Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау


Картоптың зақымдануы және аурулары



бет50/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Картоптың зақымдануы және аурулары. Картоп саңырауқұлақтармен, бактериялармен, сонымен қатар физиологиялық аурулар мен зиянкестермен зақымданады.

Саңырауқұлақ және бактериалдық аурулардың ішінде төмендегілер кең тараған.



Фитофтора – картоптың көп шығынына алып келетін қауіпті ауру. Түйнектердің бетінде ірі тегіс, ал содан кейін терең қою дақтар пайда болады.Ауруды фитофтора саңырауқұлағы тудырады. Сақтау кезінде сау түйнектерге ауру берілмейді.

Фузариоз (құрғақ шірік) картоптарды үлкен шығынға ұшыратады. Түйнекте алдымен қою қоңыр дақтар пайда болады да, ұлғайып, картоп қабығы жиырылады да, томпайып қызғылт түске енеді. Картоп жұмсағы кеуіп, қоңыр түске боялады. Сақтау кезінде ауру басқа түйнектерге беріледі.

Кәдімгі парша – өсу кезінде негізінен түйнектің қабығын зақымдайды да, қабығында жаралар немесе бура дақтар пайда болады. Олар картоп сапасын төмендетпейді, тек сыртқы түрін нашарлатады.

Ұнтақ парша түйнек қабығында пайда болады. Әсіресе жаңбырлы кезеңде және сақтау кезінде пайда болады. Түйнек бетінде алдымен қоңыр дақтар түзіледі, содан соң қатты өскіндерге айналады, олар жұлдызша тәрізді жарылып, оның ішінде споралар қара ұнтақ масса ретінде жинақталады.

Картоп ісігі – өте қауіпті саңырауқұлақты ауру. Түйнектерде әртүрлі формалы ірі өскіндер пайда болады. Олар қарайып, ыдырайды да, спора бөле бастайды. Өскіндер ұлғайып, түйнекті толығымен жою мүмкін. Ауру топырақ, түйнек, ыдыс, көлік арқылы беріледі. Бұл ауру карантиндік ауруға жатады. Ісікпен зақымданған картопты карантинді ауданнан тыс сәйкес ережелерді қадағаламай шығаруға болмайды. Бұндай картопты тек техникалық мақсатта қолдану қажет.

Сақиналы шірікті бактериялар тудырады да, қара сақина түрінде түйнектің тамырлы жүйесін зақымдайды. Ұлпа жұмсарып, шіри бастайды.

Ылғалды бактериалды шірікті бактериялар кешені тудырады. Зақымданған түйнектер жұмсарып, ылғалданады, содан соң жағымсыз иісті шырышты массаға айналады. Ауру зақымданбаған түйнектерге беріледі.

Физиологиялық аурулардың ішінде қуыстылық (түйнек тамырында жырықтары бар қоңыр дақ түзіледі), түйнектердің таттануы (түйнектің тамырлы жүйесінде таттанған бура дақ пайда болады), жұмсағының қараюы (қара-сұр тығыз дақтар пайда болады), тұншығу (оттегі жетіспегеннен түйнек әр жерінде жұмсара бастайды, ол қимасында ақ борпылдақ, ботқа тәрізді масса түрінде болады) пайда болады.

Түйнектердің зиянкестері колорадтық және мамыр қоңыздары, нематодтар, зауза қоңыз, көбелектер, кенелер, сонымен қатар тышқан тәрізді кемірушілер болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет