Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет87/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   379

3.3.5. Жаңғақты жемістер


Жаңғақты жемістерге қауыздалған жаңғақ, грек, самырсын жаңғақтары, бадам, фисташки, жержаңғақ, кешью және т.б. жатады. Жаңғақтар жоғары май (40–70%) және ақуыз (15,5–22%) мөлшерімен ерекшеленеді, олардың құрамында минералды заттар (3% дейін), А, С, В тобы дәрумендер бар. Жаңғақтарды шикі және қуырылған түрінде тамаққа қолданады, сонымен қатар оларды кондитер өндірісінде, аспаздықта, пайдаланады, кейбір жаңғақтардан май алады.



Қауыздалған жаңғақ (орех лущенный). Жабайы түрде өседі және дақылдық өкілі – фундук бар. Фундук ядросы орман жаңғағына қарағанда ірілеу, қауызы жұқа және ядро шығымы жоғары. Фундуктың жақсы сұрыптарына Бадем, Крымский, Кудрявчик жатады.

Сапасы бойынша орман жаңғақтары І және ІІ тауарлық сұрыптарға, ал фундук жаңғақтары жоғары, І және ІІ сұрыптарға бөлінеді. Жоғары сұрыпты жаңғақтар пішіні, өлшемі, қабығының түсі бойынша біртекті, ал ядро шығымы 50% болу керек. І сұрыпта іртүрлі помологиялық сұрыпты жаңғақтардың болуы рұқсат етіледі, бірақ олар пішіні, өлшемі, қабығының түсі бойынша бірдей және ядро шығымы 46% болу керек. ІІ сұрыпқа әртүрлі помологиялық сұрыпты, пішіні, өлшемі, қабығының түсі бойынша әртүрлі жаңғақтар жатады. Ядро шығымы – 42%. Барлық сұрыпты жаңғақтардың ылғалдылығы 12% болу керек.



Грек жаңғағы (орех грецкий). Грек жаңғақтарының жемістері домалақ немесе овал формалы, қабығының түсі ашық сұрдан қою қоңырға дейін. Грек жаңғақтарының жұқа қабықты, тегіс бетті сұрыптары құнды болып саналады. Ядро шығымы – 53–61%.

Сапасы бойынша грек жаңғақтарын жоғары, І және ІІ тауарлық сұрыптарға ажыратады. Грек жаңғақтарының сапасын бағалағанда өлшемін, қабығының түсін, дәмін және ядро шығымын ескереді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет