Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет22/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   379

2.2.2. Жарма ассортименті


Жарма ассортиментін түрлерге, топтарға, маркілерге, нөмірге, тауарлық сұрыптарға бөледі. Бұндай жіктеу жарма құрамының ерекшелігін, оның бетін өңдеу әдісін, жарма өлшемін, жарма тазалығын ескереді (2.3-кесте).



Күріш домалақ, ұзынша келген және алмұрт тәрізді формалы шынылы және жартылай шынылы дақылдан өңделеді. Өңделген және ажарланған күрішті ажыратады. Жарма өндірісінің аралық өнімі ұнтақталған күріш болып табылады.

2.4-кесте
Жармалар ассортименті



Дәнді дақыл аты

Жарма түрі

Түрлері

Тобы

Маркісі

Нөмірлері

Тауарлық сұрыпы

Тары

Тары

Өңделген

-

-

-

Жоғары, І, ІІ

Күріш

Күріш

Өңделген

Жай

-

-

Жоғары, І, ІІ





Ажарланған

Тез пісетін

-

-

-





Ұнтақталған

Тез пісетін

-

-

-

Қарақұмық

Бидай




Қарақұмық

Полтавтық

Ұнтақ жарма


Бүтін

Жай

-

-

І, ІІ



Тез пісетін

-

-

І, ІІ

Майда жарма

Жай

-

-

-



Тез пісетін



-

-

-

Өңделген

Жай

-

1, 2, 3, 4

-



Тез пісетін

-

-

-

-

-

М,Т, МТ

-

-

Арпа

Сұлы


арпа



Өңделген

Жай

-

1, 2, 3, 4, 5

-



Тез пісетін

-

1, 2, 3

-

Сұлы

Бүтін

Өңделген





-

-

-

Жоғары, І, ІІ





Жаншылған

-

-

-

Жоғары, І

Жүгері


Геркулес үлпегі

-

-

-

-

-

Жүгері

Өңделген

-

-

1, 2, 3, 4, 5

-

Бұршақ

Бұршақ

Бүтін


Ажарланған

Сары

-

-

-







Жасыл

-

-

-

Майдаланған

Ажарланған



Сары

-

-

-







жасыл

-

-

-

Өңделген күріштің беті сәл ұнды бұдырлы болады. Оны дақылдан өндіргенде қабығын, ұрығын және алейронды қабатының бір бөлігін алып тастайды.



Ажарланған күріш түгелдей эндоспермнен тұрады, шынылы консистенциялы, жылтыр, тегіс, ақ түсті болады.

Ұнтақталған күріш өлшемі бүтін күріштің 2/3 бөлігін құрайтын, диаметрі 1,5 мм домалақ саңылаулары бар електен өтпейтін дәндер. Оны сұрыптарға бөлмейді.

Сапасы бойынша өңделген, ажарланған күріштер жоғары, І және ІІ сұрыптарға бөлінеді.

Өндіру көлемі бойынша күріш жармасы алдыңғы орын алады. Бұл оның жоғары аспаздық ерекшеліктерімен түсіндіріледі, бірақ күріш жармасының тағамдық құндылығы басқаларға қарағанда төменірек (ақуыз, дәрумендер, кальций, микроэлементтер аз). Күріш 15-25 минутта піседі, көлемі 3,7-5 есе өседі. Жарма жоғары сіңімділігімен (94-96%) сипатталады, бұл оның құрамындағы балласты заттар мөлшері аз болуына негізделген. Жарма жалпы, балалар және емдәмдік тағамның өнімі болып табылады.

Өңделген тары жармасын шар тәрізді формалы сары немесе қызыл сары түсті тарыдан алады, өңдеген кезде гүлді, жемісті және тұқымды қабықшаларын, ұрығын және алейронды қабатының бір бөлігін алып тастайды. Жарма домалақ формалы, беті ұнды, әртүрлі реңді сары түсті, ұнды немесе шынылы консистенциялы болады. Жарманың тағамдық құндылығы жоғары емес, себебі оның ақуыздары толық құрамды емес (оларда триптофан, лизин, метионин жоқ). Басқа жармалармен салыстырғанда тары жармасында май көп (3% дейін). Майдың қышқылдық саны жоғары және тез ашып кетеді. Тары крахмалы клейстеризация кезінде көп су сіңіреді, бұл жарма көлемінің ұлғаюын және аспаздық өнімдер сапасын негіздейді. Жарма дайын болғанша 20–24 минут піседі, көлемі 4–5,5 есе ұлғаяды.



Қарақұмық жармасын кәдімгі қарақұмықтан тығыз жемісті қабатын алып тастау арқылы алады. Қарақұмық жармасы кәдімгі және тез пісетін болып бөлінеді. Өлшемі бойынша қарақұмық жармасы (бүтін) және қарақұмық майда жармасы (майдаланған) болып ажыратылады.

Кәдімгі қарақұмық жармасы – үш қырлы формалы жармалар, крем немесе жасыл түсті, ұнды консистенциялы. Жармаларды елегенде 1,6–20 мм өлшемді електен өтпейді.

Тез пісетін қарақұмық жармасы кәдімгі қарақұмық жармасына қарағанда әртүрлі реңді қоңыр түсімен ерекшеленеді және дәмдік қасиеті жоғары. Қоңыр түс дақылды гидротермиялық өңдеу үдерісінде хлорофилдің тотығуы мен меланоидиндердің түзілуіне негізделген.

Қарақұмық майда жармасы елеген кезде 0,8 мм саңылауы бар електен өтпейтін майдаланған қарақұмық ядроларынан тұрады. Тағамдық құндылығы бойынша қарақұмық майда жармасы бүтін жармамен бірдей, бірақ аспаздық қасиеті төмен.

Қарақұмық жармасының тағамдық құндылығы жоғары. Оның құрамында суда және тұздарда еритін ақуыздар көп. Май қышқылды құрамы бойынша құнды және май ашымайды. Жарма фосфорға, кальцийге, микроэлементтерге бай.

Қарақұмық жармасы 30–40 минут (тез пісетіні – 15–20 минут) піседі, көлемі 5–6 есе ұлғаяды. Қарақұмық майда жармасы екі есе тез піседі.

Сапасы бойынша кәдімгі және тез пісетін қарақұмық жармасы І және ІІ сұрыптарға бөлінеді. Майда жарма сұрыптарға бөлінбейді.

Жарма балалар тағамы және емдәмдік тамақтануда қолданады. Барлық қарақұмық жармаларын атеросклерозда, гипертониялық ауруларда, анемияда, семіздікте, сусамырда тағайындалады.

Сұлы жармасын эндоспермі жақсы дамыған ұзынша келген сұлының ірі дақылдарынан алады. Жарма шығымы 45–50% құрайды. Шығынның көп болуы сұлының жоғары қабықшылығымен түсіндіріледі.

Сұлыдан бірнеше өнімдерді өндіреді: бүтін буланған ажарланған жарма, жаншылған жарма, геркулес концентраты, талқан.



Ұнтақталман буланған ажарланған жарма гүлді қабықшадан, ұрықтан ажыратылған гидротермиялық өңделген бүтін ядро болып келеді; жарма беті тегіс,ашық крем түсті, консистенциясы ұнды болып келеді.

Жаншылған жарманы ұнтақталмаған буланған ажарланған жарманы қайтадан бумен өңдеп, кептіру арқылы алады, оны сосын бұдырлы білекте жаншиды да, қалыңдығы 1–1,2 мм жапырақшалар алады.

Ұнтақталмаған және жаншылған жармаларды сапасы бойынша жоғары және І сұрыпқа бөледі.



Геркулес үлпегін сапасы жоғары сұлы жармасынан алады, оны қосымша қоспалардан ажыратады, бумен өңдейді де, 0,3–0,4 мм қалыңдықты жапырақшалар етіп жаншиды, одан кейін ұнтақтар мен қауыздардан ажырату үшін елейді.

Талқан – аспаздық өңдеуді қажет етпейтін өнім. Бұл тәтті дәмді, өзіндік иісі бар сары сұр түсті ұнтақ. Талқан алу үшін жоғары сапалы сұлыны суға салып қояды, қысым астында булайды, кептіреді, қауызынан ажыратады, ұн мен қабықшадан ажыратады, ұнтақтайды да №29 жібек електен өткізеді. Талқанды тауарлық сұрыпқа бөлмейді.

Сұлы жармалардың тағамдық құндылығы жоғары. Олардың ақуыздары барлық ауыстырылмайтын амин қышқылдарынан тұрады. Құрамында май мөлшері жоғары (5,8–6,2%). Жармалар фосфорға, калийге, магнийге, темірге, В тобы дәрумендерге, қанықпаған май қышқылдарына бай.

Сұлы өнімдерінің тұтынушылық қасиеті онша жоғары емес. Пісіру кезінде крахмал мен ақуыздар аз су жұтады, сондықтан көлемі тек 3 есе ғана өседі. Жармалар 60 минутта, үлпектер 10–20 минутта піседі. Ботқа тұтқыр, тығыз консистенциялы, дәмдік қасиеті онша жоғары емес. Ботқаны емдік мақсатта қолданылады.



Арпа жармасын арпадан алады. Жоғары сапалы өнім екі қатарлы жартылай шынылы ашық түсті дәндерден алынады. Арпа жармасының ажарланған және майда түрі шығарылады.

Ажарланған арпа жармасы –ұрықтан, қабықшалардан және алейрон қабатынан ажыратылған ажарланған және жылтырлатылған жармалар. Ірілігі бойынша оны 5 нөмірге бөледі. Алғашқы екі нөмірлі жармалар сопақша, сары түсті, ал үшіншіден бесінші нөмірге дейінгі жармалар домалақ пішінді ақ түсті болады.

Майда арпа жармасы ажарланбайды, сондықтан формасы дұрыс емес, өткір қырлы, сары сұр түсті болады. Бетінде тұқымды қабықша мен алейронды қабаттың қалдығы болуы мүмкін. Ірілігі бойынша 3 нөмірге бөледі.

Ажарланған және майда арпа жармаларын тауарлық сұрыпқа бөлмейді.

Майда арпа жармасында спиртте және сілтіде еритін ақуыздар басым. Ажарланған арпа жармасы онша ашымайды, себебі құрамындағы май алейронды қабатта қалың қабатты жасушаларында орналасқан. Жармада ботқасына жабысқақтық беретін пентозандар мен шырышты заттар болады.

Ажарланған жарма ұзақ піседі (ірісі – 50–60 минут, майдалауы – 20–30 минут), көлемі 5–6 есе өседі, ботқасы сусымалы консистенциялы болады. Майда арпа жармасы 40–45 минут піседі, көлемі 5 есе өседі, ботқасы тұтқыр консистенциялы болады.



Бидай жармасы. Бидайдан ұнтақ жарма және ажарланған бидай жармасын (Полтавалық және Артек) алады.

Ұнтақ жарманы диірменде бидайды сұрыптық тарту арқылы алады. Таза эндоспермнен тұрады. Тартуға түсетін бидай түріне байланысты ұнтақ жарманың 3 маркісі ажыратылады: «М» – жұмсақ бидайдан, «Т» – қатты бидайдан, «ТМ» – қатты және жұмсақ бидайдан алынғанын көрсетеді.

Тағамдық құндылығы бидай дәнінің сапасына байланысты және жоғары сұрыпты бидай ұнына жақын.

«М» маркалы ұнтақ жармада жасұнық, күл, ақуыз мөлшері аз, ал крахмал көп. Жарма тез піседі (5–8 минут). Ботқа консистенциясы біртекті, дәмі жақсы болады.

«Т» маркалы ұнтақ жарманың күлділігі жоғары, ақуыз пен жасұнық көбірек, крахмал аз болады. Пісу уақыты 10–15 минут, көлемі аз ұлғаяды.

«МТ» маркалы ұнтақ жарма аралық орын алады. Аспаздық қасиеті бойынша басқаларға қарағанда төменірек.

Ажарланған бидай жармасы қатты бидайдан алынады. Жарма негізінен эндоспермнен тұрады, алейронды қабаттың, жемісті және тұқымды қабықшалардың қалдығы болады. Ірілігі бойынша 5 нөмірі шығарылады. №1 – ұзынша формалы, №2 сопақша, қалғаны шар тәрізді болады. Біріншіден төртінші нөмірге дейінгі жарма Полтавалық, ал бесінші нөмірлі жарма Артек деп аталады. Ажарланған бидай жармасы крахмал мен ақуызға бай. Жасұнық ұнтақ жармаға қарағанда көбірек. Липидтер негізінен қанықпаған май қышқылдарынан тұрады. Минералды заттар аз мөлшерде болады. Ажарланған бидай жармасы нөміріне байланысты 15–60 минут піседі, көлемі 4–5 есе өседі. Ботқасы сусымалы немесе тұтқыр консистенциялы болады.

Жүгері жармасының бірнеше түрі болады. Тағайындалуы бойынша ажарланған және ажарланбаған ірі және майда жарма өндіреді. Ажарланған жарма саудаға шығарылады, ал қалған түрлері концентрат өндірісінде (үлпек, таяқшалар, т.б.) қолданылады.

Ажарланған жүгері жармасы ірілігі бойынша 5 нөмірге бөлінеді. Жармалардың беті тегіс, овал немесе домалақ формалы, ақтан сары түске дейін болады.

Жүгері жармасының тағамдық және тұтынушылық құндылығы онша жоғары емес. Оның құрамында 8–10% ақуыз, 70–75% крахмал, 2% қант, 0,8% жасұнық, 2–4% пентозандар, 1,2% май бар. Майы тез ашып кетеді, бірақ құрамында токоферолдар, фосфатидтер және каратиноидтардың болуы оның құндылығын жоғарылатады. Минералды заттар өте аз.

Жарма 60 минут піседі, көлемі 4 есе ұлғаяды. Ботқасы қатты консистенциялы және өзіне тән дәмі болады.

Бұршақ жармасы сары немесе жасыл түсті болады. Өңдеу әдісі бойынша қауыздалған жылтырлатылған бүтін бұршақ және қауыздалған жылтырлатылған ұнтақ бұршақ болады.

Қауыздалған жылтырлатылған бүтін бұршақ бөлінбеген дән жарнағынан тұрады. Дәндері домалақ, тегіс болады. Бүтін бұршақ партиясында 5%-ға дейін ұнтақ бұршақтың болуы рұқсат етіледі.

Қауыздалған жылтырлатылған ұнтақ бұршақ бөлінген дән жарнағынан тұрады. Беті тегіс болады. Ұнтақ бұршақ партиясында 5% дейін бүтін бұршақтың болуы рұқсат етіледі.

Бұршақта 23–25% ақуыз, 50–60% крахмал, 2–3% қант, 2–3% май, 1,5% жасұнық бар.

Бұршақ 120–180 минут піседі, көлемі 2 есе ұлғаяды, себебі құрамындағы крахмал мен ақуыз аз су жұтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет