АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті
Кәсіптік оқыту және қоғамдық ғылымдар кафедрасы
«Кәсіптік педагогика»ПӘНІНЕН ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫ ОРЫНДАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ
«5В012000 – Кәсіптік оқыту» мамандығы үшін
Алматы, 2016 ж
Әдістемелік нұсқау
Әдіснамалық нұсқау
Ұстаз - кім оқуға дайын, сол адамға келеді.
Қытай мақалы
Аталған тақырып практикум мазмұнында ерекше орын алады. Педагогикалық қызметтің мәнін, қызметі мен қасиетін түсінуде оқытудың басты мақсатын меңгеруді құрайды.
Жыл сайынғы ҚР Елбасы Қазақстан халқына жолдауында: «Сапалы білім - Қазақстандағы индустриализациялау негізі мен инновациялық дамуы болуы қажет» - , деп ерекше атап өтті.
Кәсіптік оқытудың болашақ ұстазына даярлық деңгейінің іргетасын жоғарылатумен қатар, педагогикалық білім бағыттылығын оқыту, оның инновациялық жиынтығын күшейту ерекше маңызды болып табылады.
Соңғы жылдары қазіргі заман талаптарына сай болашақ шығармашыл -мамандарды даярлау мәселенің өзектілігі ерекше берілген, білім беру жүйесінің әрі қарай жүзеге асырылуына бағытталған жарлықтар мен ережелерден тұратын маңызды құжаттар жарияланған.
«Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат» тұжырымдамасында (жоғарғы білім бойынша заңдар мен нормативтік құжаттар жиынтығы) білім беру: «…интеллектуалдылықпен қатар қоғамның дамуына экономикалық базаны жасайды» деп көрсетілген.
Аталған тақырып кәсіптік педагогиканың ғылым ретінде ұғымын қалыптастыруға, кәсіби қызметке тұлға даярлығы, жаңа ұрпақтың жұмыс тобындағы кәсіби тәрбиеленуі, білікті жұмыс күшін жаңадан даярлауға көмегін тигізеді.
Кәсіптік педагогика жалпы педагогиканың саласы ретінде кәсіптік білім беру жүйесімен бірге жүзеге асырылуы арқылы қалыптасады. Ғылым басқа ғылымдарға қарағанда жаңа, өзіндік мәнді және түсінікті аппараты, өзіндік ерекшеліктері бар.
Төменде ұсынылған тапсырмалар осы сұрақтардың қысқаша баяндалуынан құралған және интернет-көздеріне дұрыс бағытталуға көмектеседі. Тапсырмалар: теориялық сұрақтарды талқылау; пікірлер мен ақпараттар алмасу; педагогикалық жағдаяттарды талдаудан тұрады.
Осы тақырыпта әлеуметтік маңыздылық, үлкен тарту күшіне, қайырымдылық сонымен қатар таңдамалы жолға одан толық серпу, сенушiлiк, адалдық талап ететiн ұстаз адамайтқысыз еңбектiң күрделiлiгi туралы түсінік құруға септігін тигізеді. Кәсіптік оқыту болашақ педагогы кәсіби қызмет зертханасы кіріп, оқу-тәрбиелік жұмыс технологиясының кейбір құпияларымен танысады.
Қазақстан Республикасы Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.А.Назарбаев Қазақ халқына Жолдауында «Әлеуметтік-экономикалық модернизациялау – Қазақстан дамуының басты векторы» Қаңтар, 2012 ж. білім беру салаларын, педагог даярлау деңгейін жоғарылату оқу орындарды, азаматтық сапаларын, шығармашылық қабілеттіліктерін, шеберліктерін қалыптастыруға бағыттайды, - деп атап айтқан.
Төменде ұсынылған тапсырмалар осы сұрақтардың қысқаша баяндамасы бар және ғылыми-педагогикалық әдебиеттер мен жеке бақылауды талдауда басқа деректерге бағытталады. Тапсырмалар ішінде: кәсіптік оқыту педагог мамандығы туралы теориялық сұрақтарды талқылау, кәсіптік колледжді бақылау негізінде өндірістік оқыту шеберінің қызметі туралы пікір және ақпарат алмасу, оқытушылардан сауалнама алу; педагогикалық жағдаяттарды талдау; педагогикалық қарым-қатынас іскерлігін қалыптастыру бойынша жаттығулар.
Сабаққа арналған тапсырмаларды орындауда ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен танысу, сабақтың мақсатқа бағытталған бақылаулар жүргізу, сабақтан тыс жұмыстар барысында оқушы, белсенділер, педагогтармен әңгімелесу жүргізу, жалпы бағыттылық жұмыстарды ұйымдастыру мен талдауға қатысу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |