Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет100/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Жеміс консервілеріне компот, езбе, жеміс соустары, пасталар, сонымен қатар балалар тағамына арналған және емдәмдік консервілер жатады.

Компоттарды бір ғана шикізаттан (алма, алмұрт, өрік) немесе бірнеше жеміс түрлерінің қоспасынан (ассортиі) дайындайды. Дайындалған жемістерді банкілерге салып, үстінен қант сиропын құяды, аузын жабады да, заласыздандырады. Жоғары және І сұрыпты компоттар өндіреді. Сұрыбын анықтаған кезде жемістердің өлшемі мен түсі бойынша біртектілігін, жеміс бетіндегі дақтарын, жеке жемістердің езіліп кеткенін анықтайды. Компоттың нетто массасына шаққанда жеміс массасы 50-60% құрау керек.

Жеміс-жидек езбелерібұл банкаға салынып, герметикалық жабылған және заласыздандырған жемістердің үккіштен өткізілген жұмсағы. Езбедегі құрғақ зат мөлшері – 7–13%. Ассортименті: Алқоры, Өрік, Алма, Шие және т.б.

Жеміс-жидек соустарын үккіштен өткізілген жеміс массасына 10% қант қосып қайнату арқылы алады. Соусты алмадан, алмұрттан, өріктен, айвадан, шабдалыдан, көк өріктен алады. Соустар сүйексіз, тұқымсыз және қабықсыз біртекті масса болу керек.

Пасталар. Жеміс-жидек езбелерін қайнатып құрғақ зат мөлшері 13,25 және 30% болатын пасталарды алады.

Балалар тағамына арналған және емдәмдік консервілер. Бұндай консервілерді ерекше сұрыптық шикізаттан арнайы рецептура бойынша жасап алады және қант орнына ксилит, сорбит қосады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет