Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет182/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   379
Сүтті өңдеу. Сүтті өңдеу төмендегідей операциялр арқылы жүргізіледі: сүтті қабылдап алу, сапасын тексеру, тазарту, майлылығын бірқалыпқа келтіру, пастерлеу, салқындату, ыдыстарға құю.

Сүтті механикалық қоспадан тазарту ортадан тепкіш сүт тазартқышта жүргізіледі. Содан кейін оның майлылығын бір қалыпқа келтіреді, ол үшін майсыз сүт немесе кілегей қолданылады. Майдың сүт бетіне жиналуын болдырмау үшін май түйіршіктерінің өлшемін кішірейту керек. Ол үшін қыздырылған сүтті гомогенизаторға жібереді, сүт оның ішінде тар саңылаудан өтеді де, май түйіршіктері майдаланады да, өлшемі 10 есе кішірееді.

Жоғары сапалы сүт өнімдерін тек сапалы шикі сүттен өндіріледі. Сапалы сүт қалыпты химиялық құрамымен, оңтайлы физико-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштермен сипатталады.

Шикі сүт қасиеттерінің, әсіресе микробиологиялық көрсеткіштерінің өзгеруі көп мөлшерде микроағзалар тіршілігіне негізделген, олар сүтке сүтті сауғанда мал күтімінде, сауу қондырғыларын жуғанда, сүтті сақтау және тасымалдағанда санитарлы – гигиеналық талаптарды қадағаламаудан түседі.

Шикізаттың бактериалды ластануын болдырмау үшін сүт алудың санитарлы және ветеринарлы ережелерін қадағалау керек, сонымен қатар алғашқы өңдеу керек. Алғашқы өңдеу мақсаты – тасымалдау және сақтау кезінде сүт тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Алғашқы өңдеу келесі үдерістерден тұрады: тазалау, суыту және өңдеуге дейін немесе өткізуге дейін сақтау.

Механикалық қоспалардан тазарту үшін сүтті мата арқылы сүзеді де, ары қарай тазалауға жібереді. Тазалау үшін әртүрлі жүйелі сүзгілер қолданылады, олардың жұмысшы элементтері мақта дисктер, марля, синтетикалық материалдар, металл торлар және т.б. болып табылады. Қазіргі кезде сүтті тазалау үшін сепаратор – сүт тазалағыштар қолданылады, оларда механикалық қоспалар ортадан тепкіш күш әсерінен тазаланады. Тазалағаннан кейін микроағзалар дамуын тежеу үшін сүтті тез суыту керек. Сүтті суыту үшін пластинкалы суытқыштар қолданылады.

Суытылған сүт (6ºС дейін) ірі сүт кәсіпорындарына металл флягаларда, цистернада автокөлік, теміржол және су көлігімен тасымалданады. Сыйымдылығы 36...40 л металл флягтар алюминийден жасалған автоцистерналар қолданылады. Олар оқшауланған және герметикалы жабылатын қақпағы бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет