Кәсіптік білім беру мекемелерінде тәрбие үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері
Еліміздегі әрбіреңбеккер өз кәсібінің иесі, ол өмір сүру, жанұя берекесінің көзі болып, өзінің кәсіби біліктілігін, шеберлігін шыңдап, жаңа техника мен технологияларды игеруде шығармашылықпен меңгеріп, кәсіпкерлік пен бизнесті тиімді ұйымдастыра білуі қажет. Әрбір тәжірибеші педагог өз тәрбиеленушілері мен біртұтас педагогикалық мақсатқа лайықтылық принципін жүзеге асыруға әрекеттенуі керек. Осы принциппен мазмұндас –жалпы адамзаттық адамгершілік құндылықтар рухында тәрбиелеу принципі бүгінгі таңда алдыңғы орынға шығып отыр. Өйткені, қазіргі қоғамда түрлі топтардың жіктеліп, әртүрлі партиялар мен саяси қозғалыстардың белсенділік танытып отырғаны белгілі.
Саясатқа араласу –әрбір азаматтың жеке ісі, мемлекет те кеңес дәуіріндегідей жеке жеткіншектердің саяси белсенділігінетосқауыл болмауы керек. Бұл жерде адамдарды жікке бөліп, алауыздық туғызатын іріткі саясат емес, қайта оларды біріктіретін, ұлттық идеологияларға жататын, соған бағытталған кешенді тәрбие жүйесі қажет-ақ. Қоғамды ізгілендіру принципінде тәрбиелеу жеке тұлғаныңқызығушылығы мен ұжым арасындағы бірліктің ұйытқысы, одан барып адамның жеке қызметінің дамуы мен ұжымның тәрбиелік қызметіне ұштастыру идеясы басты орынға шығады. Қазіргі таңда педагогтар ғылымды игеруді өз бетінше дамыту, үйрену принципіне аса назар аударуда. Оқыту процесі кезінде алған білімдері негізінде жеке тұлғаның өз бетінше қызмет етіп, шешім шығара білу еркіндігі, шығармашылыққа жол ашады, өз бастамаларын аяғына дейін қандай тосқауыл болса да, өз ұжымы арқылы жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндігі туады. Бұл үшін ұлағатты ұстаздар, тәлімгерлер, жаңашыл педагогтар бастамасымен арнайы жүргізілген Кәсіптік оқыту мекемесі жағдайында мынадай тәрбие ерекшеліктерін анықтауға болады:
Кәсіптік оқыту мекемесі білім алушылары оқушылармен салыстырғанда ұзақ уақыт мақсаттылық педагогикалық әсерге бейімделген;
Кәсіптік оқыту мекемесі оқу еңбегі сипатының ерекшелігі – оқу-өндірістік болып табылады, себебі курстан курсқа өткен сайын оның өндірістік сипаты жоғарылайды;
Кәсіптік оқыту мекемесі тәрбие жұмысы білім алушы мінезіндегі маңызды өзгерістерін жоюда немесе қайта тәрбиелеумен байланысты;
білім алушылар өндірістік оқытудан өндірістік практикаға өткенде еңбек ұжымының тәрбиелік әсерін ескеру қажеттілігі;
жоғарыда аталған кәсіптік оқыту мекемелер білім алушылары мен педагогикалық ұжым мүшелерінің барлық ерекшеліктерін кешенді есептеу қажеттілігі;
кәсіби ортадағы жалпыәлеуметтік құқықтар мен мінез-құлық нормаларын дағдыландыру мүмкіншіліктері;
Достарыңызбен бөлісу: |