Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау


Тез қатырылған жемістер мен көкөністер



бет102/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Тез қатырылған жемістер мен көкөністер. Жемістер мен көкөністерді тоңазыту камераларында –25-тен –50С дейін температурада тоңазытады. Бұл консервілеудің ең жақсы әдісі, себебі жемістер мен көкөністердің химиялық құрамы, дәмі, ароматы, түсі мүлдем дерлік өзгермейді. Тоңазыту үшін жоғары сапалылықты тұтынушылық жетілген жемістер мен көкөністер қолданылады.

Қатыру алдында көкөністерді жуады, тазалайды, кейбіреуін табиғи түсін сақтау үшін бумен шарпиды. Жасыл бұршақты, атбас бұршақты, гүлді орамжапырақты, томатты, қантты жүгеріні, татымды көкті, бірінші және екінші тағамдарды дайындауға арналған көкөністердің қоспасын, сүйекті жемістерді, жидектерді қатырады. Жеміс және жидектерді бүтіндей және кесіп, қантсыз және қант қосып (25% қант) тоғазытады. Қантсыз алманы, алхорыны, шиені, қарақатты қантпен сиырбүлдірген мен құлпынайды; қант сиропында бүтін жидектерді, алдын ала тазартылған жарты немесе ширек бөлікке бөлінген алманы, алмұртты, айваны тоңазытады.

Тез қатырылған жемістер мен көкөністер біртекті түсті, пішінді және өлшемді, сонымен қатар дәмі балғын жемістер мен көкөністердің дәміне тән болу керек.

Тез қатырылған жемістер мен көкөністерді картон қораптарға, 0,5 кг-дық (жемістер мен жидектер), 1 кг-дық (көкөністер) полиэтилен пакеттерге буыптүйеді.

Тез қатырылғын жемістер мен көкөністерді дүкендерде –12С температурада және 90-95% салыстырмалы ауа ылғалдылығында 3-тен 5 күнге дейін сақтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет