Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»



бет70/92
Дата26.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#45528
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   92
Байланысты:
Ф 1 3-2016-06-02-05-02 П нні пререквизиттері «Педагогикалы ма

3-тапсырма
Жағдаяттарды талқылап, сұрақтарға жауап беріңіз.
1- жағдаят. Әр сенбі сайын таңғы жиналыста оқу топтарының төрағалары апта бойынша ағымдық үлгерім туралы баяндайды. Ай сайын директор жиналысында оқу топтары мен әр пән бойынша үлгерім қорытындысы шығарылады.
Сонымен, әр оқытушы, өндірістік оқыту шебері, оқу топтарының жұмысын көреміз, ол уақытында білім алушылардың үлгерімі мен сапасын жоғарылату бойынша шараларды анықтауға мүмкіндік береді.

  • Осындай қадағалауды қалыптастыруда оқу үрдісіне жалпы талдау жүргізуге бола ма?

  • Білім алушыларға апта сайын таңертең жасалған жиналыстың ерекшелігі неде?

  • «Колледждегі үлгерім есебі » ұғымына толық сипаттама беріңіз.

2-жағдаят. Өкінішке орай, жас мамандарға өзінің педагогикалық қызметін бастау оңай болмайтын колледжлер мен ұжымдар бар. Әріптестердің тәкаппарлық қатынасы, көмек бергісі келмеуі, қателер жібергенде - жаңадан келгендерге келеке ету және қыршаңқылық, педагог тұлғасының шығармашылық ашылуына мүмкіндік бермейді. Керісінше, олардың әрекетін таптап, инициативасын басып тастайды. Жас оқытушы, шебер мұндай ортада өзін бөтен сезініп, жақсы жағдайда маман жұмыстан бірден шығарады, немесе оқу жылының ортасында колледжден кетеді.

  • Мына жағдаятта не туралы айтылған?

  • Мұнда колледж басшыларының кінәсі бар ма?

  • Мұндай педагогикалық ұжымда психологиялық жағдай қалай? Оны қалай жақсартуға болады?

  • Қалыпты психологиялық жағдайда нені түсіну қажет?


Өзіндік жұмыс
1-тапсырма.
Осы тақырып бойынша әдебиеттерге библиографиялық карточкалар жасаңыз; өзіңіз таңдаған баслымдарға аннотация жазыңыз.
Есеп үлгісі: картотекаға сәйкес.
2-тапсырма.
Интегративтікәсіби тапсырмалар :

  1. Педагогикалық жүйелерді басқару қағидаларына салыстырмалы сипаттама беріңіз.

  2. Оқу мекемелеріндегі педагогикалық менеджментке эксперттікбағалаңыз.

  3. Кәсіптік колледж мен жоғарғы оқу орындарын басқару жүйелерінің құрылымдық компоненттеріне интегративтіталдау жүргізу.

  4. Басқару жүйелерінің құрылымы туралы жеке түсінікті эссе түрінде дайындау.

  5. «Креативтілік – басшының басты сапасы» тақырыбында реферат жазу.

Есеп үлгісі:тапсырмаларға жазбаша жауап; эссе; реферат.
Жеке оқу қызметіне рефлексия жүргізіңіз. (әр кезеңдегі тапсырмаларды орындау және оның нәтижесінің тиімділігін талдаңыз), осы сабақта алынған кәсіби біліктілік түрлерін анықтаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет