Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет49/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   379

3.2.1. Түйнекжемістілер




Картоп аса бағалы азықтық, жемдік және техникалық өсімдік. Дүние жүзінде 150 астам түрі бар. Картоп оңтүстік Америкадан тараған. Еуропаға 16 ғасырдың ортасында, ал Ресейге ХVІІІ ғасырда әкелінген. Орташа өнімділігі гектарына 200–400 кг.

Картоптың тағамдық қасиеті оның түйнегіндегі крахмалдың мөлшеріне қарай бағаланады. Түйнекте 8–29% крахмал, қантты – 8% , сахароза 5,5 %, фруктоза 0,4–2,9%, шикі протеин 0,7–4,6 %, жалпы азот 0,1-0,7 % және басқалар бар. Картоптың құрамындағы құрғақ заттардың мөлшері 20–22% (шикі массасына шаққанда).

Картоп ақуызы тағамдық қасиеті жағынан ет ақуызынан төмен болғанымен, өсімдік ақуыздарының ішіндегі ең бағалысы болып есептелінеді. Картоп крахмалы картоптың негізгі бөлігі болып табылады. Түйнектің құрғақ заттарында крахмалдың мөлшері 80% дейін болады.

Амин қышқылдық құрамы бойынша тауық жұмыртқасы ақуызына жақын. Тирозин амин қышқылының ферменттік тотығуының нәтижесінде аршылған картоп ауа қатысында қараяды.

Картоп крахмалы амилозадан және амилопектиннен тұрады. Крахмал мөлшеріне байланысты картопты төмен крахмалды (15% төмен), орта крахмалды (16–20%) және жоғары крахмалды (20% жоғары) болып бөлінеді.

Тағайындалуы бойынша картоп асханалық, техникалық, жемдік және әмбебап болып бөлінеді.

Асханалық картоптың дәмі жақсы, қабығы тегіс, көздері терең емес, тазалағанда және турағанда ұзақ уақыт қараймайды. Құрамында 12–18% крахмал болады, тез піседі, езіліп кетпейді және жақсы сақталады.

Жетілу мерзіміне қарай ерте (75–90 күнде жетіледі), орта (90–120 күн) және кеш (150 күнге дейін) пісетін болып бөлінеді.



Топинамбур (жер алмұрты) – тамыржемісті, жеуге жарайтын түбірі бар, күнбағыс тұқымдасы, күрделігүлділер тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік. Түбірінде қанттың мөлшері көп. Топинамбур түйнектерін ірі өскіндер жапқан, ұзынша цилиндр тәрізді немесе ұршық тәрізді формалы, сары-ақ, қызғылт немесе күлгін түсті; жұмсағы ақ, шырынды, тәтті. Топинамбурда 20% инулин, 1,5–3% азотты заттар, 2-5% сахароза бар. Топинамбурды малға жем ретінде, спирт, инулин алу үшін және қуырылған түрде тағам ретінде қолданылады.

Батат (тәтті картоп) – көпжылдық шөптесін өсімдік. Отаны Орталық Америка. Түйнектердің массасы 10 кг дейін болады. Оның құрамында 24–28% крахмал және 2–9% қант, 2–4% азотты заттар бар. Бататтан ұн, жарма, крахмал, спирт, қанттар алады және жем есебінде пайдаланады. Қазіргі кезде бататты

Қытайда, Үндістанда, Индонезияда өсіреді. Өнімділігі гектарынан 100–120 центнер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет