Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет33/92
Дата26.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#45528
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   92
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар.
1. "Тәрбие", "тәрбие жұмысы" ұғымдарына анықтама беріңіз.
2.Кәсіптік оқытудағы Ізгілендіру тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттері қандай?
3.Кәсіптік педагогикадағы тәрбие ұстанымдарының негізгі талаптарын ашыңыз.
4.Тәрбиелеу үрдісінің тұлға қалысптастырудағы негізгі факторларын атаңыз.
5. КМ жағдайындағы тәрбие ерекшеліктерін атаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер
1.С.Қ.Мұхамбетова, Педагогика және педагогикалық технологиялар,(оку кұралы) Ақтөбе, 2001 ж.
2.Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология: Оқу құралы.- Алматы: Жазушы.
3.К.Өстеміров Кәсіптік педагогика әдістемесі. 
4.Р.Керімбаева, Т.Керімбаева, Дидактикалық ойындардың түрлері // Бастауыш мектеп, №9

5.А.Қалкенова, Оқытудағы ойынның рөлі // Қазақстан мектебі №3 –
2007 ж. 
6. Сейтешев А.П. Профессиональная направленность личности. Алматы. 1990.
7. Өстеміров К., Шаметов Н.Р., Васильев И. Кәсіптік педагогика. Алматы. 2005.

10-Дәріс. Кәсіптік оқыту оқытушыларын даярлау және қайта даярлау

Дәрістің мақсаты: кәсіптік оқыту оқытушыларының әдістемелік және арнайы даярлық талаптарымен таныстыру.
Негізгі ұғымдар:кәсби-педагогикалық білім, көпдеңгейлі педагогикалық білім беру, диагноскалық, бейімділік, компенсаторлық,даярлаудың танымдық қызметі және біліктілікті жоғарылату, педагогикалық, пәндік-кәсіптік, арнайы біліктілікті жоғарылату.
Мазмұны:
1. Кәсіптік оқыту оқытушыларының әдістемелік және арнайы даярлауға қойылатын талаптар. Қазіргі оқу-тәрбиелік үрдісіндегі кәсіптік оқыту оқытушыларының қызметтік міндеттері мен құқықтары.
2. Кәсіптік мектептегі әдістемелік жұмыс жүйесі, кәсіптік оқыту оқытушыларын даярлау және біліктілігін жоғарылату.

Кәсіптік оқыту оқытушыларының әдістемелік және арнайы даярлауға қойылатын талаптар. Қазіргі оқу-тәрбиелік үрдісіндегі кәсіптік оқыту оқытушыларының қызметтік міндеттері мен құқықтары.

Кәсіптік оқыту оқытушыларының әдістемелік және арнайы даярлау бөлімі мынадай талаптарға жауап береді: өзінің мамандығының тұлғалық және әлеуметтік маңыздылығын сезінеді; білім беру туралы тұтас түсінікті игереді; білім беру үрдісінің заңдылықтары мен ұстанымдары туралы білім жүйесін меңгереді және өзінің кәсіби қызметінде оларды қолдана алады; пәндік білім саласында кәсіби тілді меңгереді; ғылымды дамыту мен жеке көзқарастарды қарастыруға өзгертілген әлеуметтік практикалар жағдайында, жұмыстың жаңа формалары мен әдістерін таңдауға қабілетті; өзін-өзі талдауға қажетті, өзінің шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту мен біліктілігін көтеруге, ұйымдастырушылық- әрекеттестік іскерлігін игереді; әріптестермен өзара қарым-қатынас құруға, өзінің кәсіби қызметіндегі басқару шешімдерін тауып, кабылдап және жүзеге асыра алады; ойлау, сөйлеу, қарым-қатынас мәдениетін игереді; жүйелілік тәсіл негізінде жобалау қызметіне қабілетті.


Қазіргі оқу-тәрбиелік үрдісінде кәсіптік оқыту мұғалімі құқылы:
- дара еңбек жолыныңформасындағы педагогикалық қызметі, табыстарменқоса, кәсiпкерлiк сияқты қаралады және заңдарға сәйкес тiркеуге жатады;
- педагогикалық нормаларға сай, мемлекет орнатқан оқу мекемелерін құруға және осы оқу мекемелерін басқаруға;
- кәсіби біліктілігін тегін жоғарылатуға және оны жүзеге асыра алуға;
- ұқсас қызмет, мамандықтар бойынша қосымша жұмыс істеуге;
Кәсіптік оқыту мұғалімінің қызметтік міндеттері білім беру мекемелері қызметкерлерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында(талаптары), сондай-ақ толығырақ білім беру мекемелерінің Жарлықтары мен білім беру мекемелерінің ішкі еңбек тәртібі ережелерінде көрсетілген.
Кәсіптік оқыту мұғалімі міндетті:
- сабақ беретін пәндерінің ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі оқыту амалдары, әдістері мен құралдарын қолдана отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыруға;
- мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартының талаптарына сәйкес оқу бағдарламаларын жүзеге асыруға және білім алушылардың даярлау деңгейін қамтамасыз етуге;
- өзінің кәсіби қызметінде жоғары деңгейге жетуге ;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет