Тақырыбы:Кіріспе. «Кәсіптік педагогика» пәні мен курс міндеттері.
Мақсаты:кәсіптік педагогика туралы, оның құрылымын жетілдіру; кәсіптік педагогиканы тұтас жүйе ретінде түсіндірмелі аппаратпен таныстыру, талдау, үйлестіру, жаңа ұғымдарды салыстыра алу негізін қалау.
Жоспар: Педагогика ғылымның бөлімі ретінде пән курсы.
Жалпы және жеке курс міндеттері.
Кәсіптік оқыту оқытушыларын даярлауда басқа пәндердегі курстармен байланысы.
САБАҚҚА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 1-тапсырма. Баспада жарияланғанды зер салып оқып, қазіргі кезеңдегі тәрбиелеу мен оқыту жүйесі дамуының өзгешеліктері мен ерекшеліктері қандай, оның рөлі, қызметтері, білім беру жүйесінің әрі қарай іске асуына қалай бағытталған, жарлықтар мен ережелердің жүзеге асуындағы кәсіптік оқыту оқытушысының нақты міндеттерін анықтаңыз. Оқыту және тәрбиелеудің педагогикалық мәселелер тізімін құрыңыз және дәлелдеңіз.
2-тапсырма. Еңбек және кәсіптік оқытуда оқытушыларының кәсіби құзыреттілігіндегі тұлғалық сапаларын анықтаңыз. Құзыреттіліктің барлық талаптарын атаңыз.
3-тапсырма. Берілген сұрақ бойынша ұсынылған әдебиеттер, кәсіптік педагогика туралы жалпы ұғымды атаңыз, кәсіптік педагогика теориялық және практикалық-бағытталған ғылыми білім саласы деп түсінуге болатынын, яғни ол жаққа, білім беру деңгейі, нысаны, сипаты еңбек және кәсіби қызмет саласына тәуелсіз барлық жүйедегі адамның кәсіби даярлығында таралады.
4-тапсырма. Қысқаша-зерттеу.
Педагогика басқа ғылымдардың мәліметтерін белсенді қолданады және олардың әсер ету нәтижесінен өзгереді. Педагогика басқа ғылымдардың дамуына әсер ете ме, ойланыңыз. Өзіңіздің жауабыңызды толық дәлелдеңіз.
5-тапсырма. Төмендегі жағдаяттарды талдаңыз.
1жағдаят. «Арман Исаевтың колледжде білім алып жүргеніне бір жылдан астам уақыт болды. Кенеттен оқуды тастауды шешті. Не үшін? Шебер онымен сөйлесіп, оқуда қалуына сендіруге тырысты. Соңында Арман шебердің дұрыс айтқанын: оның қызықты кездерімен байланысты колледжсіз, айналадағы достарынсыз мүмкін емес екендігін» түсінді.
Егер сіз өндірістік оқыту шебері болсаңыз, осындай жағдаяттарда не істер едіңіз?
2 жағдаят. Кәсіптік колледждеойланды: Әр білім алушы, топ және бүкіл ұжым оқу мекемсі үшін экономика және қамқорлық, шаруашылыққа ұқыптылық пен ықыластылық аясында не жасай алады? Болашақ жұмысшылар еліміздің байлығының ұлғаюына бүгін, қазір қандай үлес қоса алады?
Осы сұраққа жауап беру үшін колледжде штаб, ал топтарда ұқыптылық күзеттері құрылды. Оқушылар өзінің тобында, колледжінде үнемділік қорын анықтау туралы тапсырмалар алды. Олардың жұмысының қорытындысы ҚР Елбасы Н.А.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық модернизациялау –Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Халыққа Жолдауының мәліметті оқыду ашық сабақ жүргізілді. Қаңтар 2012ж.
Кәсіптік колледж ұжымының ықыласының әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық маңыздылығы қандай?
Сіздің қамқорлыққа алынған кәсіптік колледжде осы жұмыстар қалай ұйымдастырылған, оқыңыз және талдаңыз.
3 жағдаят. Сабаққа кіруге қоңырау соғылды. Колледж студенттері аудиторияның алдында оқытушыны күтіп тұр. Кабинет жабық. Оқытушы келіп, кілтпен есікті ашайын десе, кілттің орны қағазбен бітелген. Оқытушы оқушыларға күмәнді көзқараспен қарап шығып: «Бұл кімнің ісі, осылайша сабаққа кедергі жасайын дедіңдер ме?»-деп өзінің наразы көңілін білдірді. Студенттер сасып қалды, қарсыласайын деп еді, оқытушы тыңдамай одан әрі дауыс көтеріп кінәлай берді. Осы сәтте директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары келіп: «Жамал Бектасқызы, кешіріңіз сәл кешігіп қалдым. Мен сізге басқа кабинет ашып берейін, себебі бұл кабинет сырланған еді, бөгде адам кірмеуі үшін мен кілт орнын әдейі қағазбен бітеп едім» деді.
Сұрақтар: 1) Неліктен шиеленіс пайда болды?
2) Шиеленісті болдырмауға болатын ба еді?
3) Осындай жағдаяттардың дұрыс шешімін табу үшін, оқытушы қандай сапаларды игеру керек?
4)Бұл жағдайда сіздің әрекетіңіз?