Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет105/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Тұздалған саңырауқұлақтар. Тұздау үшін пластинкалы саңырауқұлақтар (груздь, арыш, түлкіқұлақ, қозықұйрық, сазқатпа, қатпаршақ, томарқұлақ және т.б.) қолданады.

Тұздалған грузди мен рыжики сапасы бойынша І және ІІ тауарлық сұрыпқа бөлінеді. Басқа тұздалған саңырауқұлақтарды сұрыпқа бөлмейді.

Тұздалған саңырауқұлақтар бүтін, таза қалпақты, түсі біртекті, табиғи түсіне жақын, жұмсағы тығыз болу керек. Тұздығы лайлы, сәл созылымды. Тұздалған саңырауқұлақтардың тауарлық сұрыбын қалпағының диаметріне, аяғының ұзындығына, езілген, сынған саңырауқұлақ мөлшеріне және басқа көрсеткіштерге қарай анықтайды. Тұздықтағы тұз мөлшері 4–4,5%.

Маринадталған саңырауқұлақ. Маринадтау үшін түтіккеуекті және кейбір пластинкалы саңырауқұлақтарды (жас томарқұлақтар, түлкіқұлақтар) қолданады. Маринадтау үшін саңырауқұлақтарды тұз ерітіндісінде пісіреді де, сірке қышқылын, қант және татымдықтар қосады.

Маринадталған саңырауқұлақтардың пастерленген (тұз мөлшері 2–2,5%) және пастерленбеген (тұз мөлшері 3–4,5%) түрлерін дайындайды. Сапасы бойынша ақ саңырауқұлақтар І және ІІ тауарлық сұрыптарға бөлінеді. Ақ саңырауқұлақтардың сұрыбы қалпағының диаметріне, аяғының ұзындығына, сынңан және сәл езілген саңырауқұлақ мөлшеріне тәуелді.



Саңырауқұлақ консервілері. Консервілеу үшін жоғары сапалы тығыз саңырауқұлақтар (қозықұйрықтар, қайың саңырауқұлақтар және т.б.) қолданады. Саңырауқұлақтардан келесідей консервілер жасалады: табиғи саңырауқұлақ, саңырауқұлақтармен ассортиі, саңырауқұлақтармен түстік тағамдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет