақстан тарихындағы өзекті 
мәселелерді  талдау  арқылы  жастардың  сыни  тұрғыдан  ойлау  дағдысы  мен  қойылған 
мәселені өз бетінше шешіп, ақиқатқа жетуге баулу болып табылады. Осы мақсатта Музей 
қабырғасында клубтың ашылу рәсімі өтіп, онда №№ 4, 51, 53 мектептердің ұстаздары мен 
оқушылары  «Оқушының  бойында  лидерлік қасиетті  қалыптастыруға  мұғалімнің  ықпалы 
бар/жоқ» тақырыбында пікірсайыс өткізді. Пікірсайыс барысында екі топ та лидер сөзінің 
мағынасын  аша  отырып,  оның  тұлға  бойында  қалыптасып,  дамуындағы  ұстаздың  рөлін 
анықтады.  Сонымен  қатар  клуб  жұмысының  негізінде  пікірсайыс  әдісіне  құрылған 
бірқатар сабақтар өткізілді.  
Ал жыл сайын клуб өз жұмысында Музейдің ауыспалы кубогіне оқушылар арасында 
қалалық пікірсайыс турнирін өткізіп, қатысушылар пікірсайыс барысында елімізде болып 
жатқан өзекті  мәселелерді  талқылап, өзіндік шешу жолдарын ұсынады. Резолюцияларды 
қарастыру  кезінде  оқушылар  өздерінің  жан-жақты  ізденісі  мен  шешендік  өнерлерін 
көрсетіп  келеді.  Екі  күнге  созылатын  пікірсайыс  турнирі  білімділер  мен  шешендердің 
тартысқа  толы  пікірлерімен  басталып,  бір  мектеп  оқушыларының  толықтай  жеңісімен 
аяқталады.  Жалпы  алғанда,  турнир  оқушылардың  түрлі  идеялар  мен  оқиғаларға  талдау 
жасап,  негізделген  түйіндер  жасауына,  жалпы  адамзаттық  және  ұлттық  құндылықтарға, 
түрлі мәдениетке, дәстүрге құрметпен қарауына жол салды.  

 
177 
Қорыта  келгенде,  ғылыми  жоба  аясында  өткізілген  әрбір  шара  оқушыларды  келесі 
құзыреттіліктерді қалыптастыру және оны дамытуға ықпал етуге мүмкіндік жасайды: 
– интеллектуалдық қабілеттерін дамыту; 
–  сыни  тұрғыдан  ойлауды  қалыптастыру,  құбылыстар  арасындағы  логикалық 
байланысты орнату дағдысы
– түрлі дерек көздерінен материалдар жинап талдау; 
–  қойылған  проблемаға  жаңаша  көзқараспен  қарай  білу,  оны  шешу  үшін  дәстүрлі 
емес амалдарды қолдануға, жаңаны көре білу
–  әріптесін  тыңдау  және  тыңдай  білу  білігі  мен  түрлі  көзқарастарға,  пікірлерге 
шыдамдылық, толеранттылық таныту; 
– топта жұмыс істей білу білігі; 
– көпшілік алдында сөйлей білу дағдысы мен өз-өзіне сенімділік; 
–  өз  білімін  қоғамдық  өмірде  қолдана  білуге  ұмтылыс,  қандай  да  бір  проблеманы 
шеше білу. 
Ал  бұл  құзыреттіліктердің  барлығы  бәсекеге  қабілетті  кез  келген  елдің  болашақ 
лидерінің бойынан табылуы тиіс.  
Ғылыми  жобаның  өзектілігін  ескере  отырып,  Тұңғыш  Президент  Музейі  «Тұлғаны 
лидерлік  қасиет  пен  кәсібилікке  тәрбиелеудегі  әлеуметтік  институттардың  рөлі» 
тақырыбында  ғылыми  жобасын  жалғастыруды  анықтады.  Себебі  көпшіліктің  ойында 
қашанда  маңызды  бір  сұрақ  бар.  Ол  «Нұрсұлтан  Назарбаевтың  табысының  кілті  неде?». 
Біздің Елбасымыздың құпиясы қарапайым: бұл жұмысты өз бетімен жібермей, алдын ала 
көре білу, оны басқару, оған жаңаша тыныс, серпін беру.  
Қорыта  келгенде,  Қазақстанның  Тұңғыш  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  –  тек 
қазақстандықтар  ғана  емес,  дүниежүзіндегі  барлық  елдердің тұрғындары  мойындаған  ірі 
Көшбасшы. 
Олай болса, Елбасымыздың жасампаздық саясатын жалғастыратын ұрпақ тәрбиелеу 
қашанда басты назарда болуы тиіс.  
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Назарбаев  Н.Ә.  «Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыруы:  Жалпыға  бірдей  еңбек 
қоғамына жиырма қадам» баяндамасы // Егемен Қазақстан. - 2012. -10 шілде. 
2
 
Қазақстан  Республикасында  білімді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 
Мемлекеттік  бағдарламасы  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2010  жылғы  7 
желтоқсандағы № 1118 Жарлығы.  
3
 
Назарбаев  Н.Ә.  «Нұр  Отан»  ХДП-тың  XIII  съезінде  сөйлеген  сөзінен  //  Егемен 
Қазақстан. - 2011. - 11 ақпан. 
4
 
Джек Уэлч
  и 
Сюзи Уэлч
.  Қазіргі  заманғы  бизнес  туралы  74  шешуші  сұрақ.  –  2007.  -  
56 б. 
5
 
Портретке штрихтар // Егемен Қазақстан. - 2010. - 12 наурыз. 
6
 
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. – Астана, 2007. – 10 б. 
7
 
Назарбаев Н.Ә. Өзекжарды ойлар. – Алматы: Мектеп, 2013. – 37 б.  
8
 
Қазбекова  Р.Ұ.,  Оспанова  Ә.Ә.  «Лидер  болу  –  уақыт  талабы»  ғылыми-тәжірибелік 
конференциясының жинағы. – Астана, 2016. – 41 б.  
 
 
 
 
 
 
 

 
178 
 
 
РЕЗЮМЕ  
 
В  статье  рассматриваются  практические  работы  Музея  Первого  Президента  Республики 
Казахстан  по  воспитанию  лидерских  качеств  у  молодежи  на  примере  жизнедеятельности  Главы 
государства Н.А. Назарбаева. 
 
RESUME 
 
The article examines the practical works of the Museum of the First President of the Republic of 
Kazakhstan for the upbringing leadership skills in young people on the example of the life activity of the 
Head of the State N.A. Nazarbayev.  

 
179 
ӘОЖ 37.015.3 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ж.К. Аубакирова  
«Тұран-Астана» университеті,  
психол. ғыл. канд., доцент 
 
А.Ш. Танирбергенова  
 «Тұран-Астана» университеті, 
пед. ғыл. канд., доцент 
 
А.З. Зеренханова  
«Тұран-Астана» университеті, 
магистрант 
 
Бастауыш сынып 
оқушыларының 
өзара әрекеттесуге 
қабілеттілігін 
жетілдіру  
 
Аннотация 
Мақалада  бастауыш  сынып  оқушыларының 
өзара  әрекеттесуге  қабілеттілігін  дамытудың 
теориялық-әдіснамалық негіздері қарастырылады. 
Мұғалімнің 
шеберлігі, 
ұйымдастырушылық 
қабілеті, 
оқушылардың 
қарым-қатынасы, 
коммуникациялық  икемділіктерін  оқу  әрекетімен 
біріктіріп дамыту қарастырылады. 
Түйін  сөздер:  өзара  әрекеттесу,  қарым-
қатынас, білім беру, дамыту. 
 
 
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын 
ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, 
интеллектуалдық  деңгейі  биік,  дүниетанымы 
дұрыс  қалыптасқан  азамат  етіп  тәрбиелеуде 
мектептің  алатын  орны  айрықша.  Мектеп  қазіргі 
қоғамның  дамуымен,  әлеуметтік  практикамен 
тығыз  байланысты.  Мектеп  өмірі  балаға  жаңа 
әлемнің  есігін  ашып  беріп,  рухани  дүниесінің 
қалыптасуына негіз салады. 
Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселелеріне 
терең  бойлауға  бастайтын,  күнделікті  тұрмыста 
кездесетін  дағдылар  арқылы  баланың  жан 
дүниесіне  әсер  ететін  білім  мен  тәрбиенің 
алғашқы  баспалдағы  –  бастауыш  мектеп. 
Бастауыш  саты  –  білім,  дағды,  іскерліктің 
қалыптасуының  бастамасы  болып  табылады. 
Келешекте  жалпы  білім  алу  мен  кез  келген 
арнаулы  мамандықтарға  талпынудың  іргетасы 
осы  бастауышта  қаланбақ.  Сондықтан  оның 
сипаты  мен  мазмұны,  оқытудың  әдістері  мен 
формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып 
отыр. Өйткені баланың жеке бас қасиеттері, оның 
адамгершілігінің,  белсенділігінің  қалыптасуы 
мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  бастауыш  сынып-
тарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш-қуаты 
мен  ерік-жігерінің,  шығармашылық  қабілетінің, 
жалпы  мүмкіндіктерінің  ашылар  кезі.  Бастауыш 
мектептің  негізгі  міндеті  –  жеке  тұлғаны 
дамытып, 
оның 
алғашқы 
қалыптасуын 
қамтамасыз  ету,  білімге  деген  сенімін  нығайту, 
іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға 
деген  қызығушылығын  оятып,  ынтасын  арттыру 
болып табылады.  
Ендеше  осы  міндеттерді  жүзеге  асыратын 
басты  тұлға  –  ұстаз.  Тек  білікті  ұстаз  ғана 
осындай ауыр жүкті алып жүре алады.  Халқымыз 

 
180 
әрқашан  да  ұстаз  мәртебесін  көтеріп,  аса  жоғары  қастерлеп,  бағалаған.  «Ұстаздық  еткен 
жалықпас,  Үйретуден  балаға»,  «Адамның  адамшылығы  жақсы  ұстаздан  болады»  деп 
айтқан ұлы Абай. Ал чех педагогі Я.А.Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол 
барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі», 
- деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған [1, б. 42]. 
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, 
саналы  азамат  етіп  тәрбиелеу  –  әрбір  ұстаздың  борышы.  Бүгінгі  мұғалім  кіші  мектеп 
оқушыларына  тек  білім  беріп  қана  қоймай,  оларды  халықтық  педагогиканың  нәрлі 
қайнарымен  сусындатуға,  әрбір  оқушы  бойында  ұлттық  мінез-құлық,  адамгершілік, 
сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани 
қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс. 
Алдыңғы  қатарлы  тәжірибені  жетілдіре  отырып,  оқу  үрдісіне  жаңа  әдіс-тәсілдерді, 
оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізіп,  оқушылардың  жалпы  дамуын  қамтамасыз  етуі 
керек.  Бала  жаны  жаңалыққа  құмар,  білмегенін  білгісі  келіп,  белгісіз  нәрсені  ашуға 
тырысатын болғандықтан, бастауыш сынып мұғалімі олардың осы талпынысын дамытуға 
көңіл  бөлуі  тиіс.  Оқушылардың  сүйіспеншілігін  арттыру  мақсатында  сабақ  барысында 
тиімді  әдіс-тәсілдерді  енгізіп,  оны  ұйымдастыру  формасын  түрлендіріп  отыру  – 
мұғалімнің  басты  міндеті  екені  белгілі.  Мұндай  жағдайда  мұғалімнің  шеберлігі, 
ұйымдастырушылық  қабілеті,  оқушылардың  қарым-қатынасын,  коммуникациялық 
икемділіктерін оқу әрекетімен біріктіріп қалыптастыру үлкен рөл атқарады. 
Қарым-қатынас  пен  бейімделу  мәселесіне  әлеуметтік  психологияда,  медицинада, 
физиологияда, философияда, әлеуметтануда көптеген зерттеулер арналған. Алайда біздің 
елімізде  әлі  де  болса  жете  қаралып  зерттелмеген.  Сондықтан  да  болар,  соңғы  кезде 
бейімделуі  қиын,  бойында  қорқыныш  сезімі  бар,  қарым-қатынасқа  түсуі  қиын, 
эмоционалды  тұрақсыз  балалар  саны  күрт  өсуде.  Оқушылардың  денсаулығын  қорғау, 
оқуында қиыншылықтары бар балалар үшін адаптивті білім құру неғұрлым өзекті мәселе 
болып  табылады.  Соның  ішінде  біздің  ерекше  назар  аударып  отырғанымыз  -  бастауыш 
сынып  оқушылары.  Баршамызға  аян,  баланың  физикалық  дамып  жетілуі,  психикалық 
ерекшеліктері,  білімнің  негізі  бастауыш  сыныпта  қолданады.  Баланың  ересектермен, 
құрбыларымен  жақсы  қарым-қатынасқа  түсуі,  әлеуметтік  ортаға  сәтті  бейімделуі,  ең 
алдымен,  оның  оқу  үлгерімінің  көрсеткішіне  әсерін  тигізеді.  Бұл  жерде  жіберілген 
қателіктер келешекте орта және жоғары буында берілген қателіктер келешекте орта және 
жоғары буында да өз жалғасын таба бермек. Сондықтан баламен мектепке келген күннен 
бастап сенімді қарым-қатынас орнату, әлеуметтік ортаға бейімделуіне жағдай жасау оның 
тұлға болып қалыптасуына әсер етеді. 
Адам  дүниеге  келгеннен  бастап  басқа  адамдардың  ортасында  өмір  сүреді. 
Алғашында  оның  қарым-қатынас  ортасы  өзі  танитын  туыстары,  жақындары  болса,  адам 
есейген  сайын  оның  қарым-қатынас  ортасы  кеңейіп,  сонымен  қатар  байланыс  жасаудың 
әрқилылығы байқалады. 
Қарым-қатынас жасаушы адам қарым-қатынас субъектісі болып табылады. 
Психологияда  қарым-қатынас  ұғымына  жалпылай  қабылданған  анықтама  жоқ. 
Себебі,  ол  біздің  өміріміздің  контексін  құрап  және  оның  барлық  салаларына  енеді. 
Адамның  психикалық  дамуы,  білімі,  бағдары,  құндылықтары,  әдеттері,  мінезі  оның 
өмірінің  стилі  оның  қарым-қатынасымен  тікелей  байланысты.  Қарым-қатынас  жасау 
ақылды адамға ғана тән табиғи қасиет. Ол адамның тіпшілік бейнесі мен мәдени өмірінде, 
тұрмыс салтында күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт. Ойын мен 
оқу және еңбек адам әрекетінің негізгі түрлері осы қарым-қатынас арқылы дамып жетіліп 
жүзеге асады. Адамдар өзара тілдесіп өмір сүруге бейімделуі организм тіршілігі үшін су 
мен ауа, күн шұғыласы сияқты табиғи қажеттілігімен бірдей. 
Қарым-қатынас  процесінсіз  адам  психикасы  және  оның  тұлға  ретінде  қалыптасуы 
мүмкін  емес  еді.  Оны  зерттеп  көз  жеткізбей  практикалық  жұмыс  ғылыми  жетілген 

 
181 
әдістемелік  құралсыз  адамдарды  оқу-тәрбиелеу,  өндірістік  еңбек,  демалыс,  тұрмыс, 
қамтамасыз етілген денсаулық жағдайларында зерттеу мүмкін емес.  
Жалпы,  қарым-қатынас  деген  ұғымға  сөздіктерде  мынандай  анықтама  беріледі: 
«Қарым-қатынас  –  бұл  адамдар  арасындағы  іс-әрекетпен,  мағлұматпен,  эмоциялармен, 
дағдылармен,  еңбек  нәтижесімен  өзара  айырбас  болатын  өзара  байланыс  және  өзара 
әрекет процесі». 
Б.Г.  Ананьев  [2,  б.  28]  еңбектерінде  қарым-қатынасты  адамның  басқа  адамдармен 
қатынасын орнату үшін басты және маңызды іс-әрекет деп, сонымен қатар қарым-қатынас 
-  әлеуметтік  және  индивидуалды  құбылыс  деп  атап  көрсетеді.  Сондықтан  қарым-
қатынастағы  маңызды  құрал-тілде,  ал  сөз  индивидуалды  көрініс  және  механизмі  болып 
табылады.  Пантомимика,  жест  тағы  басқа  қарым-қатынастың  сөздік  емес  формалары 
болып табылады. Сонымен қатар  Б.Г.  Ананьев [2, б. 46] сөздік және сөздік емес қарым-
қатынас  құралдарынан  басқа  оның  ішкі  жақтарын  қарым-қатынасқа  түсушілердің  бір-
бірін  түсінуін,  өзара  қатынастарын  атап  көрсетеді.  Қарым-қатынастың  сан  алуан 
жағдаяттарын ескере отырып мыналар арасындағы өзара байланыстылықты көрсетеді: а) 
өзара қатынас және байланыстылығын; ә) қарым-қатынас барысында адам іс-әрекетіндегі 
коммуникация  және  өзін-өзі  реттеуін;  б)  жеке  тұлғаның  ішкі  жан  дүниесінің  қайта 
құрылымын. 
В.Н.  Мясищев  [3,  б.  56]  қарым-қатынас  психологиясына  қатысты  өзінің  біршама 
еңбектерін  арнаған.  Ол  қарым-қатынас  процесінің  мазмұнды  және  формальды 
ерекшеліктерін  көрсетті.  Оның  пікірінше,  қарым-қатынас  бірнеше  нақты  және  жеке 
тұлғалардың белгілі бір жағдайларда бірін-бірі айқындайтын, бір-біріне әсер ететін өзара 
әрекеті. 
В.Н. Мясищев [3, б. 67] жалпы қарым-қатынастың үш маңызды компоненттерін баса 
айтып, көрсетіп өткен. Олар:  
а) қарым-қатынасқа түсуші адамдардың психикалық көрінісі; 
ә) бір-біріне қатынасы
б) бір-біріне назары, көзқарасы. 
Осыған  байланысты  психология  ғылымы  кең  және  терең  түрде  қарым-қатынас 
процесіне  пайда  болатын  адамдардың  танымдық  процестерін,  эмоционалдық  сферасын, 
тәртібін зерттеуі керек дейді. 
Ал  М.И.  Лисинаның  [4,  б.  75-103]  пікірінше,  балалардың  қоршаған  адамдармен 
қарым-қатынастағы қажеттілігі 2,5 айда анық көріне бастайды. Баланың өмірінде қарым-
қатынас процесінің дамуы мына басты бағыттармен жылжиды: 
1)
 
қарым-қатынас мотивтерінің дамуы;  
2)
 
қарым-қатынас құралының дамуы; 
3)
 
қарым-қатынас формаларын жетілдіру. 
Қарым-қатынас 
мотивтерінің 
дамуы 
баланың 
жеке 
тұлғасының 
оның 
қажеттіліктерінің мүддесінің дамуымен қатар жүріп отырады. Туғаннан мектеп бітіргенше 
бірінен кейін бірі қарым-қатынастың әр түрлілігінің негізі көрінетін келесі мотив түрлері 
пайда болады: органикалық, танымдық, ойындық, іскерлік, интимді – жеке тұлғалық және 
кәсіби. 
Осының ішінде танымдық, органикалық, ойындық мотив топтары мектепке дейінгі 
және бастауыш сынып оқушыларында басымырақ кездеседі. 
Сонымен қарым-қатынас мынадай қырларымен ерекшелінетін күрделі процесс: 
1)
 
коммуникация (ақпарат алмасу); 
2)
 
интеракция (әрекетпен алмасу); 
3)
 
әлеуметтік перцепция (адамдардың бір-бірін қабылдауы). 
Қарым-қатынастың бұл қыры арқылы адамдар арасында қарым-қатынас процесінде 
нақты не болып жатқанын және оның қорытындысы қандай болатынын көруге болады.  

 
182 
Қарым-қатынастың  коммуникативті  қыры  қарым-қатынас  жасаушы  адамдар 
арасындағы  ақпарат  алмасу  процесін  көрсетеді.  Интеракция  ақпарат  алмасумен  қатар 
қарым-қатынас  жасаушы  партнерлар  арасындағы  нақты  әрекеттермен  алмасу.  Қарым-
қатынас  жасаушы  партнерлардың  бір-бірін  қабылдау  процесінде  адамдардың  бір-біріне 
қатынасы, олардың бір-біріне деген өзара әсері, өзара түсіністіктері бекітіледі. 
Жалпы,  әр  жастағы  адамдардың  қарым-қатынасқа  түсу  ерекшеліктері  әр  түрлі 
болады. Олар белгілі бір мақсатқа негізделгенімен, бағытталғанымен ерекшелінеді. Соның 
ішінде  біздің  ерекше  назар  аударып,  көңіл  бөліп  отырғанымыз  -  бастауыш  сынып 
оқушыларының қарым-қатынасқа түсу ерекшеліктері. 
Бастауыш сыныпқа түскен бала өзін қоршаған адамдармен қарым-қатынастың жаңа 
жүйесіне  психологиялық  түрде  өтеді.  Ол  өзінің  кеңістігінде  өмір  сүре  тұра,  оның  өмірі 
принципиалды түрде өзгере бастағанын сезеді, ол енді күнделікті тек мектепке барып қана 
қоймай,  сонымен  қатар  оқу  процесінің  талаптарына  бағына  бастайды.  Мектепке  дейінгі 
жастағы еркіндік өмірдің жаңа ережелеріне бағыну қатынасымен ауыстырылады. Отбасы 
баланы  мектепте  оқу  қажеттілігіне  байланысты  жаңаша  түрде  қадағалай  бастайды,  үй 
тапсырмасын орындауын, күн тәртібін қатаң ұйымдастыруы жатады. 
Мектеп балаға тілін дамытуда күнделікті жаңа талаптар қоя бастайды: сабаққа жауап 
беру  барысында  сөзіміз  ойымызға  қарай  сауатты,  қысқа  нақты,  айқын  болуы  қажет; 
қарым-қатынас барысында қалыптасқан мәдениетке тілдік құрылымдар сәйкес келуі шарт. 
Тек  мектепте  ғана  бала  мұғаліммен  құрбыларымен  қарым-қатынас  орнату  үшін  өзінің 
тілін дұрыс ұйымдастыруға жауапкершілікті алады. 
Бала  мектепке  түскеннен  кейін  оның  қоршаған  адамдармен  өзара  қатынасында 
елеулі  өзгерістер бола  бастайды. Ең алдымен  қарым-қатынасқа бөлінетін  уақыт мөлшері 
айтарлықтай  өседі.  Енді  балалар  өздерінің  көп  уақытын  қоршаған  адамдармен:  ата-
аналарымен,  мұғалімдермен,  басқа  балалармен  байланыста  өткізеді.  Қарым-қатынастың 
мазмұны  өзгереді,  мұнда  ойынмен  байланысты  емес  тақырыптар  кіреді,  яғни 
ересектермен  ерекше  іскер  қарым-қатынастағыдай  ерекшеленеді.  Бірінші  сыныптарда 
балалар  өздерінің  құрбыларымен  қарағанда,  мұғалімге  үлкен  қызығушылық  көрсете 
отырып, көбірек қарым-қатынасқа түседі, себебі мұғалімнің беделі бұлар үшін өте жоғары 
болады.  Бірақ  3-4  сыныптарда  жағдай  өзгере  бастайды.  Мұғалім  тұлға  ретінде  балалар 
үшін  азырақ  қызықтырақ,  маңызды,  беделді  фигураға  айналады,  керісінше,  оның 
құрбыларымен  қарым-қатынас  қызығушылықтары  өседі,  бұл  орта  және  жоғарғы  мектеп 
жасында  да  ары  қарай  біртіндеп  өседі.  Қарым-қатынастың  ерекшелігінің  ішкі 
өзгерістерімен  қатар,  оның  мазмұнды  ішкі  қайта  құрлымы  өтеді,  бұл  қарым-қатынастың 
тақырыбы  мен  түрткілері  өзгергендігімен  айқындалады.  Егер  алғашқы  жылдары  бала 
үшін  қарым-қатынастағы  партнер  таңдауда  мұғалімнің  бағасымен  анықталса,  ал  3-4 
сыныптарда  өзара  тұлғалық  таңдаудағы  басқа  мотивация  белгілері  көрінеді,  бұл  қарым-
қатынастағы  партнердың  тәртіп  формасымен  және  жеке  тұлғалық  абыройының  оқушы 
жағынан тәуелсіз бағасымен байланысты. 
Бала  меңгеріп  және  пайдаланған  қарым-қатынастың  тиімді  құралдары  ең  алдымен 
қоршаған  адамдардың  өзіне  деген  қатынасын  анықтайды.  Қарым-қатынас  -  әлеуметтік 
қатынастардың  басты  мектебі  бола  бастайды.  Бала  өзінен  қарым-қатынастың  әр  түрлі 
стилдерін  бөле  бастайды.  Сонымен  қатар  ол  ойланбастан  осы  стилдерді  өз  еркінің 
мүмкіншіліктерінен  және  белгілі  бір  әлеуметтік  қайсарлықтан  шыға  отырып  қолданып 
көре  бастайды.  Көп  жағдайларда  бала  қарым-қатынастың  фрустрацияланған 
жағдайларының мәселесін шешумен бетпе-бет келеді. 
Шынайы  адами  қатынастардан  фрустрация  жағдайларының  келесі  тәртіп  типтерін 
ажыратуға болады: 
1) белсенді қосылған, адекватты лояльді, фрустрацияның тәртіп типін меңгеруге 
талпынушы – бейімделген; 

 
183 
2)  белсенді  қосылушы,  адекватты  емес  лояльді,  тәртіп  типін  фрустрациясына 
бекітілген - әлеуметтік нормативті сезінуге бейімделуші формасы; 
3)  белсенді  қосылушы,  адекватты  лояльді  емес,  елемеуші,  тәртіп  типінің 
фрустрациясына бекітілген - әлеуметтік сезінуге негативті нормалы формасы
4)  белсенді  қосылушы,  адекватты  лояльді  емес,  агрессивті,  тәртіп  типінің 
фрустрациясына бекітілген - әлеуметтік сезінуге негативті нормалы формасы; 
5) енжар, қосылмайтын тәртіп типі - әлеуметтік сезінуге дамымаған, бейімделмеуші 
формасы.  
Бала  тек  қарым-қатынастың  өз  бетіндік  жағдайларында  ғана  емес  өзі  үшін 
қатынастың мүмкін болатын құрылымының әр түрлі стильдерін ашады.  
Қарым-қатынастың  белсенді  қосылған  лояльді  типінде  бала  жағымды  қатынас 
орнатуға жәрдем беретін тілдік және эмоционалды формаларын іздейді. Егер жағдай соны 
талап ететін болса және бала шынында да қателік жіберсе, онда ол қорқынышсыз кешірім 
сұрайды,  бірақ  ол  оппоненттің  өзіне  сыйластықпен  қарап  және  бірлесіп  жұмыс  істеуге 
дайын  екендігін,  сонымен  қатар  қатынастың  дамуын  алға  жылжытуға  деген  көзқарасын 
білдіреді.  
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет