Байланысты: Азық түлік тауарларын тану және сараптау
Көкөніс және жеміс-жидек консервілерін буып-түю, маркілеу және сақтау. Консервілерді әртүрлі көлемді шыны немесе қаңылтыр ыдыстарға салады. Банкіге тауарды сипаттайтын мәліметтер көрсетілген затбелгіні жабыстырады. Металл ыдыстардың қақпағына маркілеуді белгілерді: кәсіпорын индексі (К), шығарушы зауыт нөмірі, шығарылған жылы штамптау арқылы жүргізеді. Ыдыс түбіне смена (бригада) нөмірін, шығарылған күнін (екі цифрмен), өндіру айын, консервілердің ассортименттік нөмірін штамптайды.
Жеміс-жидек консервілерін ағаш немесе картон жәшіктерге 25 кг дейін салады. Консервілерді дүкендерде ұрғақ бөлмелерде 0–15С температурада және 75% салыстырмалы ауа ылғалдылығында бір жылға дейін сақтайды.