Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет30/92
Дата26.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#45528
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   92
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Директор менеджер ретінде басқарушылықтың жоғары дағдыларына қандай қасиеттер тән?
2. Басқа стилінің жіктелуінде қандай тәсілдер сізге таныс?
3. Басшы қызметі көрсеткіштерінің тиімділігі қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер
1.Каракулов К.Ж. Педагогика управления .-Шымкент,2000-187с.
2.Илеува А.К. Мониторинг развития системы управления региональным образованием.-Алматы:Кітап,2002-88с.
3.Баймолдаев Т.М Педагогический менеджмент и современное управление школой.-Алматы:Ғылым,2001-136с.
4. Жусупова К.А. Менеджмент в сфере высшего образования.-Алматы:Ғылым,2001-155с.
Қосымша:
1.Шамова Т.И Третьяков П.И,Капустин Н.П. 2.Управление образовательными системами .Уч.пособие для студ.выш.уч.заведении. 3.Менеджмент в управлении школой. Уч.пособие/Под рук.Т.И Шамовой. 4.ДуйсенбаеваК.А,АбдукаримоваУ.С.Системный подход ,ка научно теоритическая основа системы управления. 5.Менеджмент негіздері.
АхметовК.Ғ, Сағындықов, Байжомартов,Жүнісов Б.А,Жұмаев Ж.Ж .Ақтөбе-Орал-2005ж-519 бет.

9-Дәріс. Кәсіптік білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарының теориясы мен практикасы

Дәрістің мақсаты: Кәсіптік білім беру мекемелеріндегі (КББМ) тәрбие жұмыстарының теориясы мен практикасымен танысу.
Негізгі ұғымдар:педагогикалық мақсаттылық ұстанымдары, жалпы адами танымдық құндылықтардың тәрбиелік ұстанымдары, тәрбиелеудің кәсіби бағыттылықұстанымы, тәртіп, өзіне қызмет ету, жарыс, өзін-өзі басару, сендіру әдісі, педагогикалық ынталандыру әдісі, талап, мадақтау, жазалау, қоғамдық пікір.
Мазмұны:
1. Ізгілендіру тәрбие ұстанымдары мен әдістері. Тәрбие ұстанымы. Тәрбие әдістері.
2. Жеке-тұлғалық тәрбие.
3. Кәсіптік оқу мекемелеріндегі тәрбие әдістерін ұйымдастыру ерекшеліктері.

Ізгілендіру тәрбие ұстанымдары мен әдістері. Тәрбие ұстанымы. Тәрбие әдістері.

Тәрбие ұстанымдары тәрбие жұмысын жүргізу практикасында басты болып табылады және жоғары деңгейде тәрбие әдістерін таңдау мен олардың сауатты қолдануды анықтайды.

Кәсіптік мектептердегі тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді.


Біртұтас оқу-тәрбиелік үрдісін ұйымдастыруда жалпы ұстанымдарындағы педагогикалық мақсаттылық (А.С.Ма­каренко), жалпыадами танымдық құндылықтар негізінде тәрбие ұстанымдарын қабылдауға болады. Ізгілендіру тәрбиесінің келесі ұстанымдары тұлға мен ұжым қызығушылығының бірлігі, ұжымның тәрбие қызметінің дамуы ретінде анықталады. Ізгілендіру тәрбиесінің келесі ұстанымы тұлға мен ұжымның қызығушылығының тұтастығы ретінде, өнерпаздықты және ұжымның тәрбиелік қызметін дамыту. Тұлғаның өнерпаздығы — бұл адамның мынадай іс-әрекеті, шешімді еркін таңдауды қамтамасыз етеді, шығармашылық сипатта болады, оның инициативасын жүзеге асырады, оқыту үрдісінде алынған шеберлік негізінде дербестігі орындалады.
Сондай-ақ қазіргі кәсіби педагогикада төмендегідей тәрбие ұстанымдарын атауға болады:
1. Тәрбиенің кәсіби бағыттылығы. Берілген ұстаным оқыту үрдісіндекәсіби бағытталады, және де кәсіптік білім беру мекемелерінде міндетті түрде қолданылады, мақсатқа бағытталған қалыптастыруды талап етпейді, кәсіптік білім беру мекемелерінде білім алушылардың ұйымдастырылған өмір іс-әрекетінің кәсіби бағыттылығын құру деп түсіндіріледі. Басқаша айтқанда барлық тәрбиелік шаралар міндетті түрде кәсіби бағытталған болуы керек, яғни болашақ жұмысшы тұлғасында кәсіби басты сапаларды қалыптастыруға, оның кәсіби тәрбиеленуіне мүмкіндік туғызады.

  1. Жалпы адами сапалар мен тұлғалық қасиеттердің басымдылық тәрбиесі (мейірімділік, әділдік, ұқыптылық, қайырымдылық, бауырмалдылық және т.б.).

  2. Өмір мен еңбек байланысының тәрбиесі білім алушыларды өмірге, шығармашылық әрекетке дайындаудың негізгі міндетінен пайда болады.

  3. Тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу.

  1. Оқушыға оның тұлғасын сыйлай отырып талап ету сәйкестігі.

  2. Тәрбиедегі тірек жағымдылыққа дамыту (оқушыға сену, оның жағымды сапаларын дамыту мүмкіншілігіне үміт арту).

  3. Жас ерекшеліктері мен жеке сапаларын ескеру.

  4. Тәрбие жұмысындағы жоспарлылылық, келісім, және тұрақтылық.

Ұжымды ұйымдастырудың негізгі әдістері: тәртіп, өзіне-өзі қызмет көрсету, жарыс және өзін-өзі басқару.Тәртіп —ұжымды ұйымдастырудың бастапқы әдісі— ұжым арасындағы өзара қатынас мәдениетін қалыптастыруды, ішкі тәртіптегі талаптар мен ережелерге сәйкес маңызды дәстүрлер мен мінез құлық дағдыларын қалыптастыру жолдарын және бір-біріне тұтас талаптар негізінде бірізділікті ұсынуды қамтамасыз етеді.
Өзіне-өзі қызмет көрсету — ұжымды ұйымдастырудың жетекші әдісі —ұжымның өмірі мен еңбегінде жалпыкүш салып, қолайлы жағдай туғызу және олардың мүшелеріне қоғамдық мүліктің сақталуына шаруашылық күтімді қалыптастыру.
Жарыс — еңбек ұжымын ұйымдастырудың түзету әдісі – жеке және ұжымдық еңбекті табысты ынталандыруды қамтамасыз етеді.
Өзін-өзі басқару — ұжымды жеке ұйымдастыру әдісі —оның мүшелерiнде өзара жауапкершiлiк қатынастары және ұйымдастырушылық сапаларын қалыптастыруды қамтамасыз етедi.
Әдiстердiң келесi тобы кәсiптік мектептерде оқушылар санасының қалыптасуынаәсер етеді, гуманистiк пiкiрлер мен жеке сенiмдердіңпайда болуына көмектеседі, яғни адам өзінің мінез құлығына басшылық жасайтын терең идеяларды меңгеру.Бұлар сендіру әдістері: ақпарат, ізденіс, пікірталас және өзара оқыту.
Ақпарат — сендірудің бастапқы әдісі—тәрбиеленушілердің осы және басқа да мәліметтерді, педагогқа тікелей хабарлауды және олардың жаңа білімге қызығушылығын ынталандыру, оларды меңгеру қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
Ізденіс — сендірудің басты әдісі— педагогикадатәрбиеленушілердің өз бетінше білім алуын, ғылыми және құндылыққа бағытталған сипаттағы ақпараттарды жинауы мен зерттеуге тартуын қамтамасыз етеді. Ізденіс әдісі эвристикалық, зерттеушілік, шығармашылық болып бөлінеді.
Пікірталас — сендірудің түзету әдісі— тәрбиеленушілерді жолдастық пікір алмасуға тарту, танымдық-этикалық түсініктерді қолдау мен дамытуға мүмкіндік бере отырып, қате пікірлер мен дұрыс емес көзқарастарды жоюда өзара сынаушылық пен дамуды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Өзара оқыту — сендіру әдісінің өз бетінше ұйымдастырылуы – тәрбиеленушілердің қажеттіліктері мен іскерліктерін қалыптастыру, өзінің білімін, пікірі мен сенімдерін насихаттау және өзінің жолдастары арасында күнделікті түсіндіру жұмысы жүзеге асырылады.
Ізгілендіру тәрбие әдістемесінің басты орнын педагогикалық ынталандыру әдісі орын алады: талап ету, перспектива,мадақтау, жазалау, қоғамдық пікір.
Талап ету — педагогикалық ынталандырудың бастапқы әдісі— тәрбиеленушілердің белгілі бір мінез құлығының анықталуы және оқытушының тәрбиеленушілерге жеке қатынаста, олармен қарым-қатынаста мінез-құлық нормаларының іскерлік және танымдық сапалары арқылы байқалуын қамтамасыз етеді.
Перспектива — педагогикалық ынталандырудың жетекші әдісі — тәрбиеленушілердің қоғамдық пайдалы іс-әрекеттердің ретке келтіруі арқылы жастардың жеке ынталануы мен тілектерін көрсететін елеулі мақсаттарды ұсынуды қамтамасыз етеді.
Мадақтау және жазалау — педагогикалық ынталандырудың түзету әдісі— тәрбиленушілерді ұжым мүшелері ретінде жеке құқықтары мен міндеттеріне, сондай-ақ олардың моральдық бағалауына өзгерістер енгізу арқылы олардың мақсатсыз іс-әрекетінде пайдалы және тежеуін қолдау қамтамасыз етіледі.
Қоғамдық пікір — педагогикалық ынталандыру әдісінің өз бетінше ұйымдастырылуы— қоғамдық пайдалы әрекеттерді қолдау және дамыту мен моралдық талаптар арқылы тәрбиеленушілердің танымдық сапаларының байқалуын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет