Өзіндік жұмыс 1.Берілген тақырып бойынша әдебиеттерге библиографиялық карточкалар жасаңыз, өзіңіз таңдаған басылым бойынша аннотация жазыңыз.
Есеп үлгісі: карточкаға сәйкес.
2. «Кәсіптік білім», «кәсіптік оқыту», «кәсіби тәрбиелеу» ұғымдарының өзара байланысын іздеңіз.Солардың көмегімен сұлбаны дәлелдеңіз.
Есеп үлгісі: сұлба түсінігімен.
3. Эссе-толғану. «Magister dixit – «Ұстаз айтқан» формула уақыты».
Есеп үлгісі: эссе-мәтін.
4. Эссе-толғану. «Педагогика: ғылым ба әлде өнер ме?» Дәлелдеңіз.
Есеп үлгісі: эссе-мәтін.
5. а) педагогика мен философияның; б) педагогика мен психологияның өзара байланысын ашатын екі қысқаша мақала дайындаңыз. Мақала қорытынды-тезис үлгісінде орындалуы қажет .
Есеп үлгісі: Мақала қорытынды-тезис үлгісінде.
Жеке оқу іс-әрекетінен рефлексия жүргізіңіз (әр кезең бойынша тапсырмаларды орындау және оның нәтижесінің тиімділігін талдаңыз), сабаққа алынған кәсіби біліктілік түрлерін анықтаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1. ҚР Елбасы Н.А.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық модернизациялау –Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Халыққа Жолдауының мәліметі. Қаңтар 2012ж.
2.Батышев С.Я. и др. Кәсіптік педагогика. – М.: «Кәсіптік білім» Ассоциациясы, 1999.
3.Внедрение достижений педагогики в практику школы / Под ред. В.Е.Гурмана. – М.: Педагогика, 1981.
4.Концепция о трудовом обучении и воспитании учащихся общеобразовательных школ Казахстана. 21/01/1993.
5.Устемиров К.У., Шаметов Н.Р., Васильев И.Б. Профессиональная педагогика – Алматы,2005.
Мақсаты: қоршаған ортадағы ғылыми таным тәсілдері туралы түсінік қалыптастыру;ғылыми-педагогикалық ойлауды дамыту; мамандандыру және әдіснамалық білім, деңгейлері туралы ұғымды қалыптастыру, кәсіптік педагогикадағы ғылыми ізденіс әдістерін пайдалана алу.
Негізгі сұрақтар: 1. Кәсіптік педагогикадағы зерттеу әдістері.
2. Кәсіптік білім жүйесінің негізгі даму тенденциялары.
3. Кәсіптік білім берудің негізгі тұжырымдары.