Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет220/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Балаларға арналған май пастерленген кілегейден қант немесе қант ұнтағын қосып алынады. Оның құрамында 76% май, 8% қант, 15% ылғал болады.

Құрғақ май кілегейді майсызданған сүтпен араластырып алады. Құрғақ май крем түсті және пастерленген сүт иісті ұнтақ. Оған 12-14% су қосып табиғи сары май консистенциялы май алады.

Сонымен қатар емдәмдік май өндіріледі, 25% өсімдік майымен алмастырылған кәдімгі сары майдан тұрады.



Қорытылған май өзіндік дәмі мен ароматы бар қорытылған сүт майы болып табылады. Оның құрамында 98% май, 1 ылғал болады.

Майды орау және сақтау. Сары және қорытылған май өлшенетін және оралған түрде өндіріледі. Сары майды 24 кг дейін ағаш жәшікке; 20 кг дейін картон қораптарға салады. Жәшіктерге салар алдында оған пергамент немесе фольга төселеді. Қорытылған майды 40 кг-нен және 80 кг-нан бөшкелерге салады. Бөлшек сауда үшін майды майды брикет түрінде пергаментке немесе каширленген фольгаға 100, 200, 250 г-нан орайды; қорытылған майды шыны ыдысқа 450,600 г-нан, қаңылтыр банкіге 350 және 2700 г-нан салады. Тұтынушылық ыдыстағы әрбір өнім бірлігінде келесідей мәлімет болу керек: кәсіпорын аты, тауарлық белгі немесе кәсіпорын нөмірі, нетто массасы, май түрі мен сұрыбы, 100 г өнімнің тағамдық және энергетикалық құндылығы, орау күні, өткізу мерзімі, стандарт нөмірі.

Сары майды –3С дейін температурада 80% салыстырмалы ауа ылғалдылығында: пергаментте оралған – 10 күн; фольгада – 20 күн; полимерлі стакандар мен қорапта – 15 күн; металл ыдыста – 90 күн сақталады.

Қорытылған май 0-ден –3С дейін температурада шыны банкіге салынса 3 ай және металл ыдысқа салынған 12 ай сақталады.

Сақтау кезінде майды жарық әсерінен қорғау керек және ауа айналымын қамтамасыз ету керек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет