Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет104/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Кепкен саңырауқұлақтар. Негізінен кеуекті саңырауқұлақтарды (ақ саңырауқұлақ, терекқұлақ, қайың саңырауқұлақ, майқұлақ, мүкқұлақ) кептіреді. Кептіруге ең жақсы ақ саңырауқұлақ саналады, себебі ол қараймайды, дәмі мен ароматы жағымды.

Кепкен саңырауқұлақтарды І, ІІ және ІІІ тауарлық сұрыптарға бөледі. Сұрыбын анықтағанда қалпағының астының және үстінің түсін, күйкен және нәзік саңырауқұлақтарды ескереді. Басқа кеуекті саңырауқұлақтар кептіру кезінде қараяды, сондықтан оларды қара деп атайды. Қара саңырауқұлақтарды сұрыпқа бөлмейді. Кепкен саңырауқұлақтардың ылғалдылығы – 12–14%. Жіпке ілінген кепкен саңырауқұлақтарды 25 кг дейін жәшіктерге немесе қаптарға салады немесе 1 кг массамен пакеттерге өлшеп буып-түйеді.

Саңырауқұлақтарды құрғақ бөлмелерде 15 С температурада және 75% салыстырмалы ауа ылғалдылығында сақтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет