Бақылау сұрақтары
Крахмал және оның қолданылуы.
Крахмал түрлері мен сорттарын атаңыз.
Түрлендірілген крахмал ерекшелігі қандай?
Құмшекердің рафинад қанттан ерекшелігі қандай?
Қант сапасына қандай талаптар қойылады?
Қантты сақтау тәртібі
Балдың емдік қасиеттері.
Бал түрлері қандай?
Балды сақтау тәртібі қандай?
Балды сараптауда қандай көрсеткіштер анықталады?
Кондитерлік өнімдер – шамамен 200 түрлі әртүрлі шикізат қолданылатын тамақ өндірісінің өнімдері. Кондитерлік өнімдерін алу үшін май, ақуыз, дәмдік және басқа заттар қосылған қант қолданады. Олар тәтті дәмімен, күрделі ароматымен, көрікті сыртқы түрімен, жоғары энергетикалық құндылығымен сипатталады. 100 г өнімнің калориялығы 300-600 ккал құрайды. Бірақ көптеген кондитер өнімдерінің биологиялық құндылығы төмен (дәрумендер, минералды заттар аз), себебі олар негізгі шикізат құрамында жоқ немесе жоғары температура әсерінен ыдырайды.
Кондитер өнімдерінің шикізаттарына сірне, салма, агар, желе, пектин, тағамдық бояғыштар, эссенция, т.б. жатады.
Қолданылатын шикізат пен өндіру технологиясына байланысты кондитер өнімдерін екі негізгі топқа бөледі: қантты және ұннан жасалған. Қантты кондитер өнімдеріне жеміс-жидекті кондитер өнімдері, шоколад және какао ұнтағы, карамель, кәмпиттер, ирис, драже, алуа, шығыс тәттілері жатады. Ұннан жасалған кондитер өнімдеріне печенье, галеттер, пряниктер, вафли, торттар, пирожное, орама, кекстер, ұннан жасалған шығыс тәттілері жатады. Жалпы сұраныстағы өнімдерден басқа арнайы тағайындалған кондитер өнімдерін өндіреді: балалар тағамына арналған, емдәмдік, дәруменделген, емдік.
Достарыңызбен бөлісу: |