Қант сапасын органолепикалық, физика-химялық және мкробологиялық көрсекіштер бойынша бағалайды.
Органолепкалық көрсекіштерден құрғақ қант пен қан ерітіндісінің дәмі мен иісін, сусымалылығын, түсін, ерітінді азалығын, механикалық және басқа қоспалар мөлшерін анықайды.
Қант сапасын екі стандарт бойынша: құмшекер және рафинад қантқа арналған бағалайды.
Құмшекердің түсі жылтыр, ақ түсті, ал рафинад қант көгілдір реңді дақсыз, бөтен қоспасыз болу керек. Дәмі құрғақ күйінде де, сулы ерітіндісінде де тәтті. Суда толық еру керек, ерітіндісі мөлдір, тұнбасыз болу керек. Стандарттармен ылғалдылығы, сахароза мөлшері, редуцирленетін қанттың мөлшері, беріктілігі (рафинад қант үшін), суда еру ұзықтығы т.б. нормаланады.
Физика-химиялық көрсеткіштер бойынша (құрғақ затқа шаққанда) құмшекер келесі алаптарға жауап беру керек (%):
сахарозаның массалық үлесі – 99,75 дейін;
редуцирленетін заттардың массалық үлесі – 0,050 дейін; күлдің массалық үлесі – 0,04 дейін, ылғалдың массалық үлесі – 0,14 дейін, ферроқоспалардың массалық үлесі – 0,0003 дейін; түстілігі – 0,8 дейін.
Қанттың барлық түрлері үшін микробиологиялық көрсеткіштер нормаланады: Мезофильді аэробы және факультативті анаэробты микроағзалар мөлшері (1 г КОЕ) -1000 дейін; зең саңырауқұлақтары – 10 дейін, ашытқылар 10 дейін. Ішек аяқшасы бактерялар тобы, патогенді мкроағзалар, соның ішінде сальмонелла типті бактериялар 25 г өнімде болуы рұқсат еілмейді.
Қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша уытты металдар мөлшері, пестицидтер, радионуклидтер мөлшері нормаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |