Тауартанушылық сараптама. Тауартанушылық сараптама тауарды сараптаудың міндетті және маңызды түрлерінің бірі болады.
Тауартанушылық сараптаманың келесі түрлерін айырады: сандық, сапалық, ассортименттік, құжаттық және кешенді.
Сандық сараптама – тауардың қасиеттерін сарапшылардың өлшеу әдістерімен немесе тәуелсіз жақтармен өлшеудің нәтижелерінің дәлдігін растаудың қажеттігін бағалау.
Сараптаманың бұл түрін жргізгенде сарапшылар ҚР Азаматтық кодексін басшылыққа алады, сонымен бірге өндірістік-техникалық бағыттағы өнімдерді және халық тұтыну тауарларын саны бойынша қабылдауда ҚР министрлер кенесінің жанындағы Мемлекеттік арбитраждың қаулыларымен және нұсқауларды пайдалануға болады. Сарапшы сандық сараптау жүргізу алдында барлық қажетті құжаттармен танысып шығуы қажет. Олар тауар беруге келісімшарт немесе сатып алу-сату келісімдері, тауарлық жолдама құжаттар және т.б.
Сандық тауарлық сараптама кезінде анықталатындар: ыдыстың массасы – брутто және нетто.
Ыдыстың массасы брутто, неттодан басқа ыдыстардың бірлік санын және өлшемдік сипаттамаларын қолдануға болады (ұзындық, көлем және т.б.).
-
Достарыңызбен бөлісу: |