Йогуртсапасына қойылатын талаптар. Сыртқы түрі мен консистенциясы бойынша бұл біртекті сұйықтық, шекті тұтқыр. Дәмі мен иісі- таза сүт қышқылды, бөтен дәм мен иіссіз, тәтті йогурт – шекті тәтті, жемісті (көкөністі) йогурт қосылған жемістер, жидектер, көкөніс дәмді.Түсі ақ, тағамдық бояғыштар мен ароматты заттар қосылса, қосылған қоспа түсті. Қышқылдылығы – 75-140Т.
Жай ашытылған сүт өнімі сапасына қойылатын талаптар. Жай ашытылған өнімінде бұзылмаған, шекті тығыз ұйытындысы және бетінде аз ғана бөлінеген сарысуы болу керек, ал ацидофильді мен оңтүстік түрінде ұйытындысы сәл созылғыш болу керек. Ряженка мен варенецте қаймақ консистенциялы, бұзылған ұйытындының болуы рұқсат етіледі, қатпарлы жай ашытылған өнімде тосап немесе джем қабаты банкі түбінде болу керек. Дәмі мен иісі таза, сүт қышқылды, бөтен дәм мен иіссіз болу керек, ряженка мен варенецте пастерлеу татымы айқын біліну керек. Түсі – ақ немесе сәл кремді. Жай ашытылған өнім 8С дейін температурада 36 сағат сақтайды.