ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1
Әбдіғазиұлы Б. «Шәкәрім шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері.
Филол. ғыл. докторы дис. автореф. – Алматы, 2001.
2
Мамадалиев А.К. Гуманистические идеи в общественных воззрениях акынов -
мыслителей начала XIX - XX веков. Автореф. дис. канд. филолог. наук. – Алматы,
2003.
3
Сейсекенова А.Б. «Шәкәрім жэне Гете: поэзиясындағы шеберлі пен таным бірлігі».
Филология ғыл.канд. дис. автореф. – Астана, 2003.
4
Ізтілеуова С. Шәкәрім поэзиясындағы тұлға мәселесі. Филология ғыл.канд. дис.
автореф. – Алматы, 2000.
5
Құрманбаева Қ.С. «Шәкәрім поэмаларының тарихи және әдеби негіздері». Филология
ғыл.канд. дис. автореф. – Астана, 2006.
6
Борбасов С. «Шәкәрімнің әлеуметтік-саяси көзқарастары» // Жалын. - 2006. - №4. - 14-
206 б.
7
Шәкәрім дәрістері. Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. -
Семей, 1998.
8
Шәкәрім дәрістері. Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. –
Семей, 2002.
9
Шәкәрімтану мәселелері. (Құрастырған: Тұрдықұл Шаңбай). 1-к. - Семей. -
Новосибирск: Талер - Пресс, 2006.
10
Шәкәрімтану мәселелері: (Құрастырған: Тұрдықұл Шаңбай). 2-к. - Семей.-
Новосибирск: Талер - Пресс, 2006.
11
Шәкәрімтану мәселелері: (Құрастырған: Тұрдықұл Шаңбай). 3-к.- Семей.-
Новосибирск: Талер - Пресс, 2006.
12
Шәкәрімтану мәселелері: (Құрастырған: Тұрдықұл Шаңбай). 4-к.- Семей.-
Новосибирск: Талер - Пресс, 2006.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается поэтическое творчество Шакарима Кудайбердиева, внесшего
важный вклад в развитие казахской литературы.
RESUME
One of the outstanding representatives of Abay's poetry school is Shakarim Kudaiberdiuly. He left
a big heritage and made an important contribution to the development of the Kazakh literature. In this
article the author researches the works of Shakarim.
221
ӘОЖ 398.91:[811.512.122'37:811.111]
А.Ж. Сматова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті,
магистрант
Қазақ және ағылшын
мақал-мәтелдерінің
лексика-
семантикалық
ерекшеліктері
Аннотация
Мақалада мақал-мәтелдердің лексика-
семантикалық ерекшеліктері, теориясы және
практикалық маңызы бар мәселелер қамтылды.
Осы жайттарды зерттеу, тану барысында тілге
тиек, ойға түрткі боларлық студенттерге
пайдасы тиерлік бірқатар мәселелердің жай-
жапсары ашылып айтылды. Екі тілді салыстыра
оқыту
арқылы
жасалған
көптеген
жұмыстардың
маңызы
зор.
Халықтар
арасындағы бір тілден екінші тілге мақал-
мәтелдердің кең таралуына мүмкіншілік
туғызады.
Түйін
сөздер:
ұлттық-мәдениеттік
семантика, мақал, мәтел, сөздік құбылыстар,
лексикалық
ерекшеліктер,
семантикалық
ерекшеліктер, сөз өнері, тіл.
Қазақ халқы да өзге де халықтар сияқты
атам заманнан қорланып, сұрыпталып, жинала-
сақталып, бүгінгі күнге жеткен көл-көсір
фольклоры бар халық. Соның ішінде мақал-
мәтелдерге өте бай ел. Мақал-мәтелді ел не
үшін қадірлейді? Саф алтындай асылдығы,
өткірлігі,
ықшамдығы,
даналығы,
өнеге
үйреткіш
тәлімділігі,
уыттылығы
мен
тапқырлығы үшін деген болар едік. Бүгінгі
таңда шет тілін үйренуді халықтардың өзара
түсініспеушілігін
жойып,
дудараздығын
бәсеңдетудің
құралына
айналдырудың
қажеттілігі туып отыр. Шет тілін үйренуші сол
тілдің сөздік қорын игеріп, грамматика
ережелерін меңгеріп, мәтінді аудара білу
қабілетіне жетіп қана қоймай, сол тілді
тудырған халықтың мәдениетін, өз халқының
мәдениетінен кем білмеуге тырысуы керек.
Мәдениет деген ұғымға халықтың өнер-білімі
ғана емес, ғасырлар бойы қалыптасқан өмір
сүру стилі, ойлау ерекшелігі, ұлттық салт-
дәстүрі, тұрмысы, өмірге деген көзқарасы да
кіреді. Мақал-мәтелдер осы ұғымдарды айқын
көрсететін айна.
Ұлттық мәдениеттік семантика ағылшын
халқының мақал-мәтелдеріне де тән. Ағылшын
мақал-мәтелдерінің мың жылдан астам тарихы
бар
халықтың
өсіп-дамуының
нәтижесі.
Оларды тек көркем сөз құралы демей, ағылшын
қоғамынан хабардар ететін білім қайнары деп
те қараған жөн. Бұл да қазақ мақал-мәтелдеріне
сөзсіз тән қасиет.
222
Алдымен, мақал дегеніміз не? Мәтел дегеніміз не? Мақал дегеніміз – өмір
құбылыстарын жинақтайтын және типтендіретін, бір немесе екі бөлімнен құралып,
алдыңғысы шарт немесе жалпы пайымдау, соңғысында қорытынды, түйінді пікір айтатын,
бітімі бекем, өте ықшам, бейнелі әрі ырғақты халық нақылы [1, 248-б.]. Мәселен, адамнан
ала да туады, құла да туады – There is a black sheep in every flock; Жүрекке әмір жүрмейді
– Love can’t be forced; Екі рет өлшеп, бір рет кес – Second thoughts are best; Әр елдің салты
басқа, иттері қара қасқа – Every country has its customs; Есептескен ел болмас – Between
friends all is common; Бас аманда мал тәтті, тән ауырса жан тәтті – Wealth nothing without
health [3, 45-б.].
Мәтел дегеніміз – халық арасына көп тараған, қорытындысы болмайтын, тұжырымы
тиянақталмаған, қарама-қарсы шендестіруі жоқ, ықшам кестелі халық сөзі. Мәтел
бейнелей сөйлеу формасына ие. Мәтел мазмұнды бұлжытпай, турадан-тура береді, онда
ой құрамындағы сөздердің тура мағынасынан тұрады, соның жүйелі логикалық
байланысынан пайда болады [2, 10-б.]. Мысалы: The devil is good to his own – сайтан да
жақынына тартады; The course of true love never did run smooth – Азапсыз махаббат – арзан
махаббат.
Мақал-мәтел әрбір халықтың рухани қазынасы, философиялық пайым түйіні.
Ұмытылмай ұрпақтан ұрпаққа жаттала тараған өнеге, үлгі, өсиет сөздердің киелі түзілімі.
Адам пікірінің дәнекері, аталы сөздің мәуесі, дәмі, тұздығы.
Сөздік құбылыстар – халық тілінің жемісі, халық тілі дамуының кезеңі тудырған тіл
құбылыстары. Әр елге, әр тілде сөйлейтін ұлттардың тілінде кездесетін тіл
айырмашылығының пайда болуының тарихи сыры бар [6, 49-б.]. Мақал-мәтелдердегі
лексикалық ерекшеліктері сол елдің тұрмыс-тіршілігіне, тарихына байланысты болып
келеді. Олар лексикалық өзгерістерге бөлінгенмен семантикалық түсініктері ұқсас болады.
Ұзақ жылғы тілдік қарым-қатынас нәтижесінде туған бірдей мағына беретін, ауысқан
мақал-мәтелдер де аз емес. Демек, белгілі тарихи дамудың нәтижесінде туған тіл
құбылыстары екендігі анық. Әдеби тілдің халық тілі негізінде дамып отырғаны белгілі.
Халық тілі шешендік сөздер, мақал-мәтелдер – әдеби тілді байытудың қайнар бұлағы.
Белгілі бір халыққа бір ұлтқа түсінікті әдеби тілдерде лексикалық өзгешеліктер кездеседі.
Мақал-мәтелдерде кейбір сөздерде өзгешеліктер болғанымен мағыналары бірдей болып
келеді. Мысалы: The rotten apple injures the other apples – Бір құмалақ бір қарын майды
шірітеді (алма-құмалақ); Burn not your house to rid it of the mouse – Битке өкпелеп тоныңды
отқа салма (тон-үй, тышқан-бит); If you run after to hares, you will catch neither – Екі
кеменің басын ұстаған суға кетеді (қоян-кеме); Let sleeping dogs lie – Жатқан жыланның
құйрығын баспа (ит-жылан) т.б. Мұндағы алма-құмалақ, үй-тон, тышқан-бит, қоян-кеме,
ит-жылан сөздері екі тілдің мақалдарында лексикалық өзгеріске ұшырағанмен,
мағыналары бірдей ұғымды білдіреді [5, 24-б.].
Мақал-мәтелдердің мағыналас келуі қай тілде де ұрпақты халықтық тәрбие негізінде
тәрбиелеуге әкеліп саяды. Лексикалық өзгерістер ұлт тілінің сөздік құрамы жағынан жан-
жақты дамығанын көрсетеді. Мысалы, ағылшын тілінің өзінде лексикалық өзгеріске
ұшырап тұрып бір мағынаны білдіретін мақал, сөз тіркесі бар. «Шіріген алма басқаларын
бүлдіреді»; «Бір тамшы у барлық шарапты бүлдіреді»; «Қотыр қой отарды бүлдіреді»
сияқты мәтелдерде әр түрлі тұрмыстық-табиғи құбылыстарға байланысты лексикалық
ерекшеліктер өзгергенімен, барлығы да бірдей мағынаны білдіреді.
Тілдердің мұндай мағыналық жағынан бай болуы өзге тілдермен тығыз қарым-
қатынасты байланыста болуынан.
Лексикасы басқа болғанымен мағыналас сөздер екі тілде де айтылатын ойды
мәнерлеп орамды түрде жеткізе алады.
1.
The rotten apple injures its neighbours – Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді;
2.
Pride goes before fall – Әсіре қызыл тез тоңар;
3.
When the cats away, the mice will play – Ит жоқ жерде шошқа үреді;
223
4.
There is no rose without thorn – Ханның қызында да мін бар;
5.
Every white has its black; Every sweet has its sour – Қызыл алманың да қышқылы
бар [7, 55-б.].
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді, расында да, томаға – тұйық емес, бір-бірімен
ауысуы сияқты процестердің болатынын аңғартады. Бұл жеке қарастыру және де тарихи
дерекке сүйеніп барып жүріп тұжырым жасауды керек етеді. Мақал-мәтелдердің мәнерлі
тұлғалары есте сақтау қабілетін арттырады.
Студенттің көркем шығармаларды, ғылыми-көркем публицистикалық әдебиеттерді
оқуға тигізер үлесі мол. Ағылшын тілін оқытудағы мәселелерді шешуде мақал-
мәтелдердің ерекшеліктері мен салыстырмалы түрдегі қазақша баламалары берілген
ағылшынша нұсқасы, және тікелей аудармасы қазақша нұсқасы:
1.A bad workman quarrels
with his tools
2.Second thoughts are best
3.A bird may be known by
it’s song
4.A bit in the morning is than
nothing all day
5.All bread is not baked in
one day
6.A cock is valiant in his
downhill
7.All fish that comes to his
net
8.Practice makes perfect
9.After death the doctor
comes
10.Every man has its price
Жаман жұмысшы аспабын
кінәлайды
Екінші ой – керемет ой
Құс әнімен танымал
Таңертеңгі
кедергі
күні
бойы ұмытылмайды
Барлық
нан
бір
күні
піспейді
Әтеш күркесінде құдай
Торға түскеннің бәрі балық
Шынықсаң тәуірге жетерсің
Дәрігер өлген соң келеді
Әркімнің өз құны бар
Жаман етікші біз таңдайды,
жаман жігіт қыз таңдайды
Екі рет өлшеп бір рет кес
Жігітті жолдасынан таны
Бір күн ұрыстың қырық күн
кесірі бар
Бір анадан ала да туады,
құла да туады
Адамсынған жігітті үйінде
көр
Соқыр тауыққа бәрі бидай
Көре-көре көсем, сөйлей-
сөйлей шешен боласың
Жау
кеткен
соң
қылышыңды тасқа шап
Алтын
көрсе
періште
жолдан таяр
Бұл баламадағы негізгі жетістік - студенттің сабаққа белсене араласуы, өзі жеткізе
білуге үйренуі, сол себептен оларға саналы тәрбие, сапалы білім беруге болады деп
ойлаймын.
Мақсат – өзге ұлттың тыныс-тіршілігімен танысу, өзге көзқарастарға ойлана қарай
білу, төзімділікке шақыру, қазақ және ағылшын тіліндегі мақалдардың өмірлік
маңыздылығын ұштастыра отырып, елімізге келіп жатқан көптеген халықпен түсінісуді
жеңілдету.
1.A carper will cavil at anything
2.As fit as a fiddle
3.Bad news has wings
4.Better untaught than ill taught
5.Care killed the cat
6.Catch the bear before you sell his skin
7.Don’t halloo till you are out of the wood
8.Dumb dogs are dangerous
9.Drunken days have all their tomorrow
10.East or west, home is best
Жаманның әлі жапалаққа келеді
Басы аманның, малы аман
Жаман хабар тез тарайды
Санасызға сан айтсаңда пайдасыз
Қамысты бос ұстасаң, қолыңды кеседі
Қашпаған сиырдың уызына қаратпа
Тігілмеген етігіңді мақтама
Үндемегеннен үйдей пәле шығады
Көп ойнаған бір жылар
Өз үйім өлең төсегім
224
Нысанаға алынған сөз өнері – шығармашылықтың ерекше саласы. Сөз өнері
адамның шексіз мүмкіншілігін ашу қасиетімен құдіретті. Мақал-мәтелдердің
ерекшеліктерін көрсете білу тілді студентке меңгертуде сөздің астарлы мағынасын айқын,
нақты сәулесін түсіреді.
Мақал-мәтел ел арасынан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, келе жатқан жұрат байлығы. Өз
заманында дәуірлік өзгерістердің негізінде қалыптасып жаңа уақытқа сараланып
пайдаланылатын құндылық [8, 29-б.]. Әрине, сол дәуірде ғұламалардың айтқан нақыл
сөздері ел аузында өмірлік тірекке де айналып кетті. Ағылшын және қазақ мақалдарына
бірнеше ұқсас нақыл сөздерге айналған мақалдарды көрсетуімізге болады. Мысалы:
Жұмысы көптік, ойыны жоқтық, жүнжітер адам баласын – All work and no play makes Jack
a dull boy; Бұл дүниеде қалай өмір сүрсең, о дүниеге солай аттанасың – As you live so shall
you die; Әуелгі сөзің шын болса, соңғы сөзіңе жол болады – First deserve and then desire;
Бұлаққа бұлақ қосылса егізбіз дейді, көлге көл қосылса, теңізбіз дейді – Little streams make
great rivers; Өз балаң өзекке тепсең де кетпейді, кісі баласы кісендесең де тұрмайды – Put
another man’s child in your bosom, he will creep out at your elbow; Біреу жаныңа жолдас,
біреу малыңа жолдас – Prosperity makes friends, and adversity tries them; Өмір – ұстаз – You
live and learn…
Go home and say your prayers.
Кісінің ісіне киілікпе. / Біреуде жұмысың болмасын, өз жөніңді жөндеп ал.
Accidents will happen in the best-regulated families.
Ондай-ондай ханның қызында да болады. / Қанаты бүтін сұңқар жоқ, тұяғы бүтін
тұлпар жоқ. / Кірсіз – Ай, мінсіз – Құдай.
Heaven helps those who help themselves.
Өзі саққа, Құдай жақ. / Сақ жүрсең, нақ жүрерсің. / Қамданған қапы қалмайды.
Gold is tried in the fire.
Алтын отта сыналады.
If an ass bray at you, don’t bray at him.
Құтырғаннан құтылған – олжа. / Бәледен машайық қашыпты.
Adam’s ale is the best brew.
Шараптардың шарабы – Адаматаның арағы. / Судан артық сусын жоқ.
(“Adam’s ale” – “Адаматаның сырасы” – деп ағылшындар әзілдеп құдықтың қара
суын айтып отыр. Жер бетіндегі алғашқы адам – Адаматаның – судан басқа ішетін еш
ішімдігі болмапты-мыс).
Good acts are better than good intentions.
Арық айтып семіз шық, ақылдының бірі шық.
Be slow to promise and quick to perform.
Уәде – Құдай аты. / Уәде берме, берсең – “ болмайды екен” деме. / Уәде бере
бергенше бірден бас тарт. / Уәде бердің, айтыс жоқ, қолдан бердің қайтыс жоқ.
Never fry a fish till it’s caught.
Тігілмеген етігіңді мақтама, орылмаған тарыңды мақтама. / Қашпаған сиырдың
уызына қарама. / Асатпай “жатып” құлдық деме.
Idle folk have the least leisure.
Еріншектің ертеңі бітпес [4, 15-б.].
Мақалада мақал-мәтелдердің лексика-семантикалық ерекшеліктері, теориясы және
практикалық маңызы бар мәселелер қамтылды. Осы жайттарды зерттеу, тану барысында
тілеге тиек, ойға түрткі боларлық студенттерге пайдасы тиерлік бірқатар мәселелердің
жай-жапсары ашылып айтылды деп білеміз. Екі тілді салыстыра оқыту арқылы жасалған
көптеген жұмыстардың маңызы зор. Халықтар арасындағы бір тілден екінші тілге мақал-
мәтелдердің кең таралуына мүмкіншілік туғызады. Екі тілдің ерекшеліктерін атап кету
халықтың тіл өнерін дамытуда үлесі зор.
225
Мақал-мәтел халықты тәрбиеге негіздейтін, тілді сүюге, құрметтеуге бейімдейтін, тіл
мәдениетін арттырып, шеберлікке үйрететін сөз өнерінің асылы онымен бірге ол бір
тілден екінші тілге көркем аудару техникасын жетілдіреді.
Тіл – көркемдік жағынан мақал мен мәтелге немесе шешендік нақыл сөздерге
негізделеді. Бұл пікірде ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал мен мәтелдердің, нақыл
сөздердің, фразеологиялық тұрғыдан жасалған көркем сөздердің салыстырылуы,
тәрбиелік мәні, өнегелік сипаты, екі ел арасындағы тарихи қалыптасушылықтың бір
жүйеде орын алуы тек тілдің сипатына ғана емес, сонымен қатар мазмұнына тереңірек
үңілуіне әкеліп соқтырады [9, 86-б.].
Ағылшын мақалында берілген ойлар нақты мысалмен айтылса, ана тіліміздегі
жүйелі сөздер тұспалдап, жұмбақталып беріледі. Аударып, мағынасына үңілсек, екі ойдың
бір жақты болуына және берер ақылы бірдейлігіне көз жеткізуімізге болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1
Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: «Ана тілі», 1998. – 248 б.
2
Дубровин М.И. Школьный англо-русский словарь. - Моcква: «Просвещение», 1985. –
10 б.
3
Хорнби А.С., Кристина Руз. Учебный словарь современного английского языка. –
Москва: «Просвещение», 1984. – 45 б.
4
Wilde O.“Fairy Tales” “Ralph” – Moscow: «Prosveshenye», 2000. – 15 б.
5
Абай тілі сөздігі. – Алматы: «Ғылым», 1968. – 24 б.
6
Әлімбаев М. Халық-ғажап тәлімгер. – Алматы: «Рауан», 1944. – 49 б.
7
Асқар О. Қазақ және әлем халықтарының таңдамалы мақал-мәтелдері. – Алматы,
«Балауса», 2005. – 55 б.
8
The Oxford Dictionary of English Proverbs. - Third Edition, Revised by F.R. Wilson. –
Moscow: «Oxford», 1992. – 29 б.
9
Addison Wesley Longman Dictionary of English Languages and Culture. – Moscow:
«Longman Limited», 1997. – 86 б.
РЕЗЮМЕ
В данной статье рассматриваются лексико-семантические особенности пословиц
на
казахском и английском языках.
RESUME
In this article there are considered the lexical-semantic peculiarities of proverbs in the Kazakh and
the English languages.
226
ӘОЖ 80/81.83.3
Қ.М. Байтанасова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті,
ф.ғ.к., профессор м.а.
Көркем
туындылардағы
эмигранттық сана
мен діни-
философиялық
сарын
Аннотация
Мақалада
қаламгерлердің
прозалық
шығармалары талданып,ондағы атамекен,ұлт
тағдыры
мәселелері
айқындалады.Көркем
туындылардың
стилі
кейіпкерлержүйесі
айқындалады.
Түйін сөздер: этика, образ, атамекен,
жүйе, стиль.
Әдебиеттің әлеуметтік күші – оның адам
жанының
тылсым
құпияларын
ажырата
алуынан
көрінеді.
Адам
жанының
қалтарысында қағыс қалған сезім, түйіткілдер
бас көтеріп, оның жанын мазасыздандырады.
Тіпті ілгеріде өтіп кеткен оқиғалардың адам
санасында қайтадан жаңғырып, беймаза күйге
түсуі жиі бой көрсетеді. Қазіргі психологтердің
пікірінше, біріншіден, адамның болмысында
оның
әрі
қарайғы
тұрақтылығын
қалыптастыруға негіз болатын бастапқы қасиет
сақталады. Екіншіден, әлеуметтік жағдай да
адамның ішкі әлемінің өзгерісін негіз ете
отырып, одан белгілі бір тұрақтылықты,
айқындылықты, яғни бағалау бағдарын қажет
етеді. Үшіншіден, адам болмысы білім мен
дүниетаным ұғымының қалыптасу тәсілінің әр
түрлілігіне, мәселен, рухани күйзеліс пен
дағдарысқа байланысты. Алайда, бұлар белгілі
бір нәтижеге, жалпы қорытындыға жақындау
мүмкіндігінің жоғалуы деген сөз емес.
Керісінше, осы ұғымдар адам баласын сергек
ой-танымға, өткенді саралауға бейімдейді.
Эмигранттық әдебиеттің ерекшелігі сол,
олардағы идея екіге жарылып отырды.
Қаламгерлер өздерінің шығармашылығында
өткеннің елесі мен бүгінгінің көрінісін қатар
алуға
тырысты.
Содан
да
олардың
шығармаларындағы
кейіпкерлер
күрделі,
қайшылықты
сипатта
көрінді
де,
қаламгерлердің суреткерлік танымында қиналу
мен өкініш үндесіп жатты.
«Қазіргі қазақ тарихи романын ұлттық
әдебиеттегі жаңа жанрлық форма – роман-
шежіре деп тану ақиқатқа жақын келеді.
Сондай
басқа
мемлекеттерде
тұратын
қандастарымыздың
тағдырын
суреттейтін
халықаралық тақырыптағы туынды – «Соңғы
көш» романында әр кейіпкер өзінің ортасына
сәйкес қоғамдық-моральдық ахуалда бейнелене
227
отырып, кейіпкердің бейнесі жеке-дара емес, әлеуметтік-тарихи сипатқа қатысты
бағаланады да, ол әрі қарай шығарманың жалпы идеясымен тоғысады [1]. Бұл шығарма ең
алдымен қаламгердің көзқарасын, танымдық қабылдауын әйгіледі.
Жат жердегі өмірдің бұрылыстары көп, одан адаспай шыға алу адамнан үлкен
табандылықты қажет етпек. Шығарманың арнау сөзінде автор: «Әке! Сен жерленген сұр
төбені қараңғы түнде көзімді жұмып барып-ақ табар едім. Бірақ сенің қабіріңе оқта-текте
болса да ат басын бұрып, гүл шоғын қоюды тағдыр маған жазбапты. Сен қазір жат
қолында қалған атақоныс туған жердің қасиетті топырағын жамбасыңа басып, көшпелі
халқыңның жұртына қалдырған белгісіндей, айдалада бір төмпешік болып жатырсың...»
[1, 6]. Кейіпкердің дүниетанымы, өзгерісі шексіз емес. Бұл алдымен, тұлғаның
психологиялық жағынан қалыптасуына байланысты. Сондықтан, роман кейіпкері бастан
кешетін эволюция үнемі шарықтау шегіне жетіп, бірақ, өзінің ұзақтығын шектеп,
аяқталуға жақындайды да, оның көрсеткіші ретінде адамгершілік, философиялық, рухани
түйін алынады. Осы тұрғыда романдағы психологизмнің атқаратын рөлі екі жақты: ол
алдымен, жеке танымның құрылымы ретінде - адамгершілік, психологиялық және
идеологиялық деңгейде көрінсе, екіншіден жеке тұлғаның ішкі әлемін ашу тәсілі ретінде
көрінеді. Жоғарыда айтып кеткендей, роман кейіпкерлерінің қақтығысы, жеке бастың
мүддесінен аулақ жатыр.
Академик Р.Нұрғали: «Қытайдағы қазақ прозасының алғашқы күрделі туындыларын
марқұм, әрі ғұлама тарихшы, әрі ақын, әрі жазушы Нығмет Мыңжани, бүгінде жабылған
жала, кеселінен түрмеде отырған көп томдық «Қылмыс» романының авторы Қажығұмар
Шабданұлы берсе, арғы беттегі бауырлар, дәлірек айтқанда, Шыңжаң қазақтары туралы
ең алғашқы роман Қабдеш Жұмаділов қаламынан туды. Тарихи тақырыптарды өрбітетін,
кейінгі жылдары жазылған «Бөке батыр», «Зуха батыр», «Қайқая шапқан қарагер» сияқты
жақсы романдарда «Соңғы көш» тәжірибесі, дәстүр-үлгісі көрініп-ақ тұрады», деген
зерттеуші пікірі жалғаса өрілген дәстүр үлгісін айқындап кетеді. [2, 246].
Тарбағатай аймағындағы Найман елінің бір тармағы Төртуыл ішіндегі ру таласының
мәнсіз тайталасынан, жер-жердегі өзгерістерден қажыған роман кейіпкері қым-қиғаш
өмірдің бұралаңына қарсы тұруға дәрменсіз: «Мен өмірдің қылкөпірінен бір емес, бірнеше
рет сүрінген адаммын... Қателіктерім сондай көп. Оның ішінде өзіме кешіретінім де,
кешірмейтінім де бар. Тәңірім-ау, осынау жер бетінде қандай ұзақ әрі қиғаш жолдарды
басып өткенмін?!» [1, 68]. Кейіпкер жеке өзіне тән өмір жолын айтып отырғанымен, ол
тағдыр теперішінен жат жерге ауған адамдардың да көңіл-күйін беріп отыр. Қақтығыс
үнемі қоғамдық өмірдің, ортаның ауқымында алынып жатады. Бірден тартысқа түсу,
қарама-қайшылыққа барудан бұрын, кейіпкер ішкі үнін тыңдайды, ішкі ойын таразылап,
басар қадамын, барар әрекетін әбден ойланып барып жасайды. Кейде оған ішкі ойы қарсы
шығып, үлкен дағдарыс үстінде жүреді.
«Соңғы көш» романындағы кейіпкерлер мекен тұрақты жат жерден іздеуге тәуекел
етеді. Алайда ол белді бекем буған тәуекел емес еді, Жанғабыл артына қарайлай, айыбы
бар адамдай кібіртіктей кетеді, тірілерден бұрын жер жастанып жатқан өлілерден
сескенгендей («Қайтейін... Қайда жүрсек те дұғамыздан тастамаспыз. Аруақ-құдай
кешірер»). Тарбағатайдың күнгей жағы тоқшылық екен дегенге сеніп, сол жаққа амалсыз
бет түземек болғандардың көбінің көңілі күпті. Алдағы бұлдыр дүние туған жерден де
жырақтатпақ («Қош бол, құтты қоныс, ата мекен! Енді қайтып көреміз бе, жоқ па? Туған
жерді тастап, осылайша тентіреп кетеміз деген үш ұйықтаса ойымызда бар ма еді... Бұл да
бір тағдырдың жазуы шығар»). Бұл сыртқы орта мен ішкі наразылықтың арасында
туындаған қақтығыс. Әрі мәжбүрліктен туындаған әрекет. Қарапайым тіршілік қалпының
бұзылуы кейіпкерді туған ортасынан алыстатып әкетті. Енді кейіпкер адамға бір келетін
өлімнің өзінен де сескенеді, дұрыс, жөнімен келуін тілейді («Тағдырдан жалынып
сұрайтыным зауал шағымда ит жеген терідей көрінгенге қолжаулық болмай, жайыма
жатып тыныш өлсем болғаны»).
228
Тарихи шығармаларға тән сипат өткенге үңілумен қатар, көне дәстүр- салттың
сұлбасын, ескіліктің әңгімесін жаңғыртып отыру. Яғни «Тарихи роман қашан да замана
ділгірлігінен, оның қалай дамып бара жатқанын ойлау дертінен туындайды. Даруын табу
үшін бір мезгіл ата-баба мирасына құлақ асады» [3, 30].
Қ.Жұмаділовтің «Атамекен» романы бір кездері туған жерінен шалғайға кеткен
адамдардың тағдырын суреттейді. Романдағы Қайдар тағдыр теперішін көріп, туған
елінен амалсыз қара үзеді («Қайтейін. Сол жаққа ауып кеткен ел-жұрттан жаным артық
па? Тағдырдың маңдайға жазғанын көрермін. Мен істейтін не қалды бұл жерде? Енді мен
кімге керекпін») [4, 30]. Жат жердің тасы табанына батқан адамда қандай сенім мен ерік
болсын («Сен жат елде кірме, келімсек атанып, екінші сортты адам болып көрген жоқсың
ғой. Ал мен көрдім ондайды... Аранын ашқан аштық пен жеріне жеткен мұқтаждық
адамдардың мінез-құлқын, бүкіл табиғатын өзгертіп жібереді екен. Әшейіндегі дегдарлық,
менмендік дегендерің жайына қалып, қу кеңірдектің қамы, тіршілік үшін күрес алға
шығады екен. Өз елінде таңдайынан бал тамған шешендер шет жерде аузын буған өгізге,
құлағына қол апартпайтын асаулар үстіне түйе жүріп өтсе былқ етпейтін қойторы
көмпіске айналады») [4, 280].
«Өзінің рухани һәм көркемдік әлеміне арқау етіп, өзгеше тың туынды тудырған
Қ.Жұмаділов айтқандай, «көшпенділердің соңы», яғни көшпенді тірліктен отырықшы
тұрмысқа бет бұрған қазақтың енді қайтіп атамекенінен аумасын, елі-жерін тастап үдере
көшудің соңы болсын деген авторлық идеясы шығарма мазмұнынан айқын аңғарылады.
Өйткені автор қазақ жерінде болған төңкеріс, аласапыранның қытай қазақтарының да
басынан өтіп, олардың да «ұлтшыл», «оңшыл», «республикашыл» деген небір айдар-
атаққа ие болып қуғындалғанын бейнелеу арқылы басынан соры арылмаған ұлтының
бейшара кебін ашына ашып көрсетуді авторлық позициясының арқауы деп есептеген» [5,
450] қаламгер шығармасында автордың көңіл-күйі де айқын аңғарылып отырады.
Cөз өнерінде, соңғы уақыттарда автордың эмоциясы қайталанбас өзгешеліктерімен
берілуде. Осы тұрғыдан көркем туындыларда эмоция мәселесінің өзіндік орны бар.
Қазіргі кезде зерттеушілер өздерінің әдіснамалық ұстанымдарына қарай шығармада
кездесетін эмоция құбылысын әр түрлі категориялармен береді. Мәселен, батырлық,
трагедиялық, романтикалықты эстетикалық категориялар десе, кейде метафизикалық
(Р.Ингарден), кейде пафостың түрі (Г.Поспелов), кейде көркемдіктің модусы (В.Тюпа) деп
те атайды. Әрине, қай жіктеудің де өзіндік мәні бар екені, барлығы да автордың көркем
туындыны жасаудағы ұстаным-бағытынан туындайтыны белгілі. Соның ішінде өзіміз
қарастырып отырған көркем туындыларға өмірлік қайшылықтарды эмоционалдық және
көркемдік жағынан көрсететін формалардың бірі - трагедиялық басым екендігін
байқаймыз. Трагедиялық жағдайлардың адамдардың кейін өздері құрбандыққа
ұшырайтын қателіктерінен, адасуларынан, жасаған қылмыстарының нәтижесінен туатыны
белгілі.
Трагедияның сипаты әр қилы. Тарихтың қайшылықтарынан туындайтын қатал
трагизмге жеке адамдар емес, тұтас халық, ұлт ұшырайды. Мұндай азапты трагедия ұзаққа
созылып, қаншама адамның адами, рухани құндылықтарын жоғалтып жіберетіні ақиқат.
Содан да, «XX ғасырдың көркем туындыларында айқын бір интонациялық өріс –
«трансценденттік ашыну», «болмысты апокалипті түрде көру» қандай да – батыс немесе
шығыс әдебиетіндегі романның қай түрінде де роман-бүлік, роман-миф, реалистік роман
болсын – басым мәнге ие. Тіпті бұл трагикалық дүниетаным ғасыр соңындағы әдебиетте
де сақталып отыр. Себебі, аса маңызды проблемалардың бірі-адам мәселесі
жалпықоғамдық дағдару аясында қарастырылады» [6,203]. Қ.Жұмаділов романында
қоршаған ортаның, жағдайдың адам баласын соншалықты төмендеуге, кіріптарлыққа
апарғанын көрсетеді. Соның салдарынан адамдардың мінез-құлқын өзгертіп, «қойторы
көмпіске» айналдырып жібергені қатал шындық еді. Ең ауыры бұл азапты трагизмнің
адамның болмысына сіңіп, соған бойұсындырып жіберетіні Бұл тұста трагедияның үлесі
229
жекелеген адамдарға ғана емес, тұтас халықтың еншісіне де тиесілі болғанын көреміз.
Трагедиялық жағдайдың салдары бір-бірімен ұласып отырады. Адам мұндай
шиеленісті жағдайда қалыпты ой арқауынан ажырап та қалады. Жазушы Ж.Сәмитұлының
«Сергелдең» романында өткен ғасырдың қырқыншы жылдарында Алтайдың күнгейінде
тіршілік еткен қазақтардың тұрмыс-тіршілігі, өмір үшін күресі суреттеледі. Халқы үшін
қан кешкен Оспан батырдың қиын кезеңдегі батыл қимылдары, қаһармандық тұлғасы
көркем бейнеленеді. Романда байырғы халықтың дүниетанымы үнемі байқалып отырады
(«Жаратушы құдірет қандай күшті. Бағана өзін қамаған жыртқыш көкжалдар жетеу еді.
Енді мұны құтқарған тағы да жеті қарақшы. Ой, алла, аспанда да, әне, жетіқарақшы тұр.
Анау бір жарық жұлдызға қара. Оны темір қазық деп атайды. Ал оның қасындағы екеуін
ақ сары ат пен көк сары ат дейді. Солардың мына жағындағы шөміш бастысы - жеті
қарақшы. Темір қазыққа арқандалған ақ сары ат пен көк сары атты аңдыған жеті қарақшы
темір қазыққа енді таяған кезде таң атып кетеді екен. Қалай сонда? Жыртқыштардың бәрі
жетіден болғаны ма? Жоқ, аспандағы жұлдыздар жыртқыш емес шығар. Яки мыналар да
қарақшы емес болар. Сонда қалай? Қазақ баласы жеті санын ерекше белгі санайды. Көп
нәрсені жетімен атайды. Бәлкім, арман, бақыт, несібе қуғанның бәрі жетіден басталды ма
екен? Жаратушы алланың құдіреті күшті. Мұны бір құдай өзі білмесе оның сырына күнәлі
пендесі қайдан жетсін...» [7, 15].
Кейіпкердің ойы ежелден тұрақталған ұғымдарға қайшылықта алынған. Қазақ
қашаннан жеті санының астарынан күдік іздеген еді? Керісінше, жеті санына көптеген
ұнамды, қасиетті ырымдарды теліген жоқ па еді? Жексеннің өзі жасынан ұйыған,
құлағына сіңірген дәстүрлі ұғымның ар жағынан қосалқы бір астарға, мағынаға баруға
итермелеген сол мезеттегі көңіл-ауаны еді. Егер үміт пен күдіктің қатар келуі шарасыз
етпесе мұндай бөгде ойға барар ма еді? Кейіпкердің әдепкі танымнан бөлек бөгде,
қайшылықты ойы әрі қарай да жалғасып отырады: «Иә, бақыт деген де опасыз. Бір мезет
ойда жоқта анау аспандағы күндей күлімдеп, жүрегіңді нұр сәулеге орап, қуанышқа
бөлейді де, сонан соң қас-қағым сәттің арасында көзін жұмып ала қояды. Боз мұнар,
бұлыңғыр бір түнекке орап, басқа бір жат өлкеге, буалдыр кеңістікке қарай жетелейді.
Алғашқыңды тұтас ұмыттырып, аздырып, адастырып әкетуге қам жасайды» [7, 59].
Адам баласының танымына әр қилы қайшылықты ойлардың үстемеленіп, кейде
солардың дұрыстығына көздері жетіп, жетегіне ілесіп кете беру де жат болмаса керек.
Өйткені, мұндай қарама-қайшылықты ой-танымдардан туындайтын әрекеттер қаншама
қақтығыс пен соғысқа бастаған жоқ па? Бұл ойымызды романдағы мына бір үзінді тағы да
дәлелдей түседі: «Бейбіт тірліктен суынып, күдер үзген оған енді аласапыран тартыс,
алыс-жұлыс керек тәрізді еді. Жер бетінде қазір де зұлымдар көп. Шәмсия сияқты ақ
көгершін, пәк перизат, кіршіксіз аяулы періштелерді жылататын, қорлайтын қара
жүректердің құтырынып алған шағы. Тыныштық болмаған жерде адам соғыстан ғана
ләззат алатын секілді. Бақ таласынан есе теңдік ала алмаған әр жігіт енді өзін айқасқа
арнауы керек» [7, 60].
Эмигранттық санадағы «жасырын адам» - реминисценция негізінде жасалған миф.
Л.Шестов Ф.М.Достоевский туралы «Преодоление самоочевидностей» очеркінде
жазушының өз ортасынан «лақтырылып тасталған» кейіпкерінің психологиясын
зерттейді. Л.Шестовтың ойынша бұл жер бетінде жалғыз қалғандық, бос ортаны ғана
емес, сонымен бірге әр түрлі көзқарастарды жеңетін ішкі жағдай да тудырады, бұрын
болмаған еркіндік береді. Санадағы мұндай ерекшелік эмигранттық жас адамға жақын
болды. «Барлығын шайтан көтеріп кеткендей» ортаға тап болған ол үрейлене отырып,
драмалық жағдайда өзінің «менін» сақтап қалғысы келеді.
Эсхатологиялық негіздегі өнерге деген жаңа қатынас «Эмиграциядағы жас
әдебиеттің діни ахуалы туралы» («О мистической атмосфере молодой литературы в
эмиграции») деген манифесте көрініс табады. Мақала Поплавский тұрақты автор болған
«Числа» журналында басылады. Эмиграция жазушы назарын туындының нағыз келбетін
230
жасауды тұрақтандыруда қолайлы жағдай қалыптастырады. Эмигранттық тұрмыс ауыр да
трагедиялы, бірақ үмітсіздік «тұрақты қолайлы жағдайда заңды шешіледі». Сөздің «діни-
моральдық мазмұнына» қарамастан, ақын Поплавский оның көркемдік жағын да назардан
тыс қалдырмады.
«Числа» төңірегінде» («Вокруг «Чисел») мақаласында автор өзінің әдебиетке деген
құмарлығын түсіндіретін лирикалық негіздегі кіріспеден бастайды: «Өзің туралы жазу
қиын, мұнымен қоса біздің өзіміз - бұл шынайы түрде жазғың келетін жалғыз тақырып.
Символистер мен сюрреалистер өздері жөнінде шексіз көп жазды. Жаңа эмигрант әдебиеті
ешнәрсе жазбады. Енді мен жазып көрейін» [8, 14].
Адам, әрине, әуелгі бастауларға басқаша қарайды. Тіршілік иесі ретінде өзін-өзі
анықтауға ұмтылған адам, өзіндік бастауын өзіне дейін басталған тіршіліктің
тұңғиығынан ғана табады.
Қ.Жұмаділовтің «Атамекен» романында да осындай ауыр жағдайдың өкінішті сәті
көп көрініс береді. Ар жақтың тіршілігін көріп келген Қайдардың әңгімесі («Күнкөріске
жарайтын кәсіп табудың өзі қиямет. Кәсіп сұрап барсаң, арзан жұмысшы күшіне
мелдектеп тойып отырған қала байлары маңайына жолатар емес. Егер жалдана қалсаң, сол
күні саған не істетем десе де ерікті: отын жарғызады, кірпіш құйдырады, үй майлатып,
бау-бақша суғартуы да мүмкін») адам санасына қарапайым тіршіліктің қатардағы адам
болып қалудың күрделілігін орнықтырады.
Экзистенциялық таным бағытында өзін-өзі танып, ашуы сияқты үрдіс бар. Бұл
жөнінде Ж.П.Сартр: «Адам үнемі өзінен тыс болады. Өзін жоғалту арқылы, өзінің
адамдық болмысын табады. Кейде, өзі тап болған жағдайдың шығар жолын тауып, өз
ішіндегі бөгеттерді жеңу арқылы да бұл ситуациядан шығады» [9,108]. Экзистенциализм
тұтас философиялық жүйе емес, оның көптеген ішкі тармақтары болады. Солардың
барлығы «адам мәселесін» бірінші орынға шығарады.
Эмигранттық таным аса күрделі. Тіршілік қалпы бұзылған жерде адамгершілік
нормалар қалай сақталсын. «Атамекен» романында адам баласының жаны қысылғанда
әрқалай әрекетке көзсіз баратыны суреттеледі. Босқындардың ішінде аштық қысымына
шыдамаған кейбір өңі түзу әйелдер күнкөріс үшін өз күйеулерін тастап, жергілікті
біреулерге тиіп жатты. Осы бір сұмдық оқиғаның жайылуы былай да тағдыр тауқыметін
тартқандарға соққы болады. Тіпті бір асым етке, бір пұт астыққа қыздарын, балаларын
айырбастағандар да кездесті. Осы зауал шақта дін адамының панасын, қамқорлығын
көргені қалай естен шықсын. «... Сол жылдары Шәуешекте Әзиз қажы деген адам болды.
Босқындардың арасында оның аты Атымтай Жомарттан бірде кем естілмейтін. Сол кісі
күніне бір-екі қойын сойдырып, қала сыртыдағы бақшасына бірнеше қазан астырып, ауып
келген аш-аламан жұртқа құдайы көже таратады екен. Мұндайда аштықтан кендірі кесіліп
кеткен адамдардың ішкен тамағы аш өзегіне түсіп, өліп жатқандары да аз емес еді.
Жаңағы Әзиз қажының бір кереметі сол өліктерді жерлеу шығынын өз мойнына алып,
әрқайсысын ақиретке оратып, көмдіріп отырды» [4, 199]. Бұл қазақ жұртының қандай
қысылтаяң шақта имандылығын сақтап қалғандығын байқатады.
Қаламгер Д.С.Мережковский бала кезінен көненің қоршауында, соның ауасымен
тыныстап өседі. «Азаттық әкелуші патшаның» өлуі мен отбасындағы кикілжіңді сәттерден
орныққан күңгірт, көңілсіз фантазия бала Мережковскийді эсхатологиялық ізденіске
әкеледі. Қаламгер философ-позитивистер: Кант, Милль, Спенсердің ықпалына көбірек
беріледі. Позитивистерді оқу арқылы ол адамзаттың ақыл-ой әлемін ғылымның берік
тұғырына барша теологиялық және метафизикалық идеяларды терістеу арқылы қою оны
бала кезінен сіңген діни идеалдармен қайшылыққа келуге әкелді. Осы кезден бастап
жазушының шығармашылығына және тұлғасына тән екіге жарылушылық пайда бола
бастайды. Ол антиномия мен метафизикалық қарама-қайшылықты, бір жағдайдан
екіншісіне ұрыну, Фридрих Ницшенің антихристиандық нигилизмін Владимир
Соловьевтің дүниелік шіркеу ізденісімен жақындастыруға талпыныс жасауға әкеледі.
231
Мережковский «өзінің шағын шіркеуін» құрып, оны «үлкен» шіркеумен үндестіргісі
келеді. Осыдан келіп Мережковский туындыларындағы инфернал бейне шығады.
Инфернал кейіпкер-ұзаққа созылған эволюцияның жемісі. Әдеби дәстүрдің
жалғастығын негіздей отырып, бұл бейне эстетикалық және дүниетанымдық канондардың
алмасуы әсерінен белсенді түрде тасымалданып отырған. Батыс Еуропа әдебиетінде
демондық кейіпкердің қалыптасуына шіркеулік әдебиет ықпал еткен. Ал, орыс әдебиетіне
бұл еуропаның романтикалық әдебиетінен енген. Романтизм дәуірінде фольклорға, мифке
назар аудару күшейе түседі. «Демондық кейіпкерге жаңаша қызығушылық білдіру XIX-
XX ғасырлардың көкжиегінде пайда болды. Осы дәуірде туған оккультизмге, экзотикалық
культке, әр түрлі халықтың діни дүниетанымына негізделген ғылыми-көпшілік әдебиеттер
жалпы оқырманға жетті. Осымен қабат әлемнің материалистік, позитивистік бейнесіне
және ғылыми-техникалық өрлеуге деген наразылық байқалды. Осы үдерістердің
нәтижесінде орыс прозасында шайтанның сырт бейнесі орнығады. Мұнымен бірге
инферналды кейіпкердің асқақ (әсіресе, символистердің шығармашылығында)
бейнелерімен қатар төмендеген, психологиялық жағынан мещанға тең (бұл кезеңдегі
философияда П.Флоренский рухсыз, зұлымдық доктринасын жасады) бейне де пайда
болды. Романтикалық гностикалық демонға қарама-қарсы «ұсқынсыз шайтан»
(Д.Мережковский) қойылып, бұл демонизм концепциясының негізінде XIX ғасырдың
аяғы мен XX ғасырдың басындағы орыс прозасына тән болды» [10, 17-18].
Мифтік таным адам баласының ой-қиялындағы дүниелерге үнемі қозғау салып,
өткенге оралтып отырады. «Атамекен» романында туған жердің қасиетін ұлықтайтын
ұғымдарға ерекше мән беріледі. Халқымыздың туған даласынан алыстағанда, ондағы кез
келген бөлшектер, ұғымдар тұтастық орнына жұмсалған. Осы романдағы мына бір аңыз
осы ойымызды қуаттай түседі: «Лұхман-хакім деген кісі өмір бойы іздеп жүріп, ақыры
алыс бір өлкеден адамға мәңгілік ғұмыр беретін зәмзәм суын тапқан деседі. Зәмзәм суы
мұндай қасиетке тек елу жылда бір ие болады екен. Лұхман-хакім әлгі бұлақтан бір
торсық су құйып алып, елге қайтады. Алыс жолдан аты болдырып, өзі де әбден шаршап,
бір қарағайдың саясына келіп демалады. Торсықты ағаштың бұтағына іліп қойып,
көлеңкеде басы жерге тиісімен қатты ұйықтап кетсе керек. Сол мезетте қарағайдың
басына бір құзғын келіп қонады да, торсықты тұмсығымен шоқып, тесіп тастайды.
Лұхман-хакім ояна келсе, зәмзәм суы ағып кетіп, сарқыны қарағайдың түбіндегі бір топ
аршаға тамшылап тұр екен. Ел қамын ойлаған жарықтық Лұхман-хакім, не де болса
халқыммен бірге ішейін деп, әлгі судан өзі де татып алмапты ғой. Сөйтіп, мәңгілік
ғұмырдан адамзат мақұрым қалыпты. Бұл күнде құзғынның мың жасайтыны, қарағай мен
аршаның мәңгі қурамай жап-жасыл болып тұратыны сол зәмзәм суының шарапаты
деседі» [4, 210-211]. Бұл аңыз адам баласын туған жері зәмзәм суындай үнемі
ынтықтырып отыратындығына меңзейді. Тіпті мәңгі түсін сақтап қалатын аршаның өзі
адамның туған еліне үнемі аңсары ауып тұратын сағынышының тұрақтылығын білдіреді.
Туған елін аңсаған адам тезірек жеткісі келеді. Сол сәтте оған қанатты тұлпардың
жәрдемі керек-ақ. Талай сыннан өткен, адал, төзімді пырақтың бейнесі қазақ сөз өнерінде
ежелден әспеттелгені белгілі. Ақын Ж.Бөдешұлы «Тозақтан жұмаққа» поэмасында: «1969
жылдың ерте көктемі. Қазақ Алатауын бетке алып, ол қашып келеді... Артында мұздай
қаруланған қуғыншы шеріктер... Алдында - бейтаныс Атамекен. Астында арындаған ақбоз
ат. Қасында күшігінен асыраған көктөбет. Қараңғы түнді ақ алмастай қақ жарып, ақбозды
сипай қамшылап, маңдайынан суық тері тамшылап, Ол қашып келеді» («Тұрмын міне,
шекараның шегінде, Артта-тажал, алда-атажұрт, шегінбе») [11, 211]. Тұлпар бейнесі кең
даладағы қозғалысты беруші, ердің пырағы, баға жетпес байлығы, қысылған сәтте ақыл
беретін серігі болған. Содан да болар халық жылқы малын ерекше қадір тұтып, киелі
санаған, аңыз-жырларға, ертегілерге арқау еткен, адам баласына тән сипаттарды теліген.
Батыр мінген аттың жүйрік болып көрсетілуі, қаһармандық эпостың түпкі идеясына-
халқын сыртқы жаулардан қорғау мақсатына тікелей байланысты. Мұның өзі бейбіт
232
өмірді аңсаған халықтың терең аңсарымен астасып жатыр. Бұл жерде де туған жеріне бет
түзеген адамның қасындағы қара тұтары, алыс жолды жақындататын серігі - аты.
«Сана ағымы» терминінің 1890 жылы У.Джеймстің «Принципы психологии»
еңбегінде аталғаны белгілі. Көркем шығармашылықтың психологиясы туындының ішкі
тұтастығын қабылдаудан туыңдайды. Бұған көркем шығармадағы проблема, бейнелеу,
қиял, әсер мен қабылдау секілді компоненттер енеді. Бұларды анықтайтын орталық жүйе
жазушы шығармашылығын тұтас зерттеуден орнығады. Осы зерттеудің деңгейлерін
ажырата кетсек, алдымен, әдеби үдерістің мақсаттылығын көрсететін көзқараста
жекелеген шығармалардың тууын зерттеу; нақты бір автор шығармасын қарастыру
үстінде сол кезеңдегі шығармашылық үдерісті анықтау; қандай да бір белгілеріне қарай
(жүйелі әдіснамалық негізде) әр түрлі суреткерлердің шығармашылығына салыстырмалы
зерттеу жүргізу; одан кейін жоғары абстракцияның категориясы ретінде танылатын
көркемдік ойлауды зерделеу. Осылардың бәрі қаламгердің дүниетаным ерекшелігін,
шығарма тудырудағы психологиялық даралықтарын, кейіпкер бейнесін жасаудағы
тәсілдерін түрлендіреді, өзінің әсер-сезімін, толғаныс-тебіреніс арналарын жасайды.
Кейде осындай кейіпкер санасының және одан тыс тұрған суреттеу тәсілін жазушы мен
оқырманның қабылдауы аса күрделі. Мұны меңгеру үшін жоғары әдеби-көркемдік
құзіреттілік қажет. Осы сана ағымының көрінісі роман кейіпкерлерінен байқалады.
Олардың кей сәтте өң мен түс арасындағы өздері де дұрыс байыбына бармаған
әрекеттерді орындауы олардың еркінен, санасынан тыс атқарылып жатады. Ақынның
«Тозақтан жұмаққа» жол тартуы өң мен түстің арасындағы елес дүние секілді
қабылданады. Бұл жерде екеуінің ара қашықтығы мөлшерлес. Адамның тозақтан құтыла
алмайтыны секілді, жұмаққа жету де соншалық қашық.
Діни ойға адам баласы бұл дүниенің болмысы қиындап, күрделенген сәтте беріледі.
Осыған дейін қалыпты деп қабылдаған ұғымдары өзіне қайшылықты пікір, әсер
туындатқан кезде, адам өзі де терең түсініп болмаған өзге дүниеге, жаратылысқа жүгінеді.
Жоғарыда талданған прозалық шығармалардағы діни-философиялық проблема адам
баласын үнемі толғандыратын мәселе еді. Қай кезеңде де адамзат жаратылыстың да,
өздерінің ішкі дүниесінің де жұмбағын шешуге ұмтылып отырған. Ал, автор жер бетінің
тірлігі мен метафизикалық құбылыстың арасын жалғастырғысы келді. Сондықтан да
қаламгердің шығармаларының ортақ проблемасы қайырымдылық пен зұлымдықты
таңдаудағы еркіндік болды. Бұл концепцияларда утопизм болса да, тұтастай алғанда адам
баласын ұнамдылықты жақсылық пен еркіндікті идеал етуге шақырады. Діни сана белгілі
бір дәрежеде адам баласының гуманистік таным, түйсігіне ықпал жасады.
«Сергелдең» романының кейіпкерлері өз мінез-сипаттарының кемшін тұстарын
өздері айтып ақталып отырады: «Сол күнәм үшін қандай жаза тартып, қандай ауыр күнә
жазылса да әзірмін. Сонда да алдын ала арылып айтып алайын. Төрінен көрі жуық тұста
кәрі Көкенбай неден жаңылды дейсіңдер ғой. Адам жасы ұлғайып, өлер шағына
таянғанын сезген сайын қалтырап, жаны тәтті болып кететін көрінеді. Бірақ, күнәнің
үлкен себебі әріде. Ол мынау: біз, қазақ баласы, атадан ұл боп тусақ та, көп заманнан бері
көрінбей көрінгенге құл боп үйренген халіміз бар» [7, 61].
Орыстың эмигрант жазушысы И.Шмелев өзінің шетел кезеңіндегі үрейлі Қырым
әсерлерін беретін шығармасын “Солнце мертвых” (автор эпопея деген) деп атайды. Бұл
қысқа әдеби ноктюрн-әңгімелерінде автор барлық жанды атаулының-адам, аң, сезім,
жүректің өлуін көрсетеді. Осылардың бәрін көрген күн “өлгендердің күніне” айналады.
Өткен ғасырдың 20 жылдары Қырым халқының қызыл терроршылар мен аштықтың
салдарынан қырылуын көрсеткен осы кітапты сыншылар «қорқынышты кітап»
(А.Амфитеатров) деп атап, автордың мұндай шығарманы жазуға күш-жігері қалай
жеткеніне таңқалады. И. Шмелев: «Мен білемін: мыңдаған шақырым қашықтықтан,
радиодан естілген бұйрық көк теңізге жетті: «Қырымды темір сыпырғышпен теңізге қарай
сыпырып таста». Сыпырылып жатыр» [12, 24]. Шығармадағы қорлық, аштық,
233
қорғансыздық, заңсыздық, қырылу - осының бәрі автордың адам ретіндегі сана сезіміне ең
ауыр соққы болып тиді. Мұндағы адамдық құқықтың тапталуы, үрей, кәдімгі тұрмыстық
жағдайдың бұзылуы, адамның сабағынан үзілген жапырақ секілді сыпырылып кете баруы
ең трагедиялық сәт еді. Ақын М.Волошинше айтқанда: «Мен өлгендер үшін жылаймын
ба, мен ұзақ жасауға тиістілер үшін жылаймын» («Разве я плачу о тех, кто умер? Плачу о
тех, кому долго жить»). Міне, осындай өлім мен өмір белдескен сәттегі адамның өз
тірлігіне налуы, тағдырына қарғыс айтуы секілді күпіршілікке дейін баруы мәжбүрліктен,
сананы жайлаған белгісіздік пен үрейден туындар еді. Осындай дағдарысқа түскен жан
өткенінен жұбаныш тапқысы келеді.
«Сергелдең» романында Ырысқан бір сәтте екі күйді басынан қатар кешеді: «Ол осы
күнге дейін мылтығы, қаруы бар өкімет әскерін қойып, сойыл, шоқпармен тап беретін
қазақ бүлігіне де араласып көрген жан емес. Ойлап отырса осы жасқа келгенше тұщы
етіне тиген қамшы дәмін әлі татып көрмеген екен. Азап, бейнет, өлім деген сияқтыларды
тіпті есіне де алып бақпаған пенде. Қазір мына қалың әскерді өз көзімен көргенде жүрегі
аузына тығылып тынысы буылып, дем ала алмай қалды» [7, 109]. Осыдан туындаған үрей
әрі қарайғы ұзаққа созылған трагедияға апарады: «Бұлар көзі жасты, көңілі күпті жандар.
Кешегі қырғында бірінен-бірі көз жазып қалып, оның не өлі, не тірі екенінің байыбына
бара алмай қан жұтып келе жатқан көңілі қаяу сорлылар» [7, 174]. Романдағы кейіпкерлер
қоршаған ортаға философиялық қашықтықтан қарайды, ал, алысы - өткен дәуір, көркемдік
стильдер, философиялық идеялар – тұрмыстық ұстаным тұрғысынан алыс болып келеді.
«Ең ақырында оның көз алдына тағы әлгі қызыл жұлдыз келе қалды. Қан түстес қызыл еді
ғой. Таңертең өзі көрген мейірімсіз түсі суық адамдардың бәрінің маңдайы қып-қызыл
болатын. Маңдайына жазған деген сол болғаны да» [7, 181]. «Заман да заман, заман болар,
қарағай басын шортан шалар» деген бар. Бұл да бір дүние ғой. Сен тым болмаса шешеңнің
сүйегін тапқан екенсің. Көзің көріп, көңілің суыды. Оған да «шүкір» де, балам» [7, 184].
Қорыта келгенде, өзге ортада тірлік кешкен адамның санасында дүниені, ортаны
қабылдаудағы өзгешелік туындайтыны анық. Өзінің шығармашылық жолында шекара
сыртында қалған қазақтардың тағдырын арқау еткен Қ.Жұмаділовтің «Соңғы көш»,
«Атамекен» шығармаларында адам санасының әр түрлі құбылыстары дәйектеледі. Бұл
құбылыстар кей сәтте адамның көкейінде тұнған ой-сезімдерін шайқап, бірқалыпты өмір
дағдысынан алшақтатады. Бұл көркем шығармаларда адамның дербес болмысы, оның
айналасымен қақтығысқа түсуі байқалды. Бұл қоғамның кезеңді, тұтас қақтығысынан
туған қарсылық еді. Әрі, бұл қарсылық көрсету үнемі ашық, көзге ұратын түрде емес,
ішкі, санадағы қарсылық түрінде жүрді. Осы кезде адамның ішкі дүниесі де өзді-өзімен
айтысып, тартысады. Жоғарыда талданған прозалық шығармалардағы діни-философиялық
проблема адам баласын үнемі толғандыратын мәселе еді. Қай кезеңде де адамзат
жаратылыстың да, өздерінің ішкі дүниесінің де жұмбағын шешуге ұмтылып отырған. Ал,
автор жер бетінің тірлігі мен метафизикалық құбылыстың арасын жалғастырғысы келді.
Сондықтан да қаламгердің шығармаларының ортақ проблемасы қайырымдылық пен
зұлымдықты таңдаудағы еркіндік болды. Бұл ұғымдарды таңдаудағы қателік адамды
еркіндік пен сүйіспеншіліктен алыстатады. Бұл концепцияларда утопизм болса да,
тұтастай алғанда адам баласын ұнамдылықты жақсылық пен еркіндікті идеал етуге
шақырады. Діни сана белгілі бір дәрежеде адам баласының гуманистік таным, түйсігіне
ықпал жасады. Бұлардың бәрі жинақтай келгенде туған жердің қадірі, ел алдындағы парыз
деген идеяларды түпқазық етті. Осыдан келіп бұл шығармалардың төмендегідей
ерекшеліктері анықталады:
- Қ.Жұмаділовтің романдары шекара сыртындағы қазақ жұртының тұрмыс-тіршілігі,
салт-дәстүрлерінен бастап, ішкі сана-көңіліндегі өзгеріс, құбылыстарын жете дәйектейді;
- Бұл туындыларда адамның туған жерге, елге деген сағынышы, көшпенді
тіршіліктің табиғи болмысы ашылады;
- Адам баласына тән өмірдің қалыпты сипаты өзгерген түрде беріледі. Адам уақыт
234
пен кеңістік өлшемдерінің өзгерісін танып-біледі;
- Сана түкпіріндегі ой байыз таптырмай, мазасыздандырған кезде адам өзге
құбылыстарға, санадан, болмыстан тысқары тұрған ұғымдарға иек артады;
- Көш өзінің көшпенділер өміріндегі қызметін аяқтап, ендігі көштің беталысы
өзгереді.
Адам туған жердің болмысын жан-тәнімен аңсағанда, көңілдерінде өзгеше ой, таным
орнығады. Кейде уақыт өтуі, жылдамдығы өзгеріп, оның орнын санадағы құбылыстың
басымдығы алады. Осы кезде адам өзінің санасындағы қарсыласуларға да - екіге
жарылып, екіұдай болған сәтіне де жауап табуға ұмтылады. Бұл әрекет үстінде адамның
өзгеге емес, алдымен өз өткеніне көз жүгіртіп, басынан кешкендерін таразылайтыны анық.
Мұның өзі адамның жеке, өзіндік болмыс-танымының оқшаулыққа бейімдігін аңғартады.
Достарыңызбен бөлісу: |