Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»



бет73/92
Дата26.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#45528
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   92
2-тапсырма.
Ұжымның даму кезеңдері туралы сұрақты талқылағанда, ұжым сипатының бірқатар нұсқауларын болжауға болады, онда әр қайсысынан сәйкес кезеңдердің белгілерін білуге және педагогикалық көқарас ерекшеліктерін бағалау қажет.
1. Топ кәсіптік колледжлердегі басқа топтарға қарағанда артықшылығы боп тұрған жоқ. Анық достық жоқ, себебі олар достасады, яғни басқа кішкене топтармен араласады. Кейбірі бір-бірімен араласып, сөйлеспейді. Топта көшбасшылар бар, оларды ұйымдастырушылар деп атауға болады. Олар топты басқарып, билік жүргізуі мүмкін, бірақ қалай? Бірақ ол ондай жұмыстар емес. Көп балалар тек өзі туралы ойлайды, тек өздері белсенділік таныту үшін жұмыс істейді, бірақ ойларынша егер олар болмаса топта ештеңе де болмас еді. Көптеген балалар ұйымдастырушылардың бастамаларын сынап, оларға көңілдері толмайтынын айтады, бірақ өздері қызықты жағдайларды ұйымдастыруға тырыспайды.
2. Оқытушылар мен шеберлер үшін осы топ, басқа үш топқа қарағанда ең шулы, «ең жаман» топ. Ол топ шынымен осындайда шығар. Бірақ топтағы бірде-бір білім алушы басқа топқа ауысуға келіспеуші еді. Топ идеалды емес. Балалардың оқу үлгерімі төмен. Тек емтихан тапсыратын сабақтарды ғана оқиды, ал басқа пәндерді өздерінің көңіл күйіне қарай оқиды. Білімді игеру, нәтижеге жету олар үшін өмір қалпы емес. Бірақ олар еңбекке деген қабілеті бар. Топта бiреудің жұмысқа еріншектігі сирек болады, мұндайларды жек көредi.Оқушылардың өздерiнiң ойынша, тобы қайырымды және әдiл. Мүмкiн болған жағдайда, топ ынтымақты, балаларда көп істе ортақ. Топпен барлығы басшылық құрылысында жұмыс істеген. Бұл әдетте өзіндік іс болды. Еңбек ісін ұйымдастыруда шебердің бірі болып, нұсқау береді: жұмысты теңдей бөліп береді; мынаны жаса, сен – мынаны.... Ал мұнда балалар ондай іс-әрекеттерді өздері жасады. Ұйымдастырушылық және еңбек. Қатты шаршайды да, бірақ тапсырмаларды орындайды және үйлеріне көңілді болып қайтатын. Осы құрылыста әр қайсысы 50мыңнан тапты және оның колледж қорына берді. Жазда топ басшы шаруашылығының егінінде жұмыс жасамақшы. Балалармен әрқашан өндірістік оқыту шебері бірге. Кез келген уақытта оған кеңес алуға, сырлас болып сөйлесуге болады.
3. Топ ұйымшыл, колледждегі ең жақсы топ болып есептелінеді. Белсенді қозғалады. Өндірістік оқыту шеберіне топ белсенділері көмектеседі. Олардың жоспарлауы мен ұйымдастыруы бойынша көптеген қызықты шаралар жүргізіледі, оларға басқада балалар қатысады. Топ төрайымы – белсенді және жауапты қыз. Ешкімнің жалықпайды, басқа да мүшелері – іскер балалар. Кейде белсенділер қандай да жұмыс нәтижесіне қызығып, олардың қатысушыларын да ұмытып кетеді. Білім алушылар өздерінің ұжымын мақтан тұтады. Олар тік мінезді, топтық жиналыста, қоғамдық пікір топ өмірінде ерекше рөл атқарады.
Балалар көп мәселелер бойынша барлық жұмысына көмектесетін өндірістік оқыту шеберімен ақылдасады.
4. Топта барлығына ортақ ештеме жоқ. Ұжымда жалпы мақсат өзегі жоқ. Балалардың қызығушылығының көбі топтан бөлек. Былай қарасаң жаман емес, бірі сабақтан соң спорттық секцияға, енді бірі – үйірмеге, үшіншісі – қандай да компьютерлік ойындарға қызығады... Әр кім өзімен өзі. Топтағы жұмыс оларды қызықтырмайды,оған балаларын көпшiлiк мүлде енжар.
Өндірістік оқыту шебері балаларды жақындастыру үшін топ белсенділерін кеш ұйымдастыруға келісті. Белсенділер ынтамен ойланып, дайындалды. Кешке топтың жартысы келді, оның ішінде көбісі қыздар.
Тәртіпті білім алушылар топтық жиналыстарды, ақпараттарда үндемей отырады, ал олардың көзінен ойы басқа жақта екені байқалады.
5. Жартысынан көбі «4» пен «5»ке оқитын, мұндай күшті топ колледж бойынша бірде-бір топта жоқ. Топ барлық жұмыстар бойынша алда. Олар достас, әрі ұйымшыл. Осы балалар жүргізген колледждегі топтық шаралар өте қызық. Бірақ та оларды колледжде жақсы көрмейді. Өздерінің достығы мен барлық кезде алда екендіктерімен мақтанады.
Жақында осы топ колледж кешін ұйымдастыруда жауапты болды. Оны мұқият ойланып, кешке дейін отырып дайындады. Топ басқа топтың ұсыныстарынан бас тартты, өйткені олардың ойынша, ешкім олардай дұрыс ойлап, ұйымдастыра алмайды.
6. Топтағы екі жыл оқуда қаншама қуаныштар мен қайғыны бірге көрді. Басында балалар бір-бірін дұрыс түсіне алмады. Бірақ «Міне біздің жігіттер қандай» сайысында ұлдар бірінші орын алды, марапатқа торт сыйлады, тортты топтың барлығына бөлді. Содан бері барлық уақытта бірге. Жұмыс өте қызықты өтті. Демалыс, атақты адамдармен кездесулер, қыздар мен ұлдар арасындағы жарыстар, жандандырылған топтық «кештер», оқыған кітапты талқылау, сондай-ақ талқылаулар арнайы хабарландырусыз жүргізіледі. Киноға бірге барады. Оқу жылы кезінде қамқорлықтағы балалар үйi жөндеу бойынша құрылыс бригадаларының құрамында жұмыс iстейдi.
Барлық кезде балалармен бірге өндірістік оқыту шебері жүреді. Үлкен дос ретінде топты достастыруға, жалпы жұмыспен айналысуға көп еңбегі сіңді. Барлық балалар албырт, жақсы ұйымдастырушылар. Біреуінің инициативасын барлығы қолдайды.
Мұнда көбіне ерік жігер, мақсатқа талпынушылық, жеке жауапкершілік жетіспейді – өзін-өзі тәрбиелеумен айналысу қажет. «Сенің алдына қойған міндеттерді орындауға не кедергі болады?» - деген сұраққа көп бала былай деп жауап берді: «Ерік жігер жетіспейді».
Ұсынылған ұжым сипатына сүйене отырып:
1) Ұжымдағы өзіндік әрекет пен шығармашылық, топтың дамуының басты «механизмі» деп есептеуге болатындығын дәлелдеңіз.
2) Қандай іс пен қатынас мазмұны жағынан ұжым дамуының әр кезеңін сипаттайды, қорытынды жасаңыз.
3) Ұжым тұлғаның дамуына қалай әсер етеді, көрсетіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет