Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет10/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   379
Сараптау әдістері. Сараптау әдістері – белгісіздік жағдайда немесе тәуекелдікте сарапшы топтармен жүргізілетін бағалау әдістері. Сараптау әдістері үш топшаға бөлінеді.

  1. сарапшыларды топтап сұрау әдістері;

  2. сараптау бағаларын математикалық-статистикалық өңдеу әдістері; 3) сапа көрсеткіштерін бағалауды сараптау әдістері.

Әрбір сараптауәдістері өз кезегінде әртүрлі түрлерге бөлінеді (1.8-сурет).



1.8-сурет. Сараптау әдістерін жіктеу

Сараптаманы дайындау сараптаманың формальді үлгісін жасау және оның кезеңдерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету болады. Сараптау нысандарының және шешілетін мәселелердің әртүрлілігіне байланысты мұндай үлгілердің көптігіне қарамай, жобалап сараптауды жүргізудің келесі негізгі кезеңдерін белгілеу мүмкін болады (1.9-сурет).





1.9-сурет. Сараптауды жүргізудің негізгі кезеңдері

Сараптаудың бірінші кезеңінде, оның мақсаттары мен міндеттерін анық айқындап алудың маңызының үлкен мәні, сараптаудың сенімді нәтижесін қамтамасыз етудің міндетті шарты болады. Бұл үшін нысан туралы алдын ала ақпарат жинау қажет. Мақсаттармен міндеттерді тұжырымдауда сарапшы болуы мүмкіндердің жеке ерекшеліктерін, олардың біліктіліктерін және белгілі салада жұмыс тәжірибелерін ескеру керек.

Сұрау, сауалнама, сарапшы таңдау әдістерін жасау, сол сияқты олардың жұмысын, талдауды және ақпаратты тұжырымдау жағдайын қамтамасыз ету үшін талдаушы мамандардың жұмыс тобын құру керек. Талдаушы топтарға жүктелетін міндеттердің әртүрлілігі, күрделілігі және көлемділігі оның құрамына қаралатын мәселенің саласындағы жоғары білікті, көрші саладағы білімді мамандарды қосуды талап етеді. Мақсаттар мен міндеттерді тұжырымдап, талдаушы топты құрып болған соң сұрау тәртібін жасау жүргізіледі.

Бұл үшін сауалнама құрастырылады және сұрау әдістері анықталады (жеке және топтап, көзінше және сырттай, ашық және жабық).

Оларды жасауда ескеретін, тиімді, сауалнаманы құраудың белгілі әдістемесі болады.

Сарапшылыққа кандидаттардың тізімін жасаған соң олардың сапасын немесе белгілі талаптарға сәйкестігін бағалау жүргізіледі. Төменде Э. П. Эйхман және Г. Г. Азгальдов ұсынған сарапшылардың сапасын бағалау әдістері берілген (1.10-сурет).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет